Мақала Есірткіге жол жоқ
Мақала Есірткіге жол жоқ
Автор: Эралиева Бахриниса Исмаилкуловна
Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Мақала Сыныбы: 8 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-04
Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілері, оқушылар тәрбие сағаттарында пайдаланса болады
Есірткіге жол жоқ! Бүгінгі күні жалпы қоғамның негізгі басты мәселелерінің бірі – есірткі.Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі.Менің есірткі жайлы толық білмейтіндігім белгілі, себебі мен ол туралы тек қана теледидар беттерінен, мектептегі сынып сағаттарынан және баспа беттерінен кездестіріп, көріп қаламын. Ал жалпы ол тақырып бойынша белгілі бір тапсырмаларды орындау барысында болмаса, оған қызығушылық тудырып танысып көрген жоқпын. Мен оның соншалықты қасіретті дерт екенін ата-анамыздан, мұғалімдерімізден естігеннен соң ба, білмеймін тіпті ол туралы ойлағым да келмейді. Мен осы шығарманы жазу барысында есірткі жайлы бірнеше мағлұматтар іздестірдім. Есірткі «біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды» деген дерек бар екен. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен.Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алыпты. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болған. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды. Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілген. «1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына көшкен»,- деген мәліметтерді таптым. Жалпы нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады екен. Себебі бұл жерде жасөспірімдердің білімсіздігі: яғни есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңіл желпі қарауы; қызығушылығы: қызығушылықтың туындауына БАҚ себеп болады дей аламын; ойын-сауық орындары; жаман достардың қысым жасауы; әуестік: «бір рет көрейін, сосын тастаймын” деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады екен. Сонымен қатар «Есірткі шеккен адамның мінез-құлқы да өзгереді, есірткіге тәуелді адамдар өте ашушаң болады. Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды. Есірткінің организмге тигізетін әсері. Есірткі заттар ми және орталық жүйке жүйесіне ең көп зиян келтіреді. Сондықтан миға тәуелді ақыл-ой мен ерік күшіне әсер етіп, адам тепе-теңдік ұстай алмай қауіпті мінез-құлық пен әрекеттерден айрылады. Есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен, жүйке және психикалық ауруларға шалдығады. Ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұстамалар (сандырақтау, қисынсыз әрекеттер жасау), галлюцинациялар (бос қорқыныш, елес көру, дыбыстар есту), ұмытшақтық, қысқаша айтқанда психикалық ауытқулар.— Ас қорыту жүйесінің бұзылуы;— Бауыр және бүйрек аурулары;— Көз көруінің нашарлауы;— Тыныс алу жүйесінің өзгерістері;— Қан аздық, қанның улануы, қан талшықтарының түрі мен мөлшерінің өзгеруі, қанның ұюы және бұдан туындаған гангрена.Есірткінің ең басты болымсыз жақтарының бірі өлімге апаратын улану болып табылады»,-деген мәліметтерді де оқи отыра, ұсынып отырмын. Мен өзім жасөспіріммін, жасым 14-те. Мен қарапайым негізгі мектепте оқимын. Әр түрлі үйірмелерге, секцияларға қатысамын. Бос уақытымда музыка тыңдаймын, сурет саламын, романдар, поэмалар оқимын және Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқығанды ұнатамын, достарыммен кездесемін. Маған өзімнің және жақындарымның өмірі қымбат, сондықтан мен бар күш-жігеріммен есірткіге қарсы күресетін боламын. Себебі, достарымды, жақындарымды және құрдастарымды дені сау және бақытты болғанын қалаймын. Мен темекі шекпеймін, алкогольді сусындар ішпеймін, ешқандай есірткі қолданбаймын, тіпті мен ол туралы ойлаған емеспін және ойлағым да келмейді. Мені қазіргі өмірім қанағаттандырады, ал мұндай өмір кейбіреулерге қызықсыз болуы да мүмкін. Маған «қас қағым сәттік» бақыт керек емес, мен онсыз да бақыттымын, себебі менің отбасым, достарым, армандарым, алға қойған мақсаттарым бар. Мен өмірімнің әр минутына қуанамын. Меніңше, бұл қатерлі де жаман әдеттен сені, тек сен өзің ғана және сенің жақындарың ғана алып шығатын сияқты. Көбіне нашарқор адамдар – олар өмірге деген ынталары төмен, ештеңе ойламайтын, алдына ешқандай мақсат қоймайтын, кез-келген қиындықтан оңай жеңіле салатын болып келеді. Олар соңында өздерінің денсаулығынан, отбасынан және достарынан, оқуынан, үйінен, тіпті өмірінен де айырылады. Сондықтан әр жасөспірімге «Есірткі – құрдымға апаратын жол» екенін есіңнен шығармағаның абзал, дегім келеді.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.