Күзгі ағаш балабақшадағы жобалар

0

Күзгі ағаш

 

VIII облыстық инновациялық педогогикалық идеялар фестиваліне

Жобаның тақырыбы: «Күзгі ағаш».

Жобаның авторы: Нугмансва Калампыр Кабдысаликовна.

Бағыты: «Әр түрлі сабақ, бірақ әрқайсысында шебердің өз қолы…». «Шығармашылық» білім саласы естиярлар тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

Лауазымы: Тәрбиеші

Жұмыс орны: МК МКҚК «Райхан» мектепке дейінгі балабақшасы

Мекен-жайы: 060200 Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті Тайсойған көшесі 3.

Жұмыс орнының телефоны: 8 712 34 2-02-70

Ұялы телефны:8 778 137 48 98

Электрондық почта: raihan66a@mail.ru    

Аңдау хат
  Тәрбиешінің «Шығармашылық» білім саласы бойынша  «Күзгі ағаш» тақырыбындағы сурет салудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларды инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, күзгі ағаштың бейнесін әдеттегідей акварель бояу немесе қарындашпен емес, пекин орамжапырағы арқылы, беттестіру әдісімен бейнелеу техникасы берілген. Ұйымдастырылған оқу әрекетінде сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары, ТРиЗ әдістері ұтымды қолданылған.

 

Аннотация
В организованной учебной деятельности рисования образовательной области «Творчество» на тему «Осеннее дерево» воспитатель используя нетрадиционные методы учит детей рисовать не обычной акварельной краской или карандашом, а пекинской капустой. В организованной учебной деятельности применены стратегические методы критического мышления и методы ТРиЗ.

Технологиялық карта
Тақырыбы: Күзгі ағаш
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу әрекеті: Сурет салу
Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту. Балаларды дәстүрден тыс әдістер арқылы жұмыс жасай отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.  Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: ақ қағаз, майлы  бояулар, тіс пастасы, пекиндік  орамжапырақтың жапырағы, тіс тазалағыш, дөңгелек мақта. 
Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, көрсету, үйрету, сын тұрғысынан ойлау әдістері: “галереяны шарлау”, “мен көргенді сен көресің бе”,ТРиЗ әдістері, тренинг 
Билингвальді компонент: пекиндік орамжапырақ —   пекинская капуста, 
тіс тазалағыш  —  зубная щетка.

Қызмет кезендері    
Педагогтің басқару 
іс-қимылдары    
Балалар қызметі

 1 кезең
уәждік-түрткі болу

     Кіріспе: 
    — Балалар, қазір жылдың қай  
       мезгілі?
    — Енді мен сендерге  «Күз   
                 келді» атты өлең оқып        
                 беремін:

  Сарғайды тоғай,
  Сап- сары маңай.
  Соңғы әнін айтып,
  Құс кетті қайтып.
  Жапырақ ұшты,
  Суықта түсті.
  Сонда да бізге,
  Қызық көп күзде. 
    
Күз мезгілі

2 кезең
проблемалық- ізденістік    Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:
“Мен көргенді сен көресің бе?”стратегиясы:
—    Күз мезгілінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын айталық.  

—    Біз бүгін пекиндік орамжапырақтан күз ағашын жасаймыз. 
—    Ол үшін ақ қағаз, пекин орамжапырақ, тіс пастасы, майлы бояу, қылқалам, стакандағы су керек.
—    Стакандағы суға тіс пастасын салып, түрлі – түсті майлы бояумен арластырып, пекиндік орамжапырақты бояймыз.
—    Ақ қағазға боялған  орамжапырақты беттестіреміз.
—    Жапырақтағы бейне ақ қағазға түскен соң, түрлі – түсті боялармен тіс тазалағышты пайдалана отырып ағаш бейнесін жасаймыз.
—    Ағаштың жоғарғы жағына  күн бейнесін дөңгелек мақтамен  жабыстырамыз да, мақтаны сары бояумен бояймыз.
Билингвальды компоненттерді қолдану:
—    Балалар, орыс тілінде пекиндік орамжапырақты – пекинская капуста деп, ал тіс тазалағышты – зубная щетка деп атаймыз.
Галереяны шарлау:
Балалар жұмысына талдау жасау.
Тренинг: “Табиғат құбылыстары” 
Қатты нөсер басылды 
                Күн жарқырай ашылды 
Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ   шашылды 

Жақсы жақтары — әдемі түрлі — түсті жапырақтар, жеміс – жидектер піседі, дәнді дақылдар піседі.
Жаман жақтары – жиі – жиі жаңбыр жауады, күн салқындайды, суық тиеді, теректер жапырақсыз қалады.
Балалар бейнелеу жұмысына дайындалады.

Түрлі – түсті бояуларменен тіс пастасын араластырып, орамжапырақты бояйды.

Орамжапырақты беттестіреді.

Тіс тазалағышпенен ағаш бейнесін жасайды.Дөңгелек мақтаны жабыстырып, сары бояуменен бояйды.

Балалар орыс тілінде қайталап, үйренеді.

Өз жұмыстарына риза болады, баға береді.

Жаймен    тырсылдатады.
Қолдарымен күн жасайды.
Жарты доға жасайды.
3 кезең
рефлексті-түзетімдеуші

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау
—    Балалар, бүгін біз оқу  іс – әрекетінде не істедік? 
—    Ағашты немен бейнеледік?
—    Күн бейнесін неден жасадық?    

Ағаш бейнеледік.

Пекин орамжапырағымен.
Дөңгелек мақтамен.

Күтілетін нәтиже:
Білу: Күз мезгілінің ерекшеліктерімен танысады. 
Меңгеруі: Жаңа әдіс — тәсілдерді пайдалана отырып, күзгі ағаш бейнесін бере білуге үйренеді.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!