Мақал — мәтел: Арман, мақсат, мұрат


Армансыз адам алысқа бармас.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.
Іздеген мұратына жетеді.
Соқырдың тілегені — екі көзі.
Үмітсіз шайтан.
Тұлпарды алтын тағамен тағаласа,
Есек те емексіп аяғын көтереді.
Тауықтың түсіне тары кіреді.
Ақылы жоктың — арманы жоқ.
Құсты қанат ұшырар,
Ерді талап ұшырар.
Арман — адамға қанат
Талап — талмас қанат
Ынта болса адамда,
Қиын іс жоқ ғаламда.
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ.
Жақсы ниет — жарым ырыс.