Курстық жұмыс: Саясаттану | ЖҰМАСАЙ ҚУАНЫШБЕК ЖҰМАСАЙҰЛЫ МЕМЛЕКЕТ САЯСИ БИЛІК РЕТІНДЕ

0

Мазмұны

КІРІСПЕ
І. МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ
ІІ. МЕМЛЕКЕТ ФОРМАСЫ
§1. Мемлекет формасы туралы ұғым
§2. Мемлекеттің басқару формасы
§3. Мемлекеттік құрылым формасы
§4. Мемлекеттің саяси режимі
ІІІ. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, БЕЛГІЛЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

К І Р І С П Е
Адам қоғамын мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсайды. Ерте заманнан бері адамдар дүние құбылыстарын тану, соның ішінде мемлекет пен құқық туралы да зерттеулер жасап келеді.
“Мемлекет” сөзін қоғамның ересек мүшелері де, мектеп оқушлары да түсініп, естіп жүреді. Бұл терминнің толығырақ мән-мағынасын анықтап, жете түсіну үшін ол мәселеге қажетті көлемде көңіл бөлу керек.
Кеңес Одағы ыдырап, оның территориясында егеменді мемлекеттер пайда болып, әр мемлекет, оның ішінде Қазақстан Республикасы да өзінің мемлекеттік құрылысын, құқық жүйесін реформалауларды жүргізіп отыр. Осындай қоғамдағы өзгерістерге сәйкес белгілі бір объектілерді зерттеудегі маркстік-лениндік көзқарасты ғана қолдану қағидасынан да ауысып, басқа да халықаралық қауымдастық қолданып жүрген зерттеулермен жете танысуға және сол бағыттарда жұмыс жүргізуге жол ашылды.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір сатысында пайда болып, дамып келе жатқан ерекше саяси ұғым болып табылады. Осы мәселемен толығырақ танысу үшін бітіру жұмысымды осы тақырыпқа арнадым.
І. МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз етеін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық жәнежеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше “қабатты” қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл – адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасы реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық — күш құралдары бар;
в) тапсырманың орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару ұйымына басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе, оқу және монографиялық әдебиеттер атайтындай, “жария биліктің” болуы тән. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан бөлініп шыққан, басқару негізгі жұмысына, кәсібіне, мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы – адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы –рулық басқару ұйымы білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің рабайсыз үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы бір жағынан басқарылғандарға, екінші жағынан басқаратындар мен басқару жөніндегі мамандарға бөлінген сияқты. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысты тек қана басқару функцияларын емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.
Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы. Салық — бұл мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі қиындайды. Салықты мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі саяси және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын қолдауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және қылмыс пен құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы – рулық басқару ұйымының негізі мүлдем басқаша — қандас туысқандардың байланысы мен қарым-қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрынғы маңызын жойды, басқару ісінде басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі құқықтарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде, оларды басқару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең алдымен олардың аумақтық тиістілігін, тұрғылықты жерін ескереді.
Мемлекеттің даму барысында халықтың аумақтық принципі бірқатар мемлекеттік-құқықтық институттарымен тұтас алғанда жанама түрде байланыс орната алды, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған еді.
Олардың ішінде қандай да бір мемлекетке тиесілілігі бекітілген азаматтық институты ерекшеленеді. Басқа тұлғалардың бәрі шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың арқасында мемлекет халықты “өзіміздікі” және “өзіміздікі емес” деп дифференциялайды. Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (автономиялық және әкімшілік-аумақтық бөліністер арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық билік ету институты анықталады.
Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және институтарымен, егемендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиет мемлекеттегі басқа ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарынан жоғары қойып, оған өзіндік басымдық, қайталанбас ерекшелік береді. Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік. Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумаығндағы ең жоғары билікті айтады. Аумағныдағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекеттің басымдық ролін мойындайды, өздерін оның мәртебесі мен маңызынан төмен қояды. Олар мемлекеттік биліктің бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгіленген тәртібін сақтауға міндетті. Мемлекетке тиесілі аумақта бірде бір ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды. Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі, мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз ісіне ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның мемлекеттік биліктің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.
Мемлекет — қоғамның, елдің, халықтың ресми өкілі. Қоғамның, елдің, халықтың мүддесін ол толығымен көздей алды ма, жоқ па, қоғам, ел, халық оған өкілеттік берді ме жоқ па, оған қарамастан бұл мәселенің дұрыс жауабы алдын ала түйінделіп қойған. Қоғамда, елде, халықты” арасында жұмыс істеп жатқан басқа бірде бір ұйым (бірлестік, құрылым) қоғамның, елдің, халықтың еркі мен мүддесін білдіруші екендігін, барлық деңгейде және барлық жағдайда оларды көрсете аламын деп мәлімдеуге батылдық білдіре алмайды. Бұған үміткер болуға мемлекеттің ғана негізі бар. Мемлекеттің мұндай қасиеттеріні” молдығына дау жоқ.
Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысаны, реттеуді және ықпал етуді пайдалануы оның міндеті белгісі болып табылады. Олардың алдында тұрған міндетті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Егер мемлекеттің аумағында орналасып, жұмыс істеп тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар құқық шеңберінде әрекет етіп, құқық тәртібін сақтауы, заңдар мен басқа да құқықтық нұсқауларды орындалуы қажет болса, онда құқық аясындағы мемлекеттің қызметі мүлде басқаша, маңызды ерекшелігімен сипатталады және әр алуан: бұл айтылғандардан басқа, мемлекеттің құқықшығармашылық монополиясы, сондай-ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіп-кепілдік беретін функциялары бар. Мемлекет қоғамдағы негізгі өзара қарым-қатынаста өзінің қызметіндегі басты демеу болып отырған құқық бастауына сүйенеді.
Мемлекетте ішкі және сыртқы функциялардың жиынтығы болуы және оларды органдар, мекемелер мен билік құралдарының жүйесімен жүзеге асыруға бейімделуі (бұл мәселелер төменде егжей-тегдейлі қарастырылатын болады) мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады.
Осыған дейін айтылып келген, мемлекеттің ерекшелік белгілерінен басқа, мемлекеттің элементтері туралы да айту керек, ол отандық оқу және монографиялық әдебиетте халық пен аумақты меңзейді. Ол тіршілік ету және даму процесінде мемлекет сүйенетін объективті тірек ретінде түсіндірілуі керек. Халықсыз және аумақсыз мемлекет жоқ және болмайды да: соңғысын табиғи факторға немесе мемлекеттің материалдық құрамдас бқлігіне жатқызу керек.
Мемлекеттің мәні. Мәнділік каттегориясы, оған сапалы айқындық беріп, аралас туыстық құбылыстардан бөліп алатын, зерттелетін құбылыстың басты және негізге алынатын белгілеріне баса көңіл аударылатындығымен маңызды. Біздегі пікір алуандығы принципінің орнығуына байланысты мемлекеттік мәнін бұған дейінгі монистік баяндаудан бас тарту көзделді, бұлбір жақты, демек – ол туралы өзгерген және жалған түсінікке алып келді. Қазір мемлекеттің мәнін айқындауға жаңа талпыныстар жасалуда.
Таптық түсіндіру мемлекеттің мәнін қоғамдағы үстемдік етуші таптың артықшылық жағдайын қамтамасыз етуге, оның мүдделерін бірінші кезекте жүзеге асыруға жағдай жасауға, оларды әр түрлі озбырлықтан қорғауға келіп саятындығы белгілі. Осыдан келіп мемлекеттің қаналған тапқа деген позициясы шығады: оларды басып-жаншудан, пайдаланудан, олардың мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік механизмді пайдалану мүмкіндіктеріне айырудан тұрады. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл талдау бойынша, мемлекет өзінің мәні бойынша тап жауларында қарсы күресте пайдаланатын үстемдік етуші таптың саяси билігінің ұйымы ретінде көрінеді. Ал В.И.Ленинні” сөзі бойынша, құл иеленуші, феодалдық және капиталистік мемлекеттердің мәні тиесілі құл иеленушілер, феодалдар мен капиталистер тобының диктатурасы ретінде сипатталуы мүмкін.
Мемлекетті таптық тұрғыдан түсіндірудің белгілі негізі бар және көбінесе қоғамдық даму тәжірибесімен расталады. Адамзат тарихының бірнеше кезеңдері бойында таптар мемлекет билігі жолындағы күреске белсене қатысқан қоғамның маңызды құрылымдық бөлімшесі болып келді. Бір тап екіншісін құлатып, өз үстемдігін орнатты, сосын жағдайға байланысты өздері қоғамдық сахнадан кетіп өз орындарын басқа тапқа берді.
Теория жүзінде зерттеліп, байытылған, практикалық қажеттілік пен мақсаттылық тұрғысынан пайымдығы бұл факт мемлекет туралы таптық ілімнің негізі болды, осы ілімге сәйкес мемлекет бір таптың екінші тапқа үстемдігін сақтау үшін, бір тапты екінші тап қанау үшін үстемдігін қолдайтын машина болып табылады.
