Курстық жұмыс: Зейнетақы жүйесі | ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕЙНЕТ АҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ
Мазмұны
КІРІСПЕ
I-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТ АҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Рыноктық экономика жағдайында зейнетақымен қамтамасыз ету
1.2 Зейнетақы жүйесін реформалаудың әлеуметтік экономикалық алғышарттары
1.3 Жинақтаушы зейнет ақы жүйесінің дамуының шетел тәжірибесі
II-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕЙНЕТ АҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстанда зейнет ақы қорларының құрылуы мен экономикада пайдаланылуы
2.2 Зейнетақы қорларының қаржы нарығындағы ролі мен олардың тиімділігін бағалау
ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында зейнетақы қамтамасыз ету жүйесінің реформасы салыстырмалы аз уақыт ішінде басталып өз дамуын алды – жаңа зейнетақы жүйесіне әлі төрт жыл да болған жоқ. Жаңа зейнетақымен қамтамамсыз етудің жүйесі бір орында тұрып жатқан жоқ – ол үздіксіз даму процесінің үстінде екенін атап айтқан жөн. ¦сынылған еңбекте жинақтаушы зейнет ақы қорының не екенін біліп, оны жан-жақтан зертей аламыз.
Осындай көлемдегі зейнетақы реформасы ТМД елдер кеңістігінде Қазақстан Республикасында бірінші жүргізілді. Қазіргі кезде де ТМД мен Балтық елдерінің мемлекеттерінің бірде-біреуінде зейнетақымен қамтамасыз етудің осындай реформасы әлі іске асқан жоқ. Осымен қатар, зейнетақы реформасы өз уақытында жүзеге асырылды деп күмән келтірмей айтуға болады. Ал қиындықсыз еш нәрсе болмайды.
Осы дипломдық жұмыстың тақырыбы зерттеушіні өзінің жаңалығы мен жылдамдығымен және зерттеу ойының кеңістігінің үлкендігімен қызықтырады, ол терең ойлануға, соның ішінде, өз кәрілігіңді зейнет ақымен қамтамасыз ету жөнінде талғануға мүмкіндік береді.
Соныме қатар, осы дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тек қызықтығымен шектелмейді, олар тағы қазіргі таңда өте актуалды. ¦сынылған еңбектің тақырыбының үлкен актуалдығы бірінші кезекте зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесінің зор әлеуметтік маңыздылығымен көрінеді.
Зейнет ақымен қамтамасыз етудің деңгейі мен саласы республика халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамдас бөлігі.
Ауқатты кәрілікті материалды жағынан қамтамасыз ету проблемасы әлемнің барлық елдеріне актуалды, бұның ішіне экономикалық жағынан жағдайы жақсы елдер де кіреді. Бұл халықтың жалпы санының ішінде қарт азаматтардың үлес салмағының табиғи өсуімен байланысты, ал бұл мемлекет пен азамат, жұмыс беруші мен жұмысшы, ата-ана мен баланың және т.б. әлеуметтік пен экономикалық қарым-қатынастарының эволюциясының нәтижесінде болған нәрсе.
¦сынылған дипломдық жұмыс алдымен оқырманды Қазақстан Республикасында зейнет ақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздерімен, ал екінші бөлімде Қазақстан экономикасында зейнет ақы қорларының даму жағдайымен таныстырады.
Жоғарыда көрсетілгеннен осы дипломдық жұмыстың мақсаты шығады. Ол – теориялық асепектіде және Қазақстан мысалында зейнет ақы қорларын зерттеп оқу.
Қойылған мақсаттан келесі жұмыс мәселелері туындайды:
1) Зейнет ақы активтерін басқарудың мәні мен функциясын танып білу
2) Зейнет ақы активтерін басқару механизмін сипаттау
3) Қазақстан Республикасында зейнет ақы салымдарының қалыптасу процессі мен даму мәселелерін қарастыру.
4) Қаржы нарығында зейнет ақы активтерінің рөлін анықтау және олардың тиімділігін бағалау.
5) Қазақстан Республикасында зейнет ақы активтерінің даму бағыттарын айқындау.
Берілген жұмысты жазуда методологиялық база болды:
1) Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілер,
2) мемлекеттік емес зейнетақы-жинақтаушы қорларымен ұсынылған мәләметтер,
3) Е.М. Четыркин, Е.Р. Елемесұлы сияқты экономисттерінің экономикалық сипаттағы әдебиеттер,
4) бұқара ақпарат құралдарынан жиналған мәлімметтер.
