Лепті белгісі — Қазақ тілі
Лепті белгісі (!) — жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Әдетте лепті сөйлемнің соңында қойылады.
Қойылу жағдайлары
Леп белгісі мынадай орындарда қойылады:
Бұйрық, ұран, үндеу мәнді сөйлемдерден соң әр уақытта леп белгісі қойылады.
Сүйсінгендікті , таңғалғандықты, ренішті, ызаны білдіретін лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
Ерекше дауыспен айтылған одағай сөздерден немесе одағайлы сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
Математикада
Леп белгісімен математикада факториал операциясы[1] белгіленеді:
n!=1times2timesdotstimes n.
Қос леп белгілер қос факториалды білдіреді:
n!!=ntimes(n-2)times(n-4)dots;
көбейінді тақ сандар үшін 1-мен аяқталады, жұптар үшін 2-мен аяқталады.
Бар болу белгісі леп белгісімен бірге ( exist ! ) «бар және жалғыз» деген мәнді білдіреді.