Әйтсе де, қоғамның көптеген антогонистік қарама-қайшылық белгілерінің таптың үстемдік теориясында мемлекеттің мәні ретінде сенімді бейнесін тапқанына қарамастан – осы теория мен нақты шындықтың арасында жарықшақтың пайда болғандығын айтпасқа болмайды. Бұл жарықшақ уақыт өткен сайын шындықты бұрмалай берді, ал іс жүзінде бұрмалаулар мен асыра сілтеулерге алып келді. Уақыт өте келе өзгерген нақты жағдай мемлекет теориясындағы таптық үстемдіктің құралы болудан қалды.
Бірінші кезекте бұл мемлекет шешуге тиіс міндеттердің мазмұны мен сипатына қатысты. Таптық үстемдік теориясына қарамастан мемлекет үстемдік етуші таптың мүдделерін жүзеге асырумен, оның қарсыластарын басып-жаншумен, қанаумен және талаптарына сәйкес әрекет етуге мәжбүрлеумен ғана шектеліп қала ламайды (әсіресе қазіргі кезеңде). Мемлекетті таптық тұрғыдан түсіндіру кезінде оның таптық міндеттер толығымен немесе толыққа жуық ығыстырған жалпы әлеуметтік міндеттері еркімен немесе еркінен тыс ескерілмейді немесе тіпті тәуір болғанда, минимумға кеотіріледі.
Мемлекетке объективті ықпал ету ылғи да үстемдік етуші таптың мүдделерін ғана білдірудің шегінен шығатын міндеттерді шешуге мәжбүр болды деген шешімге алып келді. Бұл жерде әңгіме ең алдымен бүкіл қоғамның тіршілігін қамтамасыз етуге қалыпты жағдай туғызуға бағытталған міндеттер туралы болып отыр. Сөйтіп мемлекет пайда болған және дамыған алғашқы кезеңдерде ол үстемдік етуші таптың қажетін қанағаттандырудан басқа, сондай-ақ қоғамның тіршілік етуін, табиғаттың дүлей күшіне, соның салдарынан әлеуметтік қатаклимзаларға, күтпеген сұрапыл апаттарға және қиындықтарға қарсы тұра алуын қамтамасыз етуге пайдаланылды. Жаңағы аталғандардан басқа мемлекеттің жалыпәлеуметтік міндеттері деп мына төмендегілерді тану керек:
— қоғамда тәртіп орнату, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың өміріне, денсаулығына, абыройына, құқығы мен бостандығына қылмыстық қол сұғу мүмкіндігін жою немесе оны минимумға жеткізу;
— өндірісті, айналымды, айырбасты өркендету үшін қажетті жағдайлар туғызу;
— қоғамның экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық апаттың алдын алу жөніндегі шараларды дайындау және қабылдау;
— елді сыртқы шабуылдан қорғау.
Басқаша айтқанда, мемлекет, тәжірибе көрсеткеніндей, бүкіл қоғамға үстемдік етуші таптың еркін мәжбүрлеп танумен ғана емес, сондай-ақ барлық таптар мен қоғамның әлеуметтік топтарын объективті қажет жағдайлармен мүмкіндігінше қамтамасыз етумен де айналысады.
Қазіргі кезеңде көптеген алдыңғы қатарлы мемлекеттер таптық, топтық және жеке мүдделерді бірыңғай қорытындыға келтіруге, әлеуметтік жанжалдар мен қарама-қайшылықтарды шешуге, қоғамдық келісім мен консенсусқа талпынып, соған қол жеткізуге күш салуда.
Мемлекет пікір алуандығы идеясын, билікті бөлісуді, азаматтар құқығының баяндылығын жиі жүзеге асыруда және басқа демократиялық инститтутарды басшылыққа алуда, соның арқасында қай таптың болса да диктатурасынан құтылуда. Мұның бәрі – мемлекеттегі жалпыәлеуметтік (тіпті жалпыадамзаттық десе де болады) принциптер. Олар тек таптық принциптермен бірге әрекет етеді. Соңғысының шектеулілігі, жетіспеушілігі және зияндылығы алғашқысымен толтырылуы мүмкін. Таза таптық принциптің жалпыәлеуметтік принциптермен, олардың синтезінде және үйлесуімен толығуы – прогресс пен мемлекеттің үдемелі дамуының кепілі. Мемлекеттің тек қана таптық негізде жұмыс істеуінің келешегі жоқ, ол ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір тығырыққа тірейді.
Мемлекеттегі таптық тұрғыдан түсіндірудің басты кемшіліктерінің бірі, мемлекеттік іс-әрекеттің мәжбүрлеуге, басып-жаншуға, күш қолдануға негізделген жақтарын алдыңғы қатарға шығаруды жорамалдауында болып отыр. Егер мемлекет тек қана үстемдік етуші таптың мүдделерін жүзеге асырумен айналысып, басқа таптар мен халықтың топтарының мүдделерін есепке алмаса немесе ескермесе, онда өзінен өзі мынандай сұрақ туады: мұнымен халықтың қалың тобы келісе ме? Жоқ, келіспейді, келіскен күнде бәрі емес. Бірақ олардың қарсы әрекеттері мәжбүрлеу жолымен жеңіліске ұшырауда.
