Курстық жұмыс: Саясаттану | Қырым конференциясы » ZHARAR
Мазмұны
Кіріспе
1 Конференция алдындағы халықаралық жағдай
2 Конференцияда талқыланған мәселелер және держава қайшылықтары
Герман мәселесі
Польша мәселесі
Югославия мәселесі
3 Қырым конференциясының шешімі және маңызы
Қорытынды.
Кіріспе
Кеңес халқының неміс-фашистік агрессорларына қарсы Ұлы Отан Соғыстың аяқталғанына 60 жыл өтті. Бірақта осы соғыстың батырлық жағдайлары қазіргі күнде де миллиондаған адамдарды толғандырады. Кеңең әскерінің жеңісі соғыстан кейінгі кезеңдегі жағдайдағы әлемдік дамуын анықтады.
Кеңес әскерлері 1945 жылы мамырда герман рейхстагыне жеңіс туын артып қойды. Бірақ соғысты бастаған олар емес. Екінші дүниежүзілік соғыс (бірінші дүниежүзілік сияқты) имперализмнен туылды. Ол 1939 жылы күзде екі импералистік держава тобының қарулы күресінен басталды. Оның бастамалары Герман, Италия және Жапония үш импералистік милитаристік фашистік державалар болды. Германия және оның Европалық одақтастары 1941 жылы кеңес жеріне басып кіргеннен кейін соғысқа кеңес үкіметі тартылып қалды. Кеңес үкіметінің Ұлы Отан Соғысы басталды — әділдік, азаттық соғыс. Соғыс майданның бір жағында фашистік агрессорлық блокқа қарсы КСРО-мен бірге Ұлыбритания, АҚШ және бірнеше басқа мемлекеттер болды. Олардың жеңіске деген аманаты бірдей болмады. Фашистік Германияны талқылауда басты рольді кеңес үкіметі ойнады. Екінші дүниежүзілік соғыстың ірі және қатыгез күресінің аяқталу шешімі Кеңе-Герман майданында болды. Дәл осы жерде Германның ірі әскери группироваклары талқандалды. Дәл осы жерде агрессор тірі күшпен техниканың басты жоғалтуларын сезінді. әлемдегі бірінші социалистік мемлекет Герман импералистіу тарихтағы агрессивті әскери машинаны тоқтата алатын күшке ие болды. Оны артқа шегінуге мәжбүрлей алатын мемлекет болды.
Үш жыл өткен соң 1944 жылы маусымда АҚШ және Ұлыбритания Батыс Европада әрең дегенде екінші майданды ашты. Олар Герман әскерлерімен күресте белсенді қатыса бастады. Бірақта басты болып Кеңес-Герман майданы қала берді. Әскерлердің тағдыры сонда шешілді.
Кеңес әскерлері соғыста түбегейлі өзгерістер жасады, КСРО Герман фашизмінің талқандалуына аманат енгізді, оның Европадағы соғыстан кейінгі әлемдік реттеу мәселесіндегі шешімін қабылдауда Кеңес үкіметі оның ролін анықтады, соның бірі 1945 жылы ақпанда болған КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының Қырымдағы – Ялтадағы конференциясы.
«Үлкен үштіктің» Қырымдағы конференциядан басқа Тегеранда 1943 жылдың аяғында және Берлинде (Потсдам) 1945 жылы жазда үш одақтық держава басшыларының кездесуі өтті.
Тегеран конференциясындағы АҚШ және Ұлыбританияның Европадағы екінші фронт ашу, соғысты тез арада аяқтау басты мәселелер болды. Сонымен қоса соғыстан кейінгі әлемді реттеу мәселесі де қарастырылды. Тегеран конференциясының басты шешімінің бірі Ағылшын, Американ әскерлерін 1944 жылы көктемде Франциядан шығару туралы шешім болды.
«Үлкен үштіктің» Берлин (Потсдам) конференциясы Европадағы соғыстың аяқталғанынан кейін өтті. Соғыстан кейінгі әлемді реттеудегі кейбір мәселелері бұл уақытта шешілді.
