Курстық жұмыс: Технология | Қазақстандағы БАҚ-ты зерттеудегі маңызды мәселелер
Мазмұны
Кіріспе ………………………………………………………………………3
І тарау:
1.1. Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ……………………….……4-7
1.2. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы әдістер …………….7-12
ІІ тарау:
2.1. Қазақстандағы БАҚ-ты зерттеудегі маңызды мәселелер ………13-17
2.2. Қазақстан қоғамының дамуына БАҚ-тың ықпал ету процесі…..18-24
Қорытынды ……………………………………………………………….25
Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………….26
Сілтемелер ………………………………………………………………..27
Кіріспе
Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың рухани мәдениет құндылықтарынан білім алуына зор ықпал етеді. Осылардың ішінде ұрпақ тәрбиесіне тікелей ықпал ету мүмкіншілігі басым тұрған мерзімді баспасөз. Өйткені, газеттер қоғамдық пікірді қалыптастыруда халыққа бір табан жақын.
Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиясы мен «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізді бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызды демократияландыру барысындағы рөлі мен орнын айқын анықтап алуымыз керек…ең демократияшыл бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық мүддені қрғауға келгенде айқын тұғырда тұрады» деп атап көрсеті.
Мерзімді баспасөз жұртшылыққа бағыт-бағдар беруде, тәлім-тәрбиеге қатысты өзекті жайтарды қозғауда негізгі құрал болып табылады.
«Газеті жоқ жұрт, басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді. Дүниеде не болып жатқанын көру жоқ, не сөйлеп жатқанын есту жоқ, өз пікірін айту жоқ» дей отырып, А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінің тұңғыш санында «Әуелі, газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі, екінші, газет-жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай дейтінім жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады, үшінші, газет-халыққа білім таратушы, төртінші, газет-халықтың даушысы» деген.[1]
1.1.Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында «ақпараттық қоғам»,«ақпараттық технология», «өркениеттің үшінші толқыны» деп аталатын концепциялар ғылыми айналымға еніп, қоғамдық дамудың эволюциясын айқындайтын түсініктерге айналды. Мұның мазмұны немен өлшенеді, оның пайда-зиянының ара-салмағы қалай сарапталып келеді?
Бұл мәселелер хақында бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық ортадағы, жалпы өркениеттегі адам орнын зерттеп жүрген ғалам ғалымдары ой толғап, пікір білдіріп келе жатқаны белгілі. Осы тұрғыдан келгенде Д.Беллдің, М.Кастельстің, Э.Тоффлердің, Г.Шилердің, М.С.Вершининнің, В.Л.Иноземцевтің, Г.Вартанованың, И.С.Мелюхиннің ой-тұжырымдары назар аударарлық.Бұлардың еңбектері XX ғасырдың 2-ші жартысы мен ХХІ ғасырда төрткүл дүниені өзінің бар болмысымен әсемдеп, әрлеп отырған ақпараттық қоғамның мәні мен мазмұнын ашып талдауға арналған, оның ғылыми негіздемесін саралауға бағытталған.
Жаһандану мен әлемдік ақпарат және оның перспективасы туралы қазақстандық ғалымдар да өзінше ой толғап, мәселеге атсалысып жүр. Саясаттанушы ғалымдар Ә.Нысанбаевтың, Р.Әбсаттаровтың, М.Әшімбаевтың, Е.Каринның, Д.Сәтбаевтың теориялық таңдамалы мақалалары мен осы мәселені бұқаралық ақпарат құралдары арақатынасымен байланыстыра зерттеп жүрген журналистика теоретиктері-Н.Омашевтің, Б.Жақыптың, Ғ.Ибраеваның ой тұжырымдары да тақырыптың жай-жапсарына қанығуға арналған.
