Курстық жұмыс: Тарих | Қазақ жерінің перзенті Заратуштра — әлем халықтарының ұлы ұстазы | курстык жумыс Қазақ жерінің перзенті Заратуштра

0

Мазмұны

І Кіріспе……………………………………..3
ІІ Негізгі бөлім.
Қазақ жерінің перзенті Заратуштра — әлем халықтарының ұлы ұстазы.
1. Зороастризм ілімі және оның пайда болуы……………………………………………..4-5
2. Заратуштраның шығу тегі туралы пікір-таластар…………………………………..5-6
3. Авестаның негізгі мәні…………………………………………………………………………..6-8
4. Ежелгі Иран жеріндегі зороастризм діні……………………………………………..8-9
5. Зороастризм дінінің мейрамдары мен ғұрыптары………………………………………9
6. Қазақстандағы ертедегі зороастризм діні…………………………………………..9-10
7. Қазақ мәдениетіндегі діни жүйелер мен рәміздердегі зороастризм көріністері…………………………..10-11
8. Шымкенттегі бір жарым мың жыл бұрын жерленген зороастрийлік олжа………………….
Қорытынды……………………………………………………………………………………………………12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………….13

Кіріспе
Ғасырлар тоғысында, жаңа мың жылдыққа аяқ басу барысында өткен тарихи — мәдени жолды зерделеп, болашақты болжау заңды, ұлттық сана мен тарихи жады үшін өткен кезеңдердің маңызы мен мәні өте зор.
Адамзаттың рухани дамуында айрықша орын алатын ежелгі діндердің бірі де бірегейі зороастризм. Діни жүйелер көне халықтар мәдениетінде жүйе құраушы рөл атқарды. Әрине, бұл діни жүйелер бір күнде бірден пайда болмайды. Олардың өзіндік даму тарихы, даму заңдылықтары бар. Ал бұл заңдылықтарды ашу, даму тарихындағы кезеңдерді зерделеу, өз кезегінде сол ерте дәуірдегі адамдардың дүниетанымын, арман-мұраттарын, қарым-қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Сондай — ақ діни жүйелердің қазіргі заманға дейін сақталған көмескі нышандары мәдени бастаулар мен қазіргі мәдениет арасындағы тарихи — мәдени сабақтастықты көрсетеді. Адамзатқа адамгершілік өлшемін ұсынған улы жүйе құрушылар мұрасын қарастырғанда мәдени сабақтастық пен мәдени жасампаздық диалектикасына назар аудару қажет. Міне, осы тұрғыда заратуштра ілімін жан-жақты толық, терең түсіну үшін, оның көзқарастарына әсер еткен ескі наным-сенімдерді, рәсім-рәміздерді зерттеудің маңызы зор болмақ.
Зороастризм ілімі және оның пайда болуы
Зороастризм осыдан 3500-4000 жыл бұрын Орталық Азияда пайда болып, кейін Иран, Ауғанстан, Ирак, Таяу Шығыс елдері аумағына таралған. Зороастризм кейінен негізінең ұстанған Иран халқының ежелгі дініне айналды. Зороастризм негізін салған Заратуштра Спитама болып табылады. Зороастризм — тек қана діни наным-сенім жүйесі ғана емес, сонымен қатар философиялық, дүниетанымдық жүйе болып табылады. Зороастризм ежелгі заманның философиялық жүйелерінің қалыптасуында, иуда, христиан және ислам діндеріндегі жорамалдық ілімдерге де зор әсер етті. Қасиетті кітабы — «Авеста».