Қырым конференциясы соғыстың аяқталу кезеңінде болды. Онда қиын және ірі көптеген өмірлік мәселелер қойылды. Сондықтан ол екінші дүниежүзілік соғысының дипломатиялық тарихындағы маңызды жағдайлардың бірі болды. Онда соғыстан кейінгі әлемді реттеудегі негізгі мәселелер комплексі талқыланды. Үш держава оған келісімді шешіммен қарады. Ал басқаларында олардың болашақтағы шешімі дайындалды. Қырым конференциясы соғыстан кейінгі әлемді реттеуді анықтады, оның шешімдері қазіргі заманмен тығыз байланысты.
Менің осы курс жұмысын жазу барысында алдыма бірнеше мақсаттарды қойдым:
— конференция алдындағы халықаралық жағдай;
— конференцияның жасау себептері;
— одақтық державалардың мақсаты;
— соғыстан кейінгі әлемді реттеу мәселелері;
— конференцияның шешімі мен маңызын ашып қарау болды.
1. Мен осы мақсаттарды орындай отырып алдыма мынадай міндеттерді қойдым, яғни осы Қырым конференциясының халықаралық деңгейдегі маңызы мен соғыстан кейінгі әлемдік реттеудегі нәтижесі мен сипатын ашып көрсету менің міндетім болды. Осы жұмысты жазу барысында мынадай деректер тобын қолдандым: Тегеран, Ялта, Потсдам. Сборник документов, Советский союз на международных конференциях периода Великой Отечественной Войны 1941-1945. Крымская конференция руководителей трех союзных держав – СССР, США и Великобритания 4-11 февраль 1945, И.М.Майнский Воспоминание советского дипломата 1925-1945, Переписка предсидателя совета министров СССР с президентами США и премьер-министр Великобритании во время Великой Отечественной Войны 1941-1945 тағы басқа деректерді қолдандым.
Тегеран, Ялта, Потсдам. Сборник документов деректер мен материал кітабында мен Қырым конференциясының маңызы мен негізгі мәселелерін, ондағы әрбір одақтың позицияларын, осы конференциядағы қол қойылған құжаттардың бірқатар тобымен таныстым. Советский союз на международных конференциях периода Великой Отечественной Войны 1941-1945. Крымская конференция руководителей трех союзных держав – СССР, США и Великобритания 4-11 февраль 1945 Қырым конференциясының құжаттарымен толығымен таныстым. Онда басшылардың сұқбаттарының жазбалары толығымен көрсетілген.
Осы жұмыстың деректерін жазу барысында мен көптеген ғылыми әдебиеттер қолдандым, соның ішінде: В.Я.Сиполс, И.А.Челышев. Крымская конференция 1945 год, Рощин А.А. Послевоенное урегулирование в Европе, Яковлев А.Н. Ялтинская конференция 1945: уроки истории, Сосин С.Б. Акция «Аргонавт» көптеген нәрсені ашып көрсетуге көмек көрсетті.
Менің курстық жұмысым кіріспеден, 3 тараудан және пайдаланған әдебиеттер мен деректерден тұрады. Бірнші тарауымының тақырыбы: «Конференция алдындағы халықаралық жағдай»; Екінші тарау: «Конференцияда талқыланған мәселелер және держава қайшылықтары», ол 3 тармақтан тұрады: Герман мәселесі, Польша мәселесі және Югославия мәселесі; Үшінші тарау: «Қырым конференциясының шешімі және маңызы».
Мен бірінші тарауда Қырым конференциясының алдындағы халықаралық жағдайды қарастырдым, яғни соғыстың аяқталуы жақындай бергенде үш ұлы одақтас державалардың Германия саясатына және оның одақтастарына қатысты, сонымен бірге мемлекеттерді фашистік акупациядан босату болды. Сонымен қатар соғыстың аяғындағы халықаралық мәселелерді шешу кезінде әртүрлі әдістемелер көрініс тапты. Үш одақтық державаның соғыстан кйінгі әлемді реттеудегі Қырым конференциясына қойылатын өз позициялары туралы ашып жаздым.
