Курстық жұмыс: Тарих | Түркі ғұламаларының адамгершілік туралы түсініктері

0

Мазмұны

І. Кіріспе ……………………………………………………………………………………………..2-3
І Тарау. Түркі ғұламаларының адамгершілік туралы түсініктері……………4-20
1.1. Әбу-Насыр әл-Фараби және Жүсіп Баласұғынның адамгершілік туралы түсініктері …………………..4-10
1.2. М.Қашқаридің адамгершілік жайлы түсінігі ………………………………11-20
ІІ. Тарау. Қ.А.Иассауидың адамгершілік сезім туралы ой-пікірлері…… 21-34
2.1. Қ.А. Иассауидың соқылық іліміндегі адамгершілік мәселесі…….21-27
2.2. Қ.А.Иассауидың адамгершілік сезім жөніндегі ой-пікірлерінің Құран –Кәрім мен Мұхаммед с.ғ.с. ғадистеріндегі ізгілік туралы қағидаларымен байланысы. ……………………………………………………………………………………..28-34
Қорытынды……………………………………………………………………………………….35

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Адамгершілік сезім тақырыбы ғылыми зерттеу нысыны ретінде тұтастай алып, талдауды қажет етеді. Бұл-адамзат баласы дүниеге келгеннен бастап бүкіл жұтшылықты толғандырып келе жатқан күрделі мәселе.Адам өмірінде адамгершілік мұраттардың көрініс табуы көне заманнан желі тартып келе жатқан күрделі мәселе.
Адамның дүниеде болуы оның рухани құндылықтарымен анықталатындығына ертеден назар аударылып келсе де, ХХI ғасыр үшін бұл сұрақ адамзат тағдырын шешер негізгі мәселелердің бірі бодып саналмақ.ХХI ғасырдың көкейкесті мәселелері тоғысқан кеңістігінде тұрған адамзат болашағын бағыттауға қажетті рухани күш, ізгі ілім, адамгершілік сезім туралы нақыл сөз, өшпес үлгідегі ақыл-кеңестердің көне мұралардан табылып, танылуы- мәдениетіміз тіліміз бен дініміздің бүгініне, ертіңіне де негіз әрі тірек болары белгілі. Қ.А. Яссауи, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Әл-Фараби секілді түркі ғұламаларының адамгершілік сезім туралы терең ой-пікірлерін жинақтап, зерттеп келешек ұрпаққа жеткізу- бүгінгі ұрпақтың міндеті екені анық. Сондықтан, демократиялық қоғам талаптары рухани құндылықтардың қайта жаңғырып, мәдени-философиялық тұрғыдан зерттелінуін қажет етеді.
Ортағасырлық мәдени туындылардың қайсібіріне болмасын ықпалын тигізбей қоймаған Ислам дініндегі қазақ дүниетанымындағы ізгіліктік идеяларымен үндестігінің мәнін ашықтап, талдау – тақырыптың өзектілігінің мәселенің маңызды тағы бір қыры. Адам тақырыбын нысанаға алып, адамзаттық ізгілік ілімін кеңінен де тереңнен де байта білген дамыта білген философиялық, әдеби және ғылыми еңбектерін дүниеге келуіне негізгі себеп – Ислам дінінің игі әсері екендігіне назар аудару қазақ дүниетанымындағы ізгілік ілімін жан дүниесін дұрыс түсінуіміз үшін, қазіргі, бар рухани мәдениетіміз жоғары болуы шарты қайта айналып көне мұралар мен түпкөздерге тоқталары анық.
Мұсылман өркениетінің ақыны әрі ойшыл Ж. Баласағұнның «Құтты білігіндегі» ізгілік ілімін тереңінен талдау арқылы Ренессанстық бетбұрыстыққа тән бұл өміршең ағымның табиғаты, мәні мен ерекшеліктеріне тоқтала кетуді негізгі міндеттеріміздің бірі деп санауымызда осы жағдаймен түсіндірледі. Негізгі нысана – қазіргі рухани жан азығы – көне түп көздерге ізгілік ілімдерінің талқыланып, сарапталуының нәтижесі — неогуманистік идеялар мен ілімдерді қоғам өміріне жарату.
Зерттеудің мақсаты: Түрік ойшылдарының адамгершілік сезім туралы ой-пікірлері мен оны үрдістерде пайдалануын анықтау.
Зерттеудің міндеті:
— Ә.Н. ал — Фараби және Ж. Баласағұнның адамгершілік туралы дүниетанымымен танысу.
— М. Қашқаридың адамгершілік сезім жайлы түсінігін анықтау.
