Курстық жұмыс: Тарих | Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс

0

І тарау . Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1.1 К.Қасымұлы бастаған көтерілістің басталу себебі
1822 жылы Сібір қазақтары туралы устав далалық аудандарды басқару құрылымын өзгертіп жіберді. Енді басқарудың округтік жүйесі енгізілді. Ал ол бойынша қазақ қоғамы округке, болысқа, ауылға бөлінді. Төмендегі әкімшілік бірлестігі ретінде ауыл құрамына 50-70 -ке дейінгі үйлерді біріктірді. Осындай 10-12 ауылдан болыс құрылды. 10-15 болыстан округ қалыптасты. Бұлардың белгілі бір территориясы болды. Әкімшілік билігін сақтап қалған аға сұлтандар негізінен алғанда сол үкімет билігін нығайтылуын қамтамасыз етуге тиісті еді.
.Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған барлық ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысты. Олар күреске бірден, жұмыла қосылмағанымен, жекелеген облыстар қозғалысқа тартылған кезде өзге аудандардағы қозғалыс басылып қалып отырғанымен Кенесары көтерілісі алғашқы жылдардың өзінде –ақ ғаламат кең құлаш жайып, бүкіл халық көтерілген қозғалысқа айналды.
Қозғалыстың бүкіл халықтылығы, кең қанат жаюы, айқын көрінген саяси сипаты Кенесары көтерілісінің өзіне тән ерекшелігі еді деу керек.
Кенесарының көтерілісіне қазақтың басты руларының бәрі қатысты. Олар Ұлы жүз бен Орта жүздің бірқатар рулары Кенесарының қол астына біріккен 1838 жылдан бастап қатысады. Қазақ руларының 1838 жылғы қозғалысқа, яғни күрестің бастапқы кезеңіне қатысуы туралы мәліметтердің тым шашырандылығы себепті біз тиісті деректерді сол жылға арналған очеркте береміз. Кестегеқатысты ескертулерде аталған рудың көтеріліске қатысқанын растайтын жеке адамдардың куәландыруларын, чиновниктер көрсетінділерінің осы жөн-ау деген тұстарын және Кенесары жақтастарының айғақтарын келтіреміз. Міне, осы себепті қыпшақтар,мысалы, 1838, 1839, 1841, 1844 және 1845 жылдары аталып өтіледі, ал 1842 – 1843 жылдары олардың қозғалысқа қатысуы туралы мәліметтердің біздің қолымызда жоқтығынан бұл кезең үшін кестеде көрсетілмеген. Мүмкін олар күресті жалғастырған да болар, бірақ олардың сол жылдардағы күресі қолға түскен деректерде байқалмады.
Кенесары «қазақтардың ежелгі тәуелсіздігін қалпына келтіреміз», яғни тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрамыз деген ұранмен күрес жүргізді.
Халық бұқарасының жанына жақын талаптар қазақ кедейлерінің де, сонымен қатар байғұстардың да, жатақтар мен егіншілердің де мүддесін қозғағандықтан олардың күреске белсене қатысуы табиғи еді.
. Сонымен бірге, көтеріліске Торғай және Ырғыз өзендерінің аңғарын мкендеген егінші қазақтар да қатысқан. Ал Торғай мен Ырғыз өлкесі көтерілісшілер қозғалысының орталығы болғаны белгілі.
Полковник Бизановқа берген жауабында Кенесарының ағасы Әбілғазы: «Менімен бірге ұсталған қазақтар Кенесарының жақтастары болғанымен , негізінен олар кедейліктің кесірінен егіншілердің ішіне күн көру үшін сіңген жарлы-жақыбайлар»,- деп мәлімдеді.
Өзінің жауабында Шерман Асатов былай деп хабарлады. «Кенесарының жақтастарынан басқа оның қасында 300- ден астам үй төлеңгіттер бар, олар қысы-жазы бірдей солармен бірге көшіп-қонып жүреді.Орта және Кіші орданың әртүрлі руларынан құралған төлеңгіттер мен қоса, олардың қатарында Қарауылдар, Атығайлар, Уақтар, Керейлер де бар».
Соғыс жағдайында төлеңгіттер Кенесары үшін әскери күш ретінде керек болғаны т.сінікті. Сондықтан да көтеріліске қосылған төлеңгіттер негізінен әскери жасақшының қызметін атқарғаны кездейсоқ нәрсе емес. Тіпті көтерілісшілерге қосылған кейбір жеке қазақ рулары өздерін Кенесары төлеңгіттеріміз деп атады. Мұның өзі уақытша болса да төлеңгіттердің әскери күш ретінде беделінің өскендігін көрсетеді.
