Курстық жұмыс: Социалогия | Әлеуметтік ауытқу түсінігі

0

Мазмұны

Кіріспе———————————————————————————————3
І бөлім
Әлеуметтік ауытқу түсінігі
1.1 Әлеуметтік ауытқудың себептері——————————————————4
1.2 Ауытқыған әлеуметтену және девианттық мінез-құлық—————————7
1.3 Маргиналдану әлеуметтік патология ретінде—————————————-9
ІІ бөлім
Әлеуметтік патология түрлері
2.1 Жезөкшелік, балалар жезөкшелігі әлеуметтік патология ретінде————-11
2.2 Нашақорлық, маскүнемдік әлеуметтік патология ретінде————————18
Қорытынды————————————————————————————21
Пайдаланылған әдебиеттер——————————————————————22

Кіріспе
Қоғамымыздың аумалы-төкпелі шағында қылмыс атаулының тым көбейіп, жұқпалы дерт секілді таралуы, әсері мен қауіптілігі – бұл әлеуметтік проблема болып отыр. Әлеуметтану ғылымында арнайы әлеуметтік теория – девианттық мінез-құлық әлеуметтануы туып, қалыптасқан латынның deviatio – ауытқу. Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануының бұлақ көзінде француз ғалымы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) болған – француз әлеуметтанулық мектебінің негізін салушы. Ол «әлеуметтік аномия» түсінігін алға тартқан, оны «көне нормалар мен құндылықтар қазіргі шындық жағдайындағы қарым-қатынастарға сәйкес келмейді, ал жаңалары әлі сіңіп үлгермеген».
Әлеуметтік ауытқулар индивидуалды мінез-құлық саласында болуы мүмкін, олар нақты адамдардың іс-әрекеттерін қоғамда қоғамдық нормалармен қатаң тыйым салынатын әрекеттерін қамтиды. Сонымен бірге әрбір қоғамда көптеген ауытқыған субмәдениеттер бар, олардың нормалары қоғамдағы жалпы қабылданған басты қоғамдық моральмен сыналады. Мұндай ауытқулар топтық болып табылады.
Белгіленген нормаларды бұзушылар жазаға шектеуге, соттауға тартылады. Мұндай кездегі ауытқушылық адамдардың обьективті іс-әрекеті емес, адамдар арасындағы тәртіпке сәйкес индивидтің норманы бұзуы болып табылады. Оны «қылмыскерге», «заң бұзушыға», моральды бұзушы тұлғаға айналдырып, қоғамдық өмір адамды шеттетіп, оны қылмыскер рөлін орындаушыға айналуына итермелейді. Осыдан келіп стигма теориясы дүниеге келді (Стигма – грек сөзі — «қарғыс атқан қылмыскер» лақап аты мойнына ілінеді).
І. Әлеуметтік ауытқу түсінігі
1.1 Әлеуметтік ауытқудың себептері
Өкінішке орай, жалпы нормативтік талаптарға сай келетін азаматтары бар бақытты қоғам жоқ. Әлеуметтік ауытқу термині индивидтің немесе топтардың іс-әрекеттері жалпы қабылданған нормаларға қайшы келуі, оның нәтижесінде бұл нормаларды олар бұзады. Әлеуметтік ауытқудың әртүрлі формалары бар: қылмыскерлер, аскеттер, әулиелер, гениийлер және т.б. Барлық уақытта қоғам адамзат тіршілігінің жағымсыз формаларын жоюға, алдын алуға мүдделі болған. «Әлеуметтік», «зұлымдық» проблемалары әрқашан ғалымдардың қызықтырған. Бір индивидтің әлеуметтік мінез-құлықта ауытқуы болуы мүмкін, екіншісі тұлғалық ұйымда, үшіншісі әлеуметтік санада. Әлеуметтанушыларды ең алдымен мәдени ауытқулар қызықтырады, яғни нақты әлеуметтік қауымдастықтың мәдениет нормаларынан ауытқуы. Әлеуметтану ғылымында арнайы әлеуметтік теория – девианттық мінез-құлық әлеуметтануы туып, қалыптасқан латынның deviatio – ауытқу. Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануының бұлақ көзінде француз ғалымы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) болған – француз әлеуметтанулық мектебінің негізін салушы. Ол «әлеуметтік аномия» түсінігін алға тартқан, оны «көне нормалар мен құндылықтар қазіргі шындық жағдайындағы қарым-қатынастарға сәйкес келмейді, ал жаңалары әлі сіңіп үлгермеген». Ауытқыған мінез-құлық теориясы тәуелсіз, дербес ғылыми бағыт ретінде қалыптасуында Р.