Екінші таруда, яғни конференцияның басталуы, конференциядағы талқыланған мәселелер және держава қайшылықтары толығымен ашып көрсетті. Қырым конференциясы 1945 жылы 4 және 11 ақпан аралығында Ливадиск ғимаратында өтті. Қырым конференциясындағы қаралған мәселелер Герман мәселесі, Польша мәселесі бейбітшілік сақтауда халықаралық ұйымдар мәселелері қарастырылды.
Үшінші тарауда Қырым конференциясының шешімі мен маңызы онда менің қарастырғаным конференцияда қойылған талаптар мен міндеттерге қиындық түрде шешім қабылдау, державалардың қайшылықтары көрінді. Конференцияда үш дщержаваның келісімге келуі үшін кеңес үкіметінің басымдылығын көреміз, сөйте тұрса да қойылған мәселелерді толық түрде үш держава шешімге келеді. Қырым конференциясы және оның шешімі үлкен халықаралық мағына алды және соғыстан кейінгі әлемді ретеуде демократиялық шешімге жетті. Конференция нәтижсі оның қатысушылары КСРО. Ұлыбритания және АҚШ-пен үлкен баға алды. Қырым конференциясы неміс-фашист жаулап алушыларға қарсы азаттық соғыс ретінде кірді. Конференцияның шешімінде «жалғастырушы және өсуші ынтымақтастықпен және біздің үш мемлекет арасындағы өзара түсіністі және барлық бейбітшіл халық арасындағы ынтымақтастық мықты және ұзақ бейбітшілікті қамтамасыз етеді».
І Конференция алдындағы халықаралық жағдай
1944 жылдары екінші дүниежүзілік майдандарында көптеген өзгерістер болды. Фашистік германия өзінің Европада жаулап алған мемлекеттердің ресурстарын қолдана отырып қарсы тұрды, соғыстың аяғы белгілі болды. Бірақта соғыстың аяғына дейін жеңу үшін КСРО,АҚШ Ұлыбритания және олардың одақтастары жағынан максималды түрде күш салу керек болды.
Соғыстың басты жағдайлары кеңес герман майдандарында болды. Бұл жерде фашистік Германияның және оның одақтастарының негізгі күштері қалыптасты. Бірақ қару жарақ күштерінің сандық мөлшері Кеңес үкіметінде болды.
6 шілде 1944 жылы англо-американдық одақтар Францияның солтүстік-батыстан әскерлерді шығару жөніндегі Оверлорд операциясын жақсы бастады. АҚШ және Ағылшындар ұзақ уақыттық келіспеушіліктен кейін екінші майданды ашты, олардың ойынша ары қарайғы мүдіріс әскери стратегиялық, сонымен бірге саяси түсініктермен мүмкін емес еді.
Американ және Ағылшын тарихшыларының тұжырымдамасында Франциядағы екінші майданды ашу, Европадағы жағдайды ортақ стратегиялық түрде өзгертті, яғни ағылшын-американдықтардың Нормандиядағы әскерлері «неміс күштерін толық тежеді» жене егер, американдықтар Европада екніші фронтты ашу өз міндеттемелерін орындауды бірнеше жылға созса, онда Кеңес үкіметі Тегеранда өздеріне арналған солтүстік-батыс Францияда десанттарын кіргізу, шығыс майданда шабуылды бастау міндеттемелерін орындайды деп хабарлайды.
