Курстық жұмыс: Салық кодексі | Шаруашылық iс-әрекеттерiн реттеудегi салық жеңiлдiктерi

0

Мазмұны

Кiрiспе……………………………………………………………………………. 3
. Шаруашылық iс-әрекеттерiндегi салықтардың экономикалық мазмұны
1.1. Салықтарың пайда болу тарихы…………………………….……………. 6
1.2. Шаруашылық iс-әрекеттерiндегi салықтардың экономикалық мәнi және маңызы………………………………………. 10
1.3. Шаруашылық iс-әрекеттерiн реттеудегi Қазақстан Республикасының салық саясаты…………………………………………. 18
II. Шаруашылық iс-әрекеттерiн реттеудегi салық жеңiлдiктерi
2.1. Шаруашылық iс-әрекеттерiн реттеудегi салық объектiсi және салық салынбайтын айналым………………………………. 26
2.2. Шаруашылық iс-әрекеттерiне салынатын салық ставкасы және жеңiлдiктерi…………………………………………………… 41
2.3. Шаруашылық iс-әрекеттерiне салынатын салық есебiнiң құжаттамасын жасау және сақтау…..………………….. 47
III. Жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiндегi салықтардың үлесі және шаруашылық iс-әрекетiн реттеудегi рөлi және арттыру жолдары
3.1. Жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiндегi салықтардың үлесі…………….. 55
3.2. Шаруашылық iс-әрекетiн реттеудегi салықтардың ролi және арттыру жолдары………………………………………………………… 60
Қорытынды……………………………………………………………………. 68
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………… 71

Кiрiспе
Салықтың мәнi мынада: салық, салық төлеушiге мемлекет тарапынан көрсетiлген қызмет көрсетуiнен түскен пайдаға пропорционалды болуы тиiс. Екiншiден, салықтың мәнi салық табыс мөлшерiне байланысты. Мемлекет салықтардың экономикасы дамыту, түрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетiк ретiнде пайдаланады. Сонымен салықтардың қажеттiлiгiн қоғамдық дамудың жағдайына байланысты анықталып отырады.
Нарықтық экономика жағдайында салық саясатының негiзгi бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесiн құру және оның тиiмдi қызмет етуiне мүмкiншiлiк беретiн салық механизiмiн iске асыру.
Салық жүйесi- өзiнiң құрамы жағынан бiрнеше компоненттерден түратын күрделi модель.
Салық жүйесi компоненттерiнiң құрамы мынадай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизiмi, яғни салық салу әдiстерi мен жолдары; нұсқаулар мен әдiстемелiк құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметi органдары. Салық салудың әдiстерi мен жолдары, нұсқаулар мен әдiстемелiк құжаттар, салық салуды басқару және салық қызметi органдары. Салық салудың әдiстерi мен жолдары, нұсқаулар мен әдiстемелiк құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негiзгi принциптерi және тағы басқалар салық механизiмiне жатады. Салық жүйесiнiң жақсыда, тиiмдi қызмет iстеуiне салық салу механизiмiнiң тигiзер ықпалы өте зор.
Қазақстан Республикасы бюджетiнiң қалыптасуында маңызды орынды салық түсiмдерi алады.
Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi iш-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категроия рентiнде көрiнетiн бюджетке байланысты. Яғни, салықтың атқаратын ролi жоғары. Бұл менiң тақырыбымның маңыздылығын ашады.
Курстық жұмысым екі бөлiммен қарастырылған. Бiрiншi бөлiмде салықтың пайда борлу тарихы, экономикалық мазмұны, екiншi бөлiмде есептеу әдiстерi мен шаруашылық iс-әрекетiндегi салық ставкасы және құжаттау қарастырылды.
. Шаруашылық iс-әрекеттерiндегi салықтардың экономикалық
мазмұны
1.1. Салықтарың пайда болу тарихы
Жалпы алғашқы салықтардың пайда болуының күнiн анықтау мүмкiн емес. Салықтардың прототипi адамзат қоғамымен басқарудың ең алғашқы формаларымен бiрге пайда болған.
Алғашқы қауымдастықтың өзiнде, қоршаған ортаның қатаң шарттарына амалсыз бейiмделуге, сыртқы жаудан қорғау үшін, сонымен қатар асаршылық жағдайна азық- тұлiк қоғамдық запастарын сақтау үшін, бiрнеше адамдардың қолдауын түсiнген.
