Литосфераның ауыл шаруашылығымен ластануы слайд,презентация
Литосфераның ауыл шаруашылығымен ластануы
Механикалық ластаушылар – шаң, қоқыс. Олар органикалық отынды жаққанда және құрылыс материалдарын дайындау процестері кезінде пайда болады.
Химиялық ластаушылар – экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады.
Физикалық ластаушылар – бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері. Мысалы, жылу (атмосфераға қызған газдардың бөлінуі); жарық (жасанды жарықтың әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы); шуыл (шуылдың мүмкін деңгейінен артуы); озон бұзғыш (фреондардың атмосфераға бөлінуі).
Биологиялық ластаушылар – экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері. Микроорганизмдермен ластануды бактериологиялық ластану деп атайды
Топырақтың химиялық құрамына тыңайтқыштар мен зиянкестерге, арам шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырақтың құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:
пестицидтер;
минералдық тыңайтқыштар;
өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;
атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;
Мұнай және Мұнай өнімдері.
Минералды тыңайтқыштар – құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар. Минералды тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығы мен ауыл шауашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін қолданылады. Қазақстанда Қаратау мен Ақтөбе өңірінде Минералды тыңайтқыштар өндіруге қажет шикізат – фосфор кендерінің мол қоры бар. Ақтөбеде Кола түбегінен әкелінетін апатиттен жай суперфосфат, Тараз қаласында Қаратау фосфоритінен суперфосфат, қос суперфосфат аммофос, диаммофос сияқты жай және кешенді тыңайтқыштар өндіріледі.