Курстық жұмыс: Тарих | Кенесары Қасымұл қолбасшы дипломат

0

Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………3

І Кенесары Қасымұлы – саясатшы

1.1 Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы саяси қызметі……………………………………..10

1.2 Кенесары Қасымұлының дипломатиялық әрекеттерімен шеберлігі………………………………………………………………………….24

ІІ Кенесары Қасымұл – қолбасшы

2.1 Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарды құрудағы шеберлігі………………………………………………………………………….33

2.2 Кенесары Қасымұлының әскери жорықтарды ұйымдастырудағы қабілеті, іскерлігі………………………………….41

Қорытынды………………………………………………………………………52

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………….55….

1.1 Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттігін қалыптастырудағы саяси қызметі.

Кенесары ханның саяси құрылысына келсек. Кенесарының Қазақ мемлекеттілігін нығайтуға арналып қолданған шаралары азаттық күрестің міндеттерімен тығыз байланысты.
Хронологиялық тұрғыдан алғанда бұл шаралар негізінен ХІХ ғасырдың 40-жылдарының бастапқы кезеңіне жатады.
Қазақтарды біріктіретін мемлекеттік бірыңғай орталықсыз қуатты Ресей патша өкіметіне және Орта Азия хандықтарына қарсы ойдағыдай күресуге болмайтынын Кенесары түсінген. Қазақтардың түбіне жететін олардың бытыраңқылығы, араларындағы ру араздығы және барымта деп ол талай рет ескерткен. Мысалы, шекара Шебі маңында көшіп-қонған Шөмекей және Төртқара руларының «өз бетімен ауа жайылған» қазақтары Жағалбайлы руының қазақтарымен жауласса, ал соңғысы Қыпшақ және Жаппас руларымен жанжалдасуда еді. Араздықтың басты себебі жайылым үшін талас.
Рулық араздықтың жақсылыққа апармайтынын халық мақалаларында да айтылған. Мысалы: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеуі түгел болса, төбедегі келеді», «Бас басынан би болсаң мана тауға сыймассың, бір данаға жол берсең, жанған отқа күймессің».
Кенесары құрған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Себебі, қазақ қоғамының өндірістік қатынастарының феодалдық негізі Кенесарының қайта құрушылық қызметінен өзгере қойған жоқ еді. Керісінше, өндірістік қатынастардың феодалдық сипаты Кенесары тұсында күшейе түскен. Ол қазақ жерін өз хандығының меншігі деп қарап, бұл ойын бірнеше рет атап айтқан. Кенесары Герн арқылы үкіметтен өзінің «ата-бабасынан қалған жері»[434.285.] Ұлытауды қайтарыып беруді талап етті. өзінің бір хатында ол былай деп жазды: “Әкеміз Абылайдан мұраға қалғант жерімізге қаптата бекініс салынды”[420. 285 á.].
«Сіздер,-деді ол Горчаковқа жазған хатында,-атамыз Абылай ханға тиісті жерлерге округтік дуандар құрдыңыздар». Феодалдық көзқараспен ол қазақ халқын хан тұқымының меншігі деп санады. “Абылай Қазақ ордаларының ханы болды,-деп мәлімдеді ол,- сондықтан бұлар соның меншігі ”.Ол “қазақ халқын орыс езгіден азат етемін» деп үәде берді, «себебі барлық қазақтар атам Абылай ханнан соң менің қарамағыма көшеді»[43, 285 б.]. Рулық қоныстарды бөлудің феодалдық тәртібіне сай ол көбінесе ең жақсы жайылымдарды өзіне алып отырды. Орыс жансыздарының мәліметтеріне қарағанда, оның жылқы табындары “шөбі шүйгін жайылымдарда жайылғандықтан” қоңлы көрінеді, ал оның қарамағындағы ауылдардың малы жақсы жайылымдардың тапшылығынан “арық-тұрық”сида [16.285 б].Алайда Кенесары феодалдық экономика шеңберінде оң нәтиже берген бірқатар реформалар жүргізді. Осы реформалар қазақ халқының күштерінің бірігуіне, Қазақ мемлекеттілігінің күшеюіне алып келді. Тек бір есте ұстайтын жәйт, осы реформалардың бәрі феодалдық мемлекетті күшейтуге арналған басқаша болуы мүмкін де емес еді.