Кенесары батырларының әлеуметтік құрамы біркелкі емес еді. Қара халықтан шыққан батырлар мен қатар Кенесары батырларының арасында феодал бекзаттардан шыққан аты әйгілі сұлтан Наурызбай, Табын руның биі Жоламан Тіленшиев те болды. Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы генерал Генстің айтуынша, Жоламанның 800 жылқысы, 2000 қойы және 50 түйесі болған .
Аталған батырлардың барлығы Кенесарыны көтерілістің соңына дейін қолдады. Олардың әрқайсысы туралы көптеген өлең, аңыз, әңгімелер бар. Кейбір батырлар өздерінің жеке естеліктерін қалдырған. Сонымен бірге, архив құжаттарында көтерілістің соңына дейін қатыспаған батырлардың да есімдері сақталған. Бұл көрініс Кенесарының Орталық Қазақстанның сайын даласынан Ұлы жүздің жеріне қоныс аударған кезінде байқалған. Мысалы, Кенесарыны Ұлы жүздің Тәуік, Сыпатай және т.б. батырлары қолдаудан бас тартты. Архив материалдарында кейбір батырлардың көтеріліске қатысудан бас тартуының себебі туралы мәлімет кездеспегендіктен, оның толық мән- жайын білудің реті келмеді.

1.2 Ұлт – азаттық көтерілістің қозғаушы күштері.
Көтерілісшілердің Ағыбайға деген ерекше құрметі туралы оның әйелдерінің бірімен Кенесарының әңгімесінен байқауға болады. Бірде ханым Кенесарыдан: «Сіз әскеріңіздегі кейбір адамға мың басы, бес жүз басы деген атақтар беріп жатырсыз, неге сіз «көсеге» атақ бермейсіз?»-деп сұрапты. Сонда оған Кенесары : « Егер әскерімнің алдыңғы легі ұрысқа « Абылай!» деп ұрандап кіріссе, ал олардың соңынан ілескен жауынгерлер «Ағыбайлап» соғысқа кіріседі.Міне, сондықтан да мен оған әскери атақ берген жоқпын» деп жауап беріпті.
Ағыбай көтерілістің соңына дейін Кенесарыға деген адалдығынан айныған жоқ. Кенесары қаза тапқан соң Ағыбай Шұбыртпалы руымен қазіргі Ақмола облысының жеріне қоныс аударып, 83 жасында Қайрақты деген мекенде қайтыс болды. ХІХ ғ. ІІ-ші жартысында айтылған «Ағыбай батыр» қиссасы оның ерлік жолына арналған.
Кенесарының екінші бір атақты батыры — Аманкелдінің атасы, Қыпшақ руынан шыққан Иман еді. Ол 1780 жылы бұрынғы Торғай уезінің Дулаттың Қызылжары деген жерде туған. Иманның әкесі Дулат дәулеті шағын адам болыпты. Иман кенесарыға 1839 жылы қосылды. Есіл өзені жағасындағы Көкалажар қамалын Кенесары әскері қоршауға алғанда, гарнизондағылар көтерілісшілерді жақындатпай ұзақ атысады . Сонда Иман батыр кішігірім тобымен байқатпай барып, қамалдың сыртынан соққы беріп, оған басып кіреді. Шайқас аяқталған соң Кенесары сарбаздарын жинап, Иманның ерлігіне таңданғанын айтып, «Менің қасымда жолбарыстай қайратты, түлкідей айлалы Аякеңнің болғанына өте ризамын» дейді. Сонан кейін Кенесары құрметінің белгісі ретінде батырды «Аяке» деп атап кетіпті. Иман жасы үлкен адам ретінде Кенесарының әскери кеңесінің мүшесі де болған. Табын руынан шыққан
Бұқарбай батыр да Кенесарының ең жақын серіктерінің бірі еді. Бұқарбай батырдың өз өмірбаянының қызықты кезеңдері туралы әңгімелері халық арасына кең тарап кеткен. Ол қоқандықтардың «Күреш» деген қазақ ауылына шабуыл жасағаны туралы былайша әңгімелеп берген.Ауылдың тоналып, адамдардың тұтқынға айналып кеткендігін естіген Бұқарбай батыр өзінің жасағы мен қоқандықтардың соңынан түседі. Ол қоқандықтарды қуып жетіп, малды қайтарып, тұтқынға түскендерді босатады. Солардың арасынан Күреш байдың сұлу қызына көзі түседі. Ауылға оралған соң Бұқарбай батыр Күреш байдан қызын өзіне әйелдікке беруін сұрайды. Күреш: «Қоқандықтар малымды айдап, жұрдай қылып тонап кетті, сондықтан қызымның қалыңмалына 47 бас мал бермесең қызымды саған бере алмаймын» дейді. Сонда Бұқарбай батыр: «Менде жалғыз тұяқта жоқ, ондай көп малды қайдан табамын»,- депті де, қызға қарапты. Сонда қыз орнынан тұрып, әкесіне қарап: «Егер Бұқарбай бізді қоқандықтардан құтқармағанда қазір мен қайдағы бір қоқан бегінің күңі болып жүретін едім. Бұқарбайдың бұл жолғы сіңірген еңбегі одан қалыңмал талап етпеуге лайық емес пе! Мен тек осыған күйеуге шығуға серт беремін» — депті.