Мемлекет жалпы алғанда қоғамның қалыпты тіршілік етіп, қызмет істеуіне, халыққа және, әсіресе, әлеуметтік қысым көрген және оны қысымға ұшыраған категорияларына байланысты жалпы міндеттерді шешіп жатқан кезде мемлекеттің ролі жағымды бағалануы керек. Егер мемлекет үстемдік етуші таптың, әлеуметтік топтың, билеуші таңдаулы топты жетегінде кетіп, солардың ғана мүддесін жүзеге асырумен айналысып, басқа барлық әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді ескермесе, онда оның ролі жағымды бола қоюы екіталай.
Осылайша, мемлекеттің мәні туралы мәселеге қоғамның түрлі әлеуметтік және саяси күштері тарапынан мемлекеттік қызметін бағыттылығына түрлі тәсілдер әсер етеді әрі оның шешілуі қандай күштің басым ықпал етуіне байланысты. Сондықтан, мемлекеттің мәні болып бір жағдайларда таптық үстемдік пен билеуші топтың еркі таңу есептелсе, екінші жағдайда – таптық және жалпы қоғамдық принциптердің үйлесуі есептеледі. Өз кезегінде, аталған екінші вариант әр алуан, өйткені мемлекет үстемдік етуші таптың, әлеуметтік топтың немесе артықшылығы бар топтың мүдделеріне артықшылықтар бере отырып жүзеге асырумен қатар, халықтың басқа категорияларының мүдделерінен де бір қалыпты, аз немесе көбірек көңіл бөле алады.
Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты. Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты туралы мәселе мемлекеттің мәні туралы мәселеге тікелей келіп тіреледі. Сонымен қатар, өзінің кейбір аспектілерінде олар қиылысып та жатады. Жалпы айтқанда, мемлекеттің әлеуметтік мақсаты үстемдік етуші тапқа немесе, солармен қатар, сондай-ақ халықтың кейбір басқа топтарына тиімді тәртіпті бекітуден тұрады деуге болады. Мұндай жағдайда мемлекеттің бекітіп, қорғап және оны жетілдіріп отырған тәртібі кімге пайдалы — үстемдік етуші тапқа ма, билік жүргізетін топқа ма немесе сондай-ақ халықтың кейбір топтарына ма деген сұрақтың жауабы бұл мемлекеттің қандай екендігінен: прогрессивті ме немесе реакцияшыл ма, демократиялық па немесе халыққа қарсы ма, содан мағлұмат береді.
Сонымен бірге үстемдік етуші таптар, билік жүргізуші артықшылығы бар топтар немесе халықтың басқа топтары үшін мемлекет орнатқан тәртіптің пайдалылығы неде екендігін көрсету де маңызды. Аталған субъектілерді мемлекет белгілеген тәртіппен қамтамасыз ететін сол шынайы материалдық және рухани игіліктер мен құндылықтарды ашу керек. Мұндай пайданың объектісі алуан түрлі болғандықтан, теория жүзіндегі, олардың бейнесі де әр түрлі болды. Сондықтан да саяси және мемлекеттік-құқықтық ойдың тарихында мемлекеттің әлеуметтік мақсаты туралы мәселенің бірыңғай шешімі жоқ. Алғашында абстрактылы ұғымдар басым болды: мысалы, Платонның, Аристотельдің, Гегельдің пікірлері бойынша, мемлекет адамгершілікті бекітіп, қалыптастыру үшін қажет. Кейінірек бұл түсінікке басқа әлеуметтік құндылықтар келіп қосылды. Мысалы, Г.Гроций мемлекеттің мақсаты жалпы игілік деп санады, Т.Гоббс – жалпы қауіпсіздік десе, Жан-Жак Руссо – жалпы еркіндік деді. Ал мемлекеттің қазіргі кездегі кең тараған жалпыға бірдей рахат теориясы, мемлекеттің мақсаты халықтың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағатандыруды, азаматтардың өмірін, денсаулығын және абыройдың болуы мүмкін озбырлық, қол сұғушылықтан сақтауды, сондай-ақ олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нақты жағдайлармен қамтамасыз етуі деп біледі.
Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты проблемаларын теория жүзінде байыптап түсініп, бүкіл бұған дейінгі тәжірибесін зерттеп, оны шешудің қазіргі заманғы әдістерін жасауда творчестволықпен пайдалану қажет.
Ал олар, біздің көзқарасымыз бойынша, түрлі мемлекеттерге деген дифференцияланған қарым-қатынасқа негізделуі керек. Әр түрлі мемлекеттің……..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!