— Қ.А. Иассауидың адамгершілік сезім жөніндегі ой пікірлерімен танысу.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Түрік ғұламаларының (Қ.А.Яссауи, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн,М.Қашқари және т.б.) адамгершілік сезім туралы еңбектерімен және оны —тұрғыда пайдалану жайымен танысу, пайымдау мен дәйектеуді жүргізу.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі: Түркі ғұламаларының адамгершілік сезім туралы ой-пікірлерін жастарды ұлттық адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу мен қалаптастыруда оқу-тәрбие үрдісіндегі озық жетістіктер мен тәжірибелік зерттеулердегі материалдарды зерделеп, тиімді қолданылуын қарастыру мен оның өміршеңдігін негіздеу.
І Тарау. Түркі ғұламаларының адамгершілік туралы түсініктері
1.1. Әбу-Насыр әл-Фараби және Жүсіп Баласұғынның адамгершілік туралы түсініктері
«Түрік сөздігі» адамгершілік ізденістер жөнінде: «Ұлықтық болса (тапсаң), сен ізгілік істе, Кішік болғын, бектер қатарында жақсылықты жалғастыр» дейді. Жақсы қасиеттерді жанына жақын тұтқан бектер секілді жұртқа әрдайым ізгілік нұрын себуге ұмтыл деген идея өлең өрнегінде бой көрсетеді. Сондай-ақ «…біл, Шама жеткенше, қолыңмен көп ізгілік қыл» деп қолдан келгенше жақсылық жасауға шақырған сөздіктегі өлең жолы адамдық мектебінің алғашқы әліппесі тәріздес.
«Түрік сөздігінде» «адам — дүниеге қонақ» секілді діни сипаттағы идея қамтылған. Мынау кең дүниенің мәңгілік иесі саналмай, бірқыдыру мерзімге ғана меймандық еткен адам баласы бір-біріне дүшпан көзқараспен емес, қонаққа деген құрмет көзімен қарауы, демек, мейірбан меймандостықпен қарым-қатынас жасауы қажет. Осындай ордалы ойды өлеңінде дамытып, «адам-қонақты» «оқырман-қонаққа» айналдырған Қадыр ақын дәстүр даңғылына жаңашылдығымен із тастайды. «…Қуатсыз жырды оқырман — қонақтатпайды, Татқанмен, ақын, сезімге ол жыр шаппайды». Дәстүрдің ұласуы ой қайталау көрінісімен шектелмейді, ойды дамыта жарасымды жалғастырады. Жырдан оқырман — қонағымыздың талғампаздығын байқаймыз, ол нәрсіз, қуаты жоқ жырларды керек етпейді. Өлең жолдарында қонаққа тек ең жақсынды ұсыну тілегі жатыр. Бұл өзіңнен бұрын өзгеге жақсылық жасау ізгі ниетімен астасатын, адамшылықтың аса биік талаптарының бірі.
«Түрік сөздігіндегі» қонақжай мінезді марапаттаған жырлар кеңпейілділік пен жомарттыққа жол аша отырып, сараңдықты сынауға ұласады. Жамандықтан жирену идеясын сараңдық сарынында жалғап, көне тақырыпты тақырыпты түрленткен кейінгі дәуір дауылпаздарының жырлары бабалар танымынан аса алшақ кетпейді. Байлық жайында жыр толғаған ақындар сарандық, қанағатсыздық, ашкөздік, тойымсыздық пен уайымсыздық секілді жаман қасиеттердін бәрі де бір дәулеттің айналасынан туындайтынын айтады. XI ғасырда М. Қашқари бабамыз «сараңдықтан без» дегенді жырымен жеткізсе, XIX ғасырда Абай мен Шәкәрім «сараңдықпен жиган байлығың — баянсыз, ол жаныңа медет бола алмайды» деп байлыққа қызықпауға үндейді. Ал XX ғасырдың соңына қарай Қадыр, Мұхтар ақындар байлық алғашқы орынға шыққан заманның, рухынан қанағатсыз құлқы биік тұрған адамның қалпын қаз-қалпында береді.
«Түрік сөздігінде» адамгершілік тақырыбы аясында білімге шақыру идеясы бой көтерген. Бабаларымыз сөздікте:
Өнер-білім ізде, үйренуден өркөкірек болма, жиренбе,
Өнер-білімсіз білімдісінсе, сынақта қиналар,
-дейді білімділікке мастанып, өзгенің бәрін наданға балап, өркөкіректікке салынба, үйренуден жиренбе де! Және бір ескеретін жайт, ол — ақылсыз, ілімі жоқ жанның өтірік білмдісуі, өтірік қашан да ерге, баспақ емес, ондай жандар сүрлеуінен жаңылып, сынақта сүрінеді.