Бүгінгі таңда осынау өзекжарды мәселені тереңірек қарау мақсатында нақты шаралар қолға алына бастады. Осы тұрғыдан келгенде, ең алдымен ақпараттық төңкерістер дәуірінің сипатын жүйлеген жөн. Бұл ретте ғылыми талдамалар жасап жүрген ресейлік ғалым М.С.Вершининнің пікірі назар аударарлық. Ол ақпараттық төңкерістердің таңбалаудың, жазу-сызудың пайда болуымен тікелей байланысты екендігіне назар аударады. Соның негізінде ұрпақтан-ұрпаққа табыстаудың, білімді, көргенді-білгенді мұраға қалдырудың мүмкіндігі жасалған. Мұның өзі ақпараттық төңкерістер шоғырының сандық та, сапалық та белгісін айқындайтын еді.
Ғаламдық ақпараттқ төңкерістер екінші кезеңі ХYІ ғасырдың орта тұсынан бастау алады. Бұл кездегі кітап басу ісінің қолға алынуы мәдениет пен руханият саласында, өндірісте экономикада түбегейлі өзгерістердің болуына алып келді.
Ақпараттық төңкерістің үшінші кезеңі ХІХ ғасырдың аяғындағы электр қуатын, радио мен телеграфтың пайда болуымен тікелей байланысты еді.Осы кезеңде тарихта тұңғыш рет ақпарат алмасудың жеделдетілген түрі пайдалануға енді.
Ал Ақпараттық төңкерістің төртінші кезеңі ХХ ғасырдың 70-ші жылдарындағы компьютердің, басқа да микропроцессорлық технологияның тұрмысқа батыл енуімен сипатталады.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы ақпараттық технологияның жан-жақты, қарқынды дамуы, оның бесінші кезеңінің мазмұнына айналып отыр. Оның сипаты бүгінде өзіміз ат қойып отырған «Ақпараттық қоғам» деген түсінікке маңдай тірейді.
Осы жүйелеудің рухани үрдісі ғаламдық өркениеттің ажырамас бір бөлігі болып табылатын Қазақ елі қоғамындағы көрінісі қалай болып отыр? Ендігі мәселе, осы турал. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері туралы, оның ежелгі жазу-сызу мәдениетінде алатын орны жөнінде Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, М.Жолдасбеков, С.Кляшторный секілді ғалымдар зерттеулер жүргізгені белгілі.
Ал, ақпараттық төңкерістің екінші кезеңі алғашқы қазақ кітаптарының дүниеге келуімен байланысты. Бұл ХІХ ғасырдың алғашқы жиырма жылдығында кітап өндірісінің қолға алына бастауы жатады.
Үшінші кезең қазақ ақпарат кеңістігінде газеттердің шыға бастауымен тікелей байланысты. ХІХ ғасырдың соңына қарай «Түркістан уәләятының газеті» (1870-1882), «Дала уәләятының газеті» (1888-1902), «Торғай газеті» (1895-1910) секілді басылымдар оқырмандар қолына тиді. Бұл жағдаяттар ақпараттық төңкерістер эволюциясын жылдамдатты. Ал «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің қоғамдық ой-сананың ілгерілуіне ықпал етті.
Қазақ ақпараттық төңкерістің төртінші кезеңі ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында газеттер мен журналдардың көптеп шығуын былай қойғанда, радио мен теледидар мүмкіншілігі бар қырымен ашылған сәтерімен тұспа-тұс. Еліміздегі алғашқы радиостанциялардың хабар бере бастау шежіресі 1923 жылы басталса, 1959 жылдың 8 наурызынан бастап Қазақтеледидарының алғашқы бағдарламалары көрермендерге ұсынылды.
ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы бүкіл ел көлемінде компьютерлік сауаттылыққа деген ұмтылыс ақпараттық төңкерістің бесінші кезеңінің сипатын ашады.Айталық, әлемдік ақпараттық кеңістіктікте Microsoft компаниясының меншігі болып табылатын Windows-95 оперияциялық жүйесі жер жүзінде жаппай қолданыла бастаса, Қазақстан да бұл үрдістен тыс қалған жоқ. Интернеттік технология, электронды хабарлар алу секілді ақпараттық кеңістіктің артықшылықтары хабар алмасу үрдісін тың сапалық деңгейге шығарды. Сөйтіп ол қоғамдық өмірдің барлық саласына енді. Енді үйде отырып-ақ айшылық жерлерден хабар алатын жағдайға жеттік.
