Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Құқықтық қылмыстың негізгі ұғымдары
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1. Құқықтық қылмыстың негізгі ұғымдары 4
2. Қылмыстық құқықтары қатынастар
2.1. Қылмысты болдырмайтын мән-жайлар 10
3. Қылмыстық құқықтық жауапкершілік 13
3.1. Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату немесе рақымшылдық 18
4. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес 28
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31
КІРІСПЕ
Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаларын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан бостудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қыл¬мыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады. Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке тұлғалар мен мемлекеттің құзыретті органдары (тергеу, проку¬ратура, сот т.б.) жатады. Аталған субъектілердің өзара құқықтары мен міндеттері осы қатынастың мазмұнын құрайды. Мем-лекеттің құзыретті, құқық қорғау органдары қылмыс жасаушыларды жауапқа тартуға құқы бар әрі міндетті. Сол сияқты қыл¬мыс жасаған субъектіде заң алдында жауап беруге міндетті. Сонымен бірге жауапқа тартылған қылмыс жасаушының құқықтары бұзылмай, заң бойынша сақталуы қажет. Қылмыстық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімде ерекше бөлімнің баптарын дұрыс түсініп, қолданудың жалпы ережелері мен институттары, тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселелер, қыл¬мыстық заңнаманың міндеті, қылмыстық жауапкершіліктін негіздері, қылмыстық заңның әрекеттік шегі, қылмыстың, жазаның жалпы ұғымы, жаза тағайындау, жаза мен қылмыстық жауапкершіліктен босату тәртібі жайындағы мәселелер көрсетіледі. Ерекше бөлімде қылмыс және оның белгілері деп саналатын әрекеттерді көрсететін нормалардың жиынтығы шоғырланған. Мемлекеттің ең басты құқықтық нормативтік кесімі, ең негізгі заңы Конс-титуция болып табылады. Конституцияда қоғам мен мемлекеттің құрылымы, адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік билік органдарының мәртебесі бекітіледі. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастық тарапынан нарықтық экономикалы ел деп мойындалып, үлкен бағаға ие болды.
1. Құқықтық қылмыстың негізгі ұғымдары
Қылмыстық құқықтың міндеттері адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Бұл міңдеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқыңдалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Сонымен, қылмыстық заңнамалардың төмендегідей 3 міндетін атап көрсетуге болады:
1) қорғау;
2) алдын-алу (профи¬лактика);
3) тәрбиелік.
Қорғау — қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана отырып қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау міндеті. Ол үшін қылмыс¬тық заң қылмыстық әрекеттердің шеңберін, түрін және оған қолданылатын жазаның мөлшерін анықтайды.
Алдын-алу (профилактика) міндеті қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолдарын қарастыру немесе қылмыс жасаған тұлғаның қайта қылмыс жасамауының алдын алу. Бұл мақсаттар әр түрлі қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану арқылы іске асырылады.
Тәрбиелік міндетті қылмыстық құқықтың барлық институттары мен нормалары атқарады (жаза, қажетті қорғаныс, мәжбүрлі қажеттілік т.б.).
Қылмыстық құқықтың қағидаттары деп мемлекеттің қыл¬мыстық құқық саласындағы саясатының, қылмыспен күресудің іс жүзіндегі құралдарының мазмұнының негізіне қойылған тіректі мұраттар мен бастамаларды айтамыз.
Сондай қағидаттардың бірі заңдылық қағидасы. Оның мәні қылмыстық әрекет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек. Әрекет не әрекетсіздік қоғамға қаншама қауіпті болса да, егер оларда қылмыстың құрамы болмаса тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке жасанды түрде тартуға болмайды.
Азаматтардың заң жөне сот алдында теңдігі қағидасы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 14-бабында көрсетілгендей, қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.
Тек қылмыстық әрекеті не әрекетсіздігі үшін кінәлі болған тұлғаны ғана қылмыстық жауапқа тарту қағидасы. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қыл¬мыс деп танылады. Келесі қағидат есі дұрыс, қылмыстық кодексте көрсетілген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Есі дұрыс емес, жасы Қылмыстық кодексте белгіленген жасқа толмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды.
