Квадраттық функция, функциялары және олардың графиктері

0
246
Квадраттық функция. y= ax2+n, y= a(x – m) 2 функциялары және олардың графиктері
Сабақтың мақсаты: y= ax2+n y= a(x – m) 2 түрінде берілген квадраттық функциялармен таныстыру, графиктерін тұрғыза білу бейімділігін қалыптастыру, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйрету.
Міндеттері: 1) Квадраттық функция формулаларын меңгеру, түрлі жұмыстар арқылы оқушының білімін жетілдіру
2) оқушылардың білім дағдыларын жинақтау, шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;
3) жинақылыққа, пікір айта білуге, белсенді жұмыс жасауға жұмылдыру
Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылар
А. Квадраттық функция туралы біледі
Оқушылардың басым бөлігі
В. Квадраттық функцияларды айыра алады, графигін сала алады.
Кейбір оқушылар:
С. Квадраттық функцияға берілген есептерді шығара алады
Алдыңғы оқу: Квадрат үшмүше және оны көбейткіштерге жіктеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекіліктер мен құрал – жабдықтар: Оқулық, таратпа материалдар, тірек – сызбалар, интерактивті тақта, слайдтар
Әдіс – тәсілдер: Жеке, жұптық, топтық, диалог, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау
Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу;
ә) Түгендеу;
б) Жағымды психологиялық ахуал туғызу;
Үй тапсырмасын тексеру
№376, №377. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою, кесте толтыру

Білу y= ax2+n y= a(x – m) 2 түрінде берілген квадраттық функциялармен таныстыру, графиктерін тұрғыза білу бейімділігін қалыптастыру, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйрету.
Жаңа сабақтың мақсатын айқындайды. Квадраттық функция туралы өткендерді еске түсіріп, тапсырмаларды орындайды.
Жаңа сабақ
Оқушылар жаңа сабақпен танысады

Қолдану №248, №250, №255 есепте
Формуланы қолданып есептер шығарады, ізденеді, талдайды, түсінеді

Жинақтау тест тапсырмасы
1. Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады?
А) 2х+3
В) х3 – х – 7
С) х2 – 19х
Д) 3х2 – 9х – 1
2. х2 – 9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер:
А)(х – 1)(х – 8)
В) (х+1)(х – 9)
С) (х+1)(х+8)
Д) жіктеуге болмайды.

3. Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады?
А) у=5х2 – 6
Б) у=4х2
С) у=7х – 1
Д) у=- 3х2+х+7
4. Суретте y=x2 – 4 функцияның графигі қандай түске боялған?
А) көк
В) қызыл
С) жасыл
Д) күлгін
5. y=(x+5) 2функцияның графигін y=x2функцияның графигінен қалай алуға болады?
А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға
В) Ох осі бойымен5 бірлік солға С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен
Д) Оу осі бойымен 5 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.

“Тарихи мағлұматтар және әзіл – сұрақтар”
Функцияның ғылымға енуі және қазақша баламасы
Функция латынша – орындау, іске асыру деген мағынаны білдіреді. Функцияның ғылыми атауы 1692 жылы неміс математигі Готфрид Лейбництің (1646 – 1716) еңбектерінде аталған. 1718 жылы швейцар математигі Иоганн Бернулли (1667 – 1748) «Функция – айнымалылар мен тұрақтылардан құрылған шама»- деп тұжырымдаған.

Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, №247 жалпы орта мектеп
Абсадыкова Бакыткул Мауленовна
Квадраттық функция. y= ax2+n, y= a(x – m) 2 функциялары және олардың графиктері жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/