Махамбет Өтемісұлы 1803-1846 слайд,презентация — Әдебиет

0

Махамбет Өтемісұлы 1803-1846 слайд,презентация

 

 

Махамбет — халықты патшалық, хандық 
өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де
 жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты 
батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған 
көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», 
«Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде 
үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта 
шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. 
Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы 
Исатай», «Исатай деген ағам бар»,
 «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.
Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. «Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Терезе», т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері 1908, 1912, 1925 ж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді. Шығармалары 1939-89 жылдар арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х.Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлер айтты. 

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!