1944 жылдың 10 маусымында кеңес әскерлерінің Кареллидегі Карельск бұғазына шабуылы басталды. 23 маусымда екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ірі операциялардың бірі болған Багратион операциясын іске асыруға кірісті. Сол операция кезінде кеңес әскерлері батысқа 600 км алға жылжыды. Сол кезде толығымен Беларуссия, Прибалтиканың бөлігі Висла өзеніне дейінгі шығыс Польша аудандары босатылды.Гитлер армиясының жарты миллион шамасында әскерлері мен офицерлері тұтқынға алынды және жарақаттанды, жартысы өлтірілді. Шілде – тамыз айларында Львовск-Сандомирск операциясы жүргізілді. Украйна майданының бірінші әскерлері «Солтүстік Украйна» армиясының неміс-фашистік тобына жеңіліс жасатты. Жаулап алушылар кеңес Украйнадан толығымен қуылды. Жағдайдың үлкен маңыздылығы кеңес Герман майданның оңтүстік қанатында өтті. 20 тамызда басталған Ясско-Кишинев операциясы онда неміс фашистік және румындық әскерлердің толық талқандалуына әкелді. 20 тамызда 1944 жылы Антонеску фашистік режимі құлатылды. Румыния фашистік блоктан шықты, ал оның армиясы Германияға қатысты өз қаруларын бұрды. 12 қыркүйекте 1944 жылы Мәскеуде Румыниямен достасуға қол қойылды.1
1944 жылы 8 қыркүйекте Қызыл Армия Болгарияны азат ету жорығын бастады. 9 қыркүйекте Болгарияда халықтық антифашистік көтеріліс өтті. Билік басындағы Отандық майдан үкіметі Мәскеуге достасу туралы өтініш жасады. Болгария гитлер армиясына соғыс жариалады. 28 қазан күні Мәскеуде Болгариямен достық келісімге қол қойылды. 6 қыркүйек күні 1944 жылы Қызыл Армия Югославия шекарасына шықты. Югославияның ұлттық-азаттық армиясына көмек көрсету үшін шынайы жағдайлар туылды. Қыркүйек қазан айларында Кеңес Югослав әскерлері толығымен Сербия, Черногория және Македонияны азат етті. Сонымен бірге 1944 жылы Чехославакия мен Венгрияны азат ету операциялары басталды. Кенес әскерлерінің майданға үлкен аралыққа шабуылының қарқындылығы әлемдік қауымдықтың таңғалығын туғызды.
Германия сол кезде де күші аз болмады.Вермахтада 1945 жылдың басында 9420 мың адам есептелінді.Оның қарулы күшінде 110,1 мың оның қарулы күшінде 1 мың қару және минометтер және шабуыл қарулары 7 мыңнан астам әскери самолеттер болды. Кеңес әскерлері Герман территориясындағы тек Шығыс Пруссияға ғана кірді. Гитлерліктер осы айтылған күштерді фашистік рейфті қорғауға ниеттенді. Ағылшын және АҚШ башыларын сепаратты бейбітке келістіру үшін гитлерліктер Орденаға контр шабуылдар қабылдауды шешті. Олар Антверпенге Белгия мен Голландияда орналасқан британ және американ бөліктерін кесіп өтіп, кіруді көздеді. Ірі күштерінің бірі батыс одақтастарын жоғалтып алды. 1944 жылдың 16 желтоқсанында шабуыл, герман әскерлері майданнан өтіп 90 км-ге жылжыды. Бірақ бұл шабуыл ағылшын-американ әскерлер немістерді шығарып жіберумен тоқтатылды.Бірақ батыс фронттағы жағдай әлі де болса қиын және қысымды түрде болды. АҚШ және Ағылшын үкіметін, жағдайдың әрі қарайғы дамуы қатты толғандырды. 1944-1945 ж ағылшынның екінші дүниежүзілік соғыс бойынша тарихшысы Эрман, батыс майдандағы одақтар тұйыққа кірумен ғана сипатталған жоқ, сонымен бірге олардың Европадағы оперативті жоспарлары қауіпте болды.2
Кеңес әскерлерінің майданның орталығына шабуыл ақпанның басында аяқталды, яғни бұл Қырым конференциясының қарсаңында болды. Қызыл армия үлкен жетістіктерге жетті. Толығымен Польша босатылды. Кеңес әскерлер Германия территириясына кірді.Олар Одерге дейін кіріп, онда оң жақ жағалауда плаңдарм құрды. Берлинге дейін 60 км қалған еді.
