Курстық жұмыс: Саясаттану | Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен оның қалыптасуы
Мазмұны
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………..3
I-тарау.ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Әлеуметтік жұмыс теориясы және оның мәні……………………………………….4
1.2 Әлеуметтік жұмыс теориясының пайда болуының алғышарттары…………9
II-тарау.ҚР-ДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1 ҚР-дағы әлеуметтік жұмыс теориясының қалыптасу жағдайы…………….. 12
2.2 Әлеуметтік жұмыстың қалыптасуындағы негізгі кезеңдері…………………..14
III-тарау.ҚР-ДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстандағы әлеуметтік жұмысты жетілдірудің оңтайлы шаралары…………………………………………………………………………………………………16
3.2 ҚР-дағы әлеуметтік жұмысты дамытудың мүмкіндіктері……………………..18
Қорытынды………………………………………………………………………………………………21
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………….22
К і р і с п е
Курстық жұмыстың өзектілігі XX-XXI ғасырда Қазақстанда білім берудің жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс теориясының қалыптасуы қазіргі әлеуметтік жұмыстың негізі болып табылады.Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер осы негізгі теориялардың барысында реттеліп,өзінің оңтайлы шешімін тауып отырады.Әлеуметтік құбылыстарды,нақтылы әлеуметтік жағдайды талдап,бағалай білу,әлеуметтік проблемаларды тиімді шешудің жолдары мен тәсілдерін білікті түрде анықтауда осы әлеуметтік жұмыс теориясының алар орны орасан зор.
Курстық жұмыстың мақсаты өмірінде экономикалық,әлеуметтік,құқықтық қатынастарды реттеуде,одан туындаған проблемаларды шешуде әлеуметтік жұмыс теориясының орнын және оның қазіргі күнде Қазақстанда қалай жүргізіліп жатқанын көрсету,әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесіне сүйене отырып ҚР-дағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік жұмыстың әдістеріне және оның жетілдіру жолдарына тоқталу.(Әлеуметтік жұмыстың көптеген теорияларының қалыптасуына психология,социология мамандары,педагогтар мен психотеропевтердің қосқан үлесі зор.Білімнің жаңа тармақтарының қалыптасуының алдыңғы сатылары)
Жалпы әлеуметтік жұмыс дегеніміз-қайғылы жағдайларға душар болған адамдарға көмек көрсету.Әлеуметтік жұмыстың негізгі құндылықтары жақын адамға деген сүйіспеншілік,жан ашу,қиыншылықта бірге болу,ниеттестік,жағдайды өзгертуге деген мүмкіндікке сену,көмек жасау ниеті мен жәрдемі жатады.Әлеуметтік жұмыс-әрекеттің ерекше бір түрі.егер құрылысшы үй салса,жөндеуші машиналарды жөндесе,ал әлеуметтік қызметкер «адамды»құрады.Ол өзінің адамымен(клиентімен) әңгімелеседі,оның психикалық стресін кетіреді,оны күнделікті өмірдің ырғағына енуге көмек көрсетеді.Үйінен шыға алмайтын адамдарға дүкеннен азық-түлік алып келуге көмек береді.Әлеуметтік жұмыс-бұл өз бетімен өмір сүре алмайтын,өзінің өмірлік мәселелерін шеше алмайтын,адамға көмек ретінде бағытталған іс-әрекет.Әлеуметтік көмектің обьектісі болып: мүгедектер,қарт адамдар,көп балалы отбасылар,жетім-жесірлер, жалғыз басты аналар болуы мүмкін,кейде балалар нашар топқа түсіп,есірткі сатушылардың торына түсіп қалуы мумкін.Осы жағдайлардың оң шешімін табуда әлеуметтік жұмыстың орны мен дәрежесі зор.Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі объектісіне әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың өмірлік мүдделерін жүзеге асыруға әсер етуді реттеп тұратын және қоғамда әлеуметтік үйлесімділіктің дамуына бағытталған байланыстар, өзара әрекеттестіктер, механизмдер, тәсілдер мен құралдар жатса, пәніне әлеуметтік процестердің дамуының заңдылықтары мен қағидалары, олардың қоғамда жеке бастың азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін әр түрлі факторлар динамикасы жатады.[1]