Осыдан келiп, мынаны айтуға болады, салықтардың алғашқы пайда болуына қоғамның осы немесе басқа да қызығушылықтардың қанағаттандырылуының ұжымдық түтынуы болды. Байлар өздерiн адал әрi байыту үшін кедейлерден салықтарды ұстайтынын ұмытпау керек. Бұл түрде салықтар ұзақ уақыт бойы әрекет еттi және де қоғам бұны объективтi қажеттiлiк ретiнде түсiндi.
Тек XV ғасырдан бастап қана, ғалымдар ақшалай қатынастар жүйесiн, сонымен қатар мемлекеттiң экономикалық негiзi мен экономикалық функцияларын зерттей бастағаннан кейiн, салықтардың қайта маңыздылығының алғашқы әрекеттерi пайда болды.
Салықтар мемлекеттiң құрылуымен бiрге пайда болады және мемлекеттiң өмiр сүрiп, дамуының негiзi болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi қашан да болса оның салық жүйесiнiң қайта құрылуымен, жаңаруымен бiрге қалыптасады.
Салықтардың даму тарихын мыңжылдықтармен өлшеуге болады. Салықтардың ең алғаш пайда болуы -мемлекет пен қоғамның әр түрiн кластарға бөлiнуiмен бiрге пайда болды. Салық салудың қалыпты теориялық негiздерiнiң пайда болу тарихы көне ғылым түрiне жатпайды. XVII ғасырға дейiн салықтар жайлы барлық көзқарастар кездейсоқ сипатта болды, яғни ғылымдардың, ешқандай салаларында ешкiм өзiнше ғылым ретiнде мойындамады.
Салықтардың теориялық негiздерi тек ғылым ретiнде тек XVII ғасырдан бастап қана қалыптасты және оның негiзгi қатысушысы шотландиялық философ Адам Смит болды.
Қазiргi мемлекеттердiң көптеген жақтары Ежелгi Римде пайда болды. Рим провинцияларында ең негiзгi табыс көзi жер салығы болды. Оның орташа ставкасы жер учаскесi табысының оннан бiр бөлiгiн құрады. Салық салудың негiзгi формалары да қолданылған, мысалы жемiс ағаштары және жүзiмнiң көлемiне салынатын салық.
Басқа да құндылықтарға салық салынатын қозғалмайтын мүлiк, тiрi инвентарь (iрi қара мал, сондай-ақ құлдар), құндылықтар.
Провинцияның әрбiр түрғыны бәрiне ортақ жанбасылық салықты төлеуi керек болды. Келесiдей жанама салықтар әрекет еттi: айналымнан салық 1% ставка бойынша құл сату-сатып алу айналымына салынатын салық 4% ставка бойынша және құлдарды босату салығы, олардың құнына 5 % бойынша.
Мұраға салынатын салық тек Рим түрғындарына ғана салынады. Салық мақсатты сипатта болды. Алынған қаржылар мамандандырылған әскердi зейнетақымен қамтамасыз ету үшін жұмсалған.
ХlХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында адам қоғамында iрi қалалар үлкен рөл атқара бастады. Сол iрi қалалардың табыстары неден құралды? Мысалы: Мәскеу қаласындағы 1890-1891 жж. салықтық түсiмдер барлық табыстардың 60 %-тiн қамтамасыз еттi. Ал егерде негiзгi кәсiпорындар мен қалалық ғимараттың алымдарын қосатын болсақ, онда ол барлық табыстың 70-75 % құрайды. Тiкелей салықтар барлық табыстың 57% құрады. Тiкелей салықтардың iшiндегi ең негiзгiсi қозғалмайтын мүлiкке салынатын салық болды. Айтылған кезең аралығында ол 9% ставка бойынша алынды. 1890 жылы салықтың бұл түрi 4,14 млн. тiкелей салықтардың iшiнен 2,3 млн.руб. болды. Бұл өсiм салық ставкасының жоғарлауын немесе қозғалмайтын мүлiктiң тез өсуiне емес, Мәскеу қалалық басқармасындағы қозғалмайтын мүлiктi қайта бағалауға байланысты болды.
