Ломбардтар және пошта — жинақтау жүйесі. И.О. «АҚ Қазпошта» — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Ломбардтар жылжымалы мүліктердің кепіліне қарыз ақша беретін кредиттік мекеме болып саналады. Тарихи тұрғыдағы ломбардтар өсімқорлардың кредит беретін жеке кәсіпорындары ретінде пайда болды. Соңғы уақыттарда мемлекет пен жеке-меншік капиталдың ломбардтар қызметіне қатысу дәрежесіне байланысты мемлекеттік, коммуналдық және жекеменшік ломбардтар мен аралас үлгідегі ломбардтар бөлініп шыға бастады.

Ломбард — банк болып саналмайтын заңды тұлға (коммерциялық ұйым), ҚР Ұлттық банкінің лицензиясының негізінде басқадай және банкілік операциялардың келесі түрін атқаруға құқылы:

— ломбардтық операциялар: жылжымалы мүліктер мен құнды қағаздардың оңай депозитке салынуын іске асуының кепіліне қысқа мерзімді кредиттер беру;

  • сейфтік операциялар: бағалы қағаздарды сақтау бойынша,

құжаттар мен клиенттердің бағалы заттарына қызмет көрсету, сейф жәшіктерін, шкафтарын және бөлмелерін жалға беру;

  • лизинг қызметін жүзеге асыру;
  • зергерлік бұйымдар, бағалы металдар және тастарды сату

мен сақтау, сатып алу, кепілге алу мен есептеу.

Ломбардтар шаруашылық серіктестік формасында құрылып, өз қызметін жүзеге асыра алады.

Ломбардтар бағалы металлдар мен тастарды қосқанда (құнды қағаздардан басқасын) тұтыну кредитінің жылжымалы мүлік түріндегі кепілінің қамтамасыз етілуіне маманданады. Қарыздар, негізінде салынатын мүліктің құнына қарай, қысқа мерзімге (3 айға дейін) оның 50-80%-ға дейін мөлшерінде беріледі. Қарыз берумен қатар кепілге клиенттердің бағалы заттарын сақтау бойынша операциялар да қолданылады. Кепілге салынған мүліктерді арнайы дүкендерде сату тәжірибесі де бар.

Ломбардтық кредит операцияларын ұйымдастырудың ерекшелігі оның кепілдік міндеттемесінің жоқтығы болып саналады. Кепілге қарыз алған кезде, клиент кепілдік билет немесе кепілдік фактіні және берген қарызды куәландыратын басқа құжат алады. Қағида бойынша берушінің тіркеу журналында тіркелген нөмірі, бұл жерде келісімнің негізгі жағдайы мен заем алушының реквизиті көрсетіледі. Келісім кредиттерінің көпшілік жағдайында жеңілдік мерзімі қарастырылады, оның мерзімі өткен соң кепілдегі мүліктердің сатылуы мүмкін.

Қазақстанда 2006 ж. басында 75 ломбард жұмыс істейді.

 

Пошта — жинақтау жүйесі. И.О. «АҚ Қазпошта»

 

Қазақстанның географиялық және демографиялық ерекшеліктері, елді мекендердің бір-бірінен алшақ қоныстануы, сонымен қатар ауыл тұрғындарының төлем қабілеттілігінің төмендігі, банк құрылымдарының ауыл адамдарына қызмет көрсетуіне кері әсерін тигізеді. Банкілердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелері негізінен шоғырланған аудан орталықтарында, ал онда ауыл тұрғындарының 5%-ы ғана тұрады. Міне осының нәтижесінде еліміз бойынша елді мекендерде тұратын ауыл тұрғындарының 40%-дан астамы қаржылық қызметті белгілі толық дәрежеде пайдалана алмай отыр.

Байланыс мекемелері мен өндірістік-қаржылық кешеннің белгілерін өзіне үйлестіре алған пошта — жинақтау жүйесінің дамуы, өзінің қызметін пошта байланыс бөлімшелері арқылы Қазақстанның барлық аумағына көрсете алады. Ол заңды және жеке тұлғаларға қаржылық қызмет және агенттік, пошталық кешенге бағытталған, атқарымдығы көп қаржылық супермаркет болып саналады. Бұған Қазақстан аумағындағы қаржылық және әлеуметтік институттары арасындағы ең үлкен аймақтың бөлімдерінің жүйелері мүмкіндік туғызып отыр.

Пошта адамзат қоғамына барынша қажетті институттардың бірі болып саналады. Тұрмыс тіршілігінен тәуелсіз, пошта байланысы адамдар арасындағы өзара қатынастың қол жететін, өте жеңіл тәсілдердің бірі болып саналады. Сонымен қатар ол бүгін банк жүйесі қызметін атқарып отырған мекеме болып отыр.

