Курстық жұмыс: Салық құқығы | Халықаралық салық салудағы оффшорлық механизмдер

0

Мазмұны

Кіріспе
1 тарау. Халықаралық салықтық құқықтағы оффшорлық механизмдер.
1.1 Оффшорлық механизмнің пайда болуының алғашқы шарттары
1.2. Оффшорлық механизмнің халықаралық салық құқығының нормаларымен реттелуі.
2 тарау. Халықаралық салық салудағы оффшорлық механизмнің әрекет етуінің қағидалары.
2.1. Оффшорлық аймақтардың салықтық артықшылығын қолдану.
2.2. Әлемдегі бөлек оффшорлық аймақтардың салық салудың ерекшеліктерін қолдану.
2.3. Оффшорлық аймақта еншілес компанияларды құру салық салудағы шығындарды азайту мүмкіндіктерінің құралы ретінде.
3 тарау. Салықтық ынтымақтастықтың халықаралық реттелуі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Біздің мемлекет ұзақ уақыт бойы сыртқы әлемнен бөлініп тұрды және ол жағдай еліміздің экономикалық дамуына үлкен әсерін тигізді. Көптеген экономикалық түсүніктер біз үшін бейтаныс болды. Шекаралар ашылып, кәсіпкерлікке рұқсат берілгеннен кейін кәсіпкерлер бизнеспен , оның ішінде халықаралық бизнеспен айналыса бастады.
Қазіргі таңда қазақстандық экономика сынық алдында бірнеше мақсаттарды шешу міндеті жүктеліп отыр: тауарлы – ақшалай қатынастармен, нарықты экономика, оның құрылымы мен инфраструктурасын қайта жаңғырту; конверсияны, салалардың реструктуризациясын және модернизациясын жүзеге асырып, жемдік шаруашылыққа шығу қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы мен Қазақстан мемлекетінің, мақсаттары қысқа және орта мерзімді даму бағыттарында сәйкес келмейді. Мемлекет пен ұлттық экономиканың мақсатына жету құралының қайнар қоры біреу. Бұл кәсіпорындардың және олардың жұмысшыларының кірісі. Ал бұдан мынандай қорытыңды жасауға болады. Ұлттық экономика мен мемлекет ұлттық кірісті қолдану бөлігінде бәсекелестер болып табылады.
Бұл жағдайлар мемлекетпен бәсекелестік күрес кезінде кәсіпорындардың өзінің позицияларын күшейту үшін әр түрлі әдістерді қолдану мүмкіндігін анықтайды.Әлемдік тәжирібе бұл күрестің тиімді әдісі бұл жеңілдіктерді аймақтарға,бұл аймақтардағы жеңілдіктері бар оффшорлық компаниялары бар халықаралық салықтық жоспарлауды қолдану болып табылады.
Қазіргі таңда оффшорлық аймақтар және шаруашылық –экономикалық қызметпен байланысты іс жүргізу әдістері қазіргі замаңғы экономикаға негізделген, ал оффшорлық бизнес әлемдік құбылыс масштабына ие болды .
Бүгін оффшорлық аймақтар әлемдік жүйенің және ұлттық экономикасының, соның ішінде жоғары дамыған елдердің ажырамас бір бөлігі болып танылады. Сонымен қатар оффшорлық қаржы орталықтарында мағыналы түрде капитал жиналған және бұл әлемде болып жатқан үрдістерге өз әсерін тигізеді. XX ғасырдың аяғында оффшорлық бизнес тек саңдық емес, сонымен қатар сапалық өзгерістерге ұшырады.
Оффшорлық бизнестің пайда болуы мен дамуының негізгі қозғаушы күші бұл үкіметтің өз елдеріндегі экономикалық жағдайды бақылау жүргізгісі келіуі мен азаматтардың оған бағынғысы келмеуі және өзінің пайдасының бөлшегін салық ретінде бергісі келмеуінен пайда болған қайшылықтан туындаған. Сырт көзге оффшорлық бизнес көрсетілген қайшылықты шешуге бағытталған өркениетті жолы болып көрінуі мүмкін . Бірақ ол бұлай емес. Мысалға АҚШ-та оны “ХХ ғасырдың пиратство” деп атаған. Егер де Қазақстан Республикасы туралы айтатын болсақ, Қазақстан кәсіпорындары мен жеке тұлғалардың оффшорлық компанияларының бақылауынсыз қарыжы–экономикалық өзара қатынастары әрекетсіз жағдайларда немесе дұрыс емес әрекеттер кезінде мемлекеттің кедейленуі және капиталының толтырылмайтын ағымына әкеліп соғады.