Негізгі қағидаттардың бірі әділеттілік қағидаты. Оның мәні соттар жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, сотталушының жеке басының, оның қылмыс жасағанға дейінгі және қыл¬мыс жасағаннан кейінгі мінез-құлығы ерекшеліктерін, қылмысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды, отбасы жағдайларын ескере отырып жаза тағайындаулары қажет.
Қылмыстық құқықтың тағы бір қағидаты ол ізгіліктік қағидат. Ізгілік адамды адам, кісі, тұлға ретінде тану, оның ар-ожданын, намысын, қадір-қасиетін, бақытқа, жақсылыққа, өркениетке ұмтылуын сыйлау, мойындау. Сондықтан, жаза тағайындау барысында ізгілік қағидатына сүйене отырып жасалған қылмысқа тиісті жазадан жұмсақтау жаза тағайындау. Қылмыстық құқықтың деректік көздеріне әр түрлі қылмыс¬тық заңнамалар жатады. Солардың ішінде ерекше орын алатын қылмыстық заң. Қылмыстық заң жасалған қылмыс үшін қылмыс¬тық жауаптылықты белгілейтін, мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының нормативті актісі. Қылмыстық заңнама мемлекеттік биліктің құзыретті органдары қабылдайтын қылмыстық-құқықтық актілердің жиынтығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабына сәйкес біздің елімізде заңдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Парламентінің құзыретінде. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың негізгі дерек көздерінің бірі. Сондықтан басқада қылмыстық-құқықтық нормативтік актілер (Конституция мен халықаралық шарттан басқа) тек осы қылмы¬стық заңға сәйкес келу керек. Қазақстан Республикасыңда қылмыстық заңның ең маңыздысы 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған қылмыстық кодекс.
2. Қылмыстык-кұқықтық қатынастар
Қылмыстық іс-қимылдардың, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату, дәргерлік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында қалыптасады. Қылмыстық кодекстің 9-бабында көрсетілгендей, қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет неме¬се әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстың төмендегідей 4 белгісі бар: қоғамдық қауіптілігі, құқыққа қарама-қайшылығы, кінәлілігі, қылмыстық жауаптылығы.
Кінә. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда бол¬ған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғам¬дық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.
Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зар¬даптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдықпен жасалған қылмыс деп танылады.
Қылмыс секілді қоғамдық қауіпті әрекеттің объективті және субъективті белгілерінің қылмыстық заңмен бекітілген жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыстың құрамы дейді. Қылмыстың құрамы — белгілі бір қылмыстық іс-қимылдың тек типтік белгілерін бекітетін нормативті санат. Егер қылмыс жасау, қыл¬мыстық жауаптылықтың нақты негізі болса, қылмыс құрамы оның зандық негізі болады. Сондықтан бұл екі жағдайлар өзара тығыз байланыста, бір тұтастықты құрайды. Заң ғылымдары қылмыс құрамының міндетті 4 бөлшегін көрсетеді: қылмыстың объектісі, қылмыстың объективті жағы, қылмыстың субъектісі, қылмыстың субъективті жағы. Бұлар өзара байланысты. Егер жасалған қылмыста қылмыс құрамының аталған бөлшектерінің біреуі болмаса, оңда қылмыс құрамы болмайды және қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Қылмыстық кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай қылмыс онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді. Жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасал¬ған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақа¬на жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кезделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп та¬нылады. Жасалғаны үшін қылмыстық қодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қаса¬қана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте он екі жыддан астам мерзімғе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады. Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау — қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп таны¬лады. Осы кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп та¬нылады.
Қылмыс бір ғана адам емес бірнеше тұлғалардың ұйымдасуымен де жасалуы мүмкін. Екі немесе одан да көп адамның қаса¬қана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші орындаушымен бірге қылмысқа қатысушылар деп танылады.
Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы кодекс¬те көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады.
Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, …….