Курстық жұмыс: Сақтандыру заңы | Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
Мазмұны
Кіріспе.
І тарау. Сақтандырудың экономикалық мәні және әлеуметтік негіздері
1.1. Сақтандыру ұғымы, мақсаты және функциялары
1.2. Сақтандыру түрлері. Сақтанушы мен сақтандырушы
1.3. Сақтандыру шартының мазмұны және қолданылуы
ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
2.1. Сақтандыру нарығы
2.2 . Қазақстан мен Жапониядағы міндетті әлеуметтік сақтандыру
2.3. Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаларға байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды көңіл бөлмеу мүмкін емес. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымдалғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандырудың рөлі-ең алдымен экономиканы микро деңгейінде көрінеді. Сақтандырудың нақты келісім-шарттары өздерінің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатындағы жеке және заңды тұлғалармен жасалынады. Ірі аймақтарды қамтитын жүздеген кәсіпорынның мүдделерін бұзатын мыңдаған халықтың өміріне қауіп төндіретін ірі табиғи техногендік сипаттар пайда болуына сәйкес зардаптарды сақтандыру жүйесі арқылы өтеудің микроэкономикалық салдары болады.
Менің мұндай тақырыпты алған себебім: сақтандыру әсіресе соңғы жылдары Қазақстанда ерекше қарқынды, үдемелі түрде дамуда, сөйтіп оның экономикалық өмірдегі маңызы біршама артып отыр. Ал, негізгі мақсатым-сақтандыру туралы білімімді тереңдете, жетілдіре түсу болып табылады. Курстық жұмыстың тақырыбы-“Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары” деп аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі-халық өздерінің материалдық құндылықтарын жоғалтпауына мүмкіндіктің бар болуы, сонымен бірге өмірін, денсаулығын сақтандыруына да болады. Сақтанушылар көлемі жылдан-жылға өсіп келеді.
Бұл курстық жұмыста-теория жүзінде қаралатын тақырыптар:
1) Сақтандыру ұғымы, мақсаты және функциялары;
2) Сақтандыру түрлері. Сақтанушы мен сақтандырушы;
3) Сақтандыру шартының мазмұны мен қолданылуы;
Ал, зертханада:
1) Сақтандыру нарығы;
2) Қазақстан мен Жапониядағы міндетті әлеуметтік сақтандыру;
3) Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары.
Әр қайсысына қысқаша тоқталып өтсек:
Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Мақсаты-қоғамның, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау. Сақтандыру функциялары:
1) бөлу;
2) өтемдік;
3) жинақтық;
4) бақылау.
Ең маңыздылары: бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы: қайта бөлу ретінде көрінеді. Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдырып, сақтық қорын қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етеді.
Сақтандыру түрлері:
Міндеттілік дәрежесі бойынша:
1) ерікті;
2) міндетті
Сақтандыру объектісі бойынша:
1) жеке;
2) мүліктік.
Сақтандыру өтемін жүзеге асыру негіздері бойынша:
1) жинақтаушы;
2) жинақтаушы емес.
Сақтанушы-белгілі бір қажеттіліктерді қажет ететін тұлға.
Сақтандырушы-сол қажеттіліктерді қанағаттандырушы тұлға немесе ұйым. Сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын келісім-шарт деп аталады. Шартта: сақтандыру түрі, объектісі, төлем мерзімі, сомасы, тәртібі және т.б. белгіленеді.
Сақтық нарығы дегеніміз-ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі “ерекше тауар” сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады. Қазақстан Республикасының сақтық нарығына қатысушылары:
1) сақтық ұйымы;
2) сақтық брокері;
3) сақтық агенті;
4) сақтанушы,
5) сақтандырушы;
6) пайда алушы;
7) актуарий;
8) уәкілетті аудиторлық ұйым;
9) өзара сақтандыру қоғамы
жатады.
Сақтандыру нарығының масштабы 3-ке бөлінеді:
1) ұлттық;
2) аймақтық;
3) халықаралық.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру-азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы.
Қазақстан мен Жапониядағы міндетті әлеуметтік сақтандыруды салыстырсақ, Қазақстан дамушы, ал Жапония дамыған елдер қатарына жатады. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының саны қазіргі таңда 36 болса, ал Жапонияда тек Иогама портында сақтандыру компанияларының саны 240. Қазақстан сақтандыру компаниялары Жапония сақтандыру компанияларын үлгі тұтады. Болашақта Қазақстан Республикасы Жапония мемлекеті сияқты экономикасы дамыған ел болады деген үміт бар.