Бұл жерде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақтың өмірлік маңызды мүдделері де қауіпке ұшырайды.
Бүгін, бюджетке салық түсімдерін жоғарылату мемлекеттік мүддені білдіретін болғандықтан әр түрлі әдістерді қолдануды талап етеді.
Қазақстанда оффшорлық аймақтармен және оффшорлық бизнестің жалпы байланысты мәселелер өте өзекті болып табылады.Олардың дұрыс шешілуі арқылы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің қамтамасыз етуі.
Қазақстандық кәсіпорын үшін көрсетілген әдісті қолданудың өзектілігі, оны осы дипломдық жұмыста қарастырып, оның мазмұнын ашуға қажет екендігін анықтап берді.
Дипломдық жұмыста оффшорлық аймақтардағы салық құқығын қолдану механизімі, оффшорлық бизнесті шаруашылық тиімділігін жоғарлату әдісі, сонымен қатар қазақстан кәсіпорынның қызметін, сыртқы экономикасының тиімділігін көтеру оффшорлық компанияларының классификациясы берілген; Қазақстанда және шет елдегі оффшорлық кәсіпкерлікті құқықтық реттеу әдістері көрсетіледі; оффшорлық аймақтардағы салық артықшылықтарын қолдану әдістері сипатталады, сонымен қатар қазақстан кәсіпорындарының салық салу ерекшеліктері көрсетіледі;
Қазақстан республикасының экономикалық қауіпсіздігін сақтау үшін, барлық тиімді әдістерді дұрыс пайдалана білуіміз керек.
1 тарау. Халықаралық салық құқығындағы оффшорлық механизмдер.
1.1 Оффшорлық механизмнің пайда болуы шарттары
Белгілі бір немесе басқа формада адамзат тарихының бүкіл барысында түрлі елдер мен халықтарда халықаралық сауданы қадағалап , ізіне түсуге өз территориясы бөлігінде салық қатынасына байланысты шаруашылық жағдайын дамыту арқылы шетелдік компанияларды тартуға ұмтылыс жасалып жүр. Бұл процесс финикийлердің гүлденуі кезінде бастау болған,одан соң ерікті сауда орталығы.Бірінші Афины теңіз одағының астанасы–Делос аралы болды. Орта ғасырға келетін болсақ, бұл кезең тарихы Италия қалалары Ливорно мен Триест сонымен бірге Югославия қаласы Шитеникпен байланысты,ал сеңімді меншік институтының тарихы крест жорықтарымен тұспа тұс келеді . XVIII ғасырда ерікті сауда аймақтары Гибралтар мен Банкогкте пайда болды.
XX ғасырдың 30-жылдары оффшорлық юрисдикциялар Люксембурте, Панамада,Нидерланды Антиль араларында қалыптасты .
Дегенмен оффшорлық бизнестің қазіргі тарихи өткен ғасырдың екінші жартысында,Біріккен Корольдыктың белсенді түрде қатысуымен басталды . Британ оффшорлық орталықтары 60-жылдары сол кездегі 80-90% құрайтын салықтытөлеуден бас тартқан қуатты британдықтар үшін салықтан қашатындар ретінде дами бастады . Осындай орталықтар ролінде шағын аралдық мемлекеттер-Ұлыбританияның колониалдық және тәуелді территориялары болды.
Өзінің даму барысында әлемдік экономикада оффшорлық территориялар өз аймақтарында неғурлым көп елдерді жинады қаржы ұйымдардың және жеке тұлғаларды аз мөлшердегі салықпен өзіне тартып,кәсіпкерлік іс әрекеттің шағын реттеулерімен және конфиденциалдық туралы қатақ заңдармен оларды қамтамассыз ете білді.
