Махмұт Қашқаридың философиясы | KazOrta.org
Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк» атты философиялық еңбегінде алғаш рет түрік мәдениетін сипаттап берді. Бұл түрік тілінің сөздігінде түріктер өмірінің ХІ ғасырдағы бай сипаты, салт-дәстүрі, өлеңдер мен аңыздардың, материалдық мәдениет заттарының мән-мағынасы ашылып көрсетілді. Бұл кітапта сол заманның тұрмысы мен дүниетанымы ерекше мұқият сипатталған. Рулық-тайпалық қатынастардан бастап болмыс шындығына дейін баяндалған. Философиялық ұғымдар, тек пен ерекшелік терминдері, этнонимдер мен жер-су аттары (топонимдер) ерекше мәнге ие болған. Еңбекте дәстүрлі халық санасының сипаты, тарихи және мифологиялық құндылыктар, діни және этникалық терминология тіркелген. Сондай-ақ, өз заманының, қоғамының әлеуметтік, саяси және рухани өмірінің сипаттамасы жан-жақты зерттелген, оның өзіндік және сапалық ерекшелігі адамдардың іс-әрекеті мен олардың санасы, қоғамның тұгастығы мен оның даму барысы күрделі қатынаста көрсетілген.
«Мен бұл кітапты алфавит тәртібімен құрастырдым, — деп жазды М. Қашқари, — парасатты — ғибрат сөздермен, ұйқасты ақ өлеңмен, мақал-мәтелдермен, өлеңдер мен қара сөзбен (прозамен) безендірдім. Мен қиынды оңайлаттым, түсініксіз жайды түсіндірдім, жылдар бойы еңбектендім, ақырында іздеуші сөзді өзінің қатарынан таба алуы үшін әр сөзді өз орнына қойып, сөз тәртібін анықтадым. Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым. Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш, әрі таусылмас әдеби мұра болып қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым (М. Қашқари. Түбі бір түркі тілі «Диуани лұғат ат-түрк»).
Дәстүрлі түркі мәдениетініңтамаша энциклопедиялық ескерткіші Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі. Онда түрік тілінің тарихы жазылған, түркілердің әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері жинакталған. «Мен өз зердеме тірі және рифмделген түріктердің, түркімендердің, оғыздардың, қырғыздардың… тілдерін толық түсіре білдім», — дейді данышпан ойшыл-ғалым. Былайша айтқанда, бұл еңбек лингвистикалық және этнологиялық сипатта ғана емес, сонымен бірге дүниетанымдық-философиялық, этикалық-құндылықгық және эстетикалық сипатта. Мұнда түркі онтологиясы мен тіл мәдениеті, түркі тілдерінің толық жинағы, түркі тілінің ішкі семантикалықжәне грамматикалық құрылысы, ана тіліне деген үлкен сүйіспеншілік, халыктың рухани дамуында тілдің үлкен рөлі анық көрсетілген. Махмұт Қашқари: «Әдептің басы-тіл», «Тіл — тәрбиелілік пен қайрымдылықгың басы», «Ерен ерлік тілде туады». Тіл жәй қарым-қатынас құралы ғана емес, ол сол халықгың, оның тарихы мен мәдениетінің өзіндік және бірегей болмысын танытады. Ойлау мен тіл бірлікте. Осыған орай, «ұлттың тілінде оның жері, тарихы, тұрмысы, мінез-құлқы айнадай ашық көрініп тұрады» деген ұлы Мағжан Жұмабаевтың сөзі өте орынды айтылған.
Адам — Махмұт Қашқари дүниетанымының өзекті мәселесі. «Адам мәңгі жасамас, көрге кірсе кері қайтпас» дейді ол. Адамның парасаттылығын, қонақжайлығын, жомарттығын, адалдығын, әділеттілігін, ізеттілігін, тәрбиелілігін жоғары бағалаған. Түріктердің дәстүрлі этикасы Махмұт Қашқаридың халыктық философиясының басым саласы болып табылады. Сонау орта ғасырдағы данышпан түркі ойшылдарынан тарихи бастау алатын қазақ халқының ұлттық философиясы этикалық құндылықтарға өте бай. Қазақ халқы -табиғатынан қиналғанға қол ұшын беруге даяр тұратын, ізгілікке жаны құмар гуманист халық.