Сақтандыру жауапкершілігі-жеке және заңды тұлғалардың алдындағы жауапкершілік.Сақтандыру жауапкершілігінің мақсаты-күтпеген жағдай болғандағы сақтандыру қауіпсіздігі. Сақтандыру жауапкершілігі арқылы адамдардың денсаулығына, мүлігіне зиян келген жағдайда заңның күші немесе соттың шешімі арқылы сәйкес төлемдер төленеді. Қазақстан Республикасында қолданылатын жауапкершілік түрлері:
1.автотранспорт басшыларының азаматтық-құқықтық сақтандыру жауапкершілігі;
2.тасымалдаушының азаматтық сақтандыру жауапкершілігі;
3.шаруашылық және мамандық тұрғыда 3-ші жаққа тигізілген кері әсерді сақтандыру жауапкершілігі;
4.заң жүзінде жұмыс берушінің сақтандыру жауапкершілігі;
5.несиелік тәуекелді сақтандыру;
6.жинақтаушы зейнетақы қорларының сақтандыру жауапкершілігі;
7.экологиялық сақтандыру.
Сақтандыру мәселелері:
1.құнсызданудың пайда болуы;
2.адал емес адамдар;
3.инфляция
және т.б.
Бұл мәселелер шешілуі үшін сақтандырушы компания кез-келген жағдайларда шартта көрсетілген жағдайды орындауы тиіс. Сонымен бірге, әрбір адам өз ісіне жауапты болуы керек.
І. Сақтандырудың экономикалық мәні және әлеуметтік негіздері
1.1. Сақтандыру ұғымы, мақсаты және функциялары.
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің
барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп-бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтың жекелеген сипаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушінің, олардың топтарының натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандыру дегеніміз-сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты кешені. Сақтандыру қызметі-сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметтері. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, оның ішінде өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей пайдаланады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана Қазақстан Республикасының резиденті-уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге асыра алады. Сақтық қорлар қоғамның ұлттық шаруашылығы әр түрлі алдын-ала болжауы мүмкін емес, оқиғаны сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорларының жүйесі-қажетті құрамды бөлігі. Мүліктік мүдделерді қорғауды материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын таптыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қоры нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады. Сақтандыру қорларының басқа қорлардан ерекшелігі, олар тұтынушының қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі. Сақтандырудың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір тікелей арналымда сақтық төлемді төлеу үшін
пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберуі мүмкін. Бұл табыстың бір бөлігін табыскерлерді тарту үшін, сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық жүйе Республикада экономикалық сенімді әрі орнықты дамуына халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға азаматтар мен шаруашылық субъектілердің мүлкін сақтандыруға ықпал етуі тиіс. Сақтандырудың жалпы жүйесі 3 бөлімнен тұрады:
1. қоғамдық қорғаудың жүйесі;
2. әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру;
3. жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің дербес бөлігі-медециналық сақтандыру. Сақтандыру-сақтандырудың төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатарлар кешені. Ерекше сақтық қатарлар сақтық қызметінің нарығын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғаныс. Сақтандырудың қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы мен сақтандыру мәселелері жөніндегі үкімет қаулысымен және Ұлттық Банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады. Сақтандыру процесі-сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру кезінде-сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі бар:
1. бюджеттік әдіс;
2. сақтық әдісі.
Қорларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттің қаржысын, яғни бүкіл қоғам қаражаттарын пайдалануды болжайды. Сақтық әдісі-қорларды шаруашылық жүргізуші субъектісімен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын-ала қарастырады.
Сақтандырудың мақсаты-қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады. Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1. қатынастардың ықтималдық сипаты;
2. қатынастардың төтенше сипаты (кез-келген ауқымда-мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
— сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;
— сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
— оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен, қосарланып отырады;
— сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
— ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді.
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады. Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушының төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру-қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы. Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді. Сақтандыру-сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
1.2. Сақтандыру түрлері. Сақтанушы мен сақтандырушы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
— міндеттілік дәрежесі бойынша: ерікті және міндетті;
— сақтандыру объектісі бойынша: жеке және мүліктік;
— сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша: жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру-заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілерімен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру-тараптың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Сақтандыру қызметі-сақтық ұйымының сақтандырудың шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет. Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
1. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі-“өмірді сақтандыру” саласы және “жалпы сақтандыру” саласы бойынша жүзеге асырылады.
2. “Өмірді сақтандыру” саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: 1. өмірді сақтандыру;
2. аннуитеттік сақтандыру;
3.“Жалпы сақтандыру” саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1. жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
2. медициналық сақтандыру;
3. автомобиль көлігін сақтандыру,
4. темір жол көлігін сақтандыру;
5. әуе көлігін сақтандыру;
6. су көлігін сақтандыру;
7. жүктерді сақтандыру;
8. мүлікті сақтандыру;
9. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10. автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11. темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
12. әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13. су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
14. тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15. шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16. зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
4. Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны мен оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
5. Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады. Сақтандыру ……..