Адамгершілік қасиеттерді сөз еткенде білімділіктен кейін сабырлылыққа көңіл бөлу керектігі Қашқари сөздігінде айтылады. «Сабыр түбі сары алтын» деген халық нақылы сөздіктегі өлең жолдарына негіз етілген. Жырдың дәстүр негізіндегі жалғастығын Абай өлеңінен табамыз: «Асығыс түбі — өкініш, Ойланып алмақ — сабыр сол». Ал Қадыр ақын болса сабыр сөзін баламаларымен қатар қолданып, төзім, шыдам дегеннің де соны боларын, сарқылатындығын сыр етіп шертеді.
Сонымен бірге сонау ХV-XVIII ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларының ішкі иірімдеріне бойлай көз жүгіртсек, онда бір ғана тақырыптың аясына сиятын ой кешу ерекшеліктеріне, үлгі-өнеге, тәрбие түрлеріне, тәрбиелік үгіт, насихат ой толғамдарына қайран қалмасқа болмайды. Қандай құбылысты алсаңыз да, халқымыз оны этикалық құндылықтарға негіздеген. Әлеуметтік тіршіліктің өзегінде, ойлау дүниесінің бел ортасында адамгершідіктің тұтқасы ретінде ең алдымен, адам баласының бойындағы жақсы, жаман мінез-құқықтары, кісілігі, қадір-қасиеті тұрды. Ендеше, данагөй аталарымыздың мұрасы — даналық, шешендік өнері арқылы жасалған адамгершілікті тану, игеру мектебі. Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған, атағы әлемге танымал болған қасиетті ғұлама философ әл-Фараби даналықты негізге ала отырып, өзінің философиялық және әлеуметтік-этикалық трактаттарында жеке адамдардың өмірі, олардың бағытқа жету жолдарын ғылыми философиялық негізде ашып беруге ұмтылған. Дана ғұлама «Бағыт жолын сілтеу» трактатыңда адам баласының қалауымен болатын талпыныс нәтижесіндегі игілікті мақсаттарының ішінде ең пайдалысын — бағыт дейді. Оған қолы жеткен тірі пеңде әр уақытта қанағат тұту керек. Мұндай пайымдаушылық әркімнің бағыт туралы ұғымын түрліше түсінікте қабылдауына әкеліп соғады. (Мысалы, байлық, т.б.) Әл-Фарабидің пікірінше бағытты көксеу әр адамнан өз бағытының шыңына жету жолының әдісі мен амалын табуды талап етеді. Бабамыз әлеуметтік-этикалық көзкарастарында адамның жеке басына қатысты бағыт ұғымын оның адамгершілігімен ұштастырады. Бағыт бір сөзбен, философиялық ой-зердесі, терең ақылдылық, сонымен бірге жақсы мінез-құлық үйлесімділігі. Соның ішінде мінез-құлық табиғи жолмен жетілген адам жанының рухани байлығы. Ол әрқашанда адамдардың іс-әрекетімен танылады. Дана өзінің этикалық шешімінде оның негізгі ажырамас бөлігі саналатын ақыл-ой мен адамгершілікті жоғары қояды. Оның пікірінше, қайырымды адам дегеніміз ақылды, яғни адамгершілігі мол адам. Мұндай адам өзіндегі адамшылық құндылықтарды танып, соған ие болып, оны одан әрі дамыту негізінде жетіледі. Ол үшін ең алдымен адам өзіне өзі адал болуы керектігіне баса назар аударады. Қытай халқының рухани өміріңде өпшес із қалдырған ұлы ойшыл Конфуций: «Парасатты адам танымының тереңдігімен, жанының жалындылығымен ерекшеленбей тұра алмайды. Оның жүгі ауыр, жолы ұзақ. Ол көтеретін жүктің аты — адамгершілік. Бұл ауыр жүк емей немене? Бұл жолдан оны ажал ғана айыра алады.Дана адам асып-тасымайды, талғамайды, батыл адам қорықпайды» деген екен. Сөз өнерінің шебері, адамгершіл ағартушы-гуманист Абай Құнанбаев өзінің тереңнен толғаған озық ойларында оның шынайы туындысы болған моральдық қисындарды, адамгершіліктің талап-тілектерін ашып көрсеткен. Абайдың қара сөздерінің негізгі нысана болған этикалық тәлім жүйелері адамгершілік қағидаларға негізделген. Абай бәрінен де ар-ұятты жоғары қояды. Адамның ең асыл касиеттері осылар деп білген. Абай «Адамшылықты алды — махаббат, ғаделет, сезім Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол — жаратқан тәңірісінің ісі» дейді.
