Мамандықтың бәрі жақсы балабақшадағы ашық сабақтар
Мотивациялық -қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз!
Орман, көлге, шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан да біргеміз!
Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес!
-Балалар, қазір бізде қандай сабақ ?
Дөңгелене тұрып Е.Өтетілеуұлының «Достармен бірге» өлеңін қимыл-қозғалыспен орындайды.
- Тіл дамыту сабағы.
Ұйымдастырушылық- ізденушілік
—Балалар, мына суреттерде кімдердің және нелердің суреттерін көріп отырсыңдар?
-Олар не істейді ?
-Яғни, халыққа қызмет етеді. Оларды біз мамандық иелері дейміз. Тағы да қандай мамандық иелерін білесіңдер ?
— Сендердің ата-аналарың қандай мамандық иелері екенін білесіңдер ма?
-Мына суреттерге қарап, мамандық иелерін атап, қандай қызмет атқаратындарын айтып беріңдерші ?
Сергіту сәті:
Қане, кімнің бойы ұзын ?
Паравозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Ал, паравоз баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Пыш – пыш, пыш-пыш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
Гу-гу, гу-гу, гуілде,
Қалып қойма, бірің де.
Пыш – пыш, пыш-пыш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
Ал, паравоз тоқтайық, пыш.
Жұмбақ шешіп көрейік
1.Бір керуен жүреді екен қатар түйе,
Аузынан жалын шығар будақ күйе.
-Ал, балалар, пойызды кім айдайды ?
2.Сымға асылып,
Жүр асығып.
-Троллейбусты кім жүргізеді ?
3. Құстан аумайды,
Көкте зулайды.
-Ұшақты кім жүргізеді ?
-Көліктің тағы қандай түрлерін білесіңдер ?
-Енді мына аспазшы, ұста, тігінші туралы кім өлеңдер біледі екен ?
Дидактикалық ойын: «Кімге не керек ?»
Балалар мұғалім, дәрігер, құрлысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек. Балаларды тапқырлыққа үйрету.
—Дәптермен жұмыс.
Дәптерде берілген мамандық иелеріне қажетті заттарды тауып, сәйкестендіреді.
-Аспазшы, мұғалім, құрлысшы, жүргізуші
-Тамақ пісіреді, сабақ береді, үй салады, көлікті жүргізеді.
-Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Егінші, дирменші, сатушы, кітапханашы, есепші, әнші, биші жайында әңгіме құрастырады.
-Балалар Ж.Смақовтың «Паравоз» әнін бірге қимыл-қозғалыспен орындайды.
- Пойыз
- Машинист
-жүргізуші
-ұшақ
— ұшқыш.
-Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Балалардың өлеңдері тыңдалады.
- «Кімге не керек?» дидактикалық ойынын ойнайды.
Дәптерден сәкестік тестін орындайды.
Рефлексивтік — түзетушілік
Д/о : «Кім болам ?»
Балалар болашақта кім болғыларың келеді, сол мамандықты алып, әңгімелеп беріңдер.
-Өте жақсы балалар. Осындай әр түрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып, көп нәрсені үйрену керек.Осындай жұмыстарды кімдер жасайды ?
-Иә, біз олардың еңбегін бағалап, құрмет тұтуымыз керек екен.
-Ендеше еңбек туралы кім мақал-мәтел біледі.
-Сонымен балалар, мамандық иесі болу үшін қандай болуымыз керек екен ?
-Дені сау, білімді, еңбекқор болу керек.Еңбек етпеген адамдар жалқау, енжар адамдар.
Балаларды бағалау.
-Балаларды сабаққа қатысу ерекшеліктеріне қарай бағалап, мақтап, мадақтаймын.
—Слайдта берілген мамандық иелерін алып, әңгімелейді.
- Үлкен аға, апалар, әке-шешелер.
-Балалар мақал – мәтелдер айтады.
-Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Сабаққа қатысқандары үшін бағаларын алады.