Мамандықтың бәрі жақсы балабақшадағы ашық сабақтар

0
167

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Достар  бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!

Орман, көлге, шыңға біз,

Саяхатқа шығамыз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашан да біргеміз!

Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес!

-Балалар, қазір бізде қандай сабақ ?

Дөңгелене тұрып Е.Өтетілеуұлының «Достармен бірге» өлеңін қимыл-қозғалыспен орындайды.

  • Тіл дамыту сабағы.

Ұйымдастырушылық- ізденушілік

Балалар, мына суреттерде кімдердің  және нелердің суреттерін көріп отырсыңдар?

-Олар не істейді ?

-Яғни, халыққа қызмет етеді. Оларды біз мамандық иелері дейміз. Тағы да қандай мамандық иелерін білесіңдер ?

Сендердің ата-аналарың қандай мамандық иелері екенін білесіңдер ма?

-Мына суреттерге қарап, мамандық иелерін атап, қандай қызмет атқаратындарын айтып беріңдерші ?

Сергіту сәті:

Қане, кімнің бойы ұзын ?

Паравозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Ал, паравоз баста алға,

Бәрімізді басқар да.

Пыш – пыш, пыш-пыш,  біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Гу-гу, гу-гу, гуілде,

Қалып қойма, бірің де.

Пыш – пыш, пыш-пыш,  біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Ал, паравоз тоқтайық, пыш.

Жұмбақ шешіп көрейік

1.Бір керуен жүреді екен қатар түйе,

   Аузынан жалын шығар будақ күйе.

-Ал, балалар, пойызды кім айдайды ?

2.Сымға асылып,

   Жүр асығып.

-Троллейбусты кім жүргізеді ?

3. Құстан аумайды,

    Көкте зулайды.

-Ұшақты кім жүргізеді ?

-Көліктің тағы қандай түрлерін білесіңдер ?

-Енді мына аспазшы, ұста, тігінші  туралы кім өлеңдер біледі екен ?

Дидактикалық ойын: «Кімге не керек ?»

Балалар мұғалім, дәрігер, құрлысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек. Балаларды тапқырлыққа үйрету.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерде берілген мамандық иелеріне қажетті заттарды тауып, сәйкестендіреді.

-Аспазшы, мұғалім, құрлысшы, жүргізуші

-Тамақ пісіреді, сабақ береді, үй салады, көлікті жүргізеді.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Егінші, дирменші, сатушы, кітапханашы,   есепші, әнші, биші жайында әңгіме құрастырады.

-Балалар Ж.Смақовтың «Паравоз» әнін бірге қимыл-қозғалыспен орындайды.

  • Пойыз
  • Машинист

-жүргізуші

-ұшақ

– ұшқыш.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Балалардың өлеңдері тыңдалады.

  • «Кімге не керек?» дидактикалық ойынын ойнайды.

Дәптерден сәкестік тестін орындайды.

Рефлексивтік – түзетушілік

Д/о : «Кім болам ?»

Балалар болашақта кім болғыларың келеді, сол мамандықты алып, әңгімелеп беріңдер.

-Өте жақсы балалар. Осындай әр түрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып, көп нәрсені үйрену керек.Осындай жұмыстарды кімдер жасайды ?

-Иә, біз олардың еңбегін бағалап, құрмет тұтуымыз керек екен.

-Ендеше еңбек туралы кім мақал-мәтел біледі.

-Сонымен балалар, мамандық иесі болу үшін қандай болуымыз керек екен ?

-Дені сау, білімді, еңбекқор болу керек.Еңбек етпеген адамдар жалқау, енжар адамдар.

Балаларды бағалау.

-Балаларды сабаққа қатысу ерекшеліктеріне қарай бағалап, мақтап, мадақтаймын.

Слайдта берілген мамандық иелерін алып, әңгімелейді.

  • Үлкен аға, апалар, әке-шешелер.

-Балалар мақал – мәтелдер айтады.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Сабаққа қатысқандары үшін бағаларын алады.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!