Оффшорлық аймақтарды құруға талпыну аяқ асты емес, әлемдік экономиканың интернационалдығы тарихи процесімен дайындалғандығы табиғи.XX ғасырдың 60-жылдарында оффшорлық аймақтардың пайда болуының жоғарғы «сұранысының» негізгі себебі халықаралық несие нарығы мен өндірістік капиталдардың дамуы арқасындағы экономикалық интеграцияның сапалы жаңа мазмұны болып табылады. Бұл XX ғасырдың екінші жартысында трансұлттық корпорацияның екпінді дамуы нәтижесінде өтті, ол кезде халықаралық тауар айналамының өте тез өсуі мен экспансиясы қаржы ресурстарының айрықша ұлғаюын ғана емес, оларға жер шарының кез-келген түпкірінде еркін мүмкіндікті талап етті.Ондай сұраныс капиталдық ұлттан тыс нарығын тудырды, банк іс-әрекетінің жылдам, шапшан интернализациясына әсер етті. Бұл өз кезегінде , түрлі нормаларды пайдалану жөніндегі қызметтер мен делдалдық қаржы операцияларына жоғары сұраныстың пайда болуына да әсерін тигізді .
Оффшорлық аймақтардың құрылуы мен оған байланысты қаржы шаруашылық іс-әрекеттер әдістерін жүргізуде XX ғасырдың ортасында басталған ғылыми техникалық революцияның позитивті, айқын мағынаға ие . Ақпараттық технологиялар мен байланыс құралдары дамуы үшін іске асырылған оның табыстарынсыз, көптеген оффшорлық құрылымдарды тиімді функционалдандыру мүмкін емес еді. Мысалы, оффшорлық бизнестің қарапайым кәдімгі жағдайы –фирма бір елде тіркелген, іс әрекеті екінші елде жүргізіледі, банк есеп шоты үшінші елде ашылған, ал иесі төртінші елде тұрады.
Осылайша оффшорлық бизнес туындаған. Дәл қазіргі шақта мәнді түрде елдер саны көбейді олардың резиденттері басқалардан өздеріне тиесілі іс–әрекетті жасыруға ұмтылады және өз үкіметімен де бұл орайда сыр бөліскісі келмейді. Олардың мүлік жағдайы ерекше кеңейген, сонымен бірге оларды оффшорлық бизнеске жетелейтін себептер тізімі ұзарды.
Қазақстан территориясында шетелде тіркелген компания кәсіпкерлік бизнесін жүзеге асыруға құқы бар. Ондай компаниялардың үш тобын бөліп көрсетуге болады:
— түрлі шет мемлекеттерінде қарапайым әдіспен мекемеленген кәсіпкерлік фирмалар;
— аталған оффшорлық аймақтарда мекеленген кәсіпкерлік фирмалар;
— Қазақстанда тіркеліп, фирмалар арқылы іс–әрекет ететін трансұлттық компаниялар жалпы, шетелдерде тіркелген кәсіпкерлік фирмалар Қазақстан Республика территориясында оларға берілген лицензиялар мен басқа да құжаттар негізінде міндетті түрдегі лицензиялауды талап ететін кәсіпкерлік іс–әрекетті орындау үшін сол жерде кедергісіз жұмыс істеуге құқылы. Қалған басқа жағдайларда олар өз іс–әрекетін лицензиясыз жүзеге асыруға құқылы.
Ондай фирмалар Қазақстанда өз өкілдіктерін құра алады, әрине Қазақстандық заңдылық бойынша, бизнес субьектісінің мүдделерін көрсетіп оларды қорғауды іске асыру. Қаржы операциялары мен салық төлеуді қосқанда осы тәрізді фирмалар өздерінің кәсіпкерлік барлық функцияларын Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізеді. Айтылған кәсіпкер бизнес субьектілері Қазақстан территориясында тікелей контрагендер мен клиенттер іздейді. Интернет арқылы оларға қызмет көрсетеді және жекелеген клиенттердің тапсырмаларын орындайды (мысалы кеңес беру немесе экспертиза жүргізу). Қазақстан Республикасы территориясында әрекет ететін мұндай кәсіпкерлік фирмалардың әртүрлілігі оффшорлық компаниялар болып табылады.
Авторлар «оффшор» терминін жиі қолданады, оффшорлық аймақ ретінде және ондағы болып жататын процестерді сипаттау үшін қолданады. А. Амбарцумова мен С. Стерлигованың «нарықтық экономиканың 1000 термині» анықтамалығында айтылған: «Оффшор–әлемдік қаржы орталықтарын сипаттау үшін және кейбір банк операциялар түрлері үшін қолданылатын термин».
