Курстық жұмыс: Технология | Әлеуметтік жұмыс технологиясы

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………3
Негізгі бөлім
2.1.Әлеуметтік жұмыс технологиясының түсінігі……….4-5
2.2.Әлеуметтік жұмыс технологиясының жіктелуі мен ерекшеліктері……………………………………………………6-15
2.3.Мамандандырылмаған оқу орындарында әлеуметтік
жұмыстың технологиясын оқыту……………………….16-19
Қорытынды…………………………………………………..20-21
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………22-23

Кіріспе
Қазіргі қоғам басқаруды қажет етеді. Басқару-бұл қоғамның жүйелі түрдегі іс-әрекеттерін ретке келтіру немесе әсер ету құрылымының қызметі.
Әсер ету-жаһанданудың сондай-ақ қоғамдық проблемаларды шешудің нақты тәсілі мен формасы. Әсер ету мақсаты-объектінің, субъектінің, қалыптасудың, әлеуметтік процестің қызметін оңтайландыру.
Әлеуметтік процесс технологизациясының айырмашылығы:
1) Әлеуметтік жұмыстың ішкі өзара байланысты этаптарын, фазаларын операцияларын бөлу және шектеу процесі;
2) Нәтижеге жетудің координациялық, этаптық ықпал етуіне бағытталған;
3) Технологияның процедурасы мен операциясындағы бірізділікті орындау.
Әлеуметтік технологизация әлеуметтік технологияға негізделеді. Әлеуметтік технологиия 2 аспектіде қарастырылады.
1) Бағдарламаның процедуралық және операциялық мазмұны;
2) Осы бағдарламаға сәйкес құрылған іс-әрекет.
Әлеуметтік технологияны қарастыра отырып, Н.С. Данкин оның түсінігін рационалдау негізінде рәсімдеу мен операциялардың жүйелендірілуі және іс-әрекеті жүзеге асыруда оптималды әдістермен құралдарын нақтыландырады. Бұл жалпы анықтаманы, оны барлық адамгершілік қызмет түрлеріне жатқызуға болады, әрине әлеуметтік жұмысқа бағытталған әлеуметтік кепілдіктер мен тұлғаның қызығушылығын және адамдардың сұранысын ең алдымен халық тобының әлеуметтік жиынтығын қанағаттандыратын интегративті, әмбебаптық қызмет түрі ретінде.
2.1.Әлеуметтік жұмыс технологиясының түсінігі
«Әлеуметтік технология» термині отандық қоғамды жүргізумен салыстырғанда жақында ғана қалыптасты деуге болады. Бірақ мемлекет әлеуметтік технологиямен мүлдем айналыспады деп айтуға болмайды.
« Әлеуметтік технология» -әлеуметтік қызметкердің өзінің іс-әрекетіндегі қойылған мақсатына жеткізетін әдістерімен амалдар жиынтығы. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік технологиялары: қарапайым( арнайы мамандығы жоқ, аддамдарда жүргізетін; күрделі( мамандықты қажет ететін); кешенді (бірнеше мамандықтарды қажет ететін) болып бөлінеді.Әлеуметтік жұмыстың жалпы технологиясымен бірге (диогноз, экспертиза, болжау көпшілікпен байланыс). Әлеуметтік жұмыстың нақты әдістер мен үлгілерді көрсетуге болады.
Әлеуметтік технологиялар іске асқан кезде бірнеше түрлерге бөлінеді:
— диогностика технологиясы,
— жобалау
— бағдарламаларды іске асыру.
«Диогностика» термині (грек тілінен танып білу, анықтау). Медицинада ауруды тану және диогноз қою. Әлеуметтік ауру туралы түсінік әлеуметтік жұмыстың пайда болуымен бірге қалыпасты.
Қайырышылық, ашаршылық, жалғыздық және т.б. әлеуметтік ауруларға жатады.
Диогностика кезінде әлеуметтік экспертиза қойылады. Эксперттік зерттеуде маманның дәлелденген нәтижесінде қажеттілік туады. Әлеуметтік жұмыста сы эксперт психиатр, заңгер, психолог тәжірибелі әлеуметтік жұмыскер болуы мүмкін. Әлеуметтік экспертиза төрт функциядан тұрады:
— диогностикалық (клиенттің жағдайын анықтау);
— ақпараттық бақылау (клиент туралы ақпарат анықталады).
— Прогноздық, болжамдық( клиенттің болатын жағдайы анықталады).
— Жобалылық(шешім қабылдауға ұсыныстар шығару).
