Мамандығым , мақтанышым.

0


Мамандығым , мақтанышым.

Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып

Күні: ………………………….
Тақырыбы: Мамандығым , мақтанышым.
Мақсаты: 1. Оқушыларды болашақ мамандығын дұрыс таңдауға үйрету;
2. Мамандықты құрметтеуге, сүюге үйрету;
3. Мамандыққа байланысты ұғымдармен таныстырып, қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,компьютер, сурет салынған плакат,
сынып газеті, шарлар, бейнеклип.
Әдісі: ақпараттандырылған, сөйлеу.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау, мұғалімнің кіріспе сөзі.
ІІІ. Интерактивті тақтаны пайдалану,слайд көрсету.
ІУ. Көрініс көрсету
1- жүргізуші:
Қайырлы күн!
Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар және білім
ордасының шәкірттері!
2 -жүргізуші:
Иә, ———— бұл жиналған қауым бүгінгі сабақта көрсеткелі отырған тәрбие сағатының көрермендері.
1-жүргізуші: Ендешебүгінгі сабақта ұсынып отырған
Мамандық таңдау атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2 –жүргізуші: Ақыл жастан, асыл тастан деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар. Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әркез қоғамның қозғаушы күші ретінде танылған.
1 -жүргізуші: Бір кездері Мағжан бабамыз:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін,-

деп бекерден бекер айтпаған болар. Сондықтан да біз жастар өзіміздің қоғам, халық алдындағы борышымызды, міндетімізді сезіне білуіміз қажет.
2 — жүргізуші: Әрине, тізбелей берсек жастар жайлы келтірер мысалдар жеткілікті, бірақ бұл сөз тек құр сөз қалуы мүмкін. Сондықтан да өзіміздің болашақ үшін жасайтын игі істерімізді ойлануымыз керек. Қазіргі күні еліміздің болашағы да біздің жастардың қолында. Енді осы жастарымыз болашақта қандай маман иесі болғылары келеді? Ортаға салайық.
1- жүргізуші: Мектеп анам бүгінде
Мектеп — алтын босағам
Мектеп берген біліммен
Марқаяды жас ұлан

2-жүргізуші:
Әрине, қай мамандық иесі болмасын, ең бірінші әрбір
адам өз болашағын мектеп табалдырығынан бастайды. Кешегі күнде бүлдіршін болған, бүгін міне ержетіп, мектеп бітіріп, болашақтағы мамандықтарын таңдап, жоғары оқу орындарына түсіп жатқан апа-ағаларымыз көп емес пе?

1-жүргізуші: Мектеп, мектеп төңірекеп Жүруші едім кеше мен Сұраушы едім, жылаушы едім Әпкем кітап бермесе
2 -жүргізуші:
Бүгін міне ержеттім
Мамандығымды таңдадым
Қол жеткізген биікке
Мектебімнің арқасы

1- жүргізуші: Армандар,
Сол арманда зор мән бар
Жақсылықты ақ жүрекпен қолдаңдар
Асқақ арман — үлкен өмір бастауы
Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!

—————сонау бастауыш сыныптарға көз жіберсек, бір-бірімізді қуалап ойнап жүрген, қуанышты сәттерді жүзі жайдарлы бүлдіршіндерді көресің. Уақыт — өзен, дегендей қазір міне ержетіп, қыз бен жігіт болып мамандық таңдайтын уақыт та таяп қалды.
2-жүргізуші: Онда, ендігі кезекте армандары биік, әрбіреуі өз алдына мақсат қоя білетін, болашақ маман иегерлерін ортаға шақырайық.
1-жүргізуш Ұстаз, Ұстаз!
Сен көрсеттің білім жолын іздеген,
Жүріп кеттім мен де алға
Сіз көрсеткен ізбене
Ұстаз! Ұстаз!
Ардақты да қасиетті бұл есім
Үнемі сен жүрегімнің түкпірінде жүресің
Осы есімге үлкен менен кішіңіз
Мәңгілікке басыңызды иесіз.
Өзінің болашағын ұстаздық жолына арнағысы келетін —————
ортаға шақырайық2-жүргізуші Ақ халатты киемін
Аппақ болып жүремін
Аппақ болып жүргенді
Өзім жақсы көремін
Дәрігермін мен, — деймін
Кәрі әжемді емдеймін
Көп — көп ішіп дәріні
Кәрілікті жең,- деймін деп ел денсаулығына алаңдаулы

біздің ——- халықтың айнасы дәрігер болғылары келеді екен. Соларды қарсы алайық.
1-жүргізуші: Біздің мектеп-бақшада
Бар әсем асхана
Бар онда аспазшы
Ақ көңіл жақсы апа
Әлде май құймақ па,
Палау ма, сорпа ма,
Әлде балқаймақ па,
Тұрады ол ортада.
Тәп –тәтті тағамы
Апай-ас маманы
Пісіре білгенге
Астың жоқ жаманы.

