МӘҢГІ ӨМІР СҮРУГЕ ҚАДАМ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

0


МӘҢГІ ӨМІР СҮРУГЕ ҚАДАМ
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен қалалық
балалар емханасында Ана, әке және мен – салауатты жанұя! мәдени шарасы 1
маусым балаларды қорғау күніне арналып, медицина қызметкерлері балалары 
және емханаға қаралуға келген балалардың қатысуымен өткізілді.
Шараның мақсаты: ата-ананың өз баласын тәрбиелеудегі салауаттылықтың
орын алуы, өмірге деген көзқарастың мәдениетін қалыптастыру, салауаттылық
арқылы денсаулықты сақтау, күшейту.
Ата-ана мен балалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасты жетілдіру. Бұл
шараға балалар ата-аналарымен бірге қатысты.
Ақбота балалар үйінің балалары өздерінің дайындаған концерттік
бағдарламасымен салауаттылық пен денсаулықты сақтауға бағытталған
К.Чуковскийдің Мойдодырь ертегісінен көрініс көрсетілді.
Қатысқан ата-аналар мен балаларға ақпараттық-оқыту материалдары таратылып,
сыйлықтар  ұсынылды. 
Теңіздегі тамақтан уланудың себептерін зерттеудің нәтижелері:
Теңіз кен орынындағы вахталық поселке қызметкерлерінің тамақтан
улануының себебі ішек жұқпалы аурулары тобына жататын және  көп жағдайда
тамақтану жолымен таралатын сальмонеллез жұқпасы (Sal.Enteritidis) болып
табылады. Жұқпа көзі болып №5 модуль асханасында жұмыс жасаған сальмонеллез
бактериясын тасымалдаушы болып табылады. Асхана қызметкері болып жұмыс
жасаған және ішек фукциясы бұзылған аурудың  рөлі болғаны да жоққа
шығарылмайды. Ол жұмысын жалғастырып жүре берген. Жұқпаның таралу факторы
кремді салмасы бар Эклер пирожныйы болып табылады, бұл тағам Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының ұсынысымен жылдың жазғы
кезеңінде қоғамдық тамақтану объектілерінің ассортиментінен алынып
тасталған болатын. Оған қоса індеттің бұрқ ете түсуінің туындауына жағдай
жасаған факторлар кремді өнімді, оған жататын Эклер пирожныйын өткізу
мерзімін және басқа да санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды
бұзушылық болып табылады.

Деннің саулығын сақтайық
 
Тәуелсіздік туын желбіретіп, өз алдымызға бөлек ел болып қалыптаса
бастаған кезімізде баршамызды мазасыздандырған түйінді мәселелерді
басымыздан өткізуге тура келгені бәрімізге де мәлім. Жаңа заман, жаңа леп
жақсылығымен бірге бас шайқатар кемшіліктерін де ала келді. Бұған себеп,
бұрын бір қалыпта, бір үлгідегі өмірімізге елеулі өзгеріс енді. Тас
бекітулі шекаралардың ашылуы, елімізге лап берген шетелдік азаматтар,
бизнесмендер, инвесторлар, тіпті алыпсатар саудагерлерге дейінгі топтар
өздерімен көңілді селт еткізер жаңалықтарымен бірге ортаны ойсыратар
кемшіліктерін де ерте келгені белгілі. Яғни, нарық заманы өмірімізді
түпкілікті түрде өзгертті. Бірқатар жерлеріміз гүлденіп жатса, екінші
жерімізде қуаңшылық басталды. Ауыл тұрғындарының тіршіліктің қамымен жаппай
қалаға ағылуы бұрыннан сақталып келген қала мен дала тіршілігіндегі тепе-
теңдікті бұзып, базарлар көркейіп, жұрттың тұтыну деңгейі жақсарғанмен де,
ауылдағы өмір жұтаң тартты. Адамдардың пейілі тарылып, мінездерінде елеулі
ауытқушылық байқалды.
Осы жәйттер ересектермен қоса жастардың … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!