Күш дегеніміз не?
Күш дегеніміз не? Күш сөзін біз күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Мысалы аттын күші көп, ат үлкен арбаны сүйрете алады. Әкемнің күші көп, ол мені жас кезімде жоғары лақтыратын.
Күш денелердің өзара әсерлесуін сипаттайтын шама. Күш бағыттан тәуелді. Күштін өлшем бірлігі ньютон.
1 ньютон дегеніміз тыныштықта жатқан 1 килограмм денеге 1 секунд ішінде 1 метр/секунд жылдамдық беретін күш.
Күш ұғымы физикада үлкен мәнге ие. Күштін бірлігі ағылшынның ұлы физигі әрі математигі Исаак Ньютонның құрметіне аталған.
Ньютонның екінші заңы
Тоғызыншы сыныпта күшті сипаттайтын Ньютонның екінші заңы оқылады.
Денеге әсер еткен F күші дененің m массасы мен осы күштін әсерінен пайда болған a үдеудің көбейтіндісіне тең:
F = m a
Пән: Физика