Курстық жұмыс: Жер құқығы | Жер кадастрын құқығы

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………………….4
1. Жер кадастрының мемлекеттік жүйесі
1.1. Жер кадастрын жүргізу туралы тарихи анықтама………………………….7
1.2. Мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мағынасы…………………..13
1.3. Қазіргі замандағы шетел кадастры……………………………………………..20
2. ТМД елдеріндегі жер кадастрын құқықтық реттеу
2.1. Ресей Федерациясының жер кадастрын нормативтік – құқықтық реттеу…………………………………………..34
2.2. Өзбекстан Республикасының жер кадастрын нормативтік – құқықтық реттеу………………………………………..44
2.3. Қазақстан Республикасының жер кадастрын нормативтік – құқықтық реттеу…………………………………………50
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрлық жүйесінде жерлердің бағалануы
3.1. Қазақстан Республикасының жер учаскелерін жеке меншікке беру кезіндегі базалық ставкалары………………………………….65
3.2. Сапалы баға (жер қыртысының банитет балы)…………………………….70
4. Жер учаскесінің бал банитетін бағалау……………………………………..71
Қорытынды ………………………………………………………………………………………73
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………………….75

Кіріспе
Әр мемлекеттің тағдырында негізгі рольды жер ойнайды, ол өзінің пайда болу және қызмет көрсету мүмкіндігін анықтайтын фактор болып табылады.
Эффектілікте көтеру және мемлекеттік басқару сапасы, т.с.с. ұлттық ресурстар біріккен ақпараттық жүйемен бірге ортамемлекеттік басқару жүйесін құру, «Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақмерзімді приоритеті болып табылады.
«Қазақстандықтардың көңілін алатын сұрақ-жер туралы сұрақ. Онымен елдің салт-дәстүрлері және адам тағдырлары байланысқан, олардың келешек ұрпақ алдында жауапкершілігі»,- ҚР-ның Президентінің Н.А.Назарбаев өз үндеуінде ерекшелеп айтты.
ҚР-сы дүние жүзіндегі жермен қамтамасыздандырылған елдердің бірі болып табылады. Біздің ел дүние жүзінде тоғызыншы орында, ал бұрынғы одақтан Ресей Федерациясына ғана жол береді. Республиканың жер қоры 271287мың га-ды құрайды. Ауыл шаруашылығына арналған жердің ауданы 201099,5мың га, бұл барлық жер қорының 74 пайызын құрайды.
Елде өткізіліп жатқан реформалар нәтижесінде қоғамдық-экономикалық формацияның ауысу процесі, жаңа жер сабы және оған қатысты жер қатынастарының құрылуы жүріп жатыр. Цивилизациялы жер қатынастарын құру және жылжымайтын мүлікті басқару жүйелері-нарықтық экономиканың негізгі құралы, бүкіл дамыған елдердің кілттік мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені жүзеге асыру негізі, мемлекеттік жер кадастрын құру жеке жүргізу, оның жердік-ақпараттық жүйелерін автоматизациялау болып табылады.
Формациялардың ауысуы жер кадастрының мақсатты бағытталуының объективті қажеттілігінің өзгеруін шарттайды. Бұл жер өз қызметтерін сақтай отырып, негізгі құрал ретінде кеңістіктік базистің өндірісі және негізгі табиғи ресурс, жылжымайтын мүлікке айналады. Осыған байланысты әр жер участогы заң түрінде жылжымалы мүлік статусын алып және заңды, жеке тұлғалардың мүлігінің құрамына енуі тиіс. Осымен қатар, жерді қолдану жолдары өзгереді-ақылы жерді қолдану енгізіледі, бұл жерде өту механизмінің жерді кадастрлы бағалау негізінде өңдеу қажеттілігі туады. Жер ресурстарын рационалды және эффектілі қолдану-мемлекеттік маңыздылығы бар мәселе. Бұл сұрақтың шешімі 2003жылы 1-шілдеден бастап Қазақстан Республикасының 149 бабымен қарастырылған, яғни жер кадастрын, оның толық көлемімен жүргізу қажеттілігін тудырады. «Мемлекеттік жер кадастры ҚР-ның жерінің табиғи және шаруашылық жағдайлары туралы мәліметтер жүйесін көрсетеді, орналасқан жері, мақсатты қолданылуы, көлемі және жер учаскелерінің шекаралары, олардың сапалы мінездемесі, жерді қолдану және жер учаскелерінің бағалануы туралы есеп». Жер кадастры Қазақстан Республикасының 2003ж. қарастырылған «Мемлекеттік жер кадастрының жүргізу туралы тәртібін» Министрлер Кабинетінің қаулысы енгізілді.