Дамыған мемлекеттерде капиталға және меншiкке салық салу келесi салық топтары арқылы жүзеге асырылады: жеке әлауқат салығы, мұрагерлiкке және сыйға салық салынатын, капитал өсiмiн салық, мүлiктiк нақтылай түрлерiне салынатын салық (жерге, құрылысқа).
Мұрагерлiктен салық – бұл мұраға алу құқығы бойынша жаңа иегерге өтетiн мүлiкке салынатын салық (жылжитын және жылжымайтын). Сыйға салынатын салық –бұл меншiк иесiнен екiншiсiне сый түрiнде өтетiн мүлiкке салынатын салық (жылжитын немесе жылжымайтын).
Көптеген елдерде салықтың бұл түрлерi жеке –жеке әрекет етедi, ал кейбiр мемлекеттерде мұрагерлiкке және сыйға салынатын салық бiр салық ретiнде қарастырылған. Бiрақ, бiрiншi жағдайда салықтар ереже бойынша жалпы нормалармен реттеледi және салық ставкалары мен салық салынатын соманы анықтау тәртiбi бiрдей.
Барлық дамыған мемлекеттерде мұрагерлiк және сыйға салынатын салық орталық (федералды) денгейде жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттерде мұрагерлiкке және сыйға салық салу ставкалары күрделi прогрессия бойынша қалыптасады. Мұрагерлер мен сый алушылар туыстық денгейiне байланысты топтарға бөлiнедi (I-тiкелей мұрагер, II-ерлi-зайыптылар, III- ағалары мен қарындастары, iнi, әпкелерi, IV-алыс туысқандары және тағы да басқа). Әрбiр топқа салық ставкаларының жүйесi белгiленген. Салықтық класқа салық салу сомасы көлемi де тәуелдi.
Қаржы дағдарысының ел экономикасының әсерiн кемiтуiне қол жеткiзетiн қимыл, жинақталып қалған мәселелердi шешудi қамтамасыз ету үшін кешендi шаралар қажет. Салық салу осы мәселенi ретке келтiру үшін мемлекеттiң қолданатын аспаптарының бiрi.

1.2. Шаруашылық iс-әрекеттерiндегi салықтардың
экономикалық мәнi және маңызы
Экономиканың қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және аумақтық құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты аймақтарына шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi ретiнде Мемлекеттiк бюджет айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.
Бюджеттiң шығысы Қазақстан республикасының халықтарын әлеуметтiк, экономикалық қорғау мақсатында жұмсалады.
Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi iш-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категория рентiнде көрiнетiн бюджетке байланысты.
Қазақстан Республикасының бюджетiнiң кiрiсiндегi бюджетке төленетiн салықтар мен басқа да төлемдерден құралады. Яғни:
Салықтар:
— корпорациялық табыс салығы;
— жеке табыс салығы;
— қосылған құн салығы;
— акциздер;
— жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi;
— әлеуметтiк салық;
— жер салығы;
— көлiк құралдары салығы;
— мүлiк салығынан түрады.
Мiне осы жоғарыдағы аталған салықтар, алымдар, төлемақылар мен мемлекеттiк баж және кеден төлемдерi бюджеттiң кiрiс бөлiгiн құрайды.
Салық – құрылған және анықталған заңмен белгiленген тәртiп бойынша, мемлекет пайдасына алым алу, бұл алым шаруашылық субъектi табысының бiр бөлiгi.
Салықтың мәнi мынада: салық, салық төлеушiге мемлекет тарапынан көрсетiлген қызмет көрсетуiнен түскен пайдаға пропорционалды болуы тиiс. Екiншiден, салықтың мәнi салық табыс мөлшерiне байланысты. Мемлекет салықтардың экономикасы дамыту, түрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетiк ретiнде пайдаланады. Сонымен салықтардың қажеттiлiгiн қоғамдық дамудың жағдайына байланысты анықталып отырады.
Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың қызметiне тiкелей қатысты.
Дүниежүзiлiк тәжiрибе бойынша салықтардың бiрнеше қызметтерi бар: фискалдық функция; бөлу функциясы; реттеушiлiк функциясы; бақылау функциясы; қолдау және мадақтау функциясы.