Әлеуметтік проблеманы шешуде жалпы ғылыми теоретикалық шешім шығарудың әдісін қолданып, қоғамның әлеуметтік даму мақсатының тәсіліне, ықпалына жетудің өңделуіне айналды. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыстың сол феноменін көрсетуге болады:
Әлеуметтік жұмыс кәсіптік және кәсіптік емес болып оқытылды, бірақ ол басқа терминмен анықталған. Тезисті дәлелдеу үшін әлеуметтік технологияның практикалық орындалуын әлеуметтік технолгиямен әлеуметтік басқарудың техникасы, технологиясы сияқты маңызды компоненттерінің өзара тығыз байланыстылығына мақсаттылық болып табылады.
Бұл үшін әлеуметтік технологиямен әлеуметтік басқарудың сатыларын салыстырайық:
Әлеуметтік технология мына компоненттерден тұрады.
♦ Теоретикалық негіздеме;
♦ Технологиялық процедура;
♦ Технологиялық қажеттілік;
♦ Критериилері мен әдістері;
♦ Нәтиженің өлшемі;
♦ Гуманитарлық-экономикалық қамсыздандыру;
♦ Енгізу этаптары;
Әлеуметтік басқару мына сатылардан тұрады:
● Басқарудың проблемаларын қарастыру;
● Информацияның жиынтығы;
● Шешім шығаруды енгізу;
● Қабылданған шешімдерді орындауды ұйымдастыру;
● Бақылау.
Әлеуметтік технологияны іске асыру түсінігінің басты белгісі әлеуметтік білім, әлеуметтік проблемаларды әлеуметтік зерттеу бағдарламаларын қарастыру.
Бағдарламалардың методологиялық бөлігі-әлеуметтік проблеманы шешуге теоретикалық әдістерді қолдану болып табылады. Методологиялық бөлім-бұл біріншіден алынған ақпараттардың әдістін, тәсілдік жиынтығы, екіншіден әлеуметтік проблемаларды шешудің себептілігі, яғни әлеуметтік жұмыстағы әртүрлі халық топтарның жағдайын рекомендациялау, кеңестерді қалыптастыру шешімін шығаруға мақсатталған.
2.2.Әлеуметтік жұмыс технологиясының жіктелуі мен ерекшеліктері
Әлеуметтік технология әрқилы, әлеуметтік әлемнің, әлеуметтік өмірдің, оның табиғи болмыстың пайда болуының жан-жақтылығымен сипатталады.
Әлеуметтік технологияның жіктелуі әртүрлі негізде жасалады: қолданыс сала түрінде, деңгейінде және т.б.
Ол қолданыс білімін саралаудың әдіс-тәсілі негізінде, сондай-ақ саралаудың объектісі (адамдар тобы, процестер және олардың қоғамы), бұлардың әрқайсысы мақсатқа негізделген тәсілді оның оптималды функциялық дамуы мен іске асырылуын қолданады.
Әлеуметтік технологияның жаһандану сипаттамасы, әлеуметтік технология қоғамға толықтай, әртүрлі қоғамдық өмір саласында, әлеуметтік құрылымда, әлеуметтік институт процесімен қарастырылады.
Басқару-мамандары басқарудың технологиялық стратегиясын, әлеуметтік модельдеу және жобалауды іздестіруде.Информациялық- енгізулер, инновациялық-оқытулар, өткен тәжірибе технологиялары деп қарастыруға болады. Тапсырмаларды әмбебаптық және жеке болып ерекшеленеді: Мақсатқа бағыттылық сонымен қатар әлеуметтік даму технологиясын жеке мемлекеттік региондық, территориялық, еңбектік ассоциация деп қарастырады. Жалпылай келе әлеуметтік технологияны әлеуметтік сферада рухани және экономикалық тұрғыда болады.
Әлеуметтік технология бір-бірімен өзіндік мазмұнмен айрықшаланады. Қысқаша әлеуметтік технологияның мазмұны ол әлеуметтік жұмыстың ерекшіліктерін технологиялық ретн және жағдайын қарастырады.
Көзқарастар бойынша масштабтылық жаһандық әлеуметтік технология. Олар жалпы адамдық проблеманы шешумен байланысты. Бұл тек ішкі тенденциялық білімді, әдәс-тәсілді шешу ғана емес.
Сондай-ақ әлемдік тенденция дамуының, яғни қоғам мен табиғаттың байланысы. Олар адамның өміріне, өмір сүру жағдайына, әлеуметтік қорғалуына тікелей және жанама әсер етеді.
Объект: Технологияны қолдану мен өңдеудің сапасы объектінің диференциациясына байланысты. Бәріне әйгілі әлеуметтік жұмыстың объектісі әр түрлі болып келеді. Оларға-қарт адамдар және зейнеткерлер, мүгедектер және балалар, девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді, мигранттар, толық емес, көпбалалы отбасылар т.б. Олардың әр қайсысы өмір жолындағы кездесетін әлеуметтік-демографиялық, психологиялық ерекшеліктері, спецификалық жағдайларға ие негізделеді.