Зороастризм ізгілік пен қараулықты бір — біріне қарама-қарсы қоя отырып, дүниедегі барлық процестерді осы «мәңгілік екі бастаудың» күресімен байланыстырады. Бір ғана жаратушы Ие-Ахура Маздаға сыйынуды уағыздайды. Оттың адам баласының бойын тазартудағы ролін жоғары бағалайды. Зороастризм бойынша әлемде бір-біріне қарама-қарсы екі негіздің — жақсылық пен ізгіліктің құдайы, нұрдың, өмірдің, ақиқаттың рәмізі — Ахура Мазда мен зұлымдықтың белгісі, қараңғылық пен өлім тәні басы Анхра Майньюдің арасында толастамайтын күрес жүріп жатады. Демек әлемде екі құдай бар, оның біреуі — мейірімді құдай Ахура Мазда, екіншісі — мейірімсіз құдай — Анхра Майнью. Зороастризм — дуалистік дін. Бұл діннің аңыздары болашақ жайындағы күрделі ілімді де уағыздайды. Олардың болжамынша, дүниежүзілік тарих 12 мың жылға созылады, оның үш мың жылы «Алтын ғасыр'» кезеңі, яғни «Бозторғай жұмыртқалайтын» заман болады. Бұл дәуірде ауруда, өлім де, аш — жалаңаштық та адамды қинамайды.
Зороастризмнің пайда болуы туралы ғылымда екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Бірінші көзқарас бойынша, зороастризм Батыс Иранда, негізінен, Мидияда пайда болып, олардан парсылар қабылдаған, парсылар арқылы бүкіл шығысқа таралған. Бұл көзқарас «Авеста» мен зороастризмнің пайда болуының «батыстық» немесе «мидиялық» теориясы деп аталады. Бұған қарама-қарсы екінші көзқарас — зороастризм мен «Авестаның» пайда болуының «шығыстық» немесе «бактриялық» теориясы. Бұл теория бойынша, зороастризм Бактрияда пайда болып, кейін батысқа, Мидия мен Парсы еліне таралған «Авестадағы» деректер, діни мифологиялық сюжеттер ондағы жырлардың Орталық Азияда дүниеге келгенін айғақтайды. Орыс ғалымы И.С.Брагинский «Авестада» батыс ирандықтардың діни ерекшеліктерін сипаттайтын ешқандай белгі жоқ екендігін атап көрсетеді. Санк-Петербургтік ғалымдар С.Г.Кляшторный мен Т.И.Султанов «Авестада» баяндалатын тарихи оқиғалар Каспий мен Арал теңіздерінің маңында, Амудария, Сырдария және Еділ өзендерінің Войында орын алған деп тұжырымдайды.
“Авестада” Заратуштра синған Ахура Мазда құдайға табынуға қарсы шыққан Қазақстан мен Орталық Азияның көшпелі тайпалараның бәрі «турлар» деп аталған. Кейбір зерттеушілер «тур» халқын грек деректемелері бойынша кейінгі массагеттермен, яғни сақ тайпасымен байланыстырады. Ресей шығыстанушысы В.И.Абаевтың пікірінше, сақтардың басым көпшілігі зороастризмді қабылдамаған. Алайда олардың бір бөлігі заратуштра ілімін қабылдап, оны алтайлықтар арасында таратты.
Кейін бұл ілім бір құдайға сиынудың бастауы болған тәңіршілдік сенімге негіз болып қаланған. Абаев зороастризм тарихын төрт кезеңге бөледі: 1) ежелгі зороастризм. 2) Ахемен әулеті империясы кезеңіндегі зороастризм 3) сақтар арасында таралған. 4) сасани әулет империясы кезеңіндегі зороастризм. Бірінші және үшінші кезеңде зороастризм Орталық Азияда дамыған, мұны «жасампаздық кезеңдер» деп те айтады, ал екінші мен төртінші кезеңде ғалымдар зороастризм Батыс Иранда дамиды, бұл кезеңді ғалымдар «догматтық — клерикалдық» деп атайды. Орыс философы А.О.Маковельский (1884 — 1969 жж) шығыстық, Орта Азиялық және батыстық зороастризмді бір-бірінен ажырата білу қажеттігін ескеріп, Орталық Азиядан табылған алтын тақтайшаларда бейнеленген зороастризм рәсімдер мен ежелгі грек авторлары баяндаған және «Авеста» деректерінде сипатталған, Зороастризм рәсімдер арасында айырмашылық барын атап көрсетеді. Зороастризмнің тарихи дамуын және таралу аймағын ескере отырып, оны біртекті құбылыс деп айтуға болмайды. Әсіресе, Ахемен әулеті империясында зороастризм ілімінен тек өздерінің қажетіне сай келетін нолотеистік идеяларды ғана қабылдаған. Зороастризмнің діни — этикалық ілімі, философиялық ой-пікірлері ұзақ уақыт бойы адамзаттың рухани азығы болып келеді.