Басқа, анағұрлым толық түсінігін «Үлкен энциклопедиялық сөздіктен» табуға болады: оффшор (ағылшын тілінен off-shore–жағалаудан алыс, ел территориясынан тыс орналасқан) – шетелдер қатысуымен шетелдік валютада қаржы–несиелік операцияларға «жеңілдіктер режимін беретін территория» (салықтарды төмендету, валюта бақылауын босату т.б.).
Дегенмен, «оффшорлық аймақ», «оффшорлық компания», оффшорлық іс–әрекет», түсініктеріне операциялар жасайтын экономистер оларды толық және дәл қарастырады. Оффшорлық компания дегеніміз оффшорлық аймақ болып табылатын ерекше территорияларда тіркелген кәсіпкерлік фирма. Өз кезегінде, оффшорлық аймақ белгілі бір мемлекеттің оффшоры құрылған, сол ел юрисдикциясы нормалары мен ережелері жоқ ерекше территориялды аймақ, аудан, облыс немесе арал (жартылай арал). Ал, «оффшорлық іс–әрекет» қандай да бір мемлекет юрисдикциясынан тыс компаниялар мен фирмалар іс–әрекеті.
Оффшорлық бизнес пен оффшорлық компанияның келесі ұғымдары анағұрлым толық болып табылады: «оффшорлық бизнес–бұл белгілі юрисдикция шеңберінен тыс жүзеге асырылатын шетелдік бизнес соған қатысты кіріс көздерінен және оған қатысты салық салу жеңілдіктерінен құралады.
«Оффшорлық компания»–бұл кәсіпорынның ерекше ұйымдастырушылар –заңдық мәртебесін сипаттап, оған салық жоғалтуларын барынша төмендетуді қамтамасыз ететін термин (көп жағдайларда нөлге дейін). Мұндай мәртебе негізінен, оффшорлық компания ресми тіркелген юрисдикциядан тыс іскерлік операцияларды жүргізу талаптарымен байланысты.
Қазіргі таңда оффшорлық компаниялардың қолдану мүмкіндіктерінің орасан зор бағыты қалыптасты: банктік және сақтандыру бизнесі, жылжымайтын мүлік операциясы, несиеге ие болу және халықаралық тасымалдар, лицензиялық және ғылыми іс–әрекет, құрылыс, өндіріс т.б. Өндірістік іс–әрекетке келетін болсақ, оны аталған оффшорлық компаниялар іске асырады, олардың өздерінің жеке өндірістік қуаты жоқ бола тұра, өндірістік қызметті басқа компанияларда жасайды, ол өздері негізгі өндірісті қамтамасыз етумен айналысады (тауар табу, қызмет ету, жарнама т.б.).
1.2. Оффшорлық механизмінің халықаралық салық құқығымен реттелуі.
Әлемде салық ақыларын дивиденттің бір бөлігі пайдасының үлестірілген және үлестірілмеген түріне қарай анықтайтын үш негізі салық салу пайдасы жүйесі қолданылады.
Классикалық жүйе. Оған сәйкес үлестірілген пайда бөлігі ерекше салығы болмайды. Заңды және жеке тұлғалар әр түрлі салық жағдайларында болады, өйткені жеке тұлғалар кіріс табысы салығын төлейді. Классикалық жүйе Австралияда, Люксембургте, Нидерландыда, Жаңа Зеландияда, Испанияда, Швецияда, Швейцарияда, АҚШ-та қолданылады.
«Салық ақысының жекеше» жүйесі. Үлестірілген және үлестірілмеген пайда бұл жағдайда салыстық түрлі ақысын құрайды. Жекеше ақы Австрияда, Финляндияда, Грецияда, Жапонияда, Норвегияда қолданылады. Мұнда жеке инвесторлар мен корпорациялардың салық жағдайлары бірен-саран теңеледі.
Төленген салықты есепке алу жүйесі. Салық ақысы – барлық пайда санасы үшін ортақ. Компания төленген пайда салығының үлесі дивиденд алу кезіндегі соңғы акционермен несиеленеді (компенсация). Екі рет салық салудан бұл жерде құтылып кетуге болады. Бұл жүйе Бельгияда, Канадада, Францияда, Ирландияда, Италияда, Түркия мен Ұлыбританияда қолданылады.