Кенесары қозғалысына қазақ қоғамының әлеуметтік жоғарғы тобының өкілдері – сұлтандармен ру шонжарлары да қатысты. Олардың бір бөлігі көтерілістің басынан өздерінің феодалдық жасақтарымен Кенесарыға ерді және соңына дейін оған адал болды. Бұлар, негізінен, Кенесарының жақын туыстары еді. Сұлтан Сейілханның жауабына қарағанда, 1846 ж. соңына дейін Кенесарымен үнемі бірге жүрген туыстары мыналар: Наурызбай, Ержан Саржанов, Құдайменді, Сейілхан Бегалиев, Ораз Бопинов, Басалқа Тоқтамысов, Кенесарының қайнағасы және т.б.Бұлардан басқа, Кенесарының жақтастарының арасында патша өкіметіне наразы, 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы жарғы» енгізілгеннен кейін өздерінің бұрынғы артықшылықтарынан айрылып қалғандар немесе кедейленген сұлтандар болды. Олардың да бір бөлігі Кенесарыны көтерілістің соңына дейін қолдады . Патша өкіметіне наразы сұлтандардың бірі Сарман Тұрсынханов тергеу барысында: көтеріліске қосылған себебім «арамыздан біріміздіде аға етіп сайламай, бұл атақты қарапайым биге бергендіктен» деп мәлімдеді.
Көтеріліске белсене қатысқан сұлтан Қосай Жолбарысов туралы шекаралық басқарманың чиновнигі Сердюков: «Оның тұрмысы нашар және адамдары да жоқ» деп хабарлады . Сұлтандардың екінші бір бөлігі көтеріліске халық бұқарасының қысымымен байлығынан айрылып қалудан және халық арасындағы ықпалын жойып алудан қорқып қосылды. Олардың арасында даланы басқарудың жаңа бір жүйесінде белгілі бір қызмет атқарып жүрген кейбір сұлтандар да бар еді. Сібір шекаралық казактарының бастығы полковник Талызиннің 1838 ж. жазған мәліметінде: «Жыртқышқа Ақмола округі сұлтандарының көпшілігі қосылып қана қойған жоқ, сонымен бірге Баянауыл, Қарқаралы және Көкшетау округтері сұлтандарының да қосылғаны анық. Басқа барлық сұлтандар сырттай үкіметке адал болып көрінгенімен, Кенесарымен жасырын байланыста болды» 6 , деп жазуы бекер емес. Бұл сұлтандар көтерілістің уақытша серіктері болған-ды. Олар көтерілісшілерді көтерілістің алғашқы кезеңінде ғана қолдады. Көтеріліс бір ауданнан соң екінші ауданды қайтып, қазақ жерінің едәір бөлігіне тарала бастаған кезде көптеген сұлтандар қозғалысты сатып , жау жағына шығып кетті.
ХІХ ғ. 20-30 ж. патша өкіметі Ресейдің орталық аудандарынан шаруларды күштеп империяның шет аудандарына көшіре бастады, соның ішінде Қазақстан мен шекаралас жерлерге де көшірілді. Шаруалар өздері үйренбеген жерлерге қоныс аударғанға наразы болды және қазақтардың көтерілісіне тілектестікпен қарады. Патша өкіметі тәртібіне Сібір және Орынбор бөлімдеріне әскери қызметке жаңадан алынғандар да наразы болды.