I-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТ АҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Рыноктық экономика жағдайында зейнетақымен қамтамасыз ету
Қазақстанда, КСРО-ның барлық елдерінде сияқты, әр қашан ынтымақтастық зейнет ақы қоры болған. Кәсіпорынның еңбек ақы төлеу қорынан 25%-ды жалпыға бірдей зейнет ақы қорына аударылады, ал ол жерде зейнет ақы жинақтарының белгілі бір массасы жиналады да, сол мезетте ағымды зейнет ақыны төлеуге жұмсалатын. Бұл зейнет ақы жүйесінің мәні осында еді: бүгінгі таңдағы жұмыс істейтін адамдар өз аударымдарымен қазіргі таңдағы зейнеткерлерді қамтамасыз ететін.
Халықтың жұмыс істейтін бөлігі, өз алдына, олардың да зейнет ақы алу уақытысы келеді және ол солардан кейін жұмыс істейтіндердің зейнет ақы алу уақытысы келеді және ол солардан кейін жұмыс істейтіндердің зейнет ақы аударымдары есебінен қамтамасыз етілетінін білетін. Жинақтардың ынтымақтастығы осында жатыр.
Бірақ, жұмыс істейтіндердің жалпы көлемі зейнеттегі адамдардың санынан бірнеше есе көп болған жағдайда ғана ынтымақтастық жүйесі тиімді болады. КСРО да осылай болды, сондықтан зеейнет ақы қоры бос ақша-қаражаттарды мемлекеттің милитаризациясына инвестиция ретінде құя алды.
Бірақ, КСРО құлауымен, экономикалық климаттың нашарлауынан, нарық қатынастарына көшуіден жағдай шиеленісіп, жылдан жылға нашарлай бастады. Бүгінгі таңда, мысалға, бір зейнеткерге 7 жұмыс істейтіндер келеді, және кәсіпорын іс-әрекетінің өтімуілігі мен рентабельдігімен байланысты туатын қиыншылықтар әсерінен олар зейнет ақы қорына еш бір аударым жасамайды. Бұндай жағдайда зейнет ақы қоры іс жүзінде банкрот болды. Оның зейнеткерлер алдындағы міндеттемелері түсімдер соммасынан көп болды да содан төлемдер бойынша қарыздар көлемі тез өсе бастады. /1/
Зейнет ақы реформасы көп адамдар теріс көзқарасымен қарайды. Бірақ ескі ынтымақтастық жүйені тек екі жағдайда қалпына келтіруге болатын еді: не зейнет ақы қорына табысты үлкейтту не оның шығынын азайту, бірақ бұл екеуін де жүзеге асыру мүмкін емес еді.
Қордың табысын үлкейту орташа айлықты өсіру, аударым қойылымын өсіру немесе жұмысшылардың зейнеткерлерге қатынасын үлкейту есебінен мүмкін болатын.
Республикада орташа жалақы көлемінің жақын арада өсу үміті кішкентай еді.
Аударымдар қойыламының мәнді өсуін кәсіпорындар көтере алмайды, қазірдің өзінде еңбек ақы төлеу қорына барлық аударымдарды төлеу өте қиын.
Жұмысшылардың зейнеткерлерге қатынасының өсуі де еш нәрсеге алып келмейді. Мамандар есептеулері бойынша 2040 жылға бір зейнеткерге шамамен 1 жұмыскер келеді. /2/
Зейнет ақы қорының шығындарының азаюы қазіргі зейнет ақылардың мөлшерінің қысқаруы есебінен, не зейнетке шығу жасын өсуруінен, бірақ бұл бәрімізге түсінікті себептерден мүмкін емес. Яғни, ынтымақтастық зейнет-ақы жүйесінде барлық жеңілдіктердің алынып тасталуы маңызы зор нәрсе болды. Шынында да, ынтымақтастық жүйеде әр түрлі жеңілдіктер көп болды, соның ішінде мерзімнен ерте зейнетке шығу 45-50 жасында.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары – бұл жалпы ортақ қазан емес, адамның өз зейнетіне ақша жинауға үлкен ынтасы пайда болады, себебі жеке зейнет ақы шотында қандай ақша көлемі жинақталса, сонша зейнет ақы төлемі де болады.
Егер салым салушы өзінің жинақталған соммасымен түгел немесе жартылай қолдана алмай қалса, ол бұрыңғыдай жоқ болып кетпейді, ол мұрагерлеріне қалады.
Бірақ, әрине, қоғамда әрқашанда әр түрлі себептерге байланысыты өздеріне зейнет ақыны толығымен немесе жартылай жинақтай алмайтын адамдар болады. Олар деңсаулығы жоқ, жұмыссыздар, белгілі бір тұратын жері жоқ адамдар және т.с.с. Мемлекет Конституция бойынша әлеуметтік кепіл болғандықтан, оларды өз қол астына алады.
