Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Билiктi немесе қызмет өкiлеттiгiн асыра пайдалану
Мазмұны
Кiрiспе……………………………………………………………………………………………3
I Тарау. Билiктi немесе қызмет өкiлеттi асыра пайдалану түсiнiгi……………………………………………………………………………………………………..4
I.1. Объектiсi…………………………………………………………………………………….6
I.2. Объективтiк жағы ……………………………………………………………………10
I.3. Субъектiсi………………………………………………………………………………..13
I.4 Субъектiлiк жағы………………………………………………………………………16
II Тарау. Билiктi немесе қызмет өкiлеттiгiн асыра пайдаланудың ауырлататын жағдайлары …………………………………………………………………..21
2.1. Жауапты лауазымды адам әрекеттерi ………………………………………21
2.2 Елеулi зардап әкелуi ………………………………………………………………..23
III Тарау. Билiктi немесе қызмет өкiлеттiгiн асыра пайдаланудың ұқсас қылмыстардан айырмашылығы………………………………………………..26
IҮ Тарау. Билiктi немесе қызмет өкiлеттiгiн асыра пайдалану құрылымының криминологиялық сипаттамасы………………………………..38
Қорытынды…………………………………………………………………………………52
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………54
Кiрiспе
Әр бiр мемлекеттiң дамуында экономикалық дағдарыстан шығу кезiнде қылмыстың көрсеткiштер өте жоғары болған. Экономикамызға байланысты мем лекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар күрт өзгерiстерге ұшырады.
Қазақстан Республикасының Парламентiмен осы заманға сай 1998 жылы 1 қаңтардан бтап күшiне енген жаңа Қылмыстық Кодекс қабылданды. Осы кодекстiң 13 тарауындағы 308 бабында билiктi немесе «Қызмет өкiлетiн асыра пайдалануға» қылмыстық жауапкершiлiк көрсетiлген. Қызмет өкiлеттiгiн асыра пайдалану мемлекеттiк аппараттың облыстық, жергiлiктi басқару органы, банк сфераларында орын алатын қоғамға қауiптi қылмыстар.
Қызмет өкiлеттiгiн асыра пайдалану лауазымды адамның қызметтiк парызын бұзып, мемлекеттiң немесе қоғамның құқығын және заңмен қорғалатын азаматтардың мүддесiне тiкелей қасақналық пен едәуiр зиян келтiруi.
Бұл бапты зерттеушi заңгер ғалымдар өте көп, және теорияда көп зерттелген. Зерттеуге өз еңбектерiн күш-жiгерiн жұмасаған адамдардың бiрi заң ғылымның докторы, профессоры Арықбай Нүсiпалиұлы Ағыбаев.
Осы тақырып бойынша өте көп мақала мен кiтаптар шығарылған өз еңбегiмде өте көп қолданылған әдебиеттер Арықбай Нүсiпалиұлының еңбектерi.
Тақырыптың өзi мемлекеттiк аппараттың дұрыс жұмыс iстеуi. Бұл баптың алу себебiм практикада көрген қылмыстармен салынтыру және өз пiкiр-ойымды қосу әрине өте көп қосамын деп ойлаймын.
Түсiнiк
Мемлекеттiк қзымет мүдделерiне қарсы қылмыстарға толық түсiнiк бермеген, әр түрлi ғалымдар әртүрлi пiкiр, көз-қарастарын көрсеткен.
Қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар белгiлерi.
а) арнаулы субъектiлерiмен жасалады, яғни лауазымды адамдармен болады.
б) осы әрекеттердi лауазымды адамдар өздерiнiң, лауазымдығына, қызмет өкiлетiне байлансты жасайды.
в) осы лауазымды адамның кiнәлi түрде жасаған iс -әрекеттерi адамдарға мемлекетке елеулi зиян келтiрiп және осындай зиянды төндiредi. Осы жағдайды ескере отырып қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстарға мынадай түсiнiктеме бередi.