ГФР-да соңғы екі элементтен тұратын құрама жүйе жүреді: салық ақысы жеке-дара, сомасына табыс салығының төменгі түрімен алады. Нәтижесінде, бұл елде жеке және институтталған инвесторлардың жағдайы бірдей. Сонымен, корпоративтік секторда белгілі юрисдикция шамасында қос салықты болдырмаудың түрлі әдістері бар. Соған сай бір кіріс екі рет салынбауы тиіс-дивидентті үлестіру дәрежесінде және оны сонғы акционер, яғни фирманың кірісіне есепке жатқызу дәрежесінде. Халықаралық масштабы коммерциалық операцияларды жүргізуде қос салықты шеттету проблемасы асқына түседі. Бұл жағдайда ол мемлекет аралық дәрежедегі арнайы реттеуде қажет етеді. Шын мәнінде, белгілі бір юрисдикцияда салық тап «тазартылған» кірістердің басқа юрисдикцияға түскенде қайтадан пайда салығына жатқызылу қаупі бар.
Салық ауыртпашылығы көптеген жағдайларда 30%-ға жететін «қайнар көзде»салығы үшін айырықша ұлғаюы мүмкін. Содықтан да әлемнің барлық мемлекеттері шетелден алынған қос салықты шеттету жүйесінің әр түрін қолданады. Ол ұлттық заңдылықта, сондай-ақ қос салықты шеттету туралы халықаралық келісімдерде бағаланады.
А. Салық жүйесінің мәулетсіз несиесі. Көптеген елдерде, АҚШ-та, Ұлыбританияда, ГФР-да қолданылады, заңғы тұлғалар болып саналмайтын отандық фирмалардың шетелдік бөлімінің салық айналасы кірісінде жүреді. Бұл жүйе бойынша несие кірістер отанына қайтарылды ма немесе шет мемлекетте реинветорланды ма, соған байланысты беріледі. Салық несиегі отандық компаниядан алынған салықтың шетелде төленіп, алынған табыс салығы боп түсіндірілді. Салық несиегі белгілі юрисдикцияда бекітілген пайда салығы ақысынан тыс жүзеге асырылады.
Б. Мәулетті салық несиесі.Бұл типтің салық несиесі. өз бетінше жеке заңды тұлға болып саналатын еншілес кәсіпорындар кірістеріне жатады. Ол шетелдік мемлекеттер салатын келесі салық түрлерін толық және жартылай өтеуді қарастырады.
— «қайнар көзінде» салықтарын кіріс көзі болып отырған елде төленген, аударылған дивиденттерге;
— шетелдік салықтардың шет елде төленген анықталған үлесі.Бұл үлес дивиденттер аналық фирмамен репартияланған кейін несиеленеді. Мұнда кіріс түскенге дейінгі компенсацияны «мәулеттеу» жүреді. АҚШ-та, Ұлыбританияда, ГФР-да, Белгияда, Ирландияда, Италияда, Жапонияда және басқа кейбір мемлекеттерде салық несиесі біржақтылық негізде беріледі, яғни барлық резиденттік фирмалар үшін. Ал Австрия, Дания, Люксембургте – қос салықты жою жөніндегі келісім ережелерін сәйкес негізде.
В. Салықтардан босату жүйесі.Бұл жүйе аналық фирма немесе қайнар көзі басып табылатын елдің салық салу жүйесінен шетелдік пайдаларды толық алып тастауды қарастырады. Салықтардан босатылу дәстүрлі түрде екіжақты негізде тиісті келісіммен жүреді. Бұл берілген жүйе Австралия, Люксембург, Франция, Нидерланды, Швейцария елдерінде қолданылады. Бұл елдер тобы ерекше назар аударатын мәселе, жасалған істер шарты салық келісімдерінің қол астында іс-әрекет етуі керек. Кейбір жеке жағдайларда тағы бір әдіс – салықтарды алып тастау қолданылады. Сондай-ақ жоғарыдағы әдістер қарастырған қос салықты жою әдістері құрамы кездеседі. Қос салықты жою іс-әрекетінің түрлі жүйесін мысалмен қарастырайық (1.3.1кесте)1.
Кесте 1.3.1
Түрлі салық жүйесіндегі салық жоғалтулары есептері.