Көтерілістің алғашқы күндерінен бастап Кенесарыға көтеріліс аймағында тұратын әр түрлі ұлттардың жекелеген өкілдері қосылды. Ортақ жауға – патша өкіметіне- қарсы қазақтар мен бірге қазақ далаларында өкімет орындарының қудалауынан қашып жүрген орыстар, татарлар, башқұрттар да қосылды. Олар Кенесары әскерінде қару-жарақшы, отрядтар жетекшісі қызметін атқарды. Олардың көтеріліске қатысуы туралы бас штабтың поручигі Герн былай деп жазды: «Кенесарының қасында Сібір және Орынбор губернаторларына бағынышты барлық рулардан көп қазақтар бар. Олармен бірге бес орыс, төрт башқұрт және алты татар бар. Олардың кейбіреуі Кенесары армиясына қару-жарақ, оқ дәрі жасайды».
Қару-жарақ шеберлері рөлін атқарған аталмыш орыстардан басқа қашқын солдаттар да болды, олар командирлік қызмет атқарды. Атап айтқанда, Белешев және Малкин осындай солдаттар еді. Малкин туралы қызықты мәліметтерді өзінің көрсетіндісінде Анюшин былай деп хабарлайды: «Кенесары оны бай қалыңдыққа үйлендіріп, қол астына 40 адам
беріп, бастық етті. Олардың бәрін өз ордасы маңында ұстайды… Қазір Кенесарының қасында бірінші жасауыл Хусни, Кішік екінші жасауыл деп жүр… Кішіктің онда балуан ретінде даңқы шығыпты. Ал Кенесары оған Батырмұрат деп ат қойыпты» .
Үкімет өзінің елшілері және жансыздары арқылы Кенесары әскерінде қызмет ететін қашқын солдаттардың санын білмек болып мәлімет жинауға тырысты. Герн бастаған елшілікті Кенесары ордасына жіберер алдында генерал Обручев « Кенесары ауылдарында қашқын орыс азаматтары бар ма, жоқ па, соны білуді, егер бар болса, оларды кері қайтаруға Кенесарыны көндіруді» арнайы тапсырған.
Кенесары қолына түскен орыс тұтқындарды қалуға үгіттеп, жақсы қалыңдық беруге уәде еткен. Кенесары да тұтқында болған П. Федоров тергеуде былай деп мәлімдеді: « Кенесары бірнеше рет православие дінінен бас тартуға үгіттеп, қыздардың ең жақсысына үйленуді ұсынды, алайда мен әр түрлі сылтау айтып көнбей қойдым».
Кенесарының армиясында қашқын татарлар да қызмет еткен, олардың көпшілігі басшылық қызметте болған. Татарлардың бірі- Әлім Жағудин әскери кеңестің мүшесі де болыпты. Көтеріліс жеңілгеннен кейін ол Пермь қаласына жер аударылған. Сібір тарихын белгілі зерттеуші И. Завалишин өзінің 1859 ж. Әлім Жағудинмен тікелей таныс болғандығын және бір кезде Жағудиннің «белгілі қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың кеңесшісі, елшісі және рухани досы болғандығын» жазады.
Басқа ұлыстар өкілдерінің көтеріліске қатысуының маңызы мен дәрежесін толық анықтау өте қиын. Алайда олардың күреске ұйымшылдық сипат беруге көмектескенін, өз білгендерін көтерілісшілерге үйреткенін сеніммен айтуға болады.
Кенесары көтерілісіне қатысушылардың құрамы, міне, осындай болды. Халық бұқарасының өздеріне етене әрі түсінікті мақсаттар үшін ең бастысы, жоғалтқан жайылымдары үшін, күреске кеңінен қатысуы көтеріпістің аумақтылығын қамтамасыз еткені даусыз. Халықтың қолдауының нәтижесінде ғана көтеріліс он жыл бойына созыла алды. Екінші бір даусыз нәрсе, ол көтерілістегі басшылық рөл халық бұқарасында емес, Қазақстандағы бұрынғы патриархалдық-рулық бытыраңқылықты жоюға тырысқан орта феодалдық топтардың қолында болғаны. Көтерілістің барысымен және Кенесарының саяси шараларымен танысқанымызда біздің оған көзіміз жетеді. Әзірге, көтеріліске қоғамдық күштердің бұлайша орналасуы заңдылық екенін атап өтуге болды, себебі Кенесарының ұлт-азаттық қозғалысы феодализм жағдайында патриархалдық — рулық тұрмыс сарқыншақтары күшейіп алған шақта дамыған еді.азақстанда патриархалдық-феодалдық қоғамдық қатынастар мен рулық тұрмыс үстемдік етіп тұрған кезде халық бұқарасы өзінің феодал басшы тобының билігінен және ықпалынан шыға алмады.