Мемлекеттiк қзымет мүдделерiне қарсы қылмыстар деп — өкiмет билiгiне (мемлекет) және жергiлiктi басқару органдарының қызметiне, мемлекеттiк органның дұрыс жұмсына елеулi зиян келтiретiн немесе сондай зиян төндiретiн өкiмет өкiлдерiмен немесе лауазымды адамның қзымет өкiлетiнiң, себеiмен немесе қызметiне қарамастан кiнәлi түрде жасалынатын қоғамға қауiптi iс әрекет.
Мемлекеттiк қзымет мүдделерiне қарсы қылмыстар деп аталу себебi:
а) белгiлi субъектiмен (лауазымды адам) жасалады;
б) мемлекеттiк аппараттың дұрыс жұмыс iстеуiн бұзады, яғни қылмыстың топтық объектiсiн құрайды. Осы белгiлермен бұны мемлекеттiк қзымет мүдделерiне қарсы қылмыстар тарауына кiргiзген.
Қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар деп — лауазымды адамның сол аппаратпен берiлген өкiлетiн пайдаланып мемлекет аппаратның iс — әрекетiне, мемлкетке, қоғамға және заңмен қорғалатын азаматтардың құқықтарымен мүдделерiне елеулi зиян келтiретiн қоғамға қауiптi iс — әрекеттi.
Түсiнiктеме бойынша негiзгi белгiлер:
а) Мемлекеттiк аппараттың дұрыс жұмыс iстеуiне қауiп төндiредi;
б) Әрекет немесе әрекетсiздiгiмен заңмен қорғалатын азаматтардың мүдделерi мен құқықтарына елеулi зиян келтiруi.
в) Лауазымды адамның қоғамға қауiптi iс — әрекеттерi.
е) Субъективтiк жағынан осы қылмыстардың жасалы.
Осылардың барлығы қылмыстық құрамы болады. Егер мемлекеттiк аппарат органы дұрыс жұмыс iстесе барлығы жақсы болады.
Объектiсi
Билікті немесе лауазымдык өкілетті шамадан тыс асырудың және өзге қызметтік қылмыстардың да объектісі болып — мемлекеттік аппараттың қалыпты қызметі табылады.
Билікті немесе лауазымдық өкілетті асыра пайдалану қызметтік өкілетті теріс пайдаланудың айрықша түрлерінің бірі болып табылады.
Қылмыстың бұл түрінің қызметті теріс пайдалану құрамынан (ҚК-тің 307-бап) айырмашылығы мынада: кызметті теріс пайдалану кезінде заңсыз әрекет лауазымды тұлғаның әдеттегі кызмет шеңберінде жасалады, ал асыра пайдалануда, керісінше, әрекет құқық пен өкілеттің осы шеңберінен ашықтан-ашық асып кетеді.
Осыған сәйкес қылмыс белгілерін анықтау үшін осы тұлғаға берілген өкілеттік келемін нақты айқындап алу керек.
Кінәлі тұлға қаралып отырған қылмысты жасай отырып, солардың шегінен асып кететін құқықтар мен окілеттер зандармен және мынадай зандық актілермен айқындалады: қаулылармен, үкімдермен, бұйрықтармен, нұсқаулықтармен, жарлықтармен, нұсқамалармен және т.б.
Билікті немесе қызметтік өкілетті шамадан тыс асыру тек қана олардың өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асырумен байланысты жасалуы мүмкін. Егер кінәлі адамның жасаған іс-әрекеті оның қызметтік өкілеттігімен байланысты болмаса, Қылмыстық кодекстің 309-бабында көзделген қылмыс құрамы болмайды. Яғни жасалған заңсыз әрекеттер тұлғаның құқығы мен екілетіне толықтай байланыссыз болған жағдайда, бұл әрекеттер тиісті белгілер болған кезде қызметіне байланысты болып табылмайтын қылмыс ретінде қаралады.
Қызметтiк парыз бiздiң көз — қарасымыз бойынша қылмыс объектiсi бола алмайды. Бұл парыз қоғамдық қатынастардың түп-нұсқасын қамты алмайды.
Объектiнi әр қылмыстың қажеттi негiзгi жағдайын анықтауға, қажеттi үлкен деңгейде. Құқықбұзушылық, саяси — социологиялық негiзiн және қоғамға қауiптi деңгейiн анықтайды.