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымының семантикалық діңгегі «құг» ұғымы. Оны «өркендеу басы», «өмірлік күш», «өмір потенциясы», сонымен қатар байлықпен байланысты «бақыт», «игілік», «үлес», «тағдыр» деген ұғымдармен сәйкестендіруге болады. Бұп ұғым онтологияны, философиялық антропологияны және әлеуметтік философияны біртұтас етіп біріктіреді.
Махмұт Қашқари өзінің «Түркі сөздерінің жинағы» кітабында дүниетанымы, әділеттілік пен бақытқа лайық өмірі, адамның өмірі мен өлімі, оның түріктік болмысы мен ойлауы, құндылықтық бағытбағдарлары, имандылығы мен мейірімділігі, қонақжайлығы мен парасаттылығы, жалпы алғанда, адамның рухани-адамгершілік, этикалық және эстетикалық құндылықтары жөнінде көптеген құнды ойлар қалдырған. Оның пікірінше, құт-береке қонақпен бірге келетіндіктен қонақ жақсылыктың белгісі. Ол былай дейді:
Қонақты қарсы алған, асыңды күттірме,
Қуана жар салғын, бір затын зыттырма.
Қонақты құт деп білген ерлер кетті өмірден,
Қалыпты жаны жаман, пейілі қарт көмірден.
М. Қашқари адамның бақыты белгілі бір мөлшерде қажет болғанымен материалдық байлықпен өлшенбейді, ол шексіз рухани байлықпен аныкталады. Ішкі жан дүниесі бай және ақыл-ойы мен білімі мықты адам басқаға жамандық жасамайды, ол бақытқа жетеді. Махмұт Қашқари «Үлкенді сыйласа, құт болар», «Бақытқа бастар жол — еңбекте», тек еңбек қана құт пен бақытты өмірдің қайнар көзі екенін айта келіп, былай дейді:
Байлық — берген абырой -жайлаудағы қоңсыдай,
Опа жаққан әйелдей, тұрақтамас ол шырай.
Алтыныңа, малыңа масаттанба, ағайын,
Күн мен түнің бәрібір өте шығар жолшыбай.
Артық бұйым, адамзат, жауың болар түбінде.
Байлық деген топан су тау боратар
Ол иесін түбінде төмен қарай қүлатар.
«Құт», негізінен, өмірлік күшті, алға қарай ұмтылуды білдіреді. Дәстүрлі түркілік дүниетаным үшін адам, өсімдік, хайуан өзара жақын және олар табиғаттағы тіршіліктің көріністері. Адамның дүниеге, әлемге деген қатынасы рухани және құндылықгық негізден құралады және сол арқылы ол әсерленіп отырады. Сондықтан, олардың негізгі идеясы — ең жоғарғы құндылықты дәріптеу, яғни адамды және оның өмірін қастерлеу.
Түркілік онтологияда «өмір және құнарлылық» семиотикалық коды аңғарылады. Бұл кілт арқылы түркілердің үй-жайын, киіз үйдің семантикалық кеңістігін, адамныңүстіне төңкерілген аспанның моделін түсіндіруге болады. Герменевтикалық әдіс дәстүрлі мәдениеттегі тамақтану жүйесінің рәміздік қызметін ашуға мүмкіндік береді, қонақтарды күту барысындағы тәртіпті анықтауға көмектеседі. Көшпенділердің шаруашылығына, өмір салтына, әр түрлі өмір кезеңдеріне сай келетін дәстүрлі киім үлгісі болған. Әрбір жасқа келгенде өзіндік құндылықтар болатындығы «құг» ұғымы арқылы байыпталып отырған. Әсіресе, балалық шақ пен кәріліктің ортасында орналасқан кезең адамның нағыз кемелденген уақыты екендігі ескеріледі. Кәрілік — жәй ғана қартаю емес, оның екі түрлі әлеуметтік қызметі бар: бір жағынан, белсенді іс-әрекеттерден шеттеп қалғанымен, екінші жағынан, адам рухтар мен ата-бабалар әлеміне жақындай түседі, сондықтан ерекше құрметке ие болады.
Дәстүрлі мәдениетте бақыт, негізінен, «құтпен», некемен, құнарлылықпен байланыстырылып келді. Құнарлылық игіліктің, табыс пен бақыттың басы, сондыктан бала көтермеген әйел мен үйленбеген еркек әлеуметтік тұрғыдан құрметке лайыкты емес деп танылған. «Адам болу» деген сөз «отбасын құру» деген ұғымды білдірген. Некеге үлкен сакралды мән беріліп, ол болмыстағы адам өмірінде болатын елеулі оқиға екендігі мойындалады.