Кенесары өзінің ішкі саясатынан туындайтын біршама шаралар іс жүзінде аса бастайды. Атап айтқанд: 1)Ел билеу тәртібіне өзгерістер енгізілді (кейбір мәселелерді шешуде қатаң тәртіп орын ала бастады); 2)Алым-салық реформасы біршама өзгерістермен іске асырыла бастайды; 3) Хан тарапынан егіншілік кәсіпті дамыта түсуге және көрші елдермен сауда қарым-қатынасын үдетүге ерекше назар аударылды; 4) Керуеншілерді тонау тоқтатылып, олардан керуен жолы үшін салық алу ісі енгізілді (Бұл арада айта кету керек: патшалықтың саясатынан туындаған біржақтылықпен Кенесары әрі қарақшы, әрі тонаушы ретінде көрсетіліп келгенідігін естен шығара алмаймыз).
Кенесары Қазақстан жеріне атасы Абылай ханнан қалған мұра ретінде қарады. Хандықтың территориясы көтерілістің барысына қарай үнемі өзгеріп отырды.қазақ халқының бір бөлігі патша үкіметін жақтап Кенесарыға қарсы шығып тұрды.
Кенесары хандығының әлеуметтік негізі көтеріліске шыққан қазақ шаруалары, билер мен батырлардың үлкен тобы болды. Оған қазақ феодаодарының да үлкен тобы қатысты. әсіресе батырлардың рөлі үлкен болды. Олар мемлекет құру ісіне де белсене араласты.
Мемлекет басшылығы Кенесары ханның қолына жинақталды. Оның жанында ең жақын серіктерінен:батырлар, билер және ханның туыстарынан кеңесші орган-хан Кеңесі жұмыс істеді; билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілхайыр тұсындағы оның еркін тежеп отырған Ақсақалдар Кеңесіне қарағанда, бұл біршама ерекшеліе еді.
Кенесары хан Кеңесінің құрамына бытыраңқылықты қолдайтын текті феодал шонжарларды кіргізбеді. Кеңеске азаттық күрес барысында хан құрметі мен сенімінебөленген адамдар ғана мүше болды. Мысалы,оның інісі Наурызбай батыр, Ағыбай, Иман батырлар, өзінің елшілік табыстарымен атағы шыққан би-ШоқпарБақтыбайұлы, Сайдақ қожа Оспанұлы т.б. хан Кеңесінде елдің ішкі және сыртқы жағдайының аса маңызды мәселелері қаралды. Кеңес бар уақытта Кенесары пікірімен есептесіп отырды. «Жақтастарының бәрі де Кенесарыны ең батыл және ең ақылды ханнардың бірі деп есептеді»[12.286 б.]
Кенесары мемлекетінде басқару ісін, сот, елшілік, дипломатия, қаржы, соғыс ісін және қарсыластарының мүлкін реквизициялауды ханның жеке өкілдері арқылы жүзеге асырылды.
Елшілік келіссөздерді өздерін осы істе танытып үлгерген Шоқпар Бақтыбайұлы, Есенгелді Саржанұлы, Сайдақ қожа Оспанұлы және татар Әлім Жағудин сияқты адамдар жүргізді.
Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысты. Бұл мекемені Кенесарының туысы Сейілхан басқарды. Өзінің бір хатында Кенесары былай деп жазды: «Рахымбайға, Әбілжаппарға, Қажыбай, Шақғазыға, молда Арғынбайға және Бұқар иелігіндегі барлық көпестерге ескертемін, зекет жинау үшін сұлтан Сейілханды, Шоқпар биді және молда Ғабдулсаттарды жіберіп отырмын, сіздер әр қостың оннан бір бөлігін беруге тиіссіздер.»[4.287]
Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды. Руаралық сот істерін шешу үшін ол билерді тағайындады. Сот ісін жүргізу тәртібін Кенесарының жеке рубасыларына берген нұсқауларынан байқауға болады. “Сіздерге белгілі болсын, сіздердің араларыңыздағы ұрыс-керіс пен дан-жалды қарау, адам өлім мәселелесін де шешу Сейілхан сұлтан мен Шоқпар биге тапсырылған. Олардың қолдарына осы істерді жүргізуге рұқсат беріген жарлық бар”[438 Бек 287 б.].
Руаралық жанжалдар мен барымтаға жол бермеу хандықтың маңызды міндеттерінің бірі болды.
Салық жүйесінде жеке феодалдар жинайтын алымдарға тыйым салынып,жалпы хандық салықтар енгізілді. Малдан зекет, астықтан үшір жиналды. Сонымен қатар әр ауылдан бөлек салық алынды. Салық негізінен соғыстың қажеттілігіне жұмсалды.
Жергілікті жердегі атқару билігінің ханның жасауылдары жүргізді. Жасауылдар әр руға бекітіліп салық жинау, көшу, халықтың пікірін зерттеу, көтеріліске үндеу сияқты түрлі жұмыстар атқарды.
Маңызды тапсырмаларды орындау үшін төлеңгіттер пайдаланылды. Төліңгіттер көтеріліс жүріп жатқан жерлерде көтерілісшілерге жағдай жасауды ұйымдастырып бақылап отырды.
Ханнық ішінде темірдей тәртіп орнатылды. Салық төлемеушілер мен тәртіп бұзушылар қатаң жазаға тартылды.
Салық жүйесінде жеке феодалдар жинайтын алымдарға тыйым салынып, жалпы хандық салықтар енгізілді. Малдан зекет, астықтан үшір жиналды. Сонымен қатар әр ауылдан бөлек салық алынды. Салық негізінен соғыстың қажеттілігіне жұмсалды.
Архив деректері жергілікті жерлердегі билікті «Кенесары эмиссарлары» деп аталған жасауылдардың жүргізгенін айғақтайды. Кенесары жасауылдары әр руға бекітіліп қойылды. Олар алым-салық жинау барысын, жоғарғы өкімет шешімдерінің орындалуын бақылап,көшіп-қону аудандарын белгіледі және Кенесарыға қосылған рулардың көңіл күйін бақылады т. б. Олар,ауыл-ауылға Кенесары үндеулерін таратып, халықты көтеріліске шақырды.
Маңызды тапсырмаларды орындау үшін төлеңгіттер де пайдаланылды, оларға әдетте кең құқық берілетін. Өзінің жауабында төлеңгіт Алданазар Жантайұлы былай хабарлайды: «Кенесарының төлеңгіті болғандығымнан мен өзім қалаған үйге кедергісіз қонып, керек кезінде, көлікті де пайдалана алдым, өткен күзде барлық бағаналылықтардың Кенесарыға өз еріктерімен зекет төлеуі осының айғағы»438.
Кенесары иеленген аймақта оның айтқандары бұлжытпай орындалды. «Кенесары жақтастарының арасында қатаң тәртіп сақталған. Қорыққандықтан барлық бұйрықтар бұлжытпай орындалады, ал егер кімде-кім қашқақтаса немесе қателессе ондай адамның басына қылышпен бір немесе екі рет ұрып жазалап отырған»/12,56/.
Сөйтіп, Кенесары тұсында елді басқару-белгілі бір жүйеге келтіріліп, мемлекеттік аппарат жеке салаларға бөлінді, әр атқарушы белгілі бір мемлекеттік қызметке (сот, әскери, елшілік т. б.) ие болды.