1944-1945 ж басындағы жағдай одақтастардың әскери іс-әрекетінің координациясының қажеттілігін және тиімділігін, әскери әрекеттегі әртүрлі театрлық түрде және мақұлданған коолициялық стратегияны шығаруға әкелді. Кеңес үкіметі үш державаның тығыз ынтымақтастығының шешуші жағы болды. Мақсаты агрессивті блок мемлекеттерді тезарада талқандау еді. КСРО одақтық қатынасқа байсалдылықпен қараған, өзіне алынған міндеттерді орындауға тырысқан. «Орыстар керемет одақтастар болатын – дейді әскери министр Стимсон – олар өздерінің міндеттерімен бірге күресті».
КСРО, АҚШ және Ұлыбритания коолициясы әскери-саяси одақ болса, оған әртүрлі қоғамдық саяси жүйедегі мемлекеттер кірсді, шын мәнінде соғыстан кейінгі әлемнің қалыптасуы бойынша олардың әскери мақсаты, көзқарастары әртүрлі болды.Кеңес үкіметі оларды мүмкіндігінше және қажеттілігінше келіссөздермен жүргізу дұрыс деп есептеді.
Батыстың шынайы ойлайтын саяси қызметкерлері Кеңес үкіметісіз қарым-қатынас мүмкін емес екенін түсінді, яғни Кеңес үкіметі экономикалық жағынан мықты, саяси және әскери қатынасы үлкен халықаралық авторитеті бар еді.
Соғыс кезіндегі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүру және ынтымақтастық перспективасы пайда болды. Олар соғыстан кейінгі әртүрлі қоғамдық-саяси жүйедегі мемлекеттер еді.
Соғыс кезінде КСРО, АҚШ және Ұлыбритания ынтымақтастық жөнінде үлкен тәжірибе жинаған, әскери, экономикалық және саяси салада өзара әрекеттегі әдістер мен нақты түрлерін өңдеген мемлекеттер.Соғыс кезеңіндегі үш державаның өзара қарым-қатынасының негзі агрессивті мемлекеттер блогын талқандау мақсатында, ынтымақтастық үшін құрылған халықаралық – құқық базасы және әр бір жақтың өзара міндеттемелерін анықтап белгілеудегі құжаттар мен келісімдер құрды.1942 ж 26 мамырда Кеңес –Ағылшын арасында Германияға қарсы соғыс одағы туралы және оның Европадағы сыбайластарына қарсы және соғыстан кейінгі өзара көмек және ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды.1942 ж 11 маусымда Кеңес және Американ өзара өтем туралы келісімге қол қойды.
1942 ж 1 желтоқсанда Вашингтонда мемлекет өкілдері оның ішінде АҚШ, КСРО, Ұлыбритания Біріккен ұлттар декларациясына қол қойды. Олар агрессивті мемлекеттер блогына қарсы соғыста өздері барлық әскери және экономикалық ресурстарын топтау, бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау және жаулармен сепаратты достасу және бейбіт орнату болды. Бұл декларация Германия, Италия, Япония және оның одақтастарна қарсы соғыста қатысқан мемлекеттің әскери-саяси одағын заңды түрде белгіледі.
Соғыстың аяқталуы жақындай бергенде КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкіметтеріне күрделі мәселелер шыға бастады, оның шешімі тым қажет еді.Біріншіден, үш ұлы одақтас державалардың Германия саясатына және оның одақтастарына қатысты болды. Сонымен бірге мемлекеттерді фашистік окупациядан босату болды. Қандай да бір мемлекетке одақтық державаны декларациялау және ортақ жағдайды нақтылау талап етілді.
Сонымен қоса соғыс аяғында одақтық державалардың халықаралық мәселелерді шешу кезінде әртүрлі әдістемелер көрініс тапты.