Біз әлеуметтік жұмысты халықтың әлеуметтік саналылығына қызмет ететін мамандықпен байланыстырамыз, әлеуметтік жұмыс сферасының жылдан жылға кеңеюде, дегенмен, бүгіннің өзінде әлеуметтік жұмыскердің қызметі әр түрлі орындарды қамтуда: үкіметтік денсаулық сақтау ұйымдары, мектептері, денсаулық сақтау орталықтары, отбасын және баланы қорғау агенттіктері, психологиялық денсаулық орталықтары, бизнес және өндіріс түзету орталықтары. Әлеуметтік қызметкер нәсіліне, этникалық тобына, әлеуметтік – экономикалық деңгейіне, дініне байланысты кішкентай баладан бастап, үлкен жастағы адамдарға өз қызметін ұсынады. Адам өмірінде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарды реттеуде, одан туындаған проблемаларды шешуде әлеуметтік жұмыс теориясының орнын және оның қазіргі күнде Қазақстанда қалай жүргізіліп жатқанын көрсету, әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесіне сүйене отырып ҚР-дағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік жұмыстың әдістеріне және оның жетілдіру жолдарына тоқталу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер белгіленеді:
— Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмыс теориясын кешенді талдау,оның елімізде қалайша қолға алынып жатқандығын ашып көрсету;
— Әлеуметтік жұмыс теориясын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып әлеуметтік модельдері мен ерекшеліктерін қарастыру;
— Әлеуметтік жұмыстың теориясының мазмұнын ашу, оның барлық әдістері мен модельдерінің еліміздегі даму дәрежесін анықтау;
— Әлеуметтік жұмыстың, оның ішінде әлеуметтік теорияның мәнін ашып, оның қоғамдағы рөлін анықтау;
I-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Әлеуметтік жұмыс теориясы және оның мәні
Әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына ұлы теоретиктер мен практиктердің қосқан үлесіне талдау жасау барысында әлеуметтік жұмыскер қызметінің спецификасы мен оның теориялық негізін жоғалту қаупі бар. Осы тұрғыдан, ғылыми білім аумағында еңбек сіңірген адамдардың әлеуметтік жұмыс теориясының даму тарихының нақты кейіпкері болмай қалу қаупі туындауы мүмкін. Осы сияқты мәселелерді шешудің қиындауының себебі мынаған байланысты: әлеуметтік жұмыс аумағындағы кез келген үлкен теоретик пен практиктің базалық білімі әлеуметтік жұмыскер болмауы мүмкін, бұған мысал ретінде Колумбия университетінің әлеуметтік жұмыс факультетінің бұрынғы деканы Рональд Фельдманды немесе Канаданың Калгари қаласының ірі университеттің әлеуметтік жұмыс факультетінің деканы Рей Томлиссонды бөліп көрсетуге болады. Осылайша, Гетеборг университетіндегі әлеуметтік жұмыс институты бағдарламасын ұзақ уақыт бойы басқарған, Швециядағы әлеуметтік жұмыс аумағндағы ғылыми зерттеулердің негізін салушы Харольд Сиднер философия ғылымдарының докторы болып табылады, мәдениеттану әлеуметтік философиялық зерттеулерде үлкен тәжірибесі бар, социология аумағында мамандалған (Ол Лунд университетінің социология бөлімін аяқтаған) Швецияда Сведнердің зерттеу қызметінің ықпалынан 80 жылдары құрылымды әлеуметтік жұмыстық ғылыми дәстүрі, оның қазіргі кездегі адамның даму контесіндегі жүйелі – функционалдық көрінісі күшейді.
Ерекше атап өтетін жайт, Х.Сведнер КСРО-ның әлеуметтік-мәдени дамуының философиялық-гуманистік дәстүрін жоғары бағалаған және бағалайды да, ол әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік этникалық негіздерін зерттеуде орыс ойшылдарының әлеуметтік қызметінің идеялары мен тәжірибелріне сүйенген. Олар: Л.Толстой, И.Бунин, А.Чехов, Ф.Достоевский және т.б.