Кенесарының мемлекеттік аппаратты реформалауы өкіметтің орталық-тануына белгілі бір дәрежеде игі әсер етті.
Сот-құқықтық реформаның мақсаты сот істерін қарауды жақсарту және барымта, өзара талас пен ру араздығын тоқтату еді.
Кенесары сот реформасын жасағанда, өзіне елеулі ықпал еткен ізашарларының ісін жалғастыра білді. Сондай ізашарлардың бірі тарихта әдеттегі құқық жинағы «Жеті жарғының» авторы ретінде белгілі, ірі сот реформаторы Тәуке хан (1680—1718 жылдар) еді. Тәуке заңдары өзі құрған мемлекетті нығайтуға бағытталган-ды. Әдеттегі құқық нормаларын дамушы феодалдық қатынастар талабына сай бейімдей отырып, ол ру араздығына қарсы аянбай күресті және жеке сұлтандар мен старшындардың дербестігін шектеді. Сонымен қатар қазақтардың әдеттегі құқығына жаңалықтар енгізе отырып, ол сот билігін толық өз қолына шоғырландырды. Алғаш Тәуке заңдары бойынша, сот құқығы мемлекеттік өкімет органдарына берілді. Орталықтандырылған мемлекетке қарсы болған ру билері мен сұлтандарының мүддесіне осылайша елеулі соққы берілді.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы тағы бір ірі тұлға, Кенесарының заң шығарушылық қызметіне елеулі ықпал жасаған Арынғазы сұлтан болды (1815—1821). Оның реформаторлық қызметі Тәуке ханға қарағанда басқаша сипатталатын. Соған қарамастан Арынғазының сот ісін құру қызметі хан билігін нығайтуға арналған еді. Оның біріктіруші саясаты феодалдық негізде құрылды. Арынғазы ру шонжарлары билердің сот құқығын шектеді. Рулар арасындағы дау-жанжал ол тағайындаған қазылар арқылы шешілетін болды Арынғазының заң шығарушылық қызметіндегі бір жаңалық — ол сот ісін қазақтардың әдеттегі құқығы бойынша емес, шариғат дәстүрі бойынша жүргізу. Бұл сөзсіз түрде оң қадам және қазақтардың құқықтық қатынастарының дамуындағы белгілі бір кезең болды. Арынғазының заң шығарушылық қызметі туралы Мейендорф былай деп жазды: «Өзіне халық ықыласын аудару үшін әділ сот жүргізуде, бірақ ол сот ісін аталар заңы бойынша емес, ешкім білмейтін бейтаныс Мұхаммед зандары бойынша жүргізді».
Кенесарының қызметінде қазақтардың әдеттегі құқығын тура жоққа шығару байқалмаса да, оны бар уақытта қолдана қойған жоқ. Бұл жағынан оның Арынғазымен ұқсастығы көп еді.
Сот-қүқықтық реформаны Кенесары біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуына барынша қарсы болған ру билерімен аяусыз күресе отырып жүргізді.
Өзінің зан шығарушылық қызметін Кенесары әдеттегі қүқықтарға өзгерістер енгізуден бастады, ол ру билерінің сотын таратып, сот ісін өзі тагайындаған билер мен жасауылдардың қолына берді. Мысалы, ол Төртқара руының құрметті билері етіп Байтен Бекмырзаев пен Қазанғап Өтебасовты бекітті. Шөмекей руында «би атағын Тағбан Мәмбетбаев алды»/12,152/. Қызметін жеке мүддесіне пайдаланған билерді Кенесары дереу орнынан алып, олардың орнына халық сеніміне ие болған адамдарды қойған және оларға «граф» атағын берген. Кенесары ордасында болып қайтқан хорунжий Қүсияпғали Орманов Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы, генерал-майор Ладыженскийге: Кенесары шөмекейліктердің құрметті биі етіп, граф атағын қоса беріп, Өтетілеу Кетебаевты тағайындады деп жазған. Құсияпғали Орманов хатының соңында былай дейді: «Кенесары жоғарыда есімдері аталған билерге «графтарға» деп хат жазған, ол од ма Кенесарының әйелі де менің моллам арқылы хат жолдап әлгілерді «графтар» деген»/42.10/.
