Луллий шеңбері, балабақша

0
Луллий шеңбері
Луллий шеңбері — мектепке дейінгі мекемелерде қолдануға арналған ТРИЗ және РТВ авторлары ұсынған балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытудың бір құралы. Бұл әдістеме түрі зерттелетін материалдарға қызығушылық сақтауға көмектеседі. ХІІІ ғасырда француз монахы Раймонд Луллий қағаз шеберлер түрінде логикалық машинаны ойлап жасады. Демек оны балалардың сөздік, интелектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы ретінде қолдануға болады. Бұл әдістеменің балабақшада балалармен бірге тіл мен әлемді байланыстыруда қолданатын таптырмас құрал.

Дөңгелек әр түрлі диаметрлі 2 шеңберді қаптайды. Жоғарыдаға көрсеткіш немесе белгі орналастырады. Барлық топтар бірдей секторларға бөлінеді (ерте жастағы балалар үшін шеңбер төрт секторға бөлінеді). Оларда суреттер (қоршаған әлемнің объектілері) болады. Шеңберлер мен көрсеткіш бір — бірінен еркін қозғалады. Қажет болса, секторлар орналасқан суреттердің әр түрлі комбинацияларын алуға және үйлеспейтін көрінетін нысандарды біріктіруге болады.

Әдістеменің негізгі мақсаты: назар аудару, ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту, қолдың маторлы дағдыларын дамыту, қиял. Әлемді тану жолын меңгеру, пайда болған мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыру.

Луллий шеңберінің ерекшеліктері
Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту әрқашанда өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі таңда баланың тілін дамыту процесін түзетудің көптеген әдістері бар. Баланың тілін дамыту барысында жағымды эмоцияналды қалпын ұйымдастырып, өзінің тілін белсенді дамытуға деген қызығушылығын тудыру керек. Ең тиімді және қызықты да қолжетімді баланың іс — әрекеті бұл — ойын.
Ойын мен тіл дамытудың екі жақты байланысы бар:
1. Бала ойын барсында белсенділік танытады және тілі дамиды;
2. Ойын барысында ойынның өзі тілдің дамуы барысында күрделене түседі.
13 — ғасырда француз монахы Раймонд Луллий қағаз шебері түрінде логикалық материал ойлап тапты. «Луллий шеңбері» бұл — компьютер тәрізді материал. Оның қарапайымдылығы балабақшада қолдануға мүмкіндік берді. Бұл материал екі шеңбер (пластина) және арнайы жасалған қораптан тұрады. Луллий шеңберлерді баланың жас ерекшеліктеріне сай 4, 6, 8 бөлікке бөліп, оларға суреттер сөздер, буын, сандар мен сөйлемдер жазған. Әрбір бала өзіне қойылған сұраққа жауабын таба алады және кез — келген комбинация бойынша қиялдап әңгіме айтып береді.
Бұл материалдың функциясы өте көп және ТРИЗ әдісіне жатады, ойын түрінде қолданады. Оны жеке де, топтық түрде де қолдануға болады.
Луллий дөңгелектері
Раймонд Луллий (ХІІ — ХІVғ) бірнеше дөңгелектен тұратын құралды, (мұнара әдісі бойынша) ойлап шығарды. Дөңгелектер еніп, қозғалады. Луллий секторларға суреттер салып, сөздерді жазған. Әр адам сұрақтар қойып, комбинация арқылы жауабын алған екен.
Луллий дөңгелектерімен ойындар өткізудегі технологиялық ережесі:
Дөңгелектердің барлық секторларында суреттер немесе заттар белгілейтін белгілер орналасады. Мысалы: үлкен дөңгелектің секторларына ағаштардың суреттерін орналастырамыз (шырша, алма ағашыт. с. с.); екінші дөңгелекке — олардың өсетін жерлері (бақ, орман т. с. с.); үшінші дөңгелекке олардың жемістері (алма, шырша бүрі, т. с. с). Балалар дөңгелектерде байланыс табу керек. Мысалы: тәрбиешінің нұсқауы бойынша алма ағашын табады, дөңгелекті бұрап бақ тұрған суретті табады, үшінші дөңгелектен алманы табады.
Луллий шеңбері әдісі балалардың ойын барысында тілін дамытатын тиімді инновациялық технология
Сөйлеуді дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметтеріндетәжірибеге алған картина бойынша әңгіме құрастыру жөнінде жаңа әдістеме ұсынылады. Әдістемелік нұсқаулықтар бейнелі, балалардың қабылдау үрдістеріне жақын, қолайлы ретінде көрсетіледі. Қосымша беттерде картина, жай суреттер бойынша нақты сабақтарды қолдана алатын үлгілер ұсынылып, сонымен қатар сөздік жұмысын молайтатын әдіс — тәсілдер беріледі.
Луллий шеңберінің мақсаты:
— Жалпыға бірдей білім стандартын ала отырып, әр баланы объективті түрде дайындау, нақты білім беру;
— Терең ойлау, өздігінен ізденіп, оқып білу іс — әрекеттерін меңгерту;
— Жан — жақты дамыған, білімді жеке тұлға қалыптастыру.
Міндеттерім:
— Луллия шеңберін сабақтың түріне сай таңдап алу;
— Балалардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне көңіл бөлу;
— Топтағы бала санына қарай ойын түрін ұйымдастыру;
— Өтілген материалды ұдайы қайталап, тереңдетіп қайталап отыру;
— Сабаққа қатысу белсенділігін арттыруды қадағалау.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 бөбекжай — бақша тәрбиешісі
Инкарбаева Панза Рақымжанқызы
Луллий шеңбері жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/