Мертонның және және А.Коэнның еңбектері орасан зор. Әлеуметтік құылымның кейбір қоғамның мүшелерін қалайша ауытқыған мінез-құлық танытуға жетелейтінін талдаған. Девиацияның анықтамасына Г.А. Аванесов кеңінен трактат береді: «Ауытқыған мінез-құлық дегенде қоғамдағы берілген нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-әрекеттерді түсіндіреді, яғни әңгіме, кез келген әлеуметтік нормаларды бұзу жайлы. Әлеуметтік ауытқулар индивидуалды мінез-құлық саласында болуы мүмкін, олар нақты адамдардың іс-әрекеттерін қоғамда қоғамдық нормалармен қатаң тыйым салынатын әрекеттерін қамтиды. Сонымен бірге әрбір қоғамда көптеген ауытқыған субмәдениеттер бар, олардың нормалары қоғамдағы жалпы қабылданған басты қоғамдық моральмен сыналады. Мұндай ауытқулар топтық болып табылады. Берклидегі (АҚШ) Калифорниялық университеттің әлеуметтану профессоры Нейл Джозеф Смелзердің айтуынша девиация анықтамаға әрең келеді, яғни ол мінез-құлық күтулердегі анықсыздығы мен көптүрлілігімен байланысты. Девиацияның әкелері: изоляция, емделу, дұрысталу немесе басқа жаза. Смелзер девиацияның негізгі үш компонентін айтады:
а) нақты мінез-құлыққа ие адам;
б) девианттық мінез-құлықтың бағалау критерийі;
в) нақты мінез-құлыққа жауап беретін, басқа топ немесе ұйым;
Осылайша социологияда девианттық ауытқыған мінез-құлық адамның іс-әрекеттері әлеуметтік күтулерге сай келмейтін болып табылады. Ауытқыған мінез-құлық әрқашан нақты қоғамда қабылданған мәдениет тұрғысынан бағаланады. Бұл бағалаудың мәні: кейбір ауытқулар сынға алынады, ал кейбіреулері жақталады. Мысалы, дүние кезіп жүрген монах нақты бір қоғамда әулие болып саналады, ал басқа қоғамда – істейтін тірлігі жоқ керексіз жалқау. Бізді құқық қорғау саласының қызметкерлері секілді ең алдымен девианттық мінез-құлықтың жағымсыз, негативті себептері қызықтырады. Соңғы жылдары девианттық мінез-құлық жаппай сипат ала бастады және девиацияның проблемалары оның шығу тегі әлеуметтанушылардың, әлеуметтік психологтардың, денсаулық сақтау қызметкерлерінің, криминологтардың басты назарын аударды. Жағымды, позитивтік девиациялардың өсуімен қатар (саяси белсенділік, экономикалық белосенділік және т.б) жағымсыз, негативті девиациялар күшеюде – қылмыстық, маскүнемдік, нашақорлық, аморальдық. Бұндай әлеуметтік құбылыстарды тудыратын жағдайлар мен факторлар себептерін түсіндіру қиын мәселе болды. Оны қарастыру бірқатар фундаментальды сұрақтарға жауап іздеуге итермелейді, олардың арасында «әлеуметтік норма» категориясы және одан ауытқу сұрағы. Тұрақты түрде дамып жатқан қоғамда бұл сұраққа жауап азды-көпті анықталған. Әлеуметтік норма заңдарда, салт-дәстүрлерде, әдет-ғұрыптарда қолдау табады және көрінеді, яғни көпшіліктің өмір сүру салтына, тұрмысына енген. Қоғамдық пікіп тарапынан қолдау табады. Ауытқу нормадан тыс өмір сүрмейді. Норма түсінігі қиын, күрделі және дәл анықтамасын дөп басып айтуға келмейді. Шындығына келген кезде ешқандай норма жоқ, оның нақты созылған ережесі мен шекарасы жоқ. Ауытқу нормадан әртүрлі деңгейдегі, қашықтықтан, көптеген вариациялары бар. Нормадан айтарлықтай ауытқуды оңай анықтауға болады. Айтуға тұрмайтын ауытқуларды анықтау қиынға соғады. Бірақ реформаланған қоғамда, бір нормалар жойылып, орнына басқа нормалар қабылданбаған қоғамда норманы қалыптастыру, қолдану өте күрделі жұмыс болып табылады.