Рулар арасындағы аса маңызды сот істерін, сондай-ақ өзінің қол астынан тыс жерлердегі рулардың бұларға талап қойған шағымдарын Кенесары тікелей өзі қарады немесе сол жерлерге арнайы жасауыл жіберіп қараттырды.
Талап қойылған сот ісің қарауды негізінеи үш топқа бөлуге болады: 1) Кенесарының, қарауындағы рулардың барымта және адам еліміне байланысты қаралатын сот істері; 2) Кенесарыға бағынышты емес рулардың арыздары қаралатын сот істері, олар бұған жиі арызданатын; 3) Кенесарыға қарасты қазактар мен патша бодандары арасындағы дауды шешетін сот ісі.
Осы топтардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырып көрейік.
Рулар арасындағы жанжалды қарағанда, Кенесары араздықты тоқтатуға және өзінің жақтастарының арасында бірлікті сақтауға тырысты. Ол өзінің
қарамағындағы қазақтардың малын рұқсатсыз тартып алуға қатан тыйым салды және тартып алынған жағдайда малды бірден қайтарып беріп отырды. Өзінің
ағасы Көшек сұлтаннан ол айдап әкеткен жылқыны бір құлынын да қалдырмай қайтаруды талап етті және оған «өзінің барымталауға, тонауға келмегенін, қазақ халқын орыс езгісінен құтқару үшін келгенін» /15.436/ айтты.
Кенесарыға қарасты қазақтар өздерінің жанжалдарын шешуді өтініп, оған жиі келетін болған. Мысалы, Арғын руының өкілдері Мыңбай, Талпақ, Байман Кенесарыға қыпшактардың үстінен арыз айтып келеді, сонда ол өзінің жасауылдары Масақ пен Қажауға «сұраушыларды ертіп, бағаналы-қыпшақтарға баруды, арғындардың арызын сөзсіз қанағаттандыруды»/4.20/ бұйырады. Жасауылдар Арғын руының өкілдерімен қыпшақтар ауылына келіп, билермен бірге істі қарап, арғындардың арызын қанағаттандырады.
Осылайша, Кенесары өзіне қарасты рулардың арасындағы барымта мен жайылым үшін болатын жанжалдарды өршітпей екі жақты бітістіріп отыруға барынша тырысып баққан. Халық ауызында сақталған «Бұқарбай батыр әңгімесінде» Кенесарының осы саясатының айқын айғағын көреміз. «Бұл кезеңде,— деп еске алады Бұқарбай,— біз, Кенесары батырлары күні-түні ат үстінде жүріп, Қоқанмен күресіп, Созақ, Түркістан, Ақмешіт қамалдарын қоршауға алған болатынбыз. Сырдарияның оң жақ бөлігінде, Шу өзені бойындағы қыпшақ ауылдарында жүрген кезімізде, қыпшақ байының Құраш деген сұлу қызына көзіміз түсті. Мен, Ағыбай және Наурызбай үшеуміз де қызға ғашық болып қалдық. Қыздың әкесіне «Қызыңды кімге бересің?» де-генімізде, ол «қалыңмалсыз ешкімге де бермеймін» және де «сендер бүгін мұнда, ертең анда жүретін қаңғыбассыңдар» деді. Бұл сөзге шамданған біз «оның қызын тартып алып, малын айдап әкетейік» деп Кенесарыдан рұқсат сұрадық. Кенесары бізге қарап: „Бізге халық керек пе, қалыңдық керек пе? Алыстағы дұшпанды жеңбей тұрып, біздің қол астымыздағы халықтың бірлігін бұзуды ойлағандарың ба бұл. Егер сендерге қалыңдық керек болса, барыңдар да Созақ қамалын алыңдар, сөйтіп өзбектің қыздарына үйленіңдер, ал өзімізідің адамдарды тонауға рұқсат бермеймін»/12,368/ деді.
