Квадраттық функция және оның графигі

0
Алгебра факултатив сабақ 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі
Сабақтың мақсаты: Квадраттық функцияның y= ax2+n y= a(x — m) 2 дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық фунцияның графиктерін салудағы оқушылардың білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін, коммуникативтік, ақпараттық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тиянақтылыққа баулып, өзінің және жолдастарының ісін қадағалап, бағалай білуге, жауапкершілікпен қарауға, жеке тұлғалық қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Психологиялық ахуал тудыру, мини — диалог, сұрақ — жауап, графикалық кестемен жұмыс, ізденіс, тест, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайд, плакаттар, таратпа материалдар, тестік тапсырмалар, кестелер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
— Сәлемдесу;
— Оқушыларды түгендеу;
Ұйымдастыру сәті
Бүгінгі сабақтың тәртібі:
Мұғалімді тыңдаймыз,
Бір — бірімізді сыйлаймыз,
Саспай, асықпай,
Әр сұраққа, қателеспей,
Шуылдамай, қол көтере отырып,
Жауап беруге тырысамыз — деп, мұғалім оқушылардың назарын сабаққа аударады және көңіл — күйлерін бір ортаға тоғыстырады.
Психологиялық ахуал тудыру: “Көңіл күйді анықтау”, “Бүгінгі сабаққа не тілейік?”
Білімді тиянақтау кезеңі (Теориялық материалды қайталап, пысықтау).

І. «Қызығушылықты ояту»
• Мен білемін
• квадраттық функцияның кему аралығын табуды
• квадраттық функцияның симметрия осін табуды
• графиктерді түрлендіруді
• функциялар графиктерінің қиылысу нүктелерін табуды
• график бойынша функцияның қасиеттерін
• квадраттық функцияның тармақтарының бағытын анықтауды
енді теориялық материалды қайталау
1Квадраттық функцияның графигі қандай қисық?
Квадраттық функцияның графигі — парабола
2. а>0 болғанда, парабола тармақтары қалай бағытталады?
а>0 болғанда, парабола тармақтары жоғары бағытталады
3. а0 болғанда, парабола абсцисса осімен екі нүктеде қиылысады
5. D=0 болғанда, параболаның абсцисса осімен орналасуы туралы не айтуға болады?
D=0 болғанда, парабола абсцисса осімен бір нүктеде қиылысады
6. D0 болғанда, функция графигі (-∞; х0) кемиді, (х0;∞) өседі
8. аа9. Парабола төбесінің абсциссасының формуласы?
Парабола төбесінің абсциссасының формуласы
Квадраттық функция және оның графигі жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/