Махамбет Өтемісұлы туралы слайд,презентация — Әдебиет

0

Махамбет Өтемісұлы туралы слайд,презентация

 

 

Білімділік:  Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін  ұғындыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту.
Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Әдеби кітаптар оқуға үйрету.
Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүйуге, патриорт болуға шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, тірек кесте буклет,  көркем әдебиеттер,  газет-журнал материалдары, семантикалық карта, т.б.
Сабақтың типі: ақпараттық сабақ
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу,кестемен жұмыс,талдау
1.Шаруалар көтерілісінің шығу себептері неде?
2.Махамбет пен Исатайдың көтерілістегі ұраны қандай болды?
“Қара қазан,сары бала қамы үшін”
3.1846 жылы Қиялымола жеріндегі ұрыста Жәңгір хан жасағын кім басқарды?
(Қарауылқожа Бабажанұлы)
4.”Әй,Махамбет жолдасым” өлеңі қай кезеңге байланысты шыққан?
(1837 жылы хан ордасына екінші рет аттанғанда шыққан өлең)
5.”Егеулі найза қолға алған ”Исатай ханға қалай алданып қалды?
6.Махамбет қалай қаза болды?Көтерілісте ме,әлде қалай?
7.Махамбеттің атасы мен әкесінің аттары кімдер?
(әкесі Өтеміс,Атасы Құлмәлі)
8.Махамбеттің сазгер екендігін танытатын шығармасы қандай?
(Күйлері:”Шілтерлі терезе”,”Жұмыр қылыш”,”Қайран нарын”)
9.Махамбеттің 200 жылдық мерейтойы қашан дүниежүзілік деңгейде аталып өтті?
(2003 жылы )

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!