Х.Сведнер С.Г.Струмилин, А.С.Макаренко, В.И.Ленин, А.Колонтай, И.И.Павлов және т.б. зерттеушілердің ғылыми еңбектерін жоғары бағалады.Әлеуметтік жұмыс теориясы ұғымының негізін салушылар Ализе Соломон, Мария Гахери, Элизаветта Фрай, Джеймс Адамс, Мери Ричмонд.Бұл кезеңде әлеуметтік жұмыста фрейдизм мектебі бағыттары қалыптасты.Яғни ХХ-ғасырдың I-ші жартысында әлеуметтік жұмыстағы психодиагностикалық басымдылықпен қамтамасыз ететін Зигмунд Фрейд және оның шәкірттерінің психоанализді жақтаушылардың теориялық нәтижелерінің әсері.Фрейдизм бағыты әлеуметтік жұмыстың теориялық негізінің дамуына өз ықпалын тигізді.Қазігі күнде Фрейдизм өзгере отырып,әлеуметтік жұмыстың теориясында жоғарғы деңгейде қолданылады.Әлуеметтік жұмыстың теорияларын қалыптастыруда педагогтардың қосқан үлес зор.
Профессор Х.Сведнердің теориялық, зерттеу, білім беру аумағандағы қызметі әлеуметтік жұмыс туралы жүйелі, философиялық, гуманистік ойлардың тек Швецияда ғана емес, сондай-ақ өзге де Скандинавия елдерінде, Шығыс және Батыс Европада, Жапония мен Қытайда таралуына үлкен ықпал етті.
Х.Сведнердің беделі, белсенді ғылыми оқытушы қызметі әлеуметтікжұмыс теориясының жүйелі бағытының, позициясының күшеюіне негіз болды.
Тағы бір мысал келтірейік. Соңғы жылдары әлеуметтік жұмыстың когнетивті теориясы кең таралды, әрине, бұл объекті жағдайлардың әсерінен, қазіргі заман адамының әлеуметтік қорғаудың технологиялары мен заңдылықтарының теориясының өзіндік дамуы ХХғ. Адам өміріндегі интеллектуалды компоненттерінің өсу тарапынан жүреді. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс теориясы әсерінің өсуін қамтамасыз етуде индивидуалды тұлғалық фактор үлкен роль атқарды, 80 жылдары Э.Гольдштаймнің белсенді теориялық қызметі және кең тараған когнетивті гуманистік теориялары айтарлықтай тиімді болды және кең таралды, В.Франке жасаған логотерапияның әлеуметтік-психологиялық негіздері европалық әлеуметтік-мәдени дәстүрі бар көптеген елдерде әлеуметтік жұмыстың когнетивті теориясының таралуына ықпал етті. Жоғарыда келтірілген мысалдардан әлеуметтік жұмыстағы белгілі теоретиктердің әлеуметтік білім тармақтары сәйкес келетін әлеуметтік дамуда осы аумақтың дамуына әсер еткендігі байқалады, ХХғ. әлеуметтік жұмыс теориясының даму тенденциясының қазіргі заманғы қалыптасуына базалық ғылыми пәндері, әсіресе психология мен социология белді мамандары ықпал етті.Әлеуметтік жұмыстың көптеген әлеуметтік және психологиялық бағытталған теорияларының дамуына әлеуметтік жұмыстың таза емес теоретиктерімен қатар, социология және психология мамандары, сондай-ақ педагогтар мен психотерапветердің қосқан үлесін атап өту қажет. Білімнің жаңа тармақтарының қалыптасыуның алдыңғы сатыларына жоғарыда келтірілген жайттардың тән болуы заңды да, себебі, біріншіден, жаңа ғылымды зертеушілер өте аз, ал екіншіден, әлеуметтік жұмыс үшін базалық пән болып есептелетін аралас пәндер білімнің жаңа аумағына табиғи түрде өз өкілдерін тартуда, әлеуметтік жұмыстың көптеген теорияларының аталуы жағынан социологиялық және психологиялық концепциялары жақын болуы да кездейсоқ емес (жүйелік, функционалды, әлеуметтік-психологиялық және т.б)
1.2 Әлеуметтік жұмыс теориясының пайда болуының алғышарттары
Қазіргі кездегі ғылымдарды, социология ғылымын, негізгі сілтемелерді, әлеуметтік білімнің жеке тарихтарының пайда болуының шарттары мен факторларын, ғылыми пәндерді үш топ біріктіреді.
Біріншіден, адам өмір сүретін қоршаған ортада жаңа шындықтардың пайда болуы, Оның өмірлік күшін ұстап тұруда және қайта өндіруде жаңа проблемалардың туындауын, индивидуалды және әлеуметтік субьектілкті, өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру секілді құбылыстар байқалды.
Екіншіден, ол үшін жаңа, дәстүрлі ғылыми категорияларды – түсінік аппаратына сүйенген ғылыми білімнің өзіндік дамуы туралы айтылады.