Кейде өздерінің даулы мәселелерін шешуді өтініп, Кенесарыға оның қол астынан сырт жерлердегі рулардың қазақтары да келетін болған, ал Кенесары олардың мәселесін қараудан ешуақытта бас тартпаған. Мысалы, төлеңгіт Есқара Қосқадамов былай деп көрсетеді: «Алшындар Кенесарыға келіп, ерте уақыттардан бері араздасып келген Бағаналы руымен татуластыруды өтінді. Кенесары бұған келісіп, өз атынан Қадыр биге, Жүзен биге және Басалқа сұлтанға хат жіберді».
Оған алыстағы Адай және Шекті руларының өкілдері де жиі келіп отырған. Мысалы, Көтібар батыр балалары Дәрібай және Есетпен келіп, төртқа-ралықтармен „ертеден келе жатқан жер дауын” шешуді өтінеді. Кенесары „одан бері 20 жылдан астам уақыт өткен ескі дау”/4,20/ болуы себепті мұны құп көрмеді. Кенесары оларға төртқаралықтармен татуласуды ұсынған еді, бірақ бұлар келіспей, өкпелеп өз ауылына қайтып кетті.
Соңғы мәселе-ол Кенесары жақтастары мен империяға „адал берілген” билерге қарасты ауылдар арасындағы сот істері. Мұндай жанжалдарды көп жағдайда өздерінің бодауындағы қазақтарды Кенесары қарамағындағы ауылдардың малдарын барымталауға айдап салып, патша тыңшылары туғызатын. Бұл секілді жанжалдарды басу үшін Кенесары өз жақтастарының малын барымталаған руларға өзінің өкілін жіберіп отырды. Егер бұдан нәтиже шықпаса, Кенесары билеуші сұлтандарға сөз салып, осы дауды шешуді өтінетін. Ал егер бұл да табысты болмаса, Орынбор Шекара Комиссиясына немесе тікелей губернаторға мағлұмдама хат жолдап, билеуші сұлтандардың бұл істі шешуге пайдасы болмағанын түсіндіретін. Дәлеліміз нақты болу үшін, оның хатынан бірнеше үзінді келтірейік: „Назар руының қазақтары менің көп жылқымды айдап әкетті, сәл уақыт өткен соң мен біраз арғындарды ертіп, өзара дауды бітістіру үшін соларға бардым, бірақ олар бізбен төбелесіп, көп адамымызды өлтіріп, көбін тұтқындады»/4,20/.
Басқа бір хатында: «Тілеуқабақ және Қарабас руларының қазақтары бізді жыл сайын мазалауда. Біз оларға адамдарымызды жіберіп жылқымызды айдап кеткен істерін қарағымыз келіп еді, бірақ олар мүлде бет бақтырмай қойды. Бұл туралы билеуші сұлтандарға айтып едік, олар да біздің өтінішімізге көңіл аудармады»/4,21/ деп жазды.
Орынбор әскери губернаторы генерал Обручевке хатында Кенесары былай деп жазды: „Тілеуқабақ, Назар, Шүрек рулары өздерінің бұрынғы жауыздықтарын қайталап, бастапқыда Жағалбайлы руының бірнеше ауылдарын тонап, малдарын айдап кетті, сонан соң төртқаралықтардың жеті рет жылқысын айдап әкетті және үш рет ауылдарын тонады, ал шөмекейліктердің тоғыз рет малын ұрлады”/44,252/.