Бұл жұмыста жер кадастрын нормативті-құқықтық негізін реттеуі қарастырылды, елде жүргізіліп жатқан жер реформаларының бөлінбес құрастырушысы ретінде.
Мемлекеттік жер кадастрының өзіндік ерекшелігі және жерге орналастырушылық құқықтық реттеу заты сияқты жер ресурстарын басқаруда тәуелсіз құқықтық институттың пайда болуын және дамуын шарттайды.
Жер реформаларының басталуымен нарықтық өзгеріс рамкаларында жерге орналасу және мемлекеттік жер кадастрының принципті жаңа көптеген қатынастарында құрылу үшін экономикалық, ұйымдық-нормативтік шарттар пайда болды, олар қазіргі нарық қатынастарының дамуына нақты әсер ете алады.
Қазіргі заманғы жер кадастрының және жер орналасушылықтың мазмұнын түсіну үшін және олардың регулиотивті мүмкіншіліктері жер қатынастарын тәртіпке келтіру бойынша бірінші деңгейлі талап, дүние жүзінің тәжірибесі және қазіргі заманғы кадастр жүйелерінің анализдарын оқып үйрену болып табылады. Мұндай әдістеме жоспарын, приоритеттерін оқып үйренуге және негізгі мақсаттарымен міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жаңа заңнама бойынша жер учаскесі және оған құқық негізгі объекттер болып табылады, соған байланысты көптеген түрлі жер қатынастары пайда болады. Сондықтан нақты бекіту және мүлік иелері, жерді қолданушылардың құқықтарын қорғау туралы сұрақты зерттеу маңызды тәжірибелі мағынаға ие.
Бұл жұмыста қазіргі заманғы жер кадастрының мақсатты принциптерінің жүйелері жете баяндалған, оның маңыздылығын ашу әрекеттері жүзеге асырылған, жоспары және ерекшеліктері, қазіргі заманғы кадастрлық жүйелерін талдау, мемлекеттік жер кадастры және жер орналасушылығының негізгі кезеңдері және тенденциялары көрсетілген.
1.Жер кадастрының пайда болуы және дамуы туралы қысқаша анықтама.
1.1.Жер кадастрын жүргізу туралы тарихи анықтама.
«Кадастр» сөзі латынның «caput» сөзінен шыққан, иемдену заты деген мағына береді, тағы сол сияқты «capitalistrum» сөзі иемдену заттарының тізімі деген мағына береді. Бас кезінде кадастр кітап ретінде болды, оның ішінде (ауданы көрсетілген), салық салынатын жерлер тізімі, жер қыртысының сапасы және жер салығының көлемі көрсетілген. Тарихтың, поэзияның, философияның ежелгі ескерткіштері таксация (латын сөзі taxatio), жанрдың бағалануы б.э.д. көптеген жылдар бұрын болған мәліметтерді сақтады. Қытайда да б.э.д. үш мың жылдықта жер қыртысы тоғыз классқа бөлінген екен.
Жер кадастры туралы жете мәліметтерді Ежелгі Мысыр, Греция және Римнің көптеген ескерткіштерінен табылды. Мысырлық папирустар б.з.д. Мысырда сапасына тәуелді көптеген жер категорияларының бар болғанын күәландырады. Бірінші мысырлық фараондар кезеңдерінде (төрт мың жыл бұрын) салық салынатын жерлерге, бағалау тізімдері мұқият жүргізілді. Нилдің өзіндік жерлері табыстың бесінші бөлігін алу мақсатында және жер иелігіне құқықты орнатуда, сапалы және сандық қатынастарында есепке алынды. Мұндай есеп-бағалауды жылына екі рет фараонның арнайы таксаторлар-чиновниктер жүргізді.