Даналықты игеру жай ғана меңгеру емес, даналықтың диалектикасын игеру деген сөз. Дана адам — даналықты игеріп қана қоймай, оны шеберлікпен әрі қарай дамытып отырады, Дара тұлғалардың даналығының өзі — қазақ халқына тән адамгершілікті игеруден, сіңіруден келіп шықты. Демек, даналық және адамгершілік біте қайнасып жатыр, әрі бірін-бірі толықтырып жатыр. Сайып келгенде, даналық және адамгершілік бір-бірінсіз өмір сүрмейді.
Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі қоғамдағы адам өмірі, жалпы игілік пен жеке бақыттың үйлесімділігі, ізгіліктер мен қателіктер, адамдық пен надандық, өлім мен өмір, әділдік пен достық сияқты адамзаттық тіршіліктің әр тынысымен тамырлас түбірлі сұрақтарды қамтитын ізгіліктік белсенділіктер жеке тұлғаның өзін-өзі рухани жетілдіру әдісі және адамзаттық тәртіпті реттеуші компоненттері ретінде қарастырылады.
Ізгілік — адам болмысының ішкі жан дүниесінің, шындық жолға сай, толығымен тазарып, қайтадан өмірге келгендей сапалы өзгерісін қажет ететін күрделі де маңызды рухани құбылыс. Жолы тура болғанымен, азапты келетін ізгіліктің тұрақтап қалу мүмкіндігі де бар. Ол мүмкіндік адамның өз қолында. Ізгі адамның қағидасы жалғыз: «Өз игілігім — ел игілігі». Адамның тұлғалық бақытының мәні де осында.
Ізгі ой, ізгі сөз, ізгі көңіл, ізгі тіл, ізгі жүрек, ізгі тірлік, ақыл, білім белсенділіктерінің табиғаты мен өзара қатынасы, өзара тәуелділігі — ғұлама ізгілігінің негізін құрайды. Кейінірек сөз қозғайтын ізгі жол, ізгі бек — жоғарыда аталған ізгіліктік белсенділіктердің ізін баса, болып отыратын, көріне алатын нәтижесі. Алғашқы аталған ізгіліктік белсенділіктер басым қызметте көрінеді. Бұл басымдылық әрбір ізгіліктік белсенділіктің адам болмысына ізгілік рухын дарытып, ізгілік жолына түсуіне тигізер ықпалы мен әрекетіне байланысты анықталады.
«Ізгі ой» — адамның рухани дүниесіне елеулі әсер етер алатын күшке ие ізгіліктік белсенділік. Ой — ізгілікті тудыратын да, ізгілікке қарсы бағытта қозғайтын да маңызды компонент. Ой қозғайтын ниеттің дұрыс болуы — адамның өз қолындағы іс. Ниеттің туралығына тірек болар негізгі қағиданы ақыннын өзі-ақ ұсынады: «көп тыңда және тандай біл!». Мұндай жағдайда жан әлемінің тылсым жағындағы ниеттің «ізгі ойды» адам болмысына бейімдер мүмкіндігі де мол. Іс-әрекетке ұмтылған субъективтік-тұлғалық ниеттің байлық, атақ-даңқ, кек алу мақсатына емес, ізгілікке бағытталуы — ізгілікке қажет маңызды шарт. Жүрек ой мен сезім күшіне бағынады. Мәселе, қарама-қайшылықта немесе алғашқылықта емес, жүрек пен ой, сезім күштерінің біртұтастығында. Бұл — ғұлама ізгілігінің ішкі, аса бір мәнді жағы. Ізгіліктің кепілі — жүректің тазалығында, ізгілігінде.
Адамды адам қылатын екі қажеттіліктің бірі — оның ішкі жан дүниесі; яғни көңілі болса, екіншісі — тілі екен. Бұл жағдайда басым қызмет, негізгі рөл көңілдікі, сондықтан тіл көңіл ағысына көп қарсы келе алмайды. Жүрек материя, көңіл мен тіл — оған тән рух. Екеуінің бірлігі адамды тіршілігіне қажет күш, құралмен қамтамасыз етіп отырады.; Егер тілді желдірер сөзге зиян келсе, сөз бұзылса болғаны, онда тілің мен тәнің, көңіл мен көркіңнің де құрдымға кеткені. Адам осылайша адамдық мәнінен айрылмақ. Тілдің адамды әлемге би етер қызметінен басқа, оның өзін жоқ қылар зияны мен қасіреті де бар екеніне ғұлама терең мән берген.
Ж.Баласағұнның ең құнды ойларының бірі — адам болмысына адамдық, мәнділік берер екі негіз – көңіл мен тілді өз деңгей, дәрежесінде ұстап тұратын күш, құрал — ақыл мен білім категорияларының ерекшеліктерін………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!