Мамандығым – мақтанышым шығарма — Шығарма

0

Мамандығым – мақтанышым
 
   Бұл өмірде адам үшін өміріндегі ең маңызды құбылыс, ол — оның болашақ мамандығы. Мен өз мамандығымды 9-сыныпта таңдадым. Мамандық тандау — бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, елші, қаржыгер, архитектор, механик, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер және т.б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт — бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет жасап, жұмыс атқару өте маңызды мәселе. Түркі тілдес халықтың «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген нақыл сөзі мамандық таңдау мәселесіне сай келетіндей.
   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі «осы заманғы білім беру, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту»,-деп көрсеткен. Қазақстан Республикасының болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға байланысты.
   Осы орайда мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану ғылымдары және спорт факультетінің «Биология» мамандығының 1 курс студентімін. Бұл мамандық – өте қызықты. Себебі ол бұл әлемде жоқ жаңа затты ойлап табуға мүмкіндік береді. Және де бұл мамандықта өз ісінің білгір мамандары тапшылық тудыруда. Осы тапшылықты жою мақсатында, осы мамандықты таңдап, өзімнің кішкене де үлесімді қосқым келеді. 
    Мемлекетке әр мамандық қажет. Алайда оны дұрыс таңдау – бағыңның ашылғаны. Мамандық иесі болу үшін ең алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені, білім арқылы адамның қабілеттілігі артса, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді. Менің алға қойған мақсатым бар. Мен 18 жастамын. Арманымның оңайлықпен орындалмайтынын да сезіп, білем.
    Ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі болу үшін білім алуға барлық күш-жігерімізді жұмсап, жұмыстанайық дегім келеді. Егеменді еліміздің ертеңі – болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені даусыз.

Мұхамеджан Надира
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 1 курс студенті

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!