Мақал — мәтел: Мал, жануар » ZHARAR

0

Мақал - мәтел: Мал, жануар казакша Мақал - мәтел: Мал, жануар на казахском языке

Атты қамшымен айдама, жеммен айда.


Ақсақ малдың ақырына бақ.


Бұралқы мал мінуге жақсы,
Бұралқы сөз күлуге жақсы.


Белгілі малшың жоқ болса,
Беліңді бу да малға бар.


Бір ауылдың малын бақпасаң,
Мың ауылдың малын бағарсың.


Бұта түбі үй болар,
Малы көп кісі би болар.


Ердің малы — елдің малы.


Жайылымы болмаса мал азады,
Қайырымы болмаса жан азады.


Жайлау жайлай білмеген,
Малды айдай білмейді.


Жоғалып табылған мал олжа,
Ауырып жазылған жан олжа.


Жақсы мал жалғыз жоғалмайды.


Елдің көркі — мал, өзен көркі — тал.


Жоқтамағанның малы түгел.


Көп малдан айрылғанда,
Бір малды қасқыр жейді.


Қайтқан малға қасқыр өш.


Малды тапқанға бақтыр,
Отанды алғанға жақтыр.


Мал ашуы — жан ашуы.


Мал жисаң қонысын тап,
Ас жисаң ыдысын тап.


Малды баға біл, бабын таба біл.


Малдың жайын баққан білер,
Отынның жайын жаққан білер.


Мал көкке тоймай, аузың аққа тимейді.


Өрісіне қарап мал өсер, өзеніне қарап тал өсер


Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.


Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.


Жаманның үсті су болса,
Кеппестей көрер;
Жаман адамға мал бітсе,
Кетпестей көрер.


Өлеңді жерде
Өгіз семіреді,
Өлімді жерде
Молда семіреді.


Барымтадан қорыққан
Мал жимас.


Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.


Адам ұйымшыл,
Мал үйіршіл.


Қатты қыстан мал қалса — олжа,
Қатты аурудан жан қалса — олжа.


Малдың аяғы оттамайды, аузы оттайды.


Малды шұбыртқан құртады,
Етті қуырдақ құртады.


Мал біткен кісінің иті үреген болады, аты жүреген болады.


Малды тауысайын десең пұл қыл,
Азығыңды тауысайын десең, ұн қыл.


Малға бәлемет — басқа саламат.


Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді.


Малшы малдың жайылғанына мәз.


Малды баға білмеген, пайданы таба білмейді.


Мал малсақты табады.


Малы бірдің — жаны бір.


Мал иесіне тартады.


Мал төлімен жарасар, жер гүлімен жарасар.


Мал бітпеген малдан үміткер,
Жаны шықпаған жаннан үміткер.


Малы бардың назы бар.


Малды жақсы баққаның, өзіңе абырой тапқаның,
Малды жаман баққаның, келген бақты қаққаның.


Мал баққанға бітеді.


Мал — баласы, жер — анасы.


Мал жаным садағасы,
Жан арымның садағасы.


Мал арыстанның аузында, түрікпеннің төрінде.


Мал аяған — аттан құр,
Төл аяған — ақтан құр.


Шөмелені шөбім бар деме,
Несиені малым бар деме.


Бітпеген малдан үміт,
Шықпаған жаннан үміт.


Басы аманның малы түгел,
Елі аманның жаны түгел.


Малсызға
Малға балап ұйқы берер.
Арсызға
Арға балап күлкі берер.


Әзірейіл барда,
Жаным бар деме.
Барымта барда
Малым бар деме.


Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.


Атаңнан мал қалғанша.
Тал қалсын.


Мал балада қалды,
Бай далада қалды.


Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.


Біреуге мал қайғы,
Біреуге жан қайғы.



Артық мал
Ақы сұралмайды.


Мал саусаң — сүт,
Жер саусаң — құт.


Мал семіз —
Төл егіз.
Жер семіз —
Дән егіз.


Елге мал көптік қылмайды,
Жерге тал көптік қылмайды.
Тарыға май көптік қылмайды,
Күрішке су көптік қылмайды.


Ауырып, жазылған жан олжа,
Жоғалып, табылған мал олжа.


Ағадағы мал — аспандағы мал,
Інідегі мал — ін түбіндегі мал,
Баладағы мал — даладағы мал.


Қасында қара көп болса,
Нөкер емей немене?
Шөлдегенде ішкен су
Шекер емей немене?
Ат жалынан тапқан мал
Бекер емей немене?


Ырысқа қарай, ер өсер,
Қонысқа қарай, мал өсер.


Ақша сіздікі,
Мал біздікі.


Ер қолында мал тұрмайды,
Елек ішінде су тұрмайды.


Қауғадан шошынған мал оңбас,
Жаудан шошынған ер оңбас.


Жатқанға жан жуымас,
Жалқауға мал құралмас.


Қайратың бар да мал тап.


Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.


Түстік өмірің болса,
Кештік мал жина.


Қырсыққан жігіт мал таппас.


Күн күркіресе, жерге абыйыр,
Жер иісе, малға абыйыр.


Құлан қайда семірсе,
Сол жерге түгін төгеді.


Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі,
Жалқау жан қиналмай малдан дәмелі.


Шөбі жоқ деп жерден түңілме,
Мал бітпес деп ерден түңілме.


Айдап салдың малы өспес,
Алакелдің жұмысы бітпес.


Өтірікшінің жаны күйер,
Ұрлықшының малы күйер.


Ұрыға мал құтаймас.


Басым бар деп топтанба,
Малым бар деп мақтанба.


Сараңның өз малы өзіне бұйырмас.


Мал кедейлігінен, ақыл кедейлігі жаман.


Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.


Тымырық болса ер оңбас,
Тоңға жатса мал оңбас.


Малды қыс құмға,
Жаз шымға айда.


Байдың мал азығы,
Бала атаның қазығы.


Малдан жарлы қалсаң қал, ақылдан жарлы қалма.


Құдай малыңды алса да пейіліңді алмасын.


Малдының беті жарық,
Малсыздың беті шарық.


Есің барда, етек жап.
Қайратың барда, мал тап.


Байдың малы қадірлі,
Жарлының жаны қадірлі.


Ағайын — ащы,
Мал -тұщы.


Мал баққандікі, жер жыртқандікі.


Қаратаудай мал жиса да кісі көзі тоймайды.


Мал баққан қошқардың жайын біледі.


Малдымен алыспа, күштімен күреспе.


Малым — жанымның садақасы,
Жаным — арымның садақасы.


Шаруаға сыйлы қоныс,
Малға жайлы қоныс.


Түстік ғұмырың болса, кештік мал жи.


Біреуге бас қайғы, біреуге мал қайғы.


Малдың аузы оттамайды, аяғы оттайды.


Малымды алса да, қонағымды алмасын.


Ердің күйін сұрама,
Жұрттан сауын сауған соң.
Малдың күйін сұрама,
Қоынысынан ауған соң.


Табылмай жатып жоғалған,
Мал құралмас оңайдан.


Екі аяқты адам түгіл,
Төрт аяқты мал да ақсайды.


Марқұмның малы өзімен бірге кетеді.


Бөтеннің малы қолыңда тұрса да бөтен.


Қора толы мал да көсемсіз қалмас.


Өрісі малды –
Дастарқаны майлы.


Малдың төлін күзде сана.


Ағайын — ащы, мал — тұщы.


Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,
Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,
Кіші жүзді найза беріп жауға қой.


Жаман ерге мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.


Қарынбай малға тоймайды,
Лұқман жылға тоймайды.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com