Үшіншіден, зерттеуші ғылымның индивидуалды – тұлғалық субьектілігі ескеріледі. Білім потенциялы, оның ғылыми интуициясы, зерттеу мүмкіншілігі ғылыми пәндердің, білімнің түрлі тармақтарының қалыптасуы мен дамуына түбегейлі ықпал етеді.
Қарастырылған себебтердің үшінші тобы әдетте ғылыми білімнің дамуының субьективті факторы ретінде қарастырылады. Адам, қоғам, табиғат туралы ғылымның жаңа горизонттарын анықтайтын көрнекті ғылымдардың өзінің болуының өзі, қоғамдық өмірді, ең алдымен ғылыми білімнің эволюциясын сипаттайтын – обьективті құбылыс, өз кезегінде зерттеуінің темпераментін, мінезін, қабілетін, индивидуалды – тұлғалық мінездемесін ескерудің өзі маңызды. Бұл қасиеттер көп жағдайда ғылыми білімнің өсуінің мен мінездемесі мен масштабын анықтайды.
Аталған топтарды негізге ала отырып, ғылым ретіндегі әлеуметтік жұмыс териясының прогрессивті дамуы мен қалыптасуының негізгі сілтемелерін және ғылыми білімнің дамуын анықтайтын шарттары мен факторларын қарастырайық, ең алдымен жаңа ғылыми пәннің зерттеу объектісіне айналған қазіргі кездегі адам өмірінің шындықтарына тоқталайық, әлеуметтік жұмыс тарихы және әлеуметтік жұмыс тарихының көптеген мамандары арнайы теориялық негіздері мен ерекше теориялырдың жасалуын қажет ететін қоғамдық құбылыс ретінде әлеуметтік жұмыстын қалыптасу кезеңін анықтаудың қажеттігі бар екен деген қорытындыға келді. Өткен ғасырдың соңғы ширегі әдетте осы кезеңмен аталады. Дәл осы кезенде көптеген индустриялды дамыған мемлекеттерде әлеуметтік жұмыспен кәсіби айналыса бастаған мамандар тобы пайда болды, Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындайтын оқу орындары құрылды, университеттерде алғашқы әлеуметтік жұмыс факультетері ашылды. Осылайша, ХІХ ғ 90 жылы басында-ақ АҚШ-тың колумбиялық уневерситетінде әлеуметтік жұмыс факультеті ашылды.
Әлеуметтік жұмыс теориясын ғылым және пәні ретінде дамуына, кәсіби әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау қажеттілігіне не негіз болады? ХІХ ғ ІІ жартысында адамның қоғамдық және индивидуалды өмірдің қандай шындықтары кәсіби әлеуметтік қызметкерлерді жаппай дайындау қажеттілігін, халықты әлеуметтік қорғау мәселелерінің ғылыми зерттеу қажеттігін, “әлсіз” әлеуметтік топтарды қолдау қажеттігін тудырды?
Өткен ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық зерттеулер көрсеткендей, әлеуметтік тұрмыстық проблемамикалар негізі, глобальды мәселелер тобына кіреді, экономикалық, саяси және әлеуметтік – мәдени процесстердің дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Ең алдымен, жаппай урбанизациялану сияқты қоғамдық құбылысты бөліп көрсетсек болады. Урбанизация нәтижесінде индустриялды дамыған мемлекеттердің интенсивті өндірісі дамыды.
Ауыл тұрғындарының қалаға жаппай қоныс аударуы қоғамдағы маргинальды топтардың көбеюіне себепші болды. ХІХ-ХХ ғғ интенсивті жаппай урбанизациялану нәтижесінде көптеген индустриялды дамыған және орташа дамыған мемлекеттерде қала халқының саны өсті. Адамдарды өмір сүру салтына байланысты алшақтық, ұяттық, территориялық кесінділерге ғана бөліп қоймай, тұрғылықты жеріне қарай бөлуде кең етек алды (үлкен қала, орташа немесе, кіші қала типтес қоңыс, аудан, ауыл, және т.б.)
Қоғамдық өңдірістің қиындауы, жұмыскердің біліктілігінің өсуі, жұмыскерлер ассоцациясына, үлкен ұжымдар қызметінің нәтижесіне адамның жауапкершілілігі мен рөлінің артуы, өзара байланыстың күшеюі, кәсіби қызметтің ортақ нәтижелерінің тиімділігінің артуына екі жақты ықпал жұмыс күшін тартушыға, оның денсаулығына, көңіл күйіне, жетістікке жетуіне, өмірлік бағдарларына жету ерекше назар аударуды қажет етті.