Рудың өзіндік санасы «аруақ», «қыдыр», «ырым» ұғымдары арқылы қалыптасады. Қиын қыстау сәттерде ата-бабалар аруағына олардың рухына сыйынып, адам өмірде рухани тіреу тапқан. «Адамның күні — адаммен» деген мақал көшпелілердің моральдық-этикалық кредосына айналған. Көшпенділердің түсінігі бойынша, әрбір адам өзінен кейін балаларына тек қана киіз үйін, байлығын, байланыстарын, атағын ғана қалдырмайды, сонымен бірге тірілердің арасында жүретін, олардың тағдырына әсер етіп отыратын өз аруағын, ата-бабалар рухын да қалдырады. Егер, адам бұл өмірде жақсы болса, артында жақсы із қалдырса, онда оның рухы балалары мен немерелеріне қиын кезеңдерде көмектесіп отырады. Егер, адам дұрыс өмір сүрмесе, онда оның аруағы ондай көмек бере алмайды, керісінше, ұрпағына қырсық болып, кесірін тигізеді.
«Диуани лұғат ат-түрк» энциклопедиясында, нормалар мен салттар, адамдар құлқының қалыптары мен қасиеттері сипатталған, қоғамның өзара байланысты жалпылық және ие болған рухани күйі сараланған. Аталған еңбектен түрік қоғамының Х-ХІ ғасырлардағы игіліктерінен сусындауға болады, оның рухани жүйесін, ырымдарын, қатынас тілі мен әдісін, сол замандағы нышандардың жаңгыру калыптарын түйсініп, қабылдауға болады. Ол қоғамдағы рухани игіліктің ерекшелігін бағалауға, оның сапалық бірегейлігін, ондағы мәдениеттің, экономиканың және саясаттың мәнділігін зерделі салмактауға мүмкіндік береді. Рухани игіліктің бұл жүйесін ой елегінен өткізу — өзіндік қоғамдық болмысты бағалауға, оның ішкі бастаукөздерін, ерекшеліктерін және қозғаушы күштерін ұғынуға мүмкіндік береді. Махмұт Қашқаридың бұл кітабы тарихи жадтың сактаушылық және жаңғырушылық рөлін атқарады. Ол тарихи тәжірибені қайта жаңғыртып, бүгінгі жаһандану жағдайында халқымыздың өзіндік ұлттық санасын қалыптастырады. Қоғам осыған қарап көш түзейді және ол сонымен бірге Қашқари мұрасының жинакталған топтамасы болып табылады. Қоғам мен мәдениет тарихи бұл еңбекте бейнелі түрде сипатталған. Оның дүниетанымының тарихи маңызы да осында.
Елімізде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қашқаритану мәселелерін зерттеп жүрген ғалымдар өте аз. Ол бойынша тек белгілі ғалым-философ Қуаныш Әлжан өзінің тартымды зерттеулерін жүргізіп кепеді. Бұл аздық етеді. Сондықтан қашқаритану мәселелерімен тереңірек және жуйелі түрде айналысқан жөн. Махмұт Қашқаридың туғанына 1000 жыл толуына байланысты бугінгі салтанатты жиында осындай қорытынды жасай отырып, болашақта «Қашқари және түркі әлемі» атты халықаралық конгресс өткізу қажет деп есептеймін. Сонымен қатар осындай тамаша кешті ұйымдастырған Туркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Атилла Гунай мырзаға үлкен ризашылығымызды білдірейік.
Махмұт Қашқари өзінің артында мынандай өсиет қалдырған:
Махаббат маған күш береді!
Тамшы су тама-тама тау жарар.
Ел ішінде сенің даңқың жайылсын!
Тіліңе абай бол!
Бүгінгі біздер үшін мемлекеттік тіліміздің мәртебесін жоғары көтере отырып, ол туралы арнаулы заң қабылдап және оны іске асыру арқылы сөздік қоры өте бай тілімізді қазіргі заманға сай сактап, дамытқанды қолдаймын. Ендеше, осындай тамаша тілімізге абай болайық, оны болашақ ұрпаққа мәңгі сактайық.