Курстық жұмыс: Тарих | Карфоген мен Коринфты Римдіктердің талқандауы

0

Мазмұны

Кіріспе
І. Римнің Карфогенмен соғысы.
І.1. Ганнибал әскерлерінің Италияға басып кіруі.
І.2. Біздің заманымызға дейінгі Канна түбіндегі шайқас.
І.3. Соғыстың аяқталуы.
ІІ. Карфоген мен Коринфтың талқандалуы.
ІІ.1. Македонияның күйреуі және Грецияның азат етілуі.
ІІ.2. Сирияның күйреуі және Македония патшалығының ақыры.
ІІ.3. Б.э.д. 146 жылы Коринф пен Карфагеннің талқандалуы.
Қорытынды…..

Римнің Корфогенмен екінші соғысы
(Б.з.д. 213 – 201 жылдар)
1 Ганнибал әскеркерлері Италияға басып кіруі. Римдіктердің шабуылын күтпестен-ақ Ганнибал бірінші болып өзі соққы беруге бел байлады. Таңдаулы қосынын бастап Испаниядан аттанады да, бес айдан кейін Альпі тауына жетеді. Ақ қар, көк мұз құрсанып, аспанмен астасып жатқан асқар тауын көргенде Ганнибал әскерлері шошып қалады. Жөнді жол да жоқ, асуларды қар басқан. Қалың қол он есе күн бойы өрге қарай өрмелейді, содан кейін тап-тар, жалғыз аяқ тайғанақ соқпақпен төмен қарай сырғиды. Адамдар, ат-көлік, соғыс пілдері құзға қарай құлады. Гиннибал өзін де, қалың қолын да аямастан асығыс ілгері жылжиды. Альпі асуларынан асқанда ол қосынының тең жартысынан айырлған еді. По өзенінің алқабына түскен Ганнибал мұнда өмір сүретін галдарға өзінің олармен емес, Италияның бостандығы үшін Риммен соғысуға келгенін жариялайды. Галдар өздерін билеп тұрған римдіктерді өлердей жек көретін. Сондықтан олар Ганнибалға азық-түлік беред, ат-көлікпен қамтамасыз етеді және өздері де топ-тобымен Ганнибал әскеріне қосылады.
Ганнибал жайында үрейлі хабарды естітен сенат консулдарға оның жолын тосуды бұйырады. Алайда Ганнибал бірнеше шайқастан кейін-ақ консулдар армиясын талқандап, күйретеді. Римге жол ашылды. Қала халқы үмітін үзе бастайды. «Міне, енді, — деседі қалалықтар, — жаудың жалауы қаламызда желбірейтін болды, оның шабуылынан қала қақпалар мен қорғандарын қорғап, құтқарып қалатын ешқандай күш жоқ».
Сөйтсе де Ганнибал қорғанысы мықты қаланы алудың оңай еместігін білді. Сондықтан ол Римге қарсы бүкіл Италия халықтарын күреске көтеруге күш салып, елдің оңтүстігіне қарай жылжыды.
Ганнибалдың жолындағы тау асуын жаудың мыты топтары қорғап тұрған еді. Осы арада Ганнибал аса ұтымды бір әскери әдіс қолданады. Түнде әскерлеріне сол маңдағы беткей арқылы мүйіздеріне шырақ байланған қора-қора өгіздерді өрге қарай айдатады. Алыстан құжынап келе жатқан отты көріп римдіктер асуды тастап, солай қарай ұмтылысады. Сол арада Ганнибал қорғаусыз қалған асудан барлық қосынын асырып әкетеді.
2. б.э.д, 216 жылғы Канна түбіндегі шайқас. Римге жаңадан аса қуатты әскер құрап алуға жағдай туады. Бұл қосынның басында жаңадан сайланған екі консул тұрды. Шапқыншылардың Канна қаласына таяп қалғанын естіген консулдар қосындарын кең жазыққа шығару мәселесі төңірегінде таласып қалады. «Осы жазықта соғысамыз, -дейдіда айтқанына көндірмек болған біреуі, — Біздің жаяу әскерімі Ганнибал әскерінен екі есе көп». Екінші консул бұған көнбей: «Жаудың атты әскері біздікінен әлдеқайда күшті, мына жазық солардың еркін қимылдауына өте қолайлы. Сондықтан мына көрші жотада қорғаныс шебін құрған әлдеқайда қауіпсіз» — дейді.
Жазықта соғысуды жақтаған консул өзі қолбасылық еткен күні әскерлерге шайқасқа әзірленуге бұйырады. Жаяу әскерлер бұл жолы үш қатар емес — үлкен тік бұрышты сап құрайды. 80 мың легионерлер иық тіресіп тұр. Бұл өте айбарлы болып көрінеді. Римдіктердің аз ғана атты әскері екі бүйірге орналастырылды. Ганнибал легионерлердің өз әскерін ығыстырып кететінін сезді. Сондықтан ол өзінің 40 мың жаяу әскерін жарты ай түрінде, дөңес жағын жауға қарата сапқа тұрғызды. Жаяу әскердің таңдаулы бөлімдері мен атты әскерлері осы саптың екі шетіне орналасты. «Римдіктерді мына жазыққа алып шыққан құдайға мың алғыс» — дейді Ганнибал серіктеріне.
Римдік легионерлер өздерінің бүкіл күш-қуатымен қарсыластарына лап береді. Сыртқа қарап тұрған карфагендік жартыай осы кезде ішке қарай иіле бастайды. Римдіктер «Жеңіс!» деп айқайлайды Алайда жеңістің ауылы әлі алыс еді. Ганнибалдың испандықтардың, галдардан және африкандықтардан құралған атты аскерлері құйынша жүйткіп, римдіктерге қарсы лап қояды. Римдіктердің атты әскерлерін таптап өтеді де, жау аскер тылына ете бастайды. Бұған қоса карфагендіктердің таңдаулы жаяу әскерлері де қарсы ластарының бүйірінен тиісіп, соққылайды. Рим әскерлері қоршауда қалды. Легионерлер шоғыры жауға өте қолайлы нысанаға айналды лақтырылған әр сүңгі, әр тас адамға дәл тиіп жатты. Канна түбінде жетпіс мың римдік жер құшты, онық ішінде әлгі жазық жерде соғысуға қарсы болған консул да бар еді.
Ганнибалдың қолбасы ретіндегі тапқырлығы сондай, аз санды әскермен екі есе көп әскерді қоршауға алып, жойып жіберді.
Бүкіл Рим еңіреп, жас төкті. Жақындарын жоғалтып жыламаған отбасы қалмады. Солай бола тұрса да сенат Ганнибал атынан келген карфагендіктер өкілінің келіссөз туралы сөзін тыңдағысы да келмеді.
Жаңадан әскер жинау науқаны жарияланды. Мыңдаған римдіктер, ақ бас шалдар мен жас балалар, өздерінің туған жері мен мүліктерін қорғау үшін сапқа келіп тұрды.

Римдіктердің теңіздегі алғашқы жеңіс
Карфагенмен алғаш соғысқан кезде римдіктердін соғыс кемелері жоқ еді, Олар соғыс кемелерінсіз жеңіске жете алмайтындықтарын тез түсінді. Содан кейін Италияның кем-жасайтын жерлерінде балта-шоттың дүңкілі үдейді. Ал жағалауларға ескек есетін орындықтар орнатылды. Оған ескек есуді шала білетін болашақ ескекшілер отырып, үздіксіз жаттыға бастайды. Әскербасылар ертеден кешке дейін жаңа келгендері ескекті біркелкі көтеріп, сол қалыппен қайта түсірудің тәсілдерін үйретеді. Тура бір жылдан кейін соғыс кемелері суға түсірілді. Бұлардан карфагендіктердің алдеқайда тәжірибелі екенін ескерген римдіктер айлаға көшеді. Кемелерінің тұмсықтарына «қарғалар» ұшында ілмегі бар жиналмалы көпір бекітіледі.
Карфаген кемелері қарсыластарына қарай батып қозғалады. Кемелер тақап келген сәтте римдіктер «Қарғаларын» лақтырып, кеме жақтауларына іліндіріп алады. Сол кезде римдіктердің қоян-қолтық ұрыста дес бермейтін жаяу әскерлері ілгері ұмтылады. Қарсыласуға шамалары келмей қалған Карфаген кемелері еріксіз бағынды. Осы жеңістің құрметі ұшін Римде ростралармен — қолға түскен кемелердің тұмсықтарымен безендірілген колонналар тұрғызылды.
3. Соғыстың аяқталуы. Канна түбіндегі жеңілістен кейін римдіктер шешуші шайқастарға бара алмады. Соғыс ұзаққа созылуға айналды. Ганнибал үшін де ендігі шайқас қауіпті еді, әскері сиреп қалған, қалжыраған. Ганнибалдық Италия жұртының қолдауына сенген үміті алғашқы кездегідей емес, қолжырай бастады. Ол азаттық әперушіге ұқсамайтын: карфагендік жалдамалылары ештеңеге қарамастан елді жаппай тонады қырғын салды.
Жас әрі дарынды римдік қалбасы Сципион жау астанасына соққы берудің батыл жоспарын жасап, Африкаға барып түседі. Италиядағы он бес жылға созылған соғыста бірде-бір жеңіліп көрмеген Ганнибал амалсыздан Карфагенді қорғау үшін асығуға мәжбүр болды.
Б.з-д. 202 жылы Карфагеннің оңтүстігіндегі Зама қаласына таяу маңда Ганнибал римдіктермен ақырғы шайқасқа түседі. Қарсыласының атты әскерлері басымдау болды. Ганнибал армиясы күйрей жеңіледі. Бұл — ұлы карфагендік қолбасының жеңіліске ұшыраған бірінші шайқасы еді.
Бейбіт келісім бойынша Карфаген Африкадан сырт жерлердегі барлық иеліктерінен айырылды, Римге соғыс кемелерін, соғыс пілдерін және көп мөлшерде ақшалай қаржы беруге мәжбүр болды. Римнің аса қуатты қарсыласы осылайша күйреді. Рим Жерорта теңізінің батыс жағалауының қожасына айналды.

Б.з.д. 2-ғасырда барлық Жерорта теңізі өңірінде Рим билігінің орнауы.
Карфагенді жеңгеннен кейін Жерорта теңізі өңірінің шығысындағ елдерді бағындырып алуға кірісті. Бұл өңірдегі аса ірі мемлекеттер Македония, Сирия және Египет еді Римдіктер асқан айлакерлікпен осы елдерді бір-біріне айдіп салады да, шетінен бір-бірлеп жаулауға кіріседі.
1. Македонияның күйреуі және Грецияның «азат етілуі».
Бірінші кезек Македонияға тиді. Бұлармен соғысуға әзірлене бастаған римдіктер елдерін Элладамен македондықтардан азат етушілер деп атап гректерді өз жақтарына тартты. Сирия патшасы Антиохты македондықтарға көмектеспеуге көндірді, Ол Римнің Шығыс елдеріне қаншалық қатерлі жау екенін болжай алмады да, Македонияға қолдау көрсетпеді.
Риммен соғыста жеңілген Македон патшасы өзінің әскерлерін Грециядан алып кетуге мәжбүр болды. Соның артынан іле-шала Коринф қаласының жанында өтіп жатқан спорт ойындары кезінде аса елеулі оқиға болады. Бұл жөнінде ежелгі грек жазушысы Плутарх былай жазады:
«Құжынаған халық сайыстарды тамашалап отырған. Кенет керней даусы естіліп, барлық жұртты тыныштыққа шақырды. Ортаға жаршы шықты да, Рим сенаты эллиндердің тәуелсіздігі қайтарып бергенін жариялады. Көпшілік арасында шу көтерілді: таңданысқан, бірінен-бірі сұрап, қайталап айтуды талап еткен дауыстар. Абыр-сабыр басылым, тыныштық орнаған кезде жаршы әлгі айтқанын тағы қайталады. Қуанышты айқай-сүрен, жер-көкті жаңғыртты. Бүкіл стадион аяғынан тік тұрды. Сайыс қызығы далада қалды. Елдің бәрі римдік консулды — Грецияны азат етушіні құттықтауға ұмтылысты.
Бұл күндері Грецияның, азат болмағанын, тек оны билеушілердің орны ауысқанын түсінгендер аз болды.
2. Сирияның күйреуі және Македония патшалығының ақыры. Сирия патшасы Антиохқа қарсы соғыс жариялаған римдіктер Кіші Азияға басып кіріп, Сирияның әскерін талқандады. Сирия патшалығы өзінің күш қуатын мәңгілікке жоғалтты.
Сирияны жеңгеннен кейін Рим сенаты енді Македонияны қосып алу туралы шешім қабылдады. Жаңа соғыс басталды. Оның тағдыры қиян-кескі ұрыс үстінде шешіліп жатты.
Өздерінің бала-шағасын қорғаған Македония әскерлері ерлікпен шайқасты. Екі қанаттан соққының қатты тигені сонша, шашы соғыспен ағарған консун бұл қанды қырғынды өмір бойы ұмытпастай болады. Римдіктер ұзын найзаларды қылыштарыимен қағып қорғанып бағады, немесе найзаны қалқандарымен жерге иеді, не жалаңаш қолмен ұстай алып итеріп жібереді. Бәрібір құтыла алмайды: сауыт та, қалқан да македондықтар найзасынан қорғаныш бола алмайды. Римдіктердің бірінші қатары түгел жойылды, қалғандары өз лагерлеріне қарай ығысады. Рим консулы қатты қобалжып, кимінің өңірін қақ аайырды, легионерлердің де рухы түсіп кетті.

Ганнибалдың өлімі
Гаинибалдың тірі тұрған кезінде римдіктер тыныштық, дегенді білмеді. Олар Ганнибалды аяқ астынан лап ете түсетін өрт деп есептеді. Соғыс та жеңіліске ұшыраған Ганнибалдың УКарфагеннен кетіп қалуына тура келді. Сирия патшасының кемесімен сонда қашып барып, Антиох патшаның әскери кеңесшісі болады. Ганнибал өзінің қорғаушысын Македониямен келісім жасасып, Римге бірігіп қарсы тұруға үгіттеді. Алайда патша бұл ақылға құлақ аспай, ақыры өзі күйрейді. Жанын сақтап қалу үшін Ганнибал енді Сириядан да кетеді. Ұзақ сергелдеңнен кейін Кіші Азиядағы бір шағын мемлекеттің патшасына кеңесші болады. Ал римдіктер болса бұл елдің патшасынан аңқты қолбасшыны өз қолына тапсыруды талап етеді. Римдіктерден қорыққан патша келіседі. Ганнибал жасырын кетіп қалудың қамын асайды. Бірақ үйін қарулы әскерлер қоршап алғанн байқайды. Тұтқынға түскісі келмеген ол у ішіп өледі. Өлер алдында Ганнибал: «Өздері өлердей жек көретін қарттың өлімін естіп римдіктер иығнан жүк түскендей жеңілденетін болды» деген екен.
Македондықтар римдіктердің соңына түскенде, бытырап жүгірген саптың ара-арасынан бос жерлер байқалып қалды. Соны пайдаланған консул өзінің топтарына қарсыласының сапы арасындағы бос жерлерге сынадай енуге бұйырады. Римдіктер македондық найзалардың артына өтіп алады. Енді римдіктер тұтас саппен соғыспай, бөлшектелген бөлімдермен айқасады. Қорғаусыз қалған бүйірлеріне шабуыл жасап тылына өтіп кетеді. Біртұтас қимылмен жойқын әрекет жасауға негізделген жаудың күші бөлінген соң, сарқыла бастайды. Македондықтар қашуға мәжбүр болды.
Македония патшалығы өмір сүруін тоқтатты. Рим консулы салтанатты шеру (триумф) құқығына ие болды. Жеңімпаз қолбасының Римге салтанатпен оралуы осылай аталған. Салтанат күндері қолбасыға император (латынша әмірші, бас қолбасы) деген құрметті атақ берілді.
Б.з.д. 146 жылы Коринф пен Карфагеннің талқандалуы.
Грецияның «азат етілуінен» кейін римдіктер бұл елді өздерін бейне бір жаулап алынған елде жүргендей сезінді. Соның салдарынан гректер қолдарына қайта қару алды. Олар елінің тәуелсіздігі жолында ерлікпен шайқасты, бірақ жеңіліске ұшырады. Римдіктер қарсылық көрсеткендерді аяусыз қырып-жойды. Әсіресе бай сауда қаласы Коринф қатты тоналды күйзеліске ұшырады. Сенаттың шешімімен қала түгі қалмай қиратылды да, қала орны қарғыс атқан жер деп жарияланды. Қала тұрғындарының тірі қалғандары құлдыққа сатылды, өнер туындылары Римге тасылып әкетілді. Аса күнды мүсіндер мен картиналарды кемеге тиеп жүрген жауынгерлерге консул: «Егер бұлардын, біреуі бүлінсе, дәл сондайын жасап орнына қоясындар!» деп қатал ескерту жасапты деген сөз бар. Бұл қоқан-лоққы білімсіз бас қолбасшының өнермен он қайнаса сорпасы қосылмайтын легионерлер өнер туындысы тұрмақ, оның керекті көшірмесін жасау да қолдарынан келмейді деген ойдан құлақтығын көрсетеді.

Македония жеңгеннен кейінгі салтанат
Әдемі аппақ киім киген римдіктер көше-көшеге толып, салтанатты шеру өтетін жерлерде иін тіресіп тұрды. Бұл шеру үш күнге созылды.
Алғашқы күні жүздеген арбамен олжаға түскен мүсіндер мен суреттерді алып өтті. Екінші күні мыс пен темірі тазартылып, жалтыраған македондықтардың қару-жарағы тасылды. Мыңдаған адам алтын мен күміске толы ыдыстарды арқалап өтті. Үшінші күні көшелермен кернейшілер тізбегі өтті. Содан кейін тұтқындалған патшаның қару-жарағы және оның үстіне ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!