Отандық экономиканың дербес сегменті ретінде, Қазақстан пошта саласы оның электрлік байланыс пен поштаға бөлінуінен кейін «байланыс» саласынан 1996 ж. сәуірінде бөлініп шығарылды. 1996 ж. қарашасында мемлекеттік пошта өз бетінше шаруашылық жүргізуші мәртебесін алды да Республикалық мемлекеттік пошта байланысының кәсіпорны болып қайтадан құрылды. Сонан соң, 1999 ж. желтоқсандағы Үкіметтің қаулысымен 100% мемлекеттің қатысуымен, «Қазпошта» ашық акционерлік коғамы болып қайта құрылды.

Қазпошта дәстүрлі пошталық қызмет көрсетумен ғана шұғылданбай, сонымен қатар халықаралық және ұлттық жедел пошта, директ — маркетинг, аралас пошта, депозиттер қабылдау, кассалық — есеп айырысу қызметін атқарады. Сондай-ақ, инкассациялық және ақшамен бағалы заттарды тасымалдаумен, құнды Қағаздар нарығында брокерлік қызмет көрсетумен, электронды ақша аударымымен, сақтандыру компаниялары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін оларды тартумен және шарт жасауға агенттік қызмет көрсетумен айналысады.

Еліміздің барлық аймақтарындағы компаниялар белсенділігінің өсуі, қаржылық инфрақұрылымы жоқ елді мекендер аумағына кешенді түрде бағытталған «Қазпошта» АҚ әлеуметтік миссиясын жүзеге асыруға атсалысады.

Ұлттық Kaz Card төлем карточкасы ел ішіндегі қолма-қол ақшасыз төлемнің халық арасында іске асуына бағытталып отыр. Сонымен қатар карточканың бұл түрі бөлшек саудадағы ұсақ төлемдер нарығын қамтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде «Қазпошта» АҚ 3439 пошта офисі бар, онда жұмыс істейтіндердің саны 17,8 мың адам, тұрақты пошта бөлімшелеріндегі халықты қамту саны 11,5 млн. адамды құрайды. 192 млн шамасында (бірлік) пошталық қызмет көрсетілсе, қаржылық қызмет көрсетудің көлемі 16,9 млрд теңгеге жетті.

«Қазпошта» АҚ пошта жүйелерін ақпараттандыру мен компьютерлендірудің инвестициялық бағдарламасын іске асырып отыр. Атап айтқанда, дәстүрлі пошта құралдарын жаңартып, осы заманғы пошта мен банктік технологияларды ендіруде және инкассация қызметі мен пошта қауіпсіздігін дамыту үстінде.

Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатындағы негізгі міндеттердің бірі — 2004-2010 жж. аралығында ауыл тұрғындары үшін пошта — жинақтау жүйесінің базалық қызмет көрсетуінің қол жеткізімдігін қамтамасыз ету болып табылады. 2004—2010 жж. пошта салысын дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде жинақ — ақша пошта жүйесін қалыптастыру жөнінен жағдайлар жасалады. Әсіресе, шалғай жерлердегі ауыл тұрғындарын қол жететін, маңызды пошта байланысы мен сапалы жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі.

Келешекте ақпараттық технологияның жаңа есігі ашылып, поштаның қызмет саласы ұлғая түседі. Қазпошта 2006 ж. аудан орталықтарында ұжымдық қол жетерлік жүйенің 200 Интернет желісін ашады. Бұл көрсеткіш 2006 ж. — 500-ге, 2007 ж. — 1000-ға дейін жетпекші. Қызмет көрсетудің бұл түрі қалаға қарағанда арзан болады және ауыл тұрғындарының Интернетті игеруі бойынша қалалық деңгейге жетуге мүмкіндік жасайды.

Қаржылық институт ретінде пошта ісі белсенді түрде дамитын болады. Сонымен қатар, пошта бөлімшесінің базасында шағын кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесе отырып, шағын кредиттер бойынша жоба іске асырылып отыр. Пошта байланысының бөлімшелері банкоматтар жүйесін және бірыңғай Ұлттық «Kaz Card» төлем карточкаларын пайдалану постерминалын ашуға мүмкіндік жасайды.

АҚ «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкісімен» тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын қабылдау бойынша және комиссиялық банкке алымдардың тұрғын үй қарыздары қорланған ақшаларын беру, тұрғын үй қарызын өтеу шотына өтемдерді қабылдау мен құжаттарды жөнелтіп отыруға шарт жасасты.

«Қазпоштаның» Германияда, Қытайда, Өзбекстан мен Қырғызстанда өкілдіктері ашылып халықаралық байланыстары даму үстінде.