А. Компенсация жоқ Б. Салық несиесі В. Салықтан «босатылу»
1 Қайнар көз еліндегі барлық кіріс 100 100 100
2 Табыс салығы 40 40 40
3 Салықты есептен шығару кірісі 60 60 60
4 Алатын елдің салық кірісі 100 100 0
5 Шетелдік кірістерге салық ақысы 60 60 0
6 Салық несиесі — 40 —
7 Алатын елдегі негізі салық 60 20 0
8 Жиынтық салық 100 60 40
9 Таза кіріс 0 40 60
Бұл мысалда барлық көрсеткіштер шартты және есептеуден келтірілген қайнар көзі-елде пайда салығы — 40% құрайды, қабылдаушы елде – 60%. Кестеде шын мәніндегі бейнелеудің қарапайымдылығы юайқалады: қосымша фирманың барлық табысы дивидендтерге үлестіріледі, ал қосымша салық жоқ деп болжам жасалды. Кейбір жағдайларда салық несиесі жүйесіне сәйкес «қайнар көзде» дивиденд салығы есепке алынады. Ол қосымша фирма орналасқан елде төленеді: «Қайнар көзді» шетелдік салығының «салық несиесі» мысалы, Ұлыбританияда қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл елде «салықтарды алып тастау» қолданылады. Келтірілген сандық мысал аналық компанияның шетелден 700 бірлік шамасындағы таза дивиденд алуын елде қайнар көз салығы 300 бірлік шамасында төлегенің көрсетеді. Салықтарды есептеу әдісі және «салық несиесімен» салықтарды алып тастау жүйесі бойынша компенсацияларын айқындауға болады.(1.3.2кесте)1
Кесте 1.3.2
«Қайнар көздегі» салық есебі
Салық несиесі Салықтарды алу
1 Дивиденд 1000 1000
2 Шығару — 300
3 Салынатын кіріс 1000 700
4 Пайда салығы 330 231
5 Салық жеңілдегі немесе несие 300 —
6 Төленген салықтар 30 231
Салық заңдылықтарына сәйкес кәсіпкерлік іс-әрекетті іске асырмаған немесе Қазақстан Республикасының территориясында мүлігі жоқ шетелдік кәсіпкерлік іс-әрекет субъектілері қазақстандық салықтарды төлеуші болып табылмайды.
Осылай, Қазақстан Республикасының «Пайдаға және шетелдік заңды тұлғалар табыстарына салық салу» салық кодексна сәйкес Қазақстан Республикасының территориясында тұрақты өкілдік арқылы кәсіпкерлік заңды тұлғалар пайда салығын төлеуші болып саналады.Қазақстан Республикасының салық кодексна сәйкес салық салудың қосымша құн салығы бойынша объектілері Қазақстан Республикасының территориясындағы тауарлар тарату айналымы, орындалған жұмыстармен көрсетілген қызметтер және Қазақстан Республиканың территориясына әкелінген тауарлар болып саналады. Қазақстан Республикасының салық кодексна сәйкес шет мемлекеттер заңдылығына сай құрылған компаниялар, фирмалар, басқада ұйымдар халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше бөлімшелер мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Осылайша, шетелдік оффшорлық компанияларға қойылатын негізгі талаптар – оларды Қазақстан Республикасының территориясынан тыс жерде тіркеу және Қазақстан Республикасының территориясында іс-әрекетін болдырмау.
Қазақстандық және көптеген шет мемлекеттердің заңдылықтары Қазақстан Республикасының азаматтарына шетел территориясында заңды тұлғаларды мекемеуге, ол территорияда кәсіпкерлік іс-әрекетін жасауға, сол территориядағы мүлікке меншік етіп иелену құқығына тыйым салмайды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы шет мемлекетінің территориясында берілетін барынша көп салық жеңілдіктерін мекемеуге құқылы.
Қазақстандық кәсіпкердің осындай іс-әрекеті валюталық реттеу және валюталық бақылау заңдылығымен шектелген. Сонымен, Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңның 10-шы пунктінің 6-шы және 1-ші бабына сәйкес (1992, 9 қазан) тура инвестициялар портфельдік инвестициялар, ғимаратқа меншік ету құқығына төйлеу қаржылары, ел заңдылығына оның және ол орналасқан жылжымайтын мүлікке жататын жер және жер қойнауы, қару-жарақ және басқа мүліктер, экспорт және импорт тауарлар бойынша 90 күннен аспайтын мерзімде төлем төлеу мәулетін алу, сонымен бірге Қазақстан Республикасының президентінің валюта ағымдағы валюталық операцияларына жатпайтын барлық валюталық операцияларды тиісті рұқсатсыз жасауға болмайды. Осы заңның 4-ші пунктінің 2-ші бабына сәйкес заңсыз жасалған істер жарамсыз болып саналады. Ондай істерді жасаған ………..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!