Лейкоциттер слайд,презентация — Биология
Лейкоциттер слайд,презентация
Дәрістің жоспары:
Лейкоциттер, саны, түрлері.
Лейкограмма.
Лейкоциттердің қызметі.
Тромбоциттер, маңызы.
Гемостаз туралы түсінік.
Қанның ұюы туралы қазіргі түсінік.
Қанды ұйытушы факторлар.
Тамырлық-тромбоциттік гемостаз.
Коагуляциялық гемостаз.
Фибринолиз.
Ұюға қарсы жүйе.
Қан топтары
Қанның қызметінің бірі қорғаныс қызметі болып табылады. Оны лекоциттер атқарады. Қанның қорғаныс қызметіне қанның ұюы – гемостаз жатады. Лейкоциттер санының артуы лейкоцитоз, азаюы лейкоцитопения деп аталады.
Лейкоцитоз, лейкоцитопения
1. Фагоциттік.
2. Антитоксиндік қызмет. Эозинофилдер табиғаты белок токсиндерді, антиген-антидене кешенін залалсыздандырып, бұзады, гистаминді бұзатын гистаминаза жасап шығарады (аллергиялық реакциялар).
3. Биологиялық белсенді заттар түзеді. Базофилдер гистамин және гепарин жасап шығарады.
4. Лейкоциттер белок алмасу өнімдері мен қоректік заттарды адсорбциялап, тасымалдай алады.
5. Лимфоциттер иммундық жүйенің орталық звеносы болып табылады.
Т-лимфоциттер жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді. Олардың түрлері: Т-хелпер, Т-супрессор, Т-киллер, Т-амплифайер.
В-лимфоциттер гуморалдық иммунитет қалыптастырады, антиденелер түзеді ( және -глобулиндер).
6. Лейкоциттер қанның ұюына қатысады.
7. Моноциттер өлген жасушаларды фагоциттеп, ұлпа регенерациясына қатысады.
8. Нейтрофилдер интерферон жасап шығарады.