Газет-журнал өндірісінде ақпарат алмасудың озық үлгілер қатарына компьютердің, интернеттің өмірімізге енуіне тікелей байланысты болса, бұл жаңадан ХХ ғасырдың 90-жылдарында қазақ қоғамынының басылым редакцияларында қолданыла бастады. Нақтырақ айтсақ, республикалық «Халық кеңесі»газетінде компьютермен теру, беттеу, өңдеу, дискетпен өндіріске жіберу, факспен хабар алмасу тәжірибесі алғаш рет қолданды, редакция бұдан қыруар экономикалық тиімділік алды.
Ал, 90 жылдардың екінші жартысынан бері қарай компьютерді қолданудың артықшылығы басқа да республикалық, облыстық газеттердің осы тәсілмен жұмыс істеуін жеделдетті. Бүгінде компьютермен, ақпарат алмасудың басқа да қазіргі заман талабына сай жетілдірілген түрін пайдаланбайтын бірде-бір редакция, газет-журнал жоқ деп сенімді айта аламыз.
Осы тұста қазақ басылымдарының ғаламдық ақпараттық кеңістікті пайдалану коэффиценті қандай деген сұрақ туады.
Біздің әлемдік ақпарат алмасудың ендігі бір әдіс-тәсілдері халықаралық жиындар, өндірістік лездемелер, журналистік шеберлікті ұстарту мектептерінің жұмыстарынан байқалуы тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, оңтүстік астанамыз Алматыда жүргізіліп жүрген Еуразиялық Медиа Форумның тәжірибиелері құптарлық.
Бірден басын ашып айту керек, Еуразиялық Медиа Форум саяси тұрақтылықты, қоғамдағы қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы көптеген мәселелермен бетпе-бет келіп отырған бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын барынша дамытуға, оған серпін беруге, оның проблемаларын талдауға арналған ұйым. Бұл ретте ондағы пікір-таластарда ақпараттық қоғам жағдайындағы мерзімді басылымдардың, электронды құралдардың саяси, мәдени және әлеуметтік рөлі туралы жиі айтылады. Сондықтанда ол әлдебір саяси, экономикалық, идеологиялық қыспақтан ада, олардың ықпал етуінен тәуелсіз ұйым болып табылады. Ал енді мұның мақсаттары қандай? Ол былайша жоспарланған:
-Еуразия елдерінің ақпараттық кеңістігін кеңейту;
-кәсіби және шығармашылық байланыстарды нығайту;
-осы заманғы журналстиканың дамуындағы негізгі үрдістерге талдау;
-медиа жобалар мен бастамаларға қолдау көрсету және талдау жасау;
-білім мен тәжірибие алмасу, Еуразия елдеріндегі жетекші БАҚ-тарда оқыту және тәжірибиеден өткізу мүмкіндігін туғызу;
-БАҚ саласында реформаларды жүзеге асыру;
-билік пен БАҚ арасындағы өзара қатынасты талдау;
-БАҚ саласындағы ең жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдесу.[2]
Өзі құрылған 2002 жылдан бері бұл форум Алматыда үш мәрте мәслихатын өткізіп үлгерді.
1.2.Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы әдістер
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған ада құқығының Жалпы декларациясының 19-бабына сәйкес, «Әрбір адам ой-пікір еркіндігіне және оны еркін білдіру құқығын иемденеді, бұл құық өз пікірінде тұру екендігін және мемлекеттік шекараға тәуелсіз кез келген құрал арқылы ақпаратты немесе идеяларды іздеу, алу және тарату екендігін қамтиды».
