Лексикалық мағына — Қазақ тілі

0

Лексикалық мағына орыс. лексическое значение — зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны. Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады. Лексикалық мағына сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сол себепті сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады. Семантикалық [1] тұрғыда лексикалық мағына екі аспектіде қарастырылады: сигнификативті және денотатты . Лексикалық мағына туралы ғылыми көзқарастар әртүрлі. Кейбір зерттеушілер лексикалық мағына тек атауыштық сөздерге тән, ол көмекші сөздерде, одағайларда, есімдіктерде лексикалық мағына жоқ деп есептейді. Алайда, кейінгі зерттеулер тілдегі барлық сөздердің де белгілі дәрежеде лексикалық мағынасы болатынын қолдайды. Мысалы, есімдіктер толық мағыналы атауыш есім сөздердің орнына жұмсалып, олардың мағынасын меңзеп білдіреді. Көмекші сөздердің лексикалық мағынасы дербес сөздерге тіркескенде байқалады.[2][3]
Лексикалық мағынаның бірнеше типі бар:
Шындық болмысқа қатысты атауыш (тура) мағына, ауыс мағына;
Сөздердің шығу тегіне байланысты түпкі мағына, туынды мағына;
Сөздердің тіркесімділігіне байланысты еркін мағына, шартты мағына, фразеологиялық байлаулы мағына;
Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты бейтарап мағына, бейнелі мағына, терминдік мағына, поэтикалық мағына.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!