Мамандықтар әлемі, мамандық сабақ жоспары

0
Білім беру саласы: “Әлеуметтік орта”
Оқу қызметі: Экология негіздері
Тақырыбы: Мамандықтар
Мақсаты: • Әртүрлі мамандық иелері туралы түсінік беру;
• барлық мамандық иелерінің жұмыстарын қадірлеуге үйрету;
• еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
• есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Қажетті құрал — жабдықтар, көрнекіліктер: Мамандық иелерінің суреттері, дидактикалық ойындар.
Сөздік жұмысы: Амандасу, қайырлы таң, мамандық.
Билингвалды компонент: Дәрігер – доктор, аспаз – повар, тігінші – портниха.

Мотивизациялық — қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
“Біз кішкентай баламыз,
Еркін өсіп толамыз,
Күнге қарай талпынып,
Көкке қанат қағамыз.
Әлемдегі бар адамға
Біз жақсылық тілейміз”.

Ұйымдастыру – ізденушілік
І. Суретпен жұмыс.
— Балалар мына суретте бізді ауырып қалсақ емдейтін, әдемі киім тігіп, дәмді тамақ пісіретін адамдарды көріп отырмыз. Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен мамандық иелері дейді. Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

ІІ. Тосын сәт: “ Бізде қонақта ”
Бізге қонақтар келе жатыр екен. Қонақтарды қол соғып қарсы алайық.
1. – Бұл кім?
– Дәрігер не істейді?
– Қалай емдейді?
Дәрігер туралы кім тақпақ айтады?
Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де баланың,
Қиналғанда қасына,
Бірінші боп барамын.
Кішкене әлі баламын,
Таудай менің талабым.
Ақ халатты абзал жан,
Мен дәрігер боламын.
2. Жұмбақ шешу арқылы келесі қонақты шақырады.
Тәп – тәтті тамағы,
Астардың маманы.
Бұл кім балалар? /Аспазшы
Аспазшы өзі туралы тақпақ айтады.
Әзірлеп дәмді тамақты.
Торт пенен құймақты.
Пісірген түрлі тоқашты.
Мен аспазшы боламын.
3. Тігінші келеді.
– Мен тігіншімін. Адамдарға киім, көрпе — төсек тігемін. Маған тігінші болу ұнайды. Мен өз жұмысымды жақсы көремін.
4. Қонақ мамандарды үш тілде айтқызады.

ІІІ. “ Кімге не қажет? ” ойыны.
Бұл ойында үйлестірмелі материалдар таратылып, мамандарға қажетті құралдарды табу керектігін айтады.

ІV. Сергіту сәті.
Бейнекөрсетілімге қарап, қимыл жасатады.

V. “ Адасқан мамандар” ойыны.
Адасқан мамандардың орнына қажетті мамандарды тауып айтуды ұсынады.

VІ. “ Арнайы көлік иелерін тап” ойыны.
Арнайы көліктерді атап, олардың иесін табу ұсынылады.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Төменарық ауылы, «Сен сұлу» балабақшасы
«Ботақан» тобының тәрбиешісі
Шаидарова Макпал Мусахметовна
Мамандықтар жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/