Жаңа зейнет ақы заңы бұл проблеманы әлеуметтік адрестік жәрдемақы институттары арқылы шешеді. Зейнет ақы – бір кездерде салым түрінде ынтымақтық немесе жинақтық зейнет ақы жүйесіне аударылған аударымдар болып табылады. Жәрдемақыны мемлекет бюджет есебінен бөледі. Бүгінгі таңда оның көлемі үлкен емес – 2000 теңге шамасында. Бірақ бұл экономикалық жағдайға байланысты, мемлекет байланысты түссе, жәрдемақылар мөлшері де өседі.
Жаңа зейнетақы жүйесінде еңбек ақы төлеу қорының 25% — зейнет ақы аударымдар қойылымы алынып тасталған, ал 10% көлеміндегі салымдар жинақтаушы жүйесіне түседі.
Зейнет ақыны есептеуде ынтымақтық жүйесіндегі еңбек стажының 1998 жылы 1 қантарынан есепке алынбайтынын ескерсек (кім қанша тапса – сонша қалады) 15% салымды ынтымақтастық жүйесіне бір салық ретінде қарастыруға болады. (бұрын аударымдар ұзақтығынан еңбек стажы байланысты болатын, және сәйкесінше болашақ зейнет ақы мөлшері). Бірақ біз бұл ақшаның бүгінгі зейнеткерлерге төлем ретінде жаратылғанын білеміз, оларды мемлекте есебінен қамтамасыз ету мүмкін емес еді. Бұндай аударымдар көлемі ақырындап кішірейіп, бүгінгі күнге олар жоқ болатындай заңмен қарастырылған. Бұл 1999 жылға Республика бюджеті туралы заңда анықталған. Осы аударымдардан бас тарту мүмкін емес еді, әлі халықтың көп саны ынтымақтық жүйеден зейнет ақы алуға құқығына ие.
Салымдардың екі ағымға бөлінуінен көбісінде түсініспеушіліктер туады: «Егер 25,5% аударымдар кезінде зейнет ақы төлеу үшін ақша қаражаттар жеткіліксіз болса, онда 15%-қ төлемдер ғана түскен жағдайда зейнет ақы қалай төленеді?»
1998 жылы республикалық бюджетте үкіметпен 50 млрд теңгеден аса зейнет ақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталыққа трансферттер қарастырылған. ¤тпелі кезеңде бюджет ынтымақтастық зейнет ақы жүйесіне бонустар, роялти, жекешелендіру құралдары есебінен көмек көрсетті. Ынтымақ жүйесінен жинақтаушы жүйесіне бір сағатта көші мүмкін емес. Және бұл екеуі әлі көп уақыт бірге жүзеге асады, ынтымақтастық жүйесі 1998 жылы 1 қантар еңбек стажы кем дегенде жарты жыл болған соңғы адаммен есептеспейінше бұл процесс жүзеге асып отырады.
1.2 Зейнетақы жүйесін реформалаудың әлеуметтік экономикалық алғышарттары
Зейнетақы активтерін басқару жинақтушы зейнетақы қоры мен Зейнетақы активтерін басқару компаниясының инвестициялық іс-әрекеті болып табылады, басқаша сөзбен айтқанда әр-түрлі қаржы инструменттеріне зейнетақы активртерін салу бойынша қызметі.
«Қазақстан Республикасында зейнет ақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республиканың заңына және Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру ережелеріне сай Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қоры, зейнетақы активтерімен инвестициялық басқару Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қоры зейнет ақы активтермен басқарушысы ретінде НКЦБ-мен анықталатын ұйыммен жүзеге асады, немесе НКЦБ келісімімен Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қорының өзімен де іске аса алады. Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қорын құру моментінен зейнетақы активтерімен инвестициялық басқару 1999 жылы 14 шілдесіне дейін ¦лттық Банкпен жүргізіліп отырды. НКЦБ келісімімен 14 шілдеде зейнет ақы активтерімен басқару функциялары Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қоры берілді.