Кеңес дәуірінде қалыптасқан нормаларды жойып, біз қарқынды түрде дамуымыздың қазіргі кезеңіне жаңа нормаларды қалыптастыру үшін назарымызды Батысқа немесе революцияға дейінгі өткенге аударамыз. Мемелекеттің дамуының қысыл таяң сәттерінде қылмыскерлік кеңінен жайыла бастайды. Мысалы, әлеуметтанулық зерттеудің нәтижесі бойынша ¼ респонденттер заңға қайшы әрекеттер жасағанын мойындайды, бірақ тұтастай алғанда бұл әрекеттерді өзінің жас когортасына қалыпты деп бағалайды. Нақты жағдайда біз «девиацияның институциаландыру» феноменімен кездесеміз [1,520б.].
1.2 Ауытқыған әлеуметтену және девианттық мінез-құлық
Әлеуметтену – бұл индивидтің сол қоғамда қбылданған нормаларды, құндылықтарды, мақсаттарды өз бойына сіңіріп өзінің өмір барысында әлеуметтенеді, ол индивидтен жеке тұлғаға айналады. Әлеуметтену әрқашанда табысты бола бермейді. Одан қалса шыққан қорытынды ешуақытта әлеуметтік, тұлғалық деңгейде идеалдылыққа қолы жетпейді, ал қоғамның өзі оның әлеуметтік институттары мен ұйымдары өздерінің әлеуметтендірушілік функцияларын толығымен атқармайды. Әрдайым пайдаланбаған мүмкіншіліктердің резерві қалады. Индивидтің әлеуметтенуі әрдайым ауытқуды қамтиды. Мұнда әлеуметтендірушілік норма әлеуметтену үдерісінде атқарылмауы мүмкін. Ауытқушылық нақты тарихи кезеңдегі, нақты қоғамдағы әлеуметтендірушілік нормада әлеуметтенудің обьективті және субьективті процесс ретінде сәйкессіздігімен анықталады. Ауытқыған, табысты болмаған әлеуметтену девианттық мінез-құлықтың бірден-бір себебі болып табылады.
Девианттық мінез-құлық әлеуметтануында бірнеше бағыттар бар, олар ауытқыған мінез-құлық пайда болуын түсіндіреді.
Адамдар аномия жағдайына әртүрлі индивидуалды жолдармен адаптацияланады: конформизм арқылы немесе ауытқыған мінез-құлықтың әртүрлі түрлерімен («инновация», «ритуалдылық», «ретретизм») мұнда мақсаттар жоққа шығарылады немесе әдістер яки екеуі бірдей жоққа шығарылады. Екінші бағыт жанжал теориясының шеңберінде қалыптасты. Бұл пікірге сүйенсек, мінез-құлықтың мәдени үлгілері ауытқу болып табылдаы, егер де олар басқа бір мәдениеттің нормаларына негізделген болса. Мысалы, қылмыскер нақты бір субмәдениеттің өкілі – тасымалдаушысы ретінде қарастырылады, басты болып есептелінетін қоғамдағы мәдениетке жанжалды болып табылады. Девиация себептерін оқуда, зерттеуде тағы бр бағытын австриялық жеке тұлғаның психологиясының теоретигі Виктор Франкл, логотерпия негіздерін өңдеп шығарды, ал ол өз кезегінде адамдардың өмірінің мәнін жоғалтқанда пайда болған проблемаларды шешуде өте пайдасы мол құрал ретінде өзін көрсете білді. Франклдың экзистенциалдық анализі мен логотерапия теориясы адам мәніне, табиғатқа деген көзқарастарды құрайтын күрделі жүйені құрайды. Қазіргі отандық социологияда Я.И. Гилинскийдің позициясы сөзсіз қызығушылықты тудырады: девиацияның шығу тегі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікте, әртүрлі әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін қанағаттандырудағы мүмкіншіліктердің арасындағы айырмашылықтардың деңгейінің жоғарылығында. Бәрімізге белгілі кез келген іс-әрекеттер қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жасалынады.