Қылмыс объектiсiн анықтау лауазымды адамның iс — әрекетiнiң дұрыс сараптауға және қылмыстың маңызын, кодекстiң негiзгi бөлiмiнде көрсетiлген нормаларының анықтауға керек.
Қоғамға қауiптi субъектiнiң әс — әрекеттi (әрекет немесе әркетсiздiк) қылмыс деп мойындалцы мүмкiн, егер қылмыстық заңмен қорғалатын объектiсiне қарсы бағытталған болса.
Әр бiр қылмыс — әрекет немесе әрекетсiздiк арқылы болса да, белгiлi бiр заңмен қорғалатын объектiге қол сұғушылық болмаса, ол қылмыс табиғатта жоқ деп көрсетiлген. Трайнин А.Н . Қылмыстың заңмен қорғалатын объектiге қол сұғушылық, ол сонымен қоғамдық қатынастарды бұзады. Бiрақ, барлық қоғамдық қатынастар қылмыстық заңмен қорғалмайды және қылмыстың бола алмайды.
Парыз лауазымды адамның моральды құқықтың мiндеттерден құралады. Сонымен барлық мiндеттер заңмен қарастырылмайды. Жалпы осы барлық қылмыстың топтық белгiсi — ол қзымет пайдасына қарсы әрекет, лауазымды пайдалануда белгiлi орын алады.
Қзыметтiк парызын бұзу деп — Кучерявый — заңмен қорғалатын қоғамдық, қатынастарға елеулi зиян немесе қауiп төндiретiн жағдайда ғана қылмыстың жауапкершiлiкке тартылады деп көрсеткен .
А.Н. Трайнин ойы бойынша лауазымды қылмыстардың топтық объектiсi мемлекеттiк тәртiп — ең негiзгiсi, саяси байлық, соған әр бiр лауазымды қылмыскер қол сұғады деп айтқан4.
Бiрақ, А.Н. Трайнин өз еңбегiнде мемлекет түсiнiгiн толығымен ашпаған. Заң әдебиеттерiнде — мемлекет және қоғамдық ұйымдардың iс — әрекеттерiнiң, соның негiзiнде ұйым және оның қзыметкерлерiнiң уақтылы және нақты, творчествалық инициативасын көрсету мiндеттi мен мемлекет жүктеген мiндеттiмен, жоспарларын атқару мiндеттi.
Мемлекеттiк тәртiпке — әр облыстық iс әрекеттер кiредi. Мысалға, финанстық, тәртiптiк, шартты т.б.
Дегенмен лауазымды қылмысты мемлекеттiк және қоғамдық аппараттың дұрыс жұмыс iстеуiне, сол аппараттың қызметкерлерiнiң қол сұғушылығы деп анықтады.
Мемлекеттiк тәртiп — тек заңда орындау емес, сонымен қатар басқа мемлекетпен көрсетiлген моральды нормалар сұраныстарын орындау. Мемлекеттiк тәртiп басқада қылмыстарда кездеседi. Сол себептен профессор Трайниннiң пiкiрiмен келесi алмаймыз соңынан автордың өзi де көз-қарасын өзгертi, кейiнгi еңбектерiнде автор топтық объектiге — мемлекетпен қоғамдық аппараттың дұрыс жұмыс iстеуi, қалыпты жұмыс iстеуi болып табылатын қоғамдық қатынастар деп көрсеттi . Бұл пiкiрдi Меньшагин З.А. және Вышинскаяларда қолдаған5.
Соловьев — лауазымды адам қызметпен байлансты қылмыс жасау, мемлекеттiк аппаратты масқарлау емес, сонымен қатар өзiне берiлген сенiмдi ақтамауы6.
Жоғары да көрсетiлген ой-пiкiрлер бойынша топтық объектiсi, ол мемлекеттiң және қоғамдық аппараттың дұрыс жұмыс iстеуi.
Аппараттың дұрыс жұмыс iстеуi бұл мемлекеттiң тәртiптi дұрыс және нақты орындау, лауазымды адамның өз мiндетiн атқару, Президент жаушылықтауын және парламент заңдарын және аппарат қызметкерлерінің және басқада азаматтардың құқықтарымен мүдделерін қорғау.
