Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстанның салық саясаты

0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстанның салық саясаты казакша Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстанның салық саясаты на казахском языке

Кіріспе
Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын эканомикалық категория. Салықтардың эканомикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді..
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен жаңартуымен бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар — мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды эканомиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты эканомикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың эканомикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың эканомикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей байланысты.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері (функциялық) бар:
— реттеушілік:
— фискалдық:
— қайта бөлу.
Жоғарыда көрсетілегн негізгі фунциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атауға болады.
Ретеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел эканомикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырыладыды. Салықтық ретеудің ең басты мақсаты — өндірістің дамуына ықпал ету. Салық турлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.
Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсәпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқада эканомикалық тетіктермен тығыз байланысты болуы қажет. Салықтық реттеуде ставкалықтар мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соғады. Осы сияқты салық жеілдіктерінің де тиімсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихына халық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:
а) егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентіне асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
ә) егер салық төлеуші салық табысының 45 – 50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
б) егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35 – 40 мөлшері аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджетік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс — әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі үлес салмағы 40 проценттен болып отыр. Бұл эканомикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздің мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы бір осы.
Мемлекет мына жоғарыдағы көрсетілген салықтардың қызметі (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизімінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы эканомикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.
Салықтардың анықтамасы, мәні және мазмұны жоғрыда айтылған болатын. Оған тоқталмай, енді салықтарды топтастыру туралы айтып өтеміз.
Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:
1) салық салу объектісіне байланысты;
2) қолданылуына қарай ;
3) салық салу органына байланысты;
4) эканомикалық ерекшелігіне байланысты;
5) салық салу щбъектісіне бағалау дәрежесіне қарай.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салыеады.
Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушылар төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын салық енгізілмейтіндіктен, іс – жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.
Бюджет түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлінеді.
Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, ешқандай дербессіз жалпы мақсатқа жұмсалады.
Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, т. б.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгіленген міндеттер бойынша, нақтылық шараларға жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына салынатын салық. Бұл салықтар жол қорын құрауға жұмсалады.
Салықты алатфын жіне салыққа иелік ететін органдардың екрекшелігіне қарай салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.
Ал тұтынуға салынатын салықты, салық төлейші тұтынушы ретінде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзінің шығынынан төлейді.
1. Салықтың әлеуметтік-экономикалық мәні және пайда болуы.
Салық мәселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғалыми көз қарас XVII – XIX ғасырларда пайда болды. Оған дәделдік теоирялық экономия классикалық мектебі ағылшан өкілдері еңбегінен табамыз В.Петти “салық пен жиынтық трактаты” (1662 ж) Д. Рикардо “салық салу және саяси экономияның басталуы” (1817 ж) А. Смит “халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу” (1776 ж).
А. Смитттің айтуы бойынша, салықтық төлеушілер үшін бұл құлдық емес еркіліктін белгісі Ф. Аквинский (1226-1274 жж) салықтарды рұқсат етілген тонау нышаны ретінде анықтады. К. Маркс “салық бұл меншік жан ұя, тәртіп және дін мен қатар кіретін бесінші құдай” деп анықтады. АҚШ-ның мемлекеттік қайраткері және ғылымы Б Франклин (1706-1790жж) “өмірде салық пен өлімнен құтылатын ештене жоқ” деп айтты.
Шарль монтескье (1689-1755жж) ризықтын қанша бөлетін бодандардан тартып алып, қаншасын солардың сыбағасы етіп қалдырудың амалын табатын данышпандық пен ақылгөйліктен асатын ештене жоғын толық сеніммен негіздеген.
А. Смит салық салудың төрт принципін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық, салудың негізін құрайды.
1. Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға (қардыландыруға) қатысады. Мемлекеттің қорғауымен қамқорлығын пайдалана отырып қаржыландыру үкіметтін табысына жүзеге асады.
Бұл ережені сақтау немесе сақтамау салық салудың тереңдігіне немесе тепе-теңсіздігіне ұрындырады.
2. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салықтын төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы – барлығы дерлік төлем төлеуші үшін анық әрқашық болуы және кез келген адамға да салай.
3. Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілітәсілмен төлеуші үшін ынғайлы кезде барлығын төлейді.
4. Әрбір салық ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілгені дұрыс. Оның мемлекет қазынасына құйылуы халық қалтасынан алғаны және ұстағаны мүмкіндігінше аздау болғаны жөн. Қазынаға құйылғаннан көрі, салықты халық қалтасынан алу мен ұстаудың көп болуы да әбден мүмкін. Себебі, оны жинау шенеуліктердің көп болуы талап тесе, оларға төленетін айлық сомасы салықтың мол мөлшері арқылы жүзеге асады.
А. Смит тікелей, жанбасы, жанама салықтар жүйесін және оларды қолданудың әлеуметтік-экономикалық салдарын барынша терең талдады.
Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндіріс және әлеуметтік) тарту болмақ.
Салық салудың мынадай принциптері бар:
— салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады;
— салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.
Салық төмендегідей қызметтерді атқарады:
— фискалды (тіркелген) немесе жұмылдыру, қызметі. Осы қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландару үшін салық жинайды:
— бөлу қызметі, мемлекет қаржыны қайта бөлуді әртүрлі топтардың арасында, территория, облыс, аудандар бойынша жүпгізеді:
— реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді:
— ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады:
— шектеу қызметі, мемлекет салық саясаты арқылы кейбір өндіріс түрлерінің дамуын тежейді немесе шектедйі:
— бақылап – есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.
Салық сипаты тұрғысынан тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салық мемлекет тарапынан кәсіпорын және тұрғындар табыстарынан алынады. Осы салықтың түрлеріне – айлықтан алынатын, пайдадан алынатын, жылжылмайтын мүліктен, бағалы қағаздар операциясынан алынаты т.б. салықтар жатады.
Жанама салықты мемлекет тікелей емес, баға арқылы айландыра отырып алады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады. Жанама салық мемлекеттік реттеудің бірден-бір тәсілі ретінде қолданылады.
Салықтан алынатын сома – салықтың негізі аталады. Мысал ретінде табыстан алынатын салылқты қарастыруға болады. Табыстан алынатын салықты салық алудың басты көзі ретінде қараймыз. Табыстан (пайда) алынатын салық салық алынған табыс көлемі мен салық жеңілдіктерінің өзара айрмасына тең.
Салыққа жеңілдіктер салық сияқты белгілі тәртіпке негізделген заң актілерімен айқындалады. Салыққа жеңілдіктердің төмендегідей түрлері бар:
— салық объектісінің алынбайтын минимумы.
— кейбір адамдарды салық төлеуден (соғыс ардагері, мүгедектер) босату;
— салық негізінен босату;
— салық несиесі (салықтың белгілі көлемін алуды ұзарта түсу) және т.б. Салық өсімі – салық салу бірлігіне деген мөлшер.
Әдетте салық өсімі пайыз түрінде белгіленеді.
Салық өсімі үш түрге бөлінеді…….

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!