Сонымен қатар, ой-пікірін білдіру еркіндігі құқығын әрі дамыту 1950 жылы 4 қарашада қол қойылған адам құқығы мен негізгі бостандықтары туралы Еуропалық конвенцияға берілді. Конвенцияның 10-бабына сай, «осы еркіндікті, демократиялық қоғамда мемлекеттік қауіпсіздік мүддесіне, аумақтық тұтастығына немесе қоғамдық тыныштыққа қажеті, тәртіпсіздіктің алдын алу, тұлғалардың денсаулығын, беделін қорғау құпия алынған ақпараттарды жария етпеу немесе сот әділдігінің беделін қамтамасыз ету мақсатында заңмен көзделген міндеттер мен жауапкершілікпен, яғни алғы шарттармен, шектеулермен және айыппұлдық шаралармен үлестіріледі».
Бұл жерде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің заңдылығы туралы, ішкі заңдардың азаматтық қоғаммен және құықтық мәдениеттің дамуы деңгейіндегі халықаралық қалыптар мен талаптарға сай келу мәселесі орын алуда. Яғни, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпара құралдары туралы заңында «бұқаралық ақпарат құралы-тұлғалардың шектеусіз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне өзге де хабарлары менматериалдары» делінген болатын.[3]
Бүгінгі қоғам жағдайында бұқаралық ақпарат құралдары қызметі тек әлеуметтік маңызды мәселелермен қоғамды ақпараттандыру ғана емес, сондай-ақ бұқаралық сана үшін әлеуметтік нұсқауды қалыптастырумен қатар бір мезетте оның құралы ретінде саяси жарнама функциясының қызметін орындайды. Дегенмен, бастапқыда бұқаралық ақпарат құралдары тек хабарларды, ақпараттарды тарату саяси көзқарастарды насихатау үшін ғана орын алған болатын.
Бүгінгі қоғам жағдайында насихаттау кең мағынада-әлеуметтік қызметің ерекше үрі, негізгіфункциясы-белгілібір көзқарастады қалыптастыру, адамдар іс-әрекетіне әсер ету мақсатында білім, көркем құндылықтарды және өзге де ақпараттарды тарату. Рухани құндылықты насихаттау ол пайда болған аудитория ерекшелігін, нақты оқиғаны ескеруді білдіреді. Насихаттау процесінде ғылым, өнер түсіндіріліп таратылады және дамиды, молаяды.
Ал, тар мағынада-белгілі бір лидердің, партияның және мемлекетің идеологиясы мен саясатын бұқараға тарату қызметі. Бүгінде насихаттау рухани қызметтің ерекше саласына айналып отыр және бұқараға идеялы-психологиялық әсер ету тәсілдері, құралдары жүйесін құрайды. Оның негізгі белгілері: мақсаттылық, әсер етудің үздіксіздігі, бұқаралығы болып табылады.
«Қоғам-жаңа технологияның арақатынасы әрдайым әлеуметтік зерттеудің әдеттегі обьектісі болған». Қазіргі жағдайдың ерекшелігі, ақпараттық индустрияны өзгерту үшін бір мезетте эмпиристік және теориялық деңгейдегі зерделеу арқылы, оның негізінде қорытынды мен ұсыныстар жасалынады. Сондықтан ақпараттық қоғамның қалыптасуын талдау, оның мақсаты мен міндетін анықтау, халықаралық деңгейде барлық мемлекеттер үшін кешенді ұсыныстар қалыптастыру және оны жүзеге асыру қажет. Міне, оны жердегі қоғам жердегі «ақпараттық қоғам»-бұл қандайда болашақтың жарқын бейнесі емес, бүгінгі күндегі шынайы объективті белгілер. Сондықтан, ақпараттық қоғамның қалыптасу механизмін түсіну үшін кешенді деңгейде заңгерлердің ұсыныстары ауадай қажет. Бірақ азаматтық қоғамның қалыптасуының жағымды жағымен қатар қауіптілігі де бар. Яғни, халықаралық қауіпсіздік контексінде ақпарат алмасу туралы өзекті мәселе туындайды.