Салықтардың фискалды немесе бюджеттiк қызметi ең негiзгi қызмет болып табылады. Бұл қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi артады. Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк әскери-қорғаныс, тағы да басқа шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. Жалпы Фискон латын сөзi, қазақша Себет деген мағынаны бiлдiредi.
Бөлу қызметi — салықтардың көмегiмен мемлекеттiң қоғамдық табысты халықтың әртүрлi топтары арасында бөлiнуiн айтамыз. Бөлу функциясының жүзеге асрылуынадағы салықтарға прогрессивтi салық ставкалары және тағы да басқалар жатады.
Салықтардың реттеушiлiк қызметi арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигiзедi, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудiң ең басты маңызы өндiрiстiң дамуына ықпал ету. Салық түрлерi, салық ставкалары, салық жеңiлдiктерi, салық салу әдiстерi салықтық реттеудiң тетiктерi болып саналды.
Жоғарыда аталған салықтық реттеудiң тетiктерi тек қана өндiрiстiң дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдiк инвесторлары ынталандыру, шағын және кiшi кәсiпкерлiктi дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Салықтық реттеу тетiктерi тиiмдi қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетiктерiмен тығыз байланысты болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңiлдiктерiнiң алатын орны ерекше себебi ғылыми негiзделмеген шектен тыс жоғары қойылған ставкалары кәсiпкерлердiң ынтасын төмендеттi, өндiрiстiк қарқынын бәсеңдеттi, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушiлердiң жауапкершiлiгiн азайтып өндiрiстiң төмендеуiне және мемлкеттiң бюджет кiрiсiнiң азайуына әкелiп соқтырды. Реттеушiлiк қызметi өзi екi функциядан түрады:
— ынталандыру- мемлекетке тиiмдi өндiрiстердi салық ставкасын төмендету немесе жеңiлдiктер беру арқылы дамуына немесе кеңеюiне жағдай жасау;
— шектеу-мемлекетке тиiмсiз кәсiпорындарды салық ставкiлерiн жоғарлату арқылы дамуына, кеңеюiне шектеу жасау.
Бақылау қызметi-салықтардың көмегiмен мемлекет салық төлеушi заңды және жеке тұлғалардың кез келген қайнар көздерiнен тапқан табыстарына, жұмсалған шығындарына, айналысатын шаруашылық қызметiне бақылау жасап отыруы болып табылады. Бұл қызмет салықтық декларация арқылы жүзеге асырлады.
Іолдау немесе мадақтау қызметi: Кез –келген мемлекеттi қоғам алдына ерекше еңбегi сiңген азаматтар категориялары бар. Бұл азаматтарға мемлекет қандай жағдай болмасын қолдау жасап отыруы қажет. Бұл қолдау қызметi салықтық жеңiлдiктер және салықтан толық босатулар арқылы жүзеге асырылады (еңбек ерi, µлы Отан соғысының ардагерлерi, көп балалы аналар). Мемлекет мына жоғарыда көрсетiлген салықтардың қызметiн пайдалана отырып елiмiздiң салық жүйесiн анықтайды. Салық механизiмiнiң қызмет ету жолдарын белгiлейдi. Жалпы экономикалық саясатты негiзге ала отырып, салық саясатын анықтайды.
Салықтар мен салық салу жүйесi өзара қарым-қатынасытағы әртүрлi элементтен түрады. Бұл салықтың элементтерiне келесiлер жатады.
— салық обьектiсi-табыс, мүлiк, еңбек ету түрi, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және тағы да басқалар;
— салық субьектiсi заң бойынша салық төлеу мiндетi жүктелген жеке заңды тұлғалар;
— салық көзi-салық салынатын табыс;
— салық ставкасы өлшем бiрлiкпен алынатын салық мөлшерi.
Ставкалар түрақты және проценттiк болып бөлiнедi.
Түрақты ставкалар салық обьектiсiнен түсетiн табыстың мөлшерiне байланыссыз өлшем бiрлiгiне түрақты сомамен тағайындалады.
