Мамандықтың бәрі жақсы..

0





Мамандықтың бәрі жақсы..

Автор: Әліпаева Айгерім Қалиқанқызы

Бағыты: Әдістемелік бірлестік жетекшілері Бөлімі: Мақала Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-01-27


Материал туралы қысқаша түсінік

Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ 2019 жылғы 14- 24 қаңтар аралығында бейіндік бағдар бойынша онкүндік өтті. Онкүндік іс-шаралардың жоспарға сәйкес жүзеге асуымен өтті.
Мектеп кітапханашысы оқушыларға арнап «Болашақ мамандықты іздеу жолында» атты кітап көрмесін ұйымдастырды, ал тәлімгер «Ең қызықты мамандық» атты сурет көрмесін өткізді. Мектеп психологы 9,11-сынып оқушыларымен диагностикалық тест өткізіп, әр оқушының қай мамандыққа жан-дүниесі жақын екенін, психологиялық тұрғыдан талдап өтті. Сонымен қатар, психологтың ұйымдастыруымен 9-11-сыныптар арасында «Мамандықты қалай таңдау керек» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.




Мамандықтың бәрі жақсы…

Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ 2019 жылғы 14- 24 қаңтар аралығында бейіндік бағдар бойынша онкүндік өтті. Онкүндік іс-шаралардың жоспарға сәйкес жүзеге асуымен өтті. Мектеп кітапханашысы оқушыларға арнап «Болашақ мамандықты іздеу жолында» атты кітап көрмесін ұйымдастырды, ал тәлімгер «Ең қызықты мамандық» атты сурет көрмесін өткізді. Мектеп психологы 9,11-сынып оқушыларымен диагностикалық тест өткізіп, әр оқушының қай мамандыққа жан-дүниесі жақын екенін, психологиялық тұрғыдан талдап өтті. Сонымен қатар, психологтың ұйымдастыруымен 9-11-сыныптар арасында «Мамандықты қалай таңдау керек» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Бейіндік бағдар бойынша 1-11-сыныптар арасында тақырыптық сынып сағаттары 18 қаңтар күні өтті. Сынып сағаты барысында мамандықтар әлеміне саяхат жасап, заман талабына сәйкес, елімізде тапшы мамандықтармен танысып, болашаққа бағдар жасады. Бастауыш оқушылары ата-аналарының мамандықтары туралы ой бөліссе, жоғары сынып оқушылары өздерінің таңдаулары түскен мамандықтардың қыр-сыры туралы айтып берді. 22-23 қаңтар күндері жоспар бойынша 1-11-сынып оқушылары ауылдағы өндірістік мекемелер мен жеке шаруашылықтарға экскурсия жасаумен жалғасты. Бастауыш сынып оқушылары ауылдық кітапханада, емханада, почта бөлімінде және де ауылдық әкімдікте қонақта болып қайтты. Әр саланың мамандары өз мамандығы туралы ерекше ыстық сезіммен айтып, оқушыларды мамандықтар әлеміне тағы бір табан жақындата түсті. Ал орта және жоғары буын оқушылары «Неупокоев» жеке шаруашылық қожалығында болып қайтты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, ауыл шаруашылығын дамытып отырған қожалық басшыларынан қандай маманықтармен жұмыс жасайтынын сұрастырып, қандай мамандықтар тапшы екенін де біліп алды. Онкүндік қорытындысын шығаратын болсақ, заман талап етіп отырған мамандықтарды меңгеруге оқушыларға барлық мүмкіндік жасалған деп нық сеніммен айта аламыз.

Әліпаева А.Қ. директордың бейіндік бағдар орынбасары







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.