Әлеуметтік жұмыстың объектісі ассоциативті болуы мүмкін. Мүгедек, топ(отбасы, еңбек оқу ұжымы, жастық немесе профессионалды топтар) қоғам (қала, район). Сондықтан байланысты «жеке» деп бөліп қарауға болады. Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс технологиясы толық емес отбасымен әлеуметтік жұмыс технологиясы, тұрақты тұратын орны жоқ азаматтармен әлеуметтік жұмыс технологиясы.
Объектіге қатысты әлеуметтік технология «ішкі» және сыртқы» болып бөлінеді. Сыртқы технологиялар мемлекеттің қолдауын қажет ететін осал топтрды төмендету және өзінің проблемаларын өздері шешуге ададарға бағытталады.
Ішкі технологиялар адекватты түрде жеке технологиялар-индивид түрде топтар, яғни-нақты адамдардың проблемаларын шешуге бағытталад.
Ең алдымен бұл әлеуметтік жұмыстың әдістерінің-индивидуалды, топтық, қоғамдық бәрі де негізінен «жеке» және «сыртқы» технологиялар.
Тәжірибелік жұмысты әдістерінің түрлілігіне қарамастан, технологиялық схемасы 6 негізгі этапта көрсетуге болады:
▲ Клиентпен кездесу және контакт орнату;
▲ Проблеманы анықтау, диогноз және бағалау;
▲ Мақсатты, анықтау, қызмет көрсетуді жоспарлау, келісімді орнату;
▲ қызмет көрсету, делдалдық;
▲ әлеуметтік жұмыстың қорытындысын бағалау;
▲ нәтижені тәжірибеде қолдану.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі классикалық әдістер технологиялар, нақты ғылымдармен, яғни социологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономиканың, ұйымдық, басқарушылық, медико-әлеуметтік ғылымдарының әдістерін қолданады.Мысалы, бақылау, тестілеу, психодиогностика, психотерапия әдістері, психологиялық технологияны қолдану және өңдеу болып табылады.
Мынадай социологиялық әдістерді яғни, интервью, анкеталық, документтің анализі, эксперттік сұраулар, әлеуметтік сферадағы, әлеуметтік мониторингінің технологиялары.
Түрлі әдістерді қосқанда және өңдеуде кешенді технологиялар қолданылады. М: зейнеткерлерге үйде әлеуметтік қызмет көрсеу.
— үйге азық-түлікті әкелуді қамтамасыз ету;
— бір кезекті қажеттілікте медикоменттермен қамтамасыз ету;
— гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру шарттарын қолдау.
— әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық қызметті ұйымдастыру (үйді жөндеу,коммуналдық қызметтерді төлеу, сумен қамтамасыз ету,отынмен қамсыздандыру).
— Құжаттарды толтыруға көмектесу, яғни пәтер үймен алмастыру кезінде.
— Жалғызбасты қайтыс болғанда және оны салттық қызмет көрсетуде көмектесу.
Әлеуметтік жұмыстың универсалды, интерагративт негізінде әлеуметтік-падагогикалық, әлеуметтік медициналық және басқа да технологияларды қолдану.
Әлеуметтік жұмыстың мақсаты мен функцияларының мазмұнының қатысына қарай универсалды, жалпы технологиялық әдістер түрлі деңгейдегі объектілерге қолданылады, яғни бұл-әлеуметтік адаптация, әлеуметтік бақылау, әлеуметтік жобалау, әлеуметтік қамқорлыққа алу және т.б.
Әлеуметтік диогностика клиентке көмек беруде жүзеге асырылады және әлеуметтік проблемаларының туындауын зерттеу.
Түрлі деңгейде түрлі әдістер, ақпаратты жинау және диогноз қоюды, шешім қабылдау әртүрлі деңгейде болады.
Әлеуметтік адаптация процесі- адамды барлық өмірінде қолданады-адамдық нормалар, ережелерді меңгіру керек.
Осының негізінде универсалды технологиялар жалпы принциптеріне негізделеді және әрқашан әлеуметтік жұмыстың объектісінің есепберу спецификасынан ерекшеленеді.
Басқару. Басқару иерархиясын келесідей технологияларды бөлуге болады. Мемлекеттік, діндік, территориялды ұжымның еңбектің және өзіндік басқару. Осы технологиялардың өңделуін орындау субъектіге тікеей бағытталады. Яғни, мақсатылығы.
Әлеуметтік жұмыстың субъектілері-бұл өзінің құрылымы бар мемлекет, қоғамдық қамқорлық және басқа да мекемелер әлеуметтік жұмыскерер әлеуметтік жұмыс субъектісінің қиындығына қарай әлеуметтік жұмыстың технологияларын ажыруға болады….