Lesson study презентация

0
1 бет

Lesson study
Коучингтің тақырыбы:

2 бет

Коучингтің мақсаты:
Оқыту мен оқуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсынып,оны қалай жүргізуге болатынын көрсету.

3 бет

Түйінді идея:
Lesson Study-сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған.-Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды.- Lesson Study тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы.

4 бет

Күтілетін нәтиже:
Мұғалімдер оқыту мен оқуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Study әдісін қалай қолдануға болатынын; Мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын және Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын;Мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алатынын; Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алатынын түсінеді.

5 бет

Тақырыпты ашу
1.Жаңа тақырыпты түсіндірген кезіңізде барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба? 2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны бақылай алуға мүмкіндігіңіз бола ма? 3. Мұғалімнің сабақ барысында  барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндігі бар ма? 4. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты өткізуде басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасап жүрсіз бе?

6 бет

Идеялар корзинасы
Lesson Study туралы не білесіз?Lesson Study туралы не білгіңіз келеді? Шарты: Барлық пікір құнды.Ешқандай пікірге қарсы пікір айтылмайды.Бірақ бір айтылған пікір қайталанбау керек

7 бет

Lesson Study
Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл тәсіл 1870-ші жылдары Жапонияда тәжірбиені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Lesson study тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады.

8 бет

LESSON STUDY
Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш және орта мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру,сондай-ақ тұжырымды педагогикалық тәсілдерді жасау мақсатында Жапониямен қатар Сингапур, Гонконг,Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция және Канадада ойдағыдай қолданылады.

9 бет

Lesson study
Lesson study дегеніміз-мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.Lesson study үдерісінің мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.( Dudley.P 2011a) Lesson study тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы.Бұл тәсілдің демократиялық ерекшелігі –мұғалім зерттеу барысында жинақталған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөлісетіндігінде.

10 бет

Lesson study
Lesson study «сабақты зерделеу» үдерісі. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді.Мұғалімдер өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.

11 бет

Lesson Study тәсілін іске асыру барысы
Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері – қадағалайды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерін жүйеледі және талдайды, содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып, жұмысты бірлесе қайта жоспарлайды.

12 бет

Lesson Study үдерісінің қадамдары:
Lesson Study тобы өзара келісе отырып, оның жұмысының нәтижелігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайды, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болады. Топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, ол әдетте сұрақ түрінде келіп, нені, кімді оқытуды анықтайды, мәселен, «Өздерін оқуын жақсарту үшін Х-ті Ү-тің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз?» деген сияқты. Топ мүшелері түйінді идеяларды зерттеуге қатысты жауап іздеу үшін әдебиеттерді зерделеп, жоспарлау кезінде оларды қолдану нәтижелерін қорытады. Топ қандай сынып және қандай үш «бақылаудағы оқушы» назарға алынатынын, сондай-ақ қандай сыныптар оқу үлгерімі жоғары, орта және төмен сыныптар болып саналатынын шешеді. Топ зерттеу сабағын жоспарлайды, жоспарда «бақылаудағы оқушылардың» сабақта өтілетін материалды игеруіне ерекше мән беріледі. Бір мұғалім зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушымен сұхбат жүргізеді.  

13 бет

Талқылау белгіленген құрылым бойынша жүреді:
Жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдарды салыстыра отырып, «бақылаудағы оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін белгілеу;Сыныптың тұтастай оқытылуы;Зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі;Белгіленген және зерделенген негізге сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын белгілеу;Топпен бірлесіп келесі Lesson Study-ді жоспарлау.Lesson Study топтамасынан кейін (ереже бойынша үш немесе одан көп сабақ) топ оқыту тәсілі мен оқу бағдарламарына енгізілетін және көпшілікке таратылатын озгерістерді келіседі.

14 бет

Мақсат қоюдың SMART талаптары
Specific (конкретная)-Мақсат нақты болуы тиіс.Оған қол жеткізу үдерісіне жұмылдырылған қатысушылар оның неден құралатынын түсінуі керек. Measurable(измеримая) Мақсат өлшенетін болуы тиіс.Оған қол жеткізу үдерісіне жұмылдырылған қатысушылар олармен мақсатқа қол жеткізеді ме, әлде жоқ па , соны түсінуі тиіс. Achievable(достижимая)-Мақсат қолжетімді болуы тиіс.Оған қол жеткізу үдерісіне жұмылдырылған қатысушылар тиісті ресурстарға ие болуы тиіс Result-oriented(ориентирована на результат)Мақсат шынайы,нақты нәтижеге бағытталған болуы тиіс. Time bound(определена во времени) –Мақсат уақытпен айқындалған.Әр мақсат үшін оған қол жеткізудің уақыт тарапынан шектеулері белгіленуі тиіс.

15 бет

Тапсырма
Шымкент тобы: Lesson Study тобының отырысы. Lesson Study жүргізілуіне SMART мақсат қою. Шырайлы тобы: Бірінші Lesson Study үдерісін жоспарлау,сабақ өтетін мұғалімді белгілеу және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау Қала тобы: Lesson Study үдерісінен  кейінгі « оқушы үнін» алу,бақылау және бағалау парақшаларын дайындау. Мегаполис тобы: Lesson Study үдерісінен  кейінгі талқылау.Үш топтың жұмысын қорытындылау,баға беру.

16 бет

Шындық немесе жалған әдісі. (True or False)

-Мұғалімдер оқыту мен оқуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Study әдісін қолдануға болады; -Мектепте Lesson Studyді жүргізу кезінде әріптестер бір-біріне қолдау көрсетпейеді;- Lesson Studyді жүргізу барысында әріптестермен ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды;- Lesson Study барысында мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндігі болмайды; -Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіре алмайды;.-Lesson Study барысында жаңа әдіс-тәсілдерін сапасын арттыруға мүмкіндік алады;