Әрине олардың арасында көзқарастық келіспеушілік ерте кезде де болған. 1941-1943 ж АҚШ үкіметінің, КСРО үкіметінің және Ұлыбритания үкіметтерінің көзқарасының басты келіспеушілігін екінші майдан ашылуы туралы мәселедегі позицияда болды. Ұлыбритания және АҚШ Франциядан өз әскерлерін шығару міндеттемелерін бірнеше рет бұзғаннан кейін, Кеңес үкіметіне үш жыл Германия күштерімен жалғыз күресуге тура келді. Черчильдің позициясына келетін болсақ, «Премьер-министр өзіне жеңіл жұмыстарды алғысы келетін, ал бізге орыстарға қиынды қалдыратын». Бірақ бұл мәселе 1944 жылы екінші фронт ашылғаннан кейін жойылды.
Екінші майданның ашылуының ұзақтығының себебінің бірі Черчиль және оның жақтастары соғыста тек Германияны ғана емес, сонымен бірге Кеңес үкіметінде бәсеңдету мақсатта болды.Бірақ соғыс аяқталғанда Кеңес үкіметінің күші айтарлықтай өсті.
Ұлыбритания және АҚШ үкімет басшылары Кеңес Одағының соғыстан кейінгі әлемді реттеудегі мәселесін шешу саясатындағы позицияларының «қаталдылығын» қайта қарау қажеттілігі туралы қайта-қайта айтыла бастады. АҚШ-тың және британдықтардың бұндай саяси тенденциясы ол Европада соғыстан кейін өзінің саяси және экономикалық үстемдігін орнатуға тырысқанмен түсіндіріледі. Бұл әлемдік жағдайлардың дамуына Кеңес Одағының ықпалының өсуіне қарсы іс-әрекет жасау, яғни Европа мемлекетінің социалды жылжуын прогрессивті түрде болдырмау, онда керітартпалық тәртіпті және саяси топтастықты қадағалап, қолдау болды.
Осындай тенденциялардың активті айтушысы Черчиль болды. Ол екінші майданда «Балкан вариантын» қаһарлы түрде сақтауды ұсынды. «Әр бір кез – дейді президент Рузвельт өзінің ұлына Эллиотқа – кеуделеп тұрып алатын. барлық қатысушыларға неге олай керектігі түсінікті еді. Оның басты мақсаты Орталық Европаға қылыштын жүзіндей кіріп және Қызыл армияның Австрия мен Румынияға кіргізгісі келмеді».3
Соғыс аяғында Черчильде өзінің антисовестік пиғылын жасырмады. «Мен – дейді өз мемуарында — орыстарды Орталық Европаға кейбір аудандарға біз өзіміз анықтағымыз келді. Мысалға, Венгрия үкіметтерінің бөлігіне қарсы жылжуды көрсеткіміз келді».
Қырым конференциясының алдында шешілмеген күрделі мәселелер көп болды: Германия жеңілгеннен кейінгі оған қарым-қатынас Польша және Югославия мәселелері, бейбітшілікті сақтаудағы халықаралық мәселелерді шешу т.б.
Герман мәселесі КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның сыртқы істер министрлерімен 1943 жылы қарашада Мәскеу конференциясында талқыланды. АҚШ-тың мемлекет хатшысы К.Хелл Герман мәселесі жөнінде ағылшын ұсынысын көрсетті. Бұл құжаттың бірінші бөлігіндегі негізгі принциптер Германияны күмәнсіз түрде капитуляциялау.Құжаттың екінші бөлігінде капитулизацияланған Германияның өмір сүру жағдайына бақылау комиссиясын құру туралы ұсыныс жасалынған. Олар британ, ағылшын және кеңес әскерлерімен жаулап алынған болады. Американдық жобада ұлттық-әлеуметтік партиялар және Германияның басты штабын тарату және Германияны толық қарусыздандыру, оның міндеті КСРО және оның жаулап алған одақтастарына материалды шығынды өтеу. Қамтылған құжаттың үшінші бөлімінде Германияның ішкі өмірін демократизациялауға арналған………
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com