Ақпарат индустрияның өсуі, қоғамдағы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның жаңа рөлі тиісті құықтық рәсімдеуді қажет етеді. Прогресті ақпарат қоғам бағытында жұмылдыру үшін ақпараттық заңнаманы жетілдіруді талап етеді. Бүгінгі таңда технологиялық төңкеріс кезеңі-ақпараттық қоғамның қалыптасуы жүріп жатыр. Қазіргі ақпараттық және телекоммуникацияық технология қоғамдағы әлеуметтік құрылысты демократиялық институттың дамуындағы өзгерістерге әсер етеді, нәтижесінде ақпараттық қоғам теориясының туындауына әкелді. Бұл теория ХХ-ғасырдың 60-70 жылдары ғылыми зерттеу сипатына да ие болған.
«Ақпараттық қоғам» термині кеңінен тарағанымен, оның концепциясы, бағдарламасы мүлдем жасалынбаған. Әдебиетке көз жүгіртсек, жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны бұқаралық пайдалану кезеңі бұқаралық ақпарат құралдарын иеленетін адамдар тобына техникалық мүмкіндік, барлық қоғамда және әрбір адамды бақылауға мүмкіндік береді-дейді өз еңбегінде А.Г.Рухтер. Сондықтан ақпараттық қоғамға өтуде негативтік салдарды алдын алу мақсатында нақты мемлекеттік сасат, яғни мемлекеттік бағдарлама қажет. Дегенмен ақпараттық қоғамға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құжаттар қабылданғанымен бұқаралық ақпарат құралдарының меншігін шоғырландырудың позициясын өзгертудің, ақпарат жеткізімі және байланыс қызметін реттеумен, компьютерлік жүйе арқылы зиянды және заңсыз ақпаратты таратумен туындап отырған мәселелерді шешу үшін әлсіздік танытып ортыр деуге болады.
Себебі, бұл заңдардың көпшілігі жаңа бұқаралық ақпарат құралдары жаппай таратудан бұрын қабылдағанына қарамастан, олар өзінің қажеттілігін дәлелдеді. Бірақ осы заңдардың жаңа электрондық айналымға қолдануы туралы өзекті мәселе тұр және заңдық түзетулердің қажеттілігін бейнелейді.
Осы мақсатта мемлекет құқықты қолдану тәжірибиесін қарастыратын жұмыс тобын құрайды. Мұндай топ біздің елімізде де құрылған, мысалы Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның жаңа редакциясын жасау жөнінде жұмыс тобының құрамы туралы Қазақстан Республикасы ақпарат министрлігінің 2004 жылғы 10 ақпандағы №225 бұйрығы дәлел болады.
Біздің еліміздегі жаңа әлемдегі әлеуметтік қайта құрумен қатар жүріп келе жатқан индустриялық қоғам эволюциясы «ақпараттық қоғамға » бағытталуда. Бұл жерде технологиялық жетістік, ұйымдық қосылу, заң шығару либерализация кезеңін, жаңа электрондық демократияның жаңа нысанының көрініс алуы, экономикалық дамудағы ақпараттың рөлі, ақпараттық қоғамның қалыптасуы туралы сөз болып отыр-дейді Е.Л.Вартанова. Осы өзгеріс тарихи қысқа мерзімде, бір ұрпақтың көзалдында өтуде және ақпараттық қоғамға өту үшін алғы шарттар толығымен қалыптастыруда.
Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың қоғамдық рөлі туралы концепция баршылық. Итальяндық радио және теледидар басшысы А.Дзанакк: «Баспа, кино, радио және теледидарды қоғамдық коммуникация құралдары деп атайды және ақпарат пен коммуникацияны ажырата білу керек»-дейді. Коммуникация дегеніміз-тек мәліметті, идеяны тарату ғана емес, мекен тарапынан жауапты редакцияның көрініс алу процесі. Ал насихаттау саласындағы француз маманы А.Домен былай дейді: «қоғамның ой-пікірінше және әрекетіне әсер етуге талпыну мақсатында алынған пікірлер мен әрекеттер насихаттауды білдіреді. Насихаттау мен қоғамның коммуникация ұғымдары арасында мәні бойынша ешқандай айырмашылық жоқтығын ұсынады».[4]
Халықаралық құқықта ақпаратты халыққа беру аспектісін тікелей реттейтін төмендегідей құжаттар қабылданылған: 1923 жылы Орнографиялық басылымды таратумен күрес туралы Конвенция, 1936 жылы әлем мүддесі үшін радиохабарды пайдалану туралы халықаралық конвенция, 1948 жылы білім, ғылыми және мәдени сипаттағы визуальдық және дыбыстық материалды халықаралық алмасуды жеңілдету туралы келісім, 1950 жылы ғылыми және мәдени сипаттағы материлдарды шығару туралы келісім, 1958 жылы басылымдардың халықаралық алмасуы конвенция, 1958 жылы мемелекеттер арасындағы арнайы басылымдар мен үкіметтік құжаттардың алмасуы туралы Конвенция, 1979 жылы электрондық және радио байланысы жөніндегі Халықтық Одақтық Регламенті (2002 жылы өзгертулер мен толықтыруларды қоса).
Ақапарт құқықтары 1948 жылы адам құқығының жалпы декларациясымен (19-бап) және 1966 жылы азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пактысымен (19-20 баптары), ал регионалдық құжаттар арасындағы 1950 жылы адам құқығы туралы Еуропалық және 1969 жылы Американдық конвенцияларымен реттелінеді.
Отарлау саясатымен күресу процесінде ақапарат туралы ережелерді қамтитын құжаттар да қабылданды. Олардың ішінде: 1969 жылы отар елдер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы Декларация, 1969 жылы әлуметтік пргресс және даму туралы БҰҰ-ның декларациясы, халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларының жиынтығы бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану аясындағы белгілі бір тәртіп негізін құрайды, және де ақпарат пен халықаралық алмасу белсенділігін арттыруға ықпал етеді,-делінген.
Халықаралық құқықта белгілі бір ақпаратты алуға тыйым салатын немесе шектеу қоятын қалыптар да орын алған. Оның ішінде соғыс пен милитаризмға тыйым салу қағидасы ерекше орын алады. Мысалы, 1936 жылы әлем мүддесі үшін радиохабарларды пайдалану туралы халықаралық конвенцияда радиохабар әлем мүддесі үшін пайдалану тиіс делінген.
Конвенцияда «өзге мемлекеттің қауіпсіздігіне, ішкі тәртібіне» сай келмейтін әрекеттерге арандататын ақпараттарды беруге (1-бап), соғысты насихаттауға тыйым салынады (2-бап). Мемлекеттерге өз аумағында осы ережелерді орындау жауапкершілігі жүктеледі. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 20-бабында: «соғысты кез келген тәсілмен насихаттауға заңмен тыйым салынуы тиіс»,-делінген.[5]
2.1. Қазақстан қоғамының дамуына бұқаралық ақпарат құралдарының ықпал ету процесі.
Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың рухани мәдениет құндылықтарынан білім алуына зор ықпал етеді. Осылардың ішінде ұрпақ тәрбиесіне тікелей ықпал ету мүмкіншілігі басым тұрған мерзімді баспасөз. Өйткені, газеттер қоғамдық пікірді қалыптастыруда халыққа бір табан жақын.
Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиясы мен «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізді бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызды демократияландыру барысындағы рөлі мен орнын айқын анықтап алуымыз керек…ең демократияшыл бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық мүддені қрғауға келгенде айқын тұғырда тұрады» деп атап көрсеті.
……..