Мемлекеттік емес жинақтаушы қорының активтерімен басқаруына келсек, ол зейнет ақы активтерімен басқару бойынша компаниялардың инвестициялық қызметі туралы ережелерге сәйкес (1998 жылы 13 тамызына НКЦБ-ның №11 жарлығы), зейнет ақы активтерімен басқару компанияларымен іске асады. Бірақ қазір Жинақтау зейнет ақы қорынің өз активтерін өзі басқару идеялары көртеп шығыр жататынын атап кеткен жөн. Және Зейнет ақы активтерін басқару компаниясындаға қойылатын жоғары талаптарға зейнет ақы активтерімен өзі басқаратын қор өзі жауап беру керек. Мұндай жағдай қорларға шығындарын төмендетіп, функцялардың қайталануын шегеріп және қордың капитализациясы есебінен қаржылық тұрақтылығын өсіруге мүмкіндік тұғызады./3/ Зейнет ақы активтерін басқару компаниясының басқарушы Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қоры сияқты зейнет ақы қорлары мен Зейнет ақы активтерін басқару компаниясымен арасындағы келісімдерге сәйкес зейнет ақы активтерін инвестиционды басқаруға алған соммадан 0,15%-н аспайтын ай сайынға коммисионды сыый ақыға ие болуға құқы бар.
Зейнет ақы активтерін басқару компанияның қызметі құнды қағаз бойынша ұлттық комиссиямен реттелді. Бұл комиссия негізгі, резервті капиталды қалыптастыру мәселелерінде Зейнет ақы активтерін басқару компанияның қойылатын негізгі нормативті талаптарды белгілеген. Зейнет ақы активтерін басқару компанияның негізгі және қосымша резервті капиталды қалыптастыруға міндетті.
Негізгі резервті капитал Зейнет ақы активтерін басқару компанияның басқаруға алынған зейнет ақы активтері бойынша міндеттемелерін дер кезінде қамтамасыз ету мақсатымен құрылады. Ол Зейнет ақы активтерін басқару компанисы басқаруындағы зейнет ақы активтерінің көлемінің өзгеруіне пропорционалды Зейнет ақы активтерін басқару компанияның өзіндік құралдарынан келесі көлемде алынады:
— 0.25% 5 миллиард теңгеден аз болатын Зейнет ақы активтерін басқару компаниясы басқаруындағы зейнетақы активтерінің мөлшері кезінде
— 0,2% 5 тен 35 миллиард теңгедегі зейнет ақы активтерінің мөлшері кезінде
— 0,15% зейнет ақы активтерінің 35 тен 50 миллиард теңге мөлшері кезінде
— 0,1% зейнет ақы активтері 50 миллиард теңгеден асқан кезде.
Қосымша резервті капитал зейнет ақы активтерін басқару кезінде компанияның инвестициялық тәуекел нәтижесінен пайда болған залалдарды жабу үшін құралады. Ол зейнетақы активтері бойынша Зейнет ақы активтерін басқару компанияның нақты табыс коэффициенті келесі көрсеткіштердің максималдылығынан асатын өзіндік құралдар есебіндегі соммадан құралады:
— Республикада зейнет ақы активтерін басқару бойынша барлық компаниялардың нақты табыс коэффициентінің 50%;
— Республикадағы зейнетақы активтерімен басқаратын барлық компаниялардың нақты табыс коэффициентінен 2% алып тастағанда.
Егер Зейнет ақы активтерін басқару компанияның нақты табыс коэффициенті анықталған минималды мөлшерінен аз болған жағдайда, Зейнет ақы активтерін басқару компания қосымша резервті капитал есебінен арасындағы айырманы зейнетақы ұтысына қарай компенсациялайды. Қосымша резервті капитал мөлшерінің жеткіліксіз болған жағдайында қалдық негізгі резервтік капитал есебінен жабылады. Егер бұл да аз болса, онда қалған меншік капиталының есебінен.
Меншік құралдарының жеткіліктігі Зейнет ақы активтерін басқару компанияның меншік капиталының компаниясының меншігіндегі активтер мен зейнетвқы активтерінің соммасына қатынасымен сипатталады. Меншік құралдарының жеткіліктігінің коэффициентінің минималды мөлшері Зейнет ақы активтерін басқару компания басқаруындағы зейнет ақы активтерінің көлеміне байланысты:
— 5 млрд теңгеден аз коэффициент – 0,02;
— 5 тен 10 млрд тенге – 0,015
— 10 млрд тенгеден аса – 0,01
Зейнет ақы активтерін басқару компанияға негізгі құралдарға және айналымнан тыс активтерге меншік құралдарын салу бойынша шектеулер қойылған, олар 0,25 коэффициентінен аспау тиіс.
Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнет ақы қорларының зейнет ақы активтерін басқару екі принциптің үйлесімдігін қажет етеді: тәекелді максималды шегеру және сәйкес табыстылықты қамтамасыз ету, сондықтан басқарушы органдармен (Қазақстан Республикасының ¦лттық Банктiң ДРРЦР) Жинақтау зейнет ақы қорын мен Зейнет ақы ……..