Топтық объектіні ашқаннан кейін тікелей және факультативті объектіні қарастырамыз.
Тікелей объектісі – жоғарыда көрсетілген ғалымдардың ой-пікірін қарап шығып, тікелей объектісі – мемлекеттік аппарат органдарының аппараттың дұрыс жұмыс істеуі.
Факультативті объекті – азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтарымен мүдделері. Тікелей объекті – қылмыстың құрамы нақты қылмыстың қоғамдық қатынастарға қол сұғу. Барлық мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар әр бір басқару облыстарында және әр түрлі формаларда болады.
Жалпы мемлекеттік және қоғамдық аппараттың мүддесіне жауап беретін демократиялық, құқықтық мемлекеттің дұрыс жұмысын іс әрекеттерін бұзу және зиян келтіру.
Б.В.Здровымыслов – мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстың объектісі – мемлекеттің және қоғамдық аппараттың немесе ұйымның, кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуі деп көрсеткен .
Мысалға: Алматы педагогикалық институтының аға мұғалімі, емтихан қабылдау комиссия төрағасы болып, өз таныстарына емтиханнан көмектесіп оқуға түсірген Алмты облыс сотының шешімі бойынша Д. Іс әрекетін мемлекеттік қызмет өкілетін асыра пайдалану деп сотталған.
Д. өзіне институтпен берілген құқықтарын қарсы қолдану, қоғмдық қатыныстар – мемлекеттік институттың оқуға қабылдау тәртібін кейбір абитуренттердің заңмен қорғалатын құқықтарын бұзған.
Объекивтік жағы
Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, лауазымды адамның қызмет өкілетін асыра пайдалану мемлекеттік немесе қоғамдық орган аппаратына елеулі зиян келтіруі. Қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар тек қызмет өеілетін теріс пайдалану болып жасалса ғана әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып сарапталынады. Қылмыстың көпшілігі қасақана немесе пайдақоррлық ниетпен жасалады және лауазымды адамның қызмет құқығы мен міндеттері шегінде ғана әрекеттер. Жоғарыда көрсеткендей қылмыс әрекет немесе әрекетсіздік арқылы болады. Әрекетке – адамның өз қызметінің өкілеттілігін, авторитетін байланыстарын қолданып елеулі зиян келтіреді және қоғамдық қатынасчтарды бұзады. Қоғамдық немесе мемлекеттік мүддесіне және заңмен қорғалатын азаматтардың құқықтарымен мүдделеріне зиян келіреді. Ол міндетті түрде қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудың құрамы және белгісі болады. Егер лауазымды адам екінші лауазымды адамнан өз пайдасына керекті іс әрекеттерді сұрап істесе онда, екінші лауазымды адам қызмет өкілеттігін асыра пайдаланушы болады, ал бірінші лауазымды адам қылмыс жасауға айдақтатушы болады.
Қызмет өкілетін асыра пайдаланудың әрекетті жалпы заңнда
а) Әрекеттері заңға кері болады, яғни лауазымды адамның қызметтік тәртіп нормаларына теріс болуы.
б)Іс- әрекеттері қызмет міндетімен атқарумен байланысты болады.
Іс — әрекет белгілері алдымен лауазымды адамның қызмет мүддесіне теріс қылық сұрыған шешу үшін қажет.
Қызметті немесе өкілетін асыра пайдалану адам әрқашан актіні немесе заңды бұзады деп – Соловьев В.И. көрсеткен .
Объективтік жақтың үш негізгі белгілері: Қызмет борышының талаптарын бұзатын әрекеттер.
а) Қызмет өкілетін асыра және қиянатпен пайдаланады.
б) Қоғамдық қатынастарға белгілі зиян келтіреді.
в) Осы жасалған әрекеттер арасындағы себепті байланыс.
Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарды шығын, мүліктік, ақшалай сомада, жеңіл немесе ауыр жарақатта көрсетіледі. Мекеме жұмысын бұзу өндірістің қызметін тоқтату және оны шығынға ұшырату болып саналады. Әрекетпен мемлекеттік, