Мақал-мәтелдер, жұмбақтар

0
Қазақ әдебиеті
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар
Сабақтың мақсаты:
А) Интерактивті тақтаны пайдалана отырып мақал — мәтелдер, жұмбақтар түрлерін, құрылымдық ерекшеліктерін меңгеру. Мақал — мәтелдерді күнделікті өмірде қолдана білу. Олардың тіліміздегі сөздің көркі екенін ұғындыру.
Ә) Тәрбиелік: Мақал — мәтелдер арқылы оқушыларды адамгершілікке, отаншылдыққа, елжандылыққа, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Оқушыларды сөздік қорын, тіл байлығын арттыруына ықпал жасау. Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетін арттыру.
Сабақта қолданылатын әдіс: түсіндірмелі, сұрақ — жауап, интерактивті, топтастыру.
Пән аралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың көрнекілігі. Сызба жұмбақты суреттер. Сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.
І. Сұрақ — жауап әдісі арқылы. (оқушы бір — біріне)
1. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиетің жазба әдебиетінен айырмашылығы неде?
3. Жанрдың неше түрі бар еді?
4. Ауыз әдебиетінің түрлері қандай жанрлардан тұрады?
5. Халық ауыз әдебиетінің түрлері.
ІІ. Тұрмыс — салт жырлардың түрлерін топтастыру.

1. Баланың дүниеге келуіне байланысты
2. Үйлену салтына байланысты
3. Көңіл — күйді білдіретін өлең — жырлар
4. Бата — тілектер

ІІІ. Көрініс
ІІІ. Жаңа сабақ.
І. Мақал — мәтелдер туралы жалпы түсінік. Мақал — мәтелдер, жұмбақтар бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған ерте заманда туып, өзінің қалыпта су, даму, өсу процесінде талай ғасырмен бірге жасасқан. Бұл жолда әртүрлі қоғамдық, топтық өзгерістерге сай өзгеріп жаңарып отырған.

ІІ. Мақал — мәтелдер түрлері.
1. Отан, туған жер, атамекен туралы.
2. Еңбек туралы
3. Ерлік батырлыққа арналған
4. Ынтымақ, бірлік, татулыққа арналған
5. Достық, жолдастық туралы
6. Оқу, білім, өнерге арналған
7. Адамгершілікке және жақсы — жаман мінезге байланысты.
8. Отбасын, ата — ананы қадірлеу, үлкенді сыйлауға байланысты.
9. Төр түлік малға, кәсіпке, егіншілікке байланысты.

ІІІ. Мақал — мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері
А) Мақал — мәтелдің өн бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақтылық байқалады.
Ердің ісі — келіс, ездің ісі керіс
Ә) Мақал — мәтелдерде халық сөзді барынша үнем деген
Сөз тастап кетіп те отырған
«Ақыл — жастан, асыл — тастан» дегенде «шығады» сөзі қалып қойған. Бірақ түсіп қалған сөз өзінен — өзі ойға оралып, ишарамен білінеді.
«Ағаш тамырымен, адам досымен мықты»
Б) Мақал — мәтелдер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.
«Өнер алды, қызыл тіл», «Ер қанаты — ат», «Елін сүйген ер болар»
Ауыспалы мағынады.
«Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «Не ексең, соны орасың»
В) Мақал — мәтелдерде бейнелі көркем сөз айшықтарының нелер асылы кездеседі.

V. Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді. Жұмбақ — ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, табиғатты, қоршаған ортаны бақылап, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа баулуды көздеуден туған.

Жұмбақтың тақырыбы алуан түрлі болып келеді.

Жұмбақ шешу
Қобдиыңда қайырлы
Қазынаның бәрі бар
Тауыссаң көз майыңды
Қалағаның табылар (кітап)
Тал басында түндіксіз отау (ұя)
Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп ылғи тұрады. (қоян)
Көзіңе көрінбейді
Қолыңа ілінбейді
Бірақ — та құлағыңа
Ұдайы күбірлейді (жел)
Өмірді өлшейді, ешкімнен сұрамайды
Тіліңді алмайды, тетігін бұрмай (сағат)
Он көзі бар өзінде,
Он цифр бар көзінде
Көзіне саусақ саласың
Жырақтан хабар аласың (телефон)
Теңізді шайқайды,
Егісті жайпайды (жел)
Ең биікке шығады
Кешке қарай бұғады (күн)
Таң қаламын кейде мен
Шалбарыммен жейдемді
Түсірді қағазға
Өзгертпей бейнемді (фотоапарат)

VІІ. Шығармашылық жұмыс
Оқушылар өздері жұмбақ жасырады.
VІІІ. «Жалғасын тап» мақал — мәтел айтқызу

«Мен білемін» ойыны
2 оқушы кезек — кезек мақал айтады.(2минут)

Сабақты қорыту:
1. Мақал — мәтелдердің тақырыптары қандай болады?
2. Мақал — мәтелдер бізге не үшін қажет?
3. Мақал — мәтелдердің өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?
4. Мақал мен мәтелдің қандай айырмашылығы бар?
5. Жұмбақтың адам өміріндегі орны қандай?

Үй тапсырмасы: М. Әлімбаев «Өрнекті сөз — ортақ қазына» кітабын оқу реферат жазамыз.
Өздерің жұмбақ құрастырыңдар
Бағалау
Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/