Саржанның өлтірілуі қазақтардың ұлазаттық қозғалысының одан ары дамуын ұзақ уақытқа тоқтата қойған жоқ. 1837 ж. жазында аз уақытта Қазақ даласының үлкен бір бөлігін қамтыған бұрынғыдан да ірі, жаңа көтеріліс басталды. Бұл көтерілістің басшысы- Саржанның інісі, қозғалыстар бұрын – соңды болып көрмеген ауқым берген Кенесары Қасымұлы болды.
Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары Орта жүздің саяси өмірінде жүз жыл бойы басшылық рөл атқарған шаңырақта дүниеге келіп, тәрбиеленді. Саяси белсенді қызмет Кенесарының атасынан бастап, аға-інілеріне және әпке-қарындастарына дейін әулеттік дәстүр болып есептелді, бұл жағдай болашақ көтеріліс басшысының мінезі мен саяси –идеялық көзқарасының қалыптасуына терең әсер етті.
Кенесары 1802 ж. қазіргі Көкшетау облысының Көкшетау деген елді мекенінде дүниеге келді.
Кенесары көтерілісшілердің көсемі ретінде саяси аренаға өзінің әкесі мен ағасының өлтірілуінен кейін ғана шықты.
Кенесары атқа мінуді және садақ тартуды бала кезінен үйренген екен. Ол Көкшетау таулары мен Бурабайды мекендейтін жабайы аңдарды аулауға шыққанды өте жақсы көрген. Қазірге дейін Бурабай мен Көкшетаудағы тау шатқалдары мен асулар оның есімімен «Кенесары үңгірі» деп аталады. Кенесары жас кезінен батылдығы мен және ержүректігімен ерекшеленген. Жас өспірім кезінде-ақ ол біржолы құрдастарына: «Мен ешқашан өзімнің батырлығымнан танбаймын және керемет ерлік көрсетіп барып өлемін»- деп айтқан екен.
Кенесарының қызметінде қазақ қоғамындағы рулық жанжалдасуды және феодалдық бытыраңқылықты жоюға және біртұтас мемлекеттік билікке жетуге ұмтылу айқын байқалады. Шынында, тек осылай болғанда ғана елді езгіге түсу қаупінен сақтап қалуға болатын еді.
Кенесары 1837 жылы көктемде, өзі көтеріліске шығар алдында, патша өкіметін Көкшетауда және Ақмолада, яғни Кенесарының өзінің туған жерінде бекініс жүйесін салудан бас тарту қажеттігіне көзін жеткізу үшін әрекеттер жасаған болатын. Бұл кезде Қоқан хандығы иелігінде көшіп-қонып жүрген Кенесары, осы мақсатпен патша өкіметіне арнап, наразылық білдірген бірнеше хат жолдады.
«Ата-бабаларымыз мұра еткен,- деп жазды ол осындай хаттарының бірінде,- Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Оралға дейінгі Тоқзақ- қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті.
Күткендей-ақ бұл хаттар жауапсыз қалған. Ал Кенесарының өзі бауырларынан айрылып, ортаазиялық хандықтардан ешқандай көмек болмайтындығын, тек Қоқаннан ғана емес, Хиуа мен Бұқарадан да көмек ала алмайтындығын түсінген соң, Қоқан иеліктерінен кетіп, өзі туған қоныстарына оралуға шешім қабылдайды. 1837 жылдың көктемінде Кенесары өзінің ең жақын серіктері мен Орта жүздің Ақмола округіне келеді. Бұл дәрісі бар бөшкеге түскен ұшқындай әсер етті. Бұған дейін ішінен тынып жүрген Қазақтар Кенесары Қасымовтың туы астына топ-топ болып жинала бастады.
1837 жыл Ақмола приказының Байдалы, Алексинск, Қойлыбай- Шағрай, Темеш, Тыналы болыстарындағы қазақтар көтеріліске шықты. Осыған байланысты полковник Талызин өзінің хабарламаында былай деп жазды: «Тамыз айында Ақмола округінің …..