ХІХ ғ ІІ жартысы мен ХХ ғ басында мемлекеттік органдар және ірі фирмалар білім беру жүйесіне ғана емес, халықты кәсіби дайындауға белсенді түрде қаржыларын сала бастайды, өз кезегінде ХХғ дамыған мемлекеттерде индустриялық қызметтік дамуы адам тәртібінің заңдылықтарын, дамыған және техникалық жабдықталған әлеуметтік сферада зерттелуіне негіз болды.
Бұның ең соңғы кезекте орындалған себебі, қызмет индустриясы тауарларға сұраныстың қалыптасуы және дәл болжамды, сондай-ақ қазіргі кездегі адамның өмір сүру ортасының материялы-заттық ортасын қиындату, Координалды өзгерту, оның өмір сүру салтын өзгерту, өмірлік әрекеттерінің кейбір формаларын, өмірлік күшін қалыпта ұстау әдістерін, олардың қалыптасуын талап етеді.
Қазіргі кездегі әлеуметтік жұмыс жүйесінің қалыптасуына, оның қоғамдық жүйесінің қалыптасуына оның қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуына тағы бір фактор өз үлесін қосты. Бұл фактордың мазмұны- ХІХғ еңбектердің өз құқықтары үшін күресті. Қалалардың ірі өндірістердегі жұмысшылар тығыздығының өсуі, жұмысшы таптың ұйымдасуын күшейту, кәсіподақтар буржуазиялық үкімет пен кәсіпкерлерге өз ықпалын тигізді. Ал, соңғыларын әлеуметтік тұрмыстың түрлі формаларын қолдауды талап ететіндігіне сендірді.
Пролетарлық революциялар дәуірі өткен жүз жылдықта кең етек жайды. Оның жою қасиеті прогрессивті қоғамдық құрылымына өтудің бейбіт, эволюциялық жолын іздеуді, дәстүрлі және жаңа әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа механизмдердің активизациялады. Әлеуметтік жұмыстың түрлі формаларының кең таралуы, оның объективті қажет қоғамдық құбылысы ретінде әзірленуі, қазіргі замандағы әлеуметтік қарама- қайшылықтарды шешудің негізгі жолы болып есептеледі.
Осы тұрғыдан ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ.бірінші жартысында адамзаттың жолында пайда болған бірқатар глобальды мәселелерді де назарға алған жөн. Олар көп жағдайда әлеуметтік жұмыстың қоғамдық құбылыс ретінде қалыптасуында сондай-ақ, оның теориялық және әдістемелік негізінің жасалуында маңызы зор, төмендегідей глобальды мәселелер үлкен маңызға ие болады: қоршаған ортаның ластануы, демографиялық жарылыс қаупі, әлсіз дамыған мемлекеттер мен аумақтардағы жаппай ашаршылық, жаппай қырып – жою қыруын қолдау, нәтижесінде адамзаттың өзін-өзі жою қаупі, моральды деграция мәселесі, әлеуметтік – мәдени қарама-қайшылықтар, дәстүрлі әлеуметтік институт ретінде отбасының бұзылуы,т.б.
Әлеуметтік дефференцияның өсуі, түрлі мемлекеттердің халықтарының өмірлік деңгейлеріндегі айырмашылықтың ұлғайюы, миграция мәселесінің өткірлілігі, индустриалды дамыған және дамушы елдердегі өмірлік маңызды бағдарларды таңдау,т.б. жатқызуға болады.
Қазіргі заманғы әлемге мынадай сипаттамалар тән:
Әлеуметтік қорғау мәселесінің тұрақтануы, оның теориялық әзірленуі, сауаттылар санының өсуі, тұрғындардың ақпараттандырылуы, сондай — ақ қоғам мен адамның іс — әрекетерінің қиындауы, жаңа тарихи жағдайда қауіптің күшею. Бұл айтылғандардың бәрі кәсіби шеберлікті, адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетудің теориялық негізденуін талап етеді. Сонымен қатар, адамзат жәрдем қажет етушілерге әлеуметтік және индивидуалды көмекші күшейту үшін жаңа мүмкіндіктер алды…..