Өкінішке қарай, Кенесары сот ісін қарағаны үшін ханлық (хан үлесі) алған-алмағанын білу қиын болды. Екінші бір анықтай алмаған нәрсеміз-құн мен айып жүйесіне Кенесары қаншалықты өзгеріс енгізгені.Құн мәселесі жөнінде біз архивтерден бір ғана көңіл аударарлық құжат таптық. Феодал құлдарының ешқандай құкығы болмағаны белгілі, тіпті иесі оны өлтіргені үшін де жауап бермеген. Белгілі феодал Сейтен би Азнабаевтың есігінде Тілеген Кенетеев 20 жылдай құлдықта болды. Қашпақшы болған әрекеті үшін Азнабаев оның анасы мен қарындасын өз үйлерінде өртеп жіберді және Кенесарыдан өз құлын өлтіруге рұқсат сұрады. „Кенесары оны өлтіруге рұқсат етпеді, қайта оның ұзақ жыл еңбегі үшін 40 ұрғашы құнан немесе 20 құлынды бие беруді, әрі Сейтен отқа өртеген анасы мен қарындасының құнын төлеп, өзіне бостандық беруге бұйырды”/28,36/.
Келтірген үзінді құл Тілеген Кенетеевтің жауабынан алынды, оны бұл Кенесарының өз аузынан естіген, Бұл мәліметтерден біз Кенесарының құн төлеуді сақтап қана қоймай оны құлдарға да қатысты еткенін көреміз. Жалғыз осы фактіден бұл мәселе бойынша түйін түю қиын. Тек атап өтетін нәрсе, архивтердегі барлық деректерден білетініміз-Кенесарының өзінде және жалпы көтерілісшілер арасында құл дегенболмаған. Кенесарының құлды еркіңдікке босату туралы және оған басы бос қазақ кұқығын (құн төлеу) беру туралы шешімі аса көңіл аударарлық. Кенесарының мұндай шешім қабылдауына патша өкіметінің Қазақстандағы құлдыққа қарсы саясаты әсер еткен болуы да мүмкін.
Қазақ руларының сотқа жүгінгендегі негізгі дауы-барымта мен ру араздығына Кенесарының қалай қарағаны айтуға тұрарлық.
Кенесары жа0тастарының кейбіреуінің жауабынан және патша жансыздарының көрсетіндісінен біз Кенесарының барымтаға жаны қас болғанын білеміз. Мысалы, Кенесары тобының қазағы Дәнетеров тергеуде былай деп жауап берген: „Кенесарымен бірге көшіп-қонамын, бірақ ол тонауға рұқсат етпеді, алайда біз, жолдасым екеуміз өзіміз кеттік”/4,25/.
Кенесарыға барып қайтқан Қанжығалы болысының биі Ноғыр Таймасов өзінің жауабында былай деп хабарлайды: „Оның рұқсатынсыз жылқы айдап әкетіліпті, бірақ ол мұндай істі қолдамады және кінәлілерден айып алды, ал жоқ іздеп келген адамға 40 жылқысын қайтарды”/4,56/. Мынадай тағы бір оқиға болған. Кенесарының жасауылы Дүйсенбай бес жолдасымен Арғын руына барып, бізді Кенесары жіберді дейді де „таңдаулы аттармен, соның ішінде биелермен зекет төлесін” деген Кенесарының ауызша бұйрығын жеткізеді. Кенесарыдан келгені рас па, өтірік пе, соны тексергенде Кенесарының ондай бұйрық бермегені анықталған. Осы жағдайды естіген Кенесары Сейілханды Арғын руына жіберіп „Дүйсенбайдың талабы орынсыз екендігін, сол үшін Дуйсенбай мен оның жолдастары бастарына қылышпен ұрып жазаланатынын”/4,45/ жеткізуді тапсырды.
Кенесарының барымтаға деген көзқарасын оның Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасына жазған хатынан да байқауға болады. Онда ол Шүрен, Тілеукабақ және Назар руларының малын барымталады деп көрсет-кен сұлтандар хатының өтірік екендігін дәлелдеді. Кенесары былай деп ……