Ал проценттiк ставкалар 3 түрге бөлiнедi:
— үдемелi немесе прогрессивтi ставкалар салық салынатын табыстың өсуiне сәйкес ұдайы, үдеп өсiп отырады;
— регрессивтi ставкалар керiсiнше, салық салынатын табыстың төмендеуiне сәйкес азайып отырады;
— пропорционалды ставкалар салық салу обьектiсiнiң мөлшерiне байланыссыз түрақты 1%-пен тағайындалады;
— салық оклады салық төлеушiнiң белгiлi-бiр салық обьектiсiне төлейтiн салық самасы;
— салық жеңiлдiктерi заңға сәйкес салық төлеушiнi бiртiндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңiлдiктерiне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум шегерiстер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзiмiн ұзарту жатады;
— салық төлеу мерзiмi-салық төленетiн уақыт;
— салық төлеу тәртiбi белгiлi-бiр мерзiмде салықты төлер кезiнде, алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керектiгiн, яғни төлеу кезiнде белгiлi-бiр дәйектiлiктi белгiлейдi. Салық төлеудегi дәйектiлiк заң жүзiнде бекiтiледi де, келесi тәртiппен жүзеге асырылады:
1) Барлық мүлiкке салынатын салық төленедi, содан кейiн акциздер мен баж салығы төленедi;
2) Жергiдiктi салымдар мен алымдар;
3) Басқа да салықтар мен алымдар төленедi.
4) Салық төлеушiлер мен салық қызметi органдарының құқықтығы мен мiндеттерi-салық заңдары арқылы белгiленедi және реттеледi.
5) С алықтың төленуiн бақылау және салық заңдарын бұзғаны үшін белгiленетiн салықтық жазалар.
Кез-келген мемлекетке салықтардың көп түрлi болуына байланысты олардың белгiлерiне қарай салықтарды келесiдей түрде жiктеймiз:
— салық салу әдiсi бойынша;
— салық төлеушi субьектiге байланысты;
— салықтардың бюджетке аударылуына қарай;
— салықтардың бағытты мақсатарына қарай.
Салық салу әдiсi бойынша салықтарды тiкелей және жанама түрге бөлемiз.
Тiкелей салықтар – тiкелей салық төлеушiден немесе тiкелей табыстан, мүлiктен ұсталынатын салық болып табылады. Тiкелей салық табыс алушыларға мүлiк иелерiне, тiкелей салына бередi.
Тiкелей салық:
-халықтың табыс салығы;
-кәсiпорын табысына салық;
-капитал өсiмiне салық;
-мұрагерлiк пен сыйға тартуға;
-мүлiктiк салық.
Тiкелей салықтардың өзi нақты және жеке салықтарға бөлiнедi.
Нақты салықтар – салық төлеушiден емес салық төлеушiнiң табысы мен мүлкiнен ұсталынатын салық болып табылады.
Жеке салық халықтың жеке табысынан ұсталынатын салық жатады.
Тiкелей салықтың ең басты артықшылығы болып, егер де мемлекетте экономикалық кризис болмаса тiкелей салықтар мемлекеттiң қазынасына түрақты және ұлғаймалы түрдегi салық мөлшерiн әкелiп отырады.
Ал кемшiлiгi болып тiкелей салықтар бойынша жеңiлдiктер заңсыз түрде қолданылуына мүмкiндiктердiң көп болуы.
Жанама салықтар салықтың-соңғы түтынушыға ауысуы арқылы жүргiзiлетiн салықтар немесе бағаға үстеме түрiнде жүргiзiлетiн салықтар. Жанама салық тауарды түтыну немесе сату кезiнде салынады. Бұларға акциздер, қосылған құн салығы және кеден баж салығы.
Жанама салықтардың өзi индивидуальдi жанама салықтар, әмбебап және фискальдi монополиялы жанама салықтар түрiнде бөлiнедi.
Индивидуальдi жанама салықтарға – акциз салығы жатады.
Әмбебап жанама салықтарға – қосылған құн салығы жатады.
Фискальдi монополиялы жанама салыққа баяғы кеңес одағына әрекет еткен айналым салығы жатады.
Жанама салықтардың қолданылуында ең басты кемшiлiгi болып тауарлардың жұмыстардың және көрсетiлген қызметтердiң құнының, бағасының өсiп кетуi табылады.
Ал жанама салықтардың ең басты артықшылығы салық төлеушiлердiң салықты төлеуден жалтарудың ешқандай мүмкiндiгiнiң болмауы.
1. Салық төлеушi субьектiге байланысты салықтар келесiдей түрге бөлiнедi.
а) Жеке тұлғалар төлейтiн салықтар………..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!