———— білесің бе, ————- ержетіп, аспазшы боламыз дейді екен. Тәтті тағам жегің келсе, ———- мен ————— баруды ұмытпа, жарай ма?

2- жүргізші: Ел деп соққан жүрегі
Ұлы Отанның түлегі
Милиция қорғаным
Мен милиционер боламын.
Өскенде ел қорғаны болатын бұл оқушы болашағын халық тыныштығына арнап отыр. ————- , бұл қай оқушы дейсің, бұл біздің ————— ғой.

1-жүргізуші: ———— білесің бе, келессі оқушылар өздерінің болашақтарын былайша жырлайды екен:
Салдым асқар тауымды
Қайнаудағы ауылды
Көктен бұлтты қаптатып
Тамшылаттым жауынды.
Нұр ойнаған бетінде
Мал жайылған шетінде
Салдым ирек өзенді
Жүрген кетпей есімде.
Теріп дала гүлдерін
Мынау менің жүргенім
Салар едім табиғат
Даланың әсем келбетін.

Сонда бұл оқушылар кімдер?
Әрине, бұл болашақ суретшілер ————- пен ————— ғой.

2-жүргізуші: Біз әншіміз, бишіміз
Бала емеспіз жалыққан
Біз талапты күйшіміз
Өнерпазбыз халықтан

Ал келесіоқушлардың таланты биік, болашақ сахна төрінен көрінетін өнерпаз оқушылар. ———— дауысымен ән шырқайтын———, мың бұралған бишілеріміз——— , —————және—————
1-жүрізуші:
Біз- заңгерміз, заңгерміз,
Әділдікті қолдаймыз
Халықпенен біргеміз
Адам құқын қорғаймыз.
Иә, ———ұлттық рәміздерінсіз, заңынсыз ел болмайды дегендей, Қазақстанның әрбір азаматының құқығын әділетті шымдап жүрген шыншыл заңгерлеріміз де аз емес. Солардың жолын қуғысы келіп жүрген ұл қыздарымыздың бірі — ————.

2-жүргізуші: ————, осы сен хат тасушыдан хабарлама алып көрдің бе? Келесі оқушымыздың мамандығы өте қызық. Ол өзінің болашағын былайша елестетеді.

Сөмкеде хат қалмайды тасылмаған Қалса да құпиясы ашылмаған Сондықтан осы міндет асыл маған Хат тасушы бала мен боламын. Сонымен хат тасушы——— ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: Ал , —— мен —— елде болып жатқан жағдайларды халыққа хабарлап айтушы тілші болғысы келеді екен.

2- жүргізуші: Өреннің зор талабы,
Өмірден жол табады
Мақсатына лайық
Мамандығын алады

1-жүргізуші: Әр адамды шыңдаған
Мамандық бар мыңдаған
Бейім болып бәріне
Біреуі қалар ұнаған
Енді осы мамандық иелеріне сұрақ қойсақ.

2-жүргізуші:
Дәрігерге қояр сұрағымыз. Яғни —— мен ——— :
1. Осы мамандықты неліктен таңдадыңыз?
2. Мамандығыныз өзіңізге ұнайма?
1-жүргізуші:
Енді Тілшіге қояр сұрағымыз:

1. Журналист болу қызық шығар
2. Мамандықты таңдау себебіңіз?
3. Жұмысыңыз қазіргі заман талабына сай техникамен жабдықталған ба?
1-жүргізуші:
Заңгер мырза:
1. Заңгер мамандығын неліктен таңдадыныз?
2. Жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесіп отырады?
2-жүргізуші:
Мұғалімге қояр сұрағымыз.
1. Таңдаған мамандығыңыз өзіңізге ұнайма?
2. Шәкірттеріңізден алғыс алған сәттеріңіз болды ма?
3. Өзіңізді бақытты ұстазбын деп айта аласыз ба?


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.