Заратуштраның шығу тегі туралы пікір — таластар.
Платон Заратуштраны — бақсылардың ұстазы деп санаса, Заратуштраны зерттеуші орыс ғалымы Л.А.Лелеков: «Гректер өз жүйелерінің Заратуштрадан бастау алатынын мақтан еткен. Пифагордың өзі тағылар пайғамбарының шәкірті деп жарияланды», — дейді. Заратуштраның туған жері, елі, ілімінің мән — мазмұны мен таралған аймақтары, кіші «Авеста» кітабындағы жыр үлгілерінің Заратуштраның төл туындысы — гат қағидаларына қатысы туралы мәселелер ғалымдар арасында қызу пікір-таластар туғызды. Заратуштрашылдықтың қасиетті кітабы «Авестаның» көне бөлімдерінің бірі гаттарда мифологиялық образдардың кездесуі, арату Заратуштраның тарихи тұлға екендігін жоққа шығаруға себеп болса, соңғы кезеңдердегі лингвистикалық, тарихи зерттеулер оның тарихта болған адам екендігін дәлелдеді. Неміс тарихшысы Э.Мейер (1855-1930жж) тағы басқа Батыс Европа ғалымдары Заратуштраның тегін Европадан шығаруға тырысты. Заратуштраның өмір сүрген уақыты туралы нақтылы мәліметтер жоқ. Соған қарамастан гаттарға сүйене отырып, Заратуштраны өзі өмір сүрген қауымдағы бұрынғы құндылықтардың дағдарысқа ұшырап, жаңа құндылықтар әлі қалыптаспаған аралық дәуірде өмір сүрген деп тұжырымдауға болады. Міне, осы кезеңде қоғамға жаңа дүние танымдық парадигма қажет болды. Бұл парадигма Заратуштраның өсиет сөздері мен ілімдерінде көрініс тапты. Кейін бұл уақытты неміс философы К.Ясперс (1883 -1969 жж) «тарихтағы белдеулік уақыт» деп атады.
XX ғасырдың орта шенінде парсы ғалымы Капиада, сондай-ақ, орыс шығыстанушысы В.В.Струве (1889 — 1965 жж) тағы басқа ғалымдар Заратуштраның Орталық-Азияның кеңістігінде оның ішінде Қазақстанның бөлігінде туып өскенін дәлелдеді. Ал ағылшын ғалымы, Лондон университетінің профессоры Мэри Боис «Заратуштрашылдар» атты кітабында өзіне дейінгі зерттеушілердің дәйектерін қорыта келе, Заратуштраның Каспи теңізі Еділ өзенінің шығыс беткейіндегі жазық дала төсінде өмір сүргендігі туралы кесімді пікір айтты. Ұзақ уақыт бойы зерттеушілер Заратуштраның туған жері Батыс Иран деп келсе, қазіргі заман ғалымдарының басым көпшілігі оның отаны Шығыс Иран немесе Орталық Азия деп санайды.
Ресей шығыстанушысы В.И.Абаев Заратуштрашылдықтың Шығыс Иранда болғанын растай отырып, Заратуштраның өзі кейінгі сақтар елінен шығуы мүмкін деген болжам жасайды, Заратуштраның сақтармен туыстық байланысы болғанына күмәнданбайды.
