Курстық жұмыс: Тарих | Тарихты оқыту әдістемесі пәні және ондағы оқыту әдістері

0

Курстық жұмыс: Тарих | Тарихты  оқыту  әдістемесі  пәні және  ондағы  оқыту  әдістері казакша Курстық жұмыс: Тарих | Тарихты  оқыту  әдістемесі  пәні және  ондағы  оқыту  әдістері на казахском языке

Кіріспе
Жұмыстың мақсаты:
Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды. Олай болса, жұмыстың мақсаты: тарихты оқытудағы әдістердің бір әңгімелеу тәсілдеріне толыққанды тоқталып сипаттама беру.
Жұмыстың міндеттері:
— Тарихты оқыту әдістемесі пәніне жалпы сипаттама
— Тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзбен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру
— Оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді әдіс — тәсілдер арқылы игеруі.
— Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдерінің қолданылуы
Жұмыстың өзектілігі:
Тәуелсіздік алғаннан кейін оқыту жүйесінде біраз өзгерістер болды. Тарихты оқытудағы әдістерге жаңаша әдістер келіп қосылды. Қазақстан тарихы жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Осы сәттен бастап, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың, мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін Отансүйгіш азамат тәрбиелеу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің біріне айналды. Қазіргі таңда тарихты оқыту барысында жаңаша тәсілдер пайдалану үстінде.
Жұмыстың тарихнамасы:
Жалпы алғанда «Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері» туралы көптеген ғалымдарымыз мерзімді басылымдар беттерінде қалам тербеп жүргендігі баршамызға аян. Курстық жұмыста Т. Хазіретәлінің «Мектепте тарихты оқыту әдістемесі», Т.Т. Тұрлығұлдың «Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі» және Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаевтың «Педагогика» атты кітаптарын пайдаландым.
1.1 Тарихты оқыту әдістемесі пәні және ондағы оқыту әдістері.
Тарихты оқыту әдістемесі -тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу оқып-үйренуге арналады. Сонымен әдістеме оқыу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
Әдістеме дегеніміз-методика. «методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда-«таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген ұғымдарды береді1. Әдістеме дегеніміз-нақты міндетті шешеудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі.Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріліеді. Мысалы, Швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді. Педагогикалық энциклопедия «оқыту әдістері»-мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалаптасады. Қабілеттері дамиды-деп жазылған2.
Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісінің осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс әрекетін нақты реттке келтіру тәсілдері.
Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мұмкіншілік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.
Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені оқытуды ең бастысы оқушылардың танымдық іс әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бір сыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс әрекетіне қолданылатын оқыту әдісітерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдісітері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практикамен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерімен қортылады. Осы ержелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.
Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ол мақсатқа жету, мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне , оқушылардың барлық дәрежесін, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогокалық ынтымақтастығына байланысты. «Оқыту әдісі» және «әдістемелік тәсіл» ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты3. Әдістемелік тәсіл оқу әдісінің элементті (компоненті, құрамды бөлімдері).Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру суреттерді демонстроциялау т.б.
«Әдіс» пен «тәсілдің» шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы. Сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы:
1. Егер мұғалім баяндау процесінде суреттеуді демонстроциялап көрсетсе, онда демонстрация әдістелік тәсілге жатады.
2. Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстроциялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.
3. Лабороториялық сабақтардың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдіс ретінде қолданылады.
4. Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайданылады.
Әдіс және тәсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке пәндерді оқытқанда қолданылады. Мысалы, тарих сабақтарында хронологиялық әдіс, арифметикада бүтін (тұтас) сандар әдісі, тіл сабақтарында оқытудың аналитикалық –синтетикалық әдісі, химияда және физикада лабораториялы, практикалық жұмыстар қолданылады.
Оқыту әдістері мен тәсілдері жайындағы зерттеу мәліметтер мұғалімдер арасында әліде бірыңғай түсініктердің жоқтығын көрсетті. Әдіс және тәсіл туралы сіздің түснігіңіз қалай деген сұраққа жауап берген мұғалімдердің 40 пайызы әдіс әдістемелік тәсілмен теңдес, бұл екі ұғым бірдей деп түсіндіреді. Бұған қарағанда, әдістер мен тәсілдер туралы кейбір мұғалімдердің педагогикалық ғылымның соңғы жетістіктерімен таныс емес екені байқалады. Сондықтан мұғалімдердің білімін көтеру жүйесінде бұл мәсілелерге ерекше көңіл аударылуы қажет.
ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К. А. Иванов әдістеменің маңызды міндеттері дәл сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау , бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді4.
Осылайша әдістеме пәні-педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің мысалы-оқушылардың әдісітері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.
Тарихты оқыту — өзара байланысты және үнемі қозғалыста болатын құрауыштарыдың басын біріктіретін өте күрделі процесс ол оқыту мақсаты →оның мазмұны →білім беру және оны игеруге басшылық жасау→оқушылардың оқу әрекеті→оқыту нәтижесі деге тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар оқыту мақсаты мен қол жеткен нәтиже, арасында, қолдануы жоспарластырылған және нақты қолданылған оқыту құралдары мен тәсілдері арасында пайда болады.
Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып үйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланысты дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатын қорытып, жаңғыртып пайдаланады.
Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады.
Өмірде нашар мұғалімдерді көп кездестіреміз, олардың пайда болуы өз пәнін жетік білуіне емес, ең бастысы олар өз білімдерін өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені, олар оқушыларға тарихи материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы тиіс.
Оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар.
ХХ – ші ғасырдың 20 жылдарында белгілі педагог – ғылымдар Б.Е. Райков, К:П. Ягодовский, М.М. Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.
30 – жылдары М.М. Пистрак, П.Н. Шимбирев, И:Т: Огородников оқытудың жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демонстация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.
50 – жылдардан бастап оқу әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге алды. Д.О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін, үшке бөледі: сөздік әдістер; кітаппен жұмыс істеу әдістері; оқыту-практикалық сабақтар әдістері.
50- жылдардың аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары Е.Я. Голант, С.Г. Шаповаленко, Н.М. Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жетеуін үш топқа бөлді:
Сөздік әдістер тобы: әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс.
Әңгімелеу. Мұғалім оқу материялдарын бір ізділікпен баяндады. Ол үшін материяды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде талдау жинақтау тәсілдері пайдаланылады. Әдетте әңгімелесу, бастауыш сыныптарда 10-15, ал жоғары сыныптарды 20-25 минутқа созылады. әңгімелеу әдісі көбінесе тіл, әдебиет, тарих, география сабақтарында қолданылады. Сабақтың қалған уақытында оқушылар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды.
Әңгіме әдісі сабақта сұрақ – жауап формасы түрінде қолданылады. Сондықтан мұғалім алдын ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесі мұқият ойластырылады. Бұл оқушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бір ізділік пен анықтауды қамтамасыз етеді. әңгімені осылай өткізу оқушылардың ойлау белсенділігін раттырады. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазмұнын, өзар байланысын анықтауға талаптандырады. Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. әңгіме әдісінің барлық процесі өтілген оқу материялын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.
Түсіндіру. Мұғалім оқу материялын баяндаушы оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материялдың мазмұнан дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады. Материялды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды кең түрде қолданады, оқушылар баяндау процесінде мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, байымдайды, дәлелдеуге тырысады.
Мұғалім түсіндіру әдісі бойынша оқушылардың іс — әрекетін басқарудың барлық мүмкіншіліктерін пайдалана білсе, онда оқушылар жаңа материады қабылдай отырып, өткен сабақта алған білімін салыстырады, талдайды. Мұғалімнің басты міндеті, оқушылардың танымдық, іс-әрекетінің ішкі процесін сезу, күдікті және қиын мәселелерді күн бұрын болжау, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, оқушыларға көмектесу.
Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі, күрделілігі, логикалық құрылысы жағынан айырмашылығы бар. Сондықтан лекцияны бастар алдында лқушыларға нақты сұрақтардан тұратын оның жоспары ұсынылады. Лекция сұрақтар бойынша логикалық бір ізділікпен баяндалады. Әрбір сұрақтан кейін қорытынды жасалады. Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми әдебиеттерде осы уақытқа дейін жарияланбаған мәселелер баяндалады.
Қазірге дейін дидактикада (оқыту теориясында) оқыту әдістері толық жіктеліп-сарапталып болған жоқ. Мәселен, тарихты оқыту әдістемесі туралы белгілі еңбектерде оқыту әдістері негізінен төмендегіше жіктеліп-сарапталады: 1. Тарихи материалды ауызша хабарлау әдістері: бұған мұғалімнің ауызша баяндау, әңгімесі, түсіндіру, мектеп лекциясы, оқушылармен әңгімелесу жатқызылады; 2. Тарихты көрекі құралдар көмегімен оқыту әдісі: бұған бояулар, суреттер, оқулықтағы иллюстрациялармен жұмыс жүргізу әдістері және портретті, карикатураны, картаны, экрандық және басқа да техникалық құралдарды пайдалану жатқызылды; 3. Тарихты оқытқанда түрлі мәтіндермен жұмыс істеу әдістері; бұған оқылықпен, тарихи құжаттармен, көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістері қосылды5.
Оқыту әдістерін бұлайша жіктеу-сараптаудан мұғалім мен оқышының сабақ үстінде атқаратын жұмысы және сол жұмысты ұйымдастыруда пайдаланылған құралы (тарихи құжат, көрнекі не техникалық құрал, оқулық т.б.) шешуші роль атқарады. Өткен ғасырдың екінші жартысында кеңістік педагогика ғылымы, соның ішінде дидактика едәуір дамыды. Сабаққа қатысты басты жаңалықтардың бірі-жаңа тақырыпты оқып үйренуге бүкіл сынып оқушылар қатыстыру және осы қатысу барысында оны меңгеру үшін оқушылар өздері ой қызметімен шұғылдануы керек. Оқушылардың меңгерген білімі оларды өздерінің ойлау қызметінің іс әрекетінің нәтижесі болуы тиіс.Сонда ғана алған білім берік болады. Сөйтіп, сабақта оқушылардың таным, ойдау қызметін, іс әрекетін дамыту бірінші кезекке шықты, басты міндет етіп қойылды. Осыған сәйкес оқыту теориясы саласында еңбек етіп жүрген бір қатар ғалымдар барлық пәндерге ортақ деп оқыту әдістерін төмендегіше жіктеп -саралады :
Иллюстрациялап түсіндіру әдісі — бұл мұғалімінің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып пайданылатын басқа құралдарды (оқулықпен, техникалқы, көрнекі т.б. құралдар, көркем әдеиет т.б.) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысныда мұғалім де , оқушыларда қызмет еттерді.
Репродуктивті әдіс – оқушылрға қажетті біліктерді қалыптастыруды көздейді. Өйткені, оқушылар иллюстрациялап түсіндіру кезінде меңгерген білімін қолдануға қажетті біліктерді меңгере алмайды. Олар осы екінші әдісті қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл әдісті пайдалану кезінде оқушылар мұғалімінің басшылығымен ол оқытып үйреткен білімді өздігінше бірнеше рет және әртүрлі жағдайда еске түсіруге мүмкіндік беретін жұмыс түрін атқарады. Мәселен, бүгін өтілген тарихи оқиғаны бұрын оқытылып кеткен ұқсас оқиғамен салыстырып, ұқсас белгілері мен ерекшеліктерін табады. Өтілген материал бойынша жоспар жасайды, тарихи фактілерге өздігіше баға береді, теориялық қорытындыларға, тұжырымдарға тарихтан, өмірден өздігінше нақты мысалдар келтіреді, түрлі схемалар, кестелер сызады т.б.
Проблемалық оқыту әдісі — мұның мәнісі мұғалім жаңа тақырыпты баяндар алдында немесе оның белгілі бір маңызды мәселесін түсіндіруге кіріскенде оқушылардың алдына проблема қояды, оның шешілуі туралы ғылыми болжам жасайды, соған жетудің әртүрлі жолдарын, нұсқаларын ұсынады. Оқушылар мұғалімнің әңгімесін зер сала тыңдай отырып, проблеманы шешу лоникасын қадағалайды, алдын ала жасалаған ғылыми болжамдардың, шығарылған қортындылардың қайсысының қаншалықты дұрыстығын дәледілігін аңғарады.
Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс-оқушыларды бірте — бірте белгілі бір проблемаларды өздігіше шеше алу дәрежесіне дейін жеткізуді көздейді, қажетті біліктерді біртіндеп қалыптастырады. Мысалы, бояулы суретке , құжатқа , түсірген мәселеге байланысты сұрақ қоя отырып, проблеманы шешуге үйретеді: естіген фактілері бойынша қорытынды жасауды, немесе өздерінің болжамдарын айтуды ұсынады т.б.
Зерттеу әдісі – шығармашылық пен жұмыс істеу тәсілін және білім мен біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Бұл әдіс Кеңес мектебі тәжрибесінде ұзақ уақыт және кеңінен қолданылады, сонымен бірге өзінің тиімді екенін де көрсеті. Зерттеу әдісі — ғылыми тұрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс істеудің бұған дейінгі айтылып өткен белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын жүргізуге қызығатын оқушылардың ынтасын ұштай түседі; оқушылар білімді толық әрі саналы түрде меңгереді және оны ұтымды орынды қолдана алуға үйренеді.
Сөйтіп, оқушылардың іс әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға, бағытталған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі, демек белгілі бір сатыларға бөлінеді. Алғашқы әдіс-бірінші саты, екінші -төртінші әдістер-екінші саты, соңғы әдіс-үшінші саты.
Белгілі дидактик –ғалым И. Я. Лернер өз еңбегінде жоғарыдағы оқыту әдістері туралы өзінің ғылыми тұжырымдарын одан әрі жетілдіріп, ол әдістерді тарих пәні мысалы арқылы былай деп көрсетеді (автордың алғашқы, негізгі мамандығы-«тарих пәнінің мұғалімі»- Т. Тұрлығұл6.
«Тарихи материалды оқып, тарып білу және оны меңгеру үшін көптеген тәсілдер мен құралдар қолданылады. Алайда, олардың бәрі біз келтіріп отырған төмендегі оқыту әдістерінде қамтылады.
Информациялы — рецептивті (дайын рецеппен ) (І) -әдіс әңгіме, лекция, экскурция түрінде, оқулықтың, натуралды немесе жазбаша тарихи құжаттың, тарихи объектінің көшірмесі не суретінің көмегімен жүзеге асырылады. Түрлі жұмыс формалары мен құралдар: оқулық, құжат, сурет, әңгіме, лекция, экскурция барысында ұштастырыла пайданылады. Білімді хабарлау негізінен оқулық бойынша жүргізіледі.
Репродуктивті (қайта еске түсіру) (2)-әдіс тарихты оқыту барыснда мұғалім берген тапсырма бойынша оқушылардың белгілі бір мәтінмен ауызша, жазбаша жатығуларды, басқада оқу қызметтерін өздігінше орындау арқылы жүзеге асады. Бұл әдіс репродуктивті әңгімелесу-қайта еске түсіру арқылы да орындалады.Қолданылатын құралдар бірінші әдісте көрсетілген. Проблемалық баяндауда (3) – информациялық- рециптивті әдісте қолданылған жұмыс түрлері мен құралдар пайданылады, бірақ айтылатын хабардың мазмұны басқаша болады.
Эвристикалық (тапқылық) әдіс (4) – эвристикалық әңгімелесуді, ізденуді талап ететін тапсырмаларды мұғалімінің көмегімен орындауды (қиянды келтірген жағдайда), оқушылардың іс әрекетін дұрыс бағыт беру үшін мұғалімнің толықтырушы жағдайлар туғызуын көздейді. Мұнда да бұрынғы құралдар пайданылады.
Зерттеу (5) — әдісі де сол құралдардың көмегімен жүзеге асады. Ол зерттеу сипаты бар тапсырмалар беру арқылы орындалады.
Оқу пәніні, бұл жерде тарихты оқытуға арналған әдістер барлық кезде де нақты тәсілдер арқылы іске асырылады, ал оларды біріктіп тұтас және бір бірімен ұштастыра қарасақ , оның бәрі жиылып оқыту әдістемесін құрастырады»7…..

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!