Гомера поэма эпохасында (12-8ғ б.з.д.) гректер жер қыртысы және жер ұғымдарын айыра ұғынды, олар жерді космостың элементі, ал жер қыртысын өңделген жердің қасиеті деп қарастырды. Жер сапасын салыстыра бағалау қажеттілігі Ксенофонт шығармаларында және Аристотельдің оқушысы Теофрасттың шығармаларында көрсетілген. Ксенофонт (б.з.д. 430-355ж) «экономика» шығармасында, шаруашылықты дұрыс жүргізу үшін білу қажет, берілген жерде қандай дақылдарды егу керек, ал бұл үшін жер қыртысының сапасын анықтау керек, яғни басқа учаскелердің егісімен танысу керектігін атап көрсетпек. Теофраст (б.з.д. 372-287ж.) жер қыртысының қасиетін есептеу қажеттілігін сыза көрсетуде, әр түрлі жер қыртыстарына және жердің су өткізгіштілігі, химиялық құрамы, жылуға қатынасы, құнарлы қабаттарының тереңдігі, оның құрылымына жете тоқталады.
Ежелгі Римнің жер кадастры жер меншігінің суреттеуін көрсетеді. Арнайы реестрлерге жер учаскелерінің ауданы, оларды өңдеу әдістері, сапасы және жерлердің табыстылығы туралы мағлұматтар енгізілген. Қола кестелерге жерлердің жоспарлары, олардың атаулары, шекаралары және жер иеліктерінің аудандары жазылып отырған. Соның ішіне жерлердің сапасы және шаруашылық туралы мағлұматтар енгізілген. Рим кадастрының принциптері империяның аудандарында және колонияларында кең тарады, тағы сол сияқты басқа мемлекеттерде қолданды.
Ортағасырлық кезеңдерде жер кадастрының дамуы туралы византиялық ауыл шаруашылық энциклопедия-Геопоники куәландырады. Онда жердің сапасын жер қыртысының сыртқы түрінен және өсімдіктері, жер қыртысының дәмі және иісінен анықтауға мүмкін болатыны көрсетілген. Көп көңіл өңір рельефіне, бөктер экспозицияларына, т.с.с. жер қыртысының қасиеттеріне, яғни тығыздылығына, құрамына, түсіне аударылды. Жер қыртысының қасиеттеріне байланысты, оның сапасы және орналасу жағдайы және жер қыртысын өңдеу, дақылдар жинағы, әр түрлі қыртысқа жарамдылығы бойынша ұсыныстар жүргізілді.
Батыс Еуропасындағы ортағасырлық кадастрларға франктардың королі Ұлы Карлдың (742-814ж) жер кадастры Вильгельм Завоеватель (1066-1087ж) кезіндегі ағылшын «Книгу страшного суда», ол кітапта жерлердің саны және сапасы туралы жете мәліметтер келтірілген. Мұнда даттық хат алысу Вольдемар2 (1231ж) кезінде, Фридрихтің2 (1194-1250ж) сицилиялық кадастры, ағылшындық хат алысу Эдуард1 (1239-1307ж) кезінде, Каламбрии (1327ж) кадастры, Дофинел (1369ж) аудандарының кадастры, Бранденбургтың (1375ж) курорюшерлік жерлері бойынша кітабы.
Жер кадастры ары қарай даму және қалыптаса алады, феодалдық өндіріс әдістері, онда феодалдардың жерге жеке меншіктілігін нығайту шарттарындағы арнайы шара ретінде жүргізіледі. Феодализм кезінде жер иеленушілерге және жерлерге салық салу тең емес қатынаста жүргізілді.
18-19ғасырларда мемлекеттік шығындар және оларға байланысты салық салу жүйесі бөлек батыс еуропалық мемлекеттердің өкіметтерін түбірлі қаржы реформалары және жерлер бойынша кадастр өндіруге мәжбүрледі.
Оның ішінде Миландық, Тиролдық және Парцеллярлық маңызды болды. Миландық кадастр, Италияның солтүстік бөлігінде австриялық өкіметпен жүргізілді, ол жер учаскесінің табыстылығын анықтайтын кадастрлардың бірі болды. Ол үш бөлімнен тұрды – жерлерді өлшеу, олардың классификациясы, таза табыс көлемін анықтау. Жерлер тура өлшеніп құнарлығы бойынша төрт классқа бөлінді: жақсы, орташа, жаман, құнарсыз. Әр классқа орташа таза табыс орнатылды, ол алынатын салық көлемі және оның капиталды өзіндік құнының негізгі көрсеткіші болып табылды.
Тиролдық кадастр (1771ж) баға бойынша кадастр. Онда жер иелерінің айтуы бойынша учаскелер көлемі орнатылады. Жер учаскесінің табыс көлемі орташа нарықтық баға негіздерінде қойылды. Бірақ баға бойынша кадастр әр уақытта нақты нәтиже бере алмады, өйткені нарықтық бағалар және учаскелер табыстылығы сәйкес келмеді және сондықтан ол толығымен провизорлық (азықтық) мінез алды.
Франциядағы жер туралы парцеллярлық кадастр тура мәлімет берді.Таза табыс берілген учаскеде 15жыл ішінде ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігі негізінде анықталды. Есептеулердің ең өнімді және өнімді емес жылдық алынып тасталынып отырды.
Ресей жер кадастры, батысеуропалық мемлекеттердің кадастры сияқты, ұзақ даму тарихына ие. Ресейдегі бірінші жерлерді тіркеу 9ғасырда пайда болды. Олар көбінесе монастырь және шіркеу жерлеріне қатысты болды және дін басыларын жылжымайтын мүлікпен, соның ішінде жерлермен қамтамасыз етудің негізі болды.
Біздің заманымызға жеткен көне кадастрлық құжат татарлық иго кезеңіндегі жерлерді сипаттау болып табылады. Бірінші Киевтік жерлердің татарлық санағы 1245ж. өткізілді. Монғол басқыншылары кезеңінде татарлық санақтармен қатар, жерлерге сипаттаманы орыс князьдары да жүргізді. Татарлардың алымының көлемін анықтау үшін, әр князьдің князьдығында арнайы жазу кітабы жүргізілген.
1718ж. Петр1 жан басына шаққан алым жүргізді. Жерлердің сапалы есебі және олардың бағалануы салық салыну негізі ретінде өзінің мағынасын жоғалтып және ұзақ жылдарға жоғалып кетті. 1861ж. реформадан кейін крепостнойлар құқығын және шаруалар жанының төлемін жерге аударуды алып тастағаннан кейін, жер бағалау жұмыстарында есептеу қажеттілігі туды. Соңынан 1917жылға дейін жүргізілген жер кадастр пайда болды.
Қазақстанның жер орнату қызметінің орнау және даму тарихи процессы ұзақ және күрделі болды.
Қазақстанда революцияға дейін жер қатынастары Ресей империясының заңдылықтарымен реттеліп отырды.
1917жылдан кейін жер орнату органдары жер қатынастарын реттеуді, сол заманға сай жер ресурстарын қорғауды жүзеге асырды.Бірінші кезеңде (1917-1980ж) жерлердің өзгеруінің заңдық негіздері ғана өңделді.
1917жылы 26 октябрьде қабылданған « Жер туралы » Декрет бойынша жерлерді есепке алу аса маңызды шара ретінде қаралмады және помещик жерлерін конфискациялау және фактілік алу актілеріне қосылып отырды.
Бірінші рет, жер кадастры туралы СНК РФССР-мен қабылданған Лениннің қолы қойылған 25 июль 1918ж., Орталық статистикалық басқару жол-жобасына жазылған. Жерді қолдануға құқұқты жерді бөлушілік жазулары бар құжат. Ол губерниялық жер бөлімшелермен бекітілді. Жерді қолданушылық жоспарларда және жерді бөлушілік жазуларда жүргізіліп жатқан жазулар туралы белгілер қойылып отырған. Негізгі тіркеуші бірлік болып бөлек жер учаскесі саналды, оның астарында жердің ауданы, бірнеше ………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!