Адамдар өздерінің материалдық жағдайымен көндігеді, өзінің тәуелділігіне, келешегінің жарқын болмауына көндігеді. Қазір ол бізге қауіпті ма? Өкінішке орай, иә. Адам өмір сүру үшін күреседі, бәсекелестерімен күреседі, жаймен өзінің барлық күш-жігерін алғашқы материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсайды. Қалғандарына оның күш жігері қалмайды немесе ол оған қызығушылығын жоғалтады. Адам қоғамындағы ең қарапайым нормалардың жаппай бұзылуы – адамдардың мәдени дңгейінің төмендеуінің айғағы. Қоғамның примитивтілігі әлеуметтік патологияның әртүрлі формаларын белгілі бір дәрежеде жақтап, қолдап, ақтайды, олармен күрес жүгізу түгілі оны сынға алуды доғарады. Апатия кеңінен тарап жатыр [2,98б.].
1.3 Маргиналдану әлеуметтік патология ретінде
Девианттық мінез-құлықтың көріну деңгей формасы көптеген факторларға байланысты экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және т.б. Қазіргі таңда девианттық мінез-құлықтың ең басты не детерминизациялайды деген сұраққа жауап бере отырып, қылмыскерлік оның ең ауыр түрлі және әлеуметтік аномия тұтастай, сеніммен айтуға болады, бұл қоғамдағы әлеуметтік қатынастардағы өзгерістер, ал олар өз көрінісін «маргиналдылық» түсінігінде тапты, яғни тұрақсыздық «аралық», «өтпелілік». Маргиналдылықтың ең бастысы белгісі әлеуметтік қатынастардың, байланыстардың үзілуі, сонымен қоса классикалық жағдайда ретімен экономикалық, әлеуметтік және рухани байланыстар үзіледі. Экономикалық байланыстар ең бірінші кезекте үзіледі және бірінші кезекте қайта қалпына келеді. Ең баяу қалыпқа келетін рухани байланыс, себебі олар белгілі «құндылықтарды асыра сілтеп бағалауда» тәуелді болып келеді. Жалпы тұрақсыздық, қалыпты тұрмыс жағдайының бұзылуы, үйреншікті құндылықтар жүйесінен бас тарту, жұмыссыздық, Кеңес үкіметінің күйреуі обьективті түрде маргиналданудың күшеюіне алып келеді.
Қоғамның маргиналдануының негізгі әлеуметтік қайнар көзі жұмыссыздықтың өсуі. Қоғамның магиналдануына айтарлықтай әсерді миграция тигізіп отырады. Қоғамның маргиналдануының перспективалары қандай? Жалпы бұл сұраққа келсідей жауап беруге болады. Нарықтық реформалардан туындаған қоғамда болып жатқан өзгерістердің әсерінен маргиналдардың бөлігі жәймен төменге қарай жылжи береді, яғни люпенизацияланады. Бомждар, маскүнемдер, жезөкшелер және т.б сан жағынан өсіп жатқан люпендердің қабаты. Басқа сөзбен айтқанда бұлар жаңа нарықтық жағдайларға үйрене алмаған немесе үйренуге ынта танытпаған тұрғындардың бөлігі және «әлеуметтік күйреуді» бастан кешіріп, аралық позицияда өз орнын жоғалтқан. Ол нақты «шешілген» сияқты. Екінші бөлігі (айтарлықтай үлкен бөлігі) жаңа шындықтарға үйренуге жол тауып, тырысып жатқандар, жаңа әлеуметтік статусқа ие болады, ал сонымен бірге өзінің тұрмысының тұрақтылығына қолы жетеді, жаңа әлеуметтік байланыстар, жаңа әлеуметтік ………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!