Ал Заратуштрашылдықтың Сасани әулеті империясының мемлекеттік дініне айналуы және «Авестаның» осы уақыттарда хатқа түсуі Заратуштра парсы деуге негіз қалап, оның шын туған жерін анықтау ісі ұмыт қалды. Тарихи деректердегі Заратуштра Виштаспа сарайына солтүстіктен келді деген мәліметтер Боистың «Заратушра Еділдің шығыс беткейлеріндегі азиялық далада өмір сүрді» деген тұжырымдарына сәйкес келеді. Соңғы ғылыми пікірлер бойынша, Заратуштра осыдан — 3500 жыл бұрын, Каспий мен Еділ өзенінің шығыс жағалауындағы Ұлы Тұран жазығында немесе Сырдария (Даитая) жазығында Поурушаспа деген малшының отбасында дүниеге келген. Кез келген көшпелі жұрттың өкілі тәрізді Заратуштра да табиғат құбылыстарына табынып, бала күнінен адам мен ғаламның, болмыстың сырын ұғуға, жаратушы неге жетуге талпынды. 30-жасқа толғанда көктемгі теңесу сәті Наурызды қарсы алған күннің ертесіне Заратуштра әлемді жаратушы құдірет иесі — Ахура Мазда құдайға жолығады.
Соның шарапатымен Заратуштра ақыл білімге кенеліп жаратушы жалғыз иенің ақиқат сөздерін жұртқа тарата бастайды. Бұл: будданың жер бетіне келуінен — 1000 жыл, Иса пайғамбардың келуінен 1500 жыл, ал Мұхаммед пайғамбардың жаратушыдан Құран Кәрім аяттарын қабылдауынан 2000 жыл бұрын болған оқиға еді. Заратуштра пәниден өкінішсіз өтіп, бақидың рахатына кенелу үшін адамзат баласына: «ізгілікті ойға беріл», «ізгілікті сөз айт» және «ізгілікті іс тындыр» деп үш шарт қояды. Кесапаты көп, қиянаты мол пенделер болашақта тозақтың отына шарпылып, қиямет-қайым күй кешетінін ескертті, тайпаластарын әділеттілік пен қанағатшылдық жолына үндеді. Заратуштраның уағыздарын ен даланы еркін жайлаған көшпелі жұрт қабылдай алмады, оның өзін қуғындап, өміріне қауіп төндірді. Еділ бойын тастап қашқан дала пайғамбары Бактрия елінің (қазіргі Түрікменстан, Ауғаныстан аумағы) билеушісі Виштаспа патшаны барып паналайды. Патша оның уағыздарына ұйып, ақыл-парасатына тәнті болады. Осылайша Заратуштра ілімі Бактрия арқылы ежелгі Иранға тарайды.
Арада бірнеше ғасыр өткен соң Заратуштраның дінимистикалық уағыздары мен дұға-өлеңдері жинақталып, жүйеленеді де, «Авеста» деген атпен көне парсы тілінде кітап болып шығады. Адамзаттың алғашқы ұстазы жөнінде неміс философы Ф.Ницше «Заратуштра осылай деген» атты философиялық толғау жазған.
Авестаның негізгі мәні
Зороастризмнің қасиетті кітабы және негізгі жазба ескерткіші, әдеби және мәдени жәдігері «Авеста». Қасиетті «Авестаның» ең кеш шыққан тараулары б.э.д XIII ғасырға жатады. Қасиетті «Авеста» ежелгі мәдениеттен хабардар етіп қана қоймай, сол дәуірдегі заман оқиғаларынан терең мағлұматтар беріп, күш тарих беттері мен көне тарих беттерімен сыр шертеді және ежелгі, ең құнды ескерткіштерінің бірі болып саналады. «Авестаның» зороастризм жайындағы көп нұсқаулары бізге толық жетпеген. Оның ең көне бөлігі «гат» деген атпен белгілі. «Қасиетті кітапты», энцеклопедиялық туынды деп қарастырсақ та болатын сияқты.
Өйткені мұнда түрлі ғылым салалары мен қатар, заңдар туралы, адамгершілік хақында толып жатқан қызықты деректер кездеседі. Сонымен қатар «Авеста» тарихи ескерткіш болып саналады. Мұнда ұлы пайғамбар Зороастраның есімімен аталған зороастризм діні туралы мағлұматтар осы «Авеста» арқылы біздің заманымызга дейін жетіп отыр. «Авеста» кітабында адамның ақыл ойы, оның өсіп-жетілуі, еңбектенуі, өзгеруі, табыстарға жетуі және тағы басқа өмірлік мәселелер жырға қосылады. Сонымен қатар, әділ патша билігі, жарқын өмір сүру, тату-тәтті қарым-қатынастар орнату іс-әрекетті ақылмен жасау, адал еңбекпен күн көру, адамдарға шексіз қайырымдылық жасау сияқты өмірлік мәселелер сөз болады. «Двеста» бойынша әлемді ең көне замандардан тұңғыш адам басқарып келген. Оны Ангра-Майну құдай өлтірген соң, әлемде ізгілік пен зұлымдықтың күресі басталады. Ол орасан апатқа әкеліп соқтырды: барша әлем отқа оранып майып болды. Осыдан сол әлем екінші қайтара жаратылды. Ахурамазданың жарық пен ізгілік әлеміне Ангра — Майнудың зұлымдық пен қапас әлемі қарсы тұрды. Зұлымдық құдайы Ахурамазданы мейлінше жек көрді. Бірақ оған қарсы әлдене жасауға дәрменсіз еді: бір ауыз ізгі сөздің өзі зұлымдық рухын құртып жібере алатын еді. Бұл күрес мың жылға созылады. Одан кейінгі мың жылдықта жарық мен ізгілік құдайы «фраваши» — Заратуштраның рух болмысын жасап, оны «ғұмыр бәйтерегі» — «хаоманың» өзегіне орналастырады. Осыдан кейінгі кезеңде жарық пен қапастың ортасындағы заттық әлем жасалады. Ахурамазда өз қолымен бірінші адамды және бір бұқаны жаратады. Үшінші мыңжылдықта Ангра Майну Ахурамаздамен соғысып, бұқа мен адамды өлтіреді, бірақ олардың ішінен адамдар шығады. Келесі мыңжылдықта Ахурамазда Заратуштраға адам кейін беріп, адамдарға ақиқат дін таратуға жұмсады. Жарықты қорғай ма, қапас жағына шығарма таңдауды Заратуштраның өзіне қалдырады. Адамзаттың басым бөлігінің дұрыс өмір құруы, ізгілік жағында болуы Ахурамазданың зұлымдықты жеңуіне көмектеседі. Әлемнің даму циклі аяқталғанда Заратуштра жер беріне құтқарушы кейпінде оралады. Заратуштра діні бойынша, ақырзаман болғанда өлгендер Ахурамазданың алдына жауапқа барады. Өлген адамның жаны аспанға ұшып, «жаза көпіріне» барады. Оларды онда құдайлар күтіп тұрады күнәсіз жандар жарық пен қайырымдылық әлеміне, күнә жасағандар зұлымдық әлеміне жіберіледі. Адамның тәні жер үстінде қалып, табиғатпен тұтасады: қаны суға, сүйегі топыраққа, өмірлік қуаты отқа қосылады. Ақырзаман келгенде Ахурамазданың бұйрығымен адамдардың жаны мен тәні бір-бірін тауып қосылады. Осыдан соң үш күнге ізгілер жұмаққа, зұлымдар тамұққа түседі. Үш күннен соң Ахурамазда барлық адамдарды бір жерге жиып жерді балқытып, сол балқыған денеді адамдарға жібереді. Одан күнә жасамаған адамдар сескенбек емес, өйткені олар үшін балқыған жердің ыстығы жылы сүттей ғана сезіледі. Ал күнәлілер ол ыстықтан қуырылып қалады. Осылай қасиетті ол әлемді барлық күнә атаулыдан арылтады. Күнә жасағандар күнәсінен тазартады. Жарық пен ізгілік құдайы қапас пен зұлымдықты біржола жеңеді. Митра құдай басқа құдайлардың көмегімен Ангра -Маинуді жеңіп, от тасқынына лақтырады. Сонда әлемде қайырымдылық пен ізгілік дәуірі орнайды.
Авеста — діни — философиялық ағымда жазылған өсиет кітабы. Негізгі мәні — дуализм. Авеста мәтіндерін беріле түсініп оқу керек. Зороастризм — аскеттік өмір салтын насихаттады. Аскетизм — материалдық құндылықтардан бас тартып, өзін-өзі шектеп өмір сүру.
Ежелгі Иран жеріндегі Зороастризм діні.
Алғашқы дәуірде ирандықтар тек қана дуализмге сенген. Бұл жақсы мен жаман, қайырым мен жамандық, тартымсыздық пен әдемілік түріндегі дуализм еді. Тіршілік қауымынан егіншілікпен айналысатын қауым түріне өткен парсылар күн сәулесі мен жаңбырды ең үлкен жақсылықтың түрі деп біліп, құрғақшылық, аштық пен қараңғылықты, қыс пен түнді ауру мен өлімді ең үлкен жамандықтар деп түсінген.
Өріс тәңірі Митраның кейін ең маңызды тәңірге айналуы парсылардың егіншілікке өткенінің белгісі болып табылады. Жарық күн сәулесі әлемінде көк Тәңірі Аруна мен басқа жақсылық тәңірлері мекен еткен, ал жамандық пен қараңғылық әлемінде шайтандар мекен еткен. Жын-пері мен шайтандардан сақ болу үшін онымен күресу жолдарын іздегеп ирандықтар сиқырлық пен алдын ала болжау сияқты күштерге сене бастады. Осының нәтижесінде халықты өзіне бағындыратын дін адамдары пайда болды. Заратуштра халықты олардың құтқару жолында маңызды рефоромалар жасады. Бірақ Иран және оның төңірегінде оған үстем болған көп тәңірлік діндер солардың бірі Маздакизм (Зороастризм) бұйрығы жағдайына келтірілді. Сонымен бірге ескі діндермен болған ұқсастығын да жоғалтпады. Жалғыз Иранда емес, Европадағы діндердің барлығында осындай өзгерістер болды. Бұл діндерден ерекше тұрған Авеста кітабынан мәліметтеріміз көп. Маздакизмнің көрсететіп бұл шығармашылық (Авестаның) Ригведамем ұқсас болу себебі Үнді Еуропа діндерінің ортақ негізі болғандығы туралы пікірімізді дәлелдей түседі. Атап айтқанда, діни құрбандық шалу кезінде қолданылған Авестадағы хана, ведалрдағы сана сияқты ішімдіктердің ұқсастығы діии рәсімдердің ұқсастықтарын дәлелдейді. Б.з.д. 570 — 1000 жылдар арасында пайда болған маздакизм тек қана көк тәңірі. Аурамдаздаға сенген еді. Күллі Иран императорлары оның тәңірлердің тәңірі болғанына, дүниені жаратушы және жалғыз басқарушы екеніне, аспан нұры екеніне сенетін. Сонымен бірге аз танымал болған кішігірім тәңірлерге де сиынған. Бірақ, бұл тәңірлер Ахурамаздаға қарсы қойылмаған. Бұл жүйеге қарасақ кішігірім құдайларды бір топ періште немесе тәңірі атынан басқарған даналар ретінде қарастыруға болады. Бұл тәңірлердің барлығы Издан деп аталған.
Издандар табиғаттағы кейбір істерді атқаруға жауапты. Бұлардың ең үлкені Мехр (Митра) болып, өрістердің және шындықтың тәңірі деп қабылданды. Митра барлық нәрсені естіп, хабардар болатын. Оның мың құлағы мен он мың көзі бар еді. Жаңбыр жаудыру, өріс пен жайылымды көгерту Мехрдің жауапкершілігінде еді. Соғыстың тәңірі Бахрам (Веретханга) күшті аңдар бейнесінде болып соғыстың тағдырын шешетін еді. Байлық пен құдіреттің құдайы Хорн (Ксварнах), шарап тәңірі Хемо (Хаомо), молшылық пен тәңірлердің ең көп таралғандары болып табылатын. Бұл діни мәселенің негізі жақсылық пен жамандық арасындағы күрес еді. Заратуштра Митраны құдай емес, ұлы құдай Ахурамазданың жаратқан періштесі дейді.
Зороастризм дінінің мейрамдары мен ғұрыптары
Зороастризм ілімі ізгілік пен зұлымдық, жарық пен қапастың ымырасыз күресі арқылы ең жоғары адамшылық құндылықтарына жетуді үш дәуірге бөледі. Олардың біріншісі — жарату, екіншісі — әлемге Ангро-Маньюдің зұлымдық тарата келуі немесе жақсы мен жаманның сапырылысы, үшіншісі — ізгіліктің зұлымдықты жеңіп мәңгі жасау дәуірі немесе ажыратылу. Мұның негізінде бәрі өзінің бастапқы қалпына оралады (бірінші ізгілік құдайы әлемге келіп, зұлымдық құдайы сонан соң пайда болды) деген қарабайыр философияның жатқандығын аңғару қиын емес. Осы қайырымдылық дүниесінің оралуы жолында, зұлымдыққа қарсылықтың көрінісі ретінде күніне бес мәрте (күннің қозғалысы цикліне қарай) Ахурамаздаға құлшылық жасап, дұға оқу міндетті саналды. Зороастризм малшылар мен диқандардың жылдың әр маусымына қарай өткізетін мерекелерін, тайпалар өміріндегі ерекше оқиғаларға байланысты салтанаттарды дінге орайластырып, жаңа мазмұн беріп ретке түсірді. Көктемнің ортасында аспанның жаратылуы тойланады. Бұл мереке әр адамның салауатты өмір жолындағы көрсетуі тиіс қажыр-қайратын марапаттады. Жаздың тең ортасы, күзде астық жинау, малдың жайлаудан қайтуы, қыс ортасы көктемде күн мен түн теңелуі қарсаңындағы жылдың соңғы кеші мерекелері болды. Соңғысы Ахурамаздаға, оның жаратқан адамына арналды. Сонымен бірге мерекеде фравашиге ақиқат үшін күрескен шаһиттердің аруағына ерекше құрмет көрсетілді. Осылардың ішінде күн мен түннің теңеліп, жаңа жылдың келуі мен байланысты Наурыз (жаңа күн) мерекесі ерекше болды. Ол ақиқат пен ізгіліктің мәңгілік салтанат құруының қарсаңы деген ұғыммен байланыстырылып, өмір қуаты — тазартушы отқа арналды. Яғни Зороастризмнің барлық мерекелері тайпалардың тұрмыс және рухани өмірімен байланысты болды. Зороастризм дінінің ғұрыптарының ішіндегі ең бастысы — Ахура Мазданың рәмізі ретінде отты қастерлеу. От адам жанының негізі. Зороастризм храмдары барлық жерлерде бір үлгімен салынды: құрылыстың дәл ортасында арнайы бөлме бөлініп, оған қасиетті ошақ қойылды. Құлшылық және мәжіліс залдары осы бөлмені айнала орналастырылды. Құлшылық оты төрт бұрышты тастың үстіндегі металл ыдысқа тұтатылды. Мемлекеттің басты үш храмында үш от жағылып, олардың әрқайсысы қоғамның белгілі тобының оты болып саналды. Мәселен, Парсы храмындағы — жауынгерлердің, Хорасандағы от жалпы қауымның оты болып есептелді. Дін қызметшілері бұл оттардың өшіп қалмауына міндеттелді.
Қазақстандағы ертедегі зороастризм діні.
Зороастризм мифтерінде әлем Күн құдайы — Митра құрбандыққа шалған бұқаның мүшелерінен жаратылған деген аңыз бар. Қазақстандағы Ешкі өлмес тауынан Митраның көнеде салынған суреті табылды. Суретте Митра бұқаның үстінде тұрған, басынан күн шапағы тараған антропоморфты кескінде бейнеленген. Таңбалы тас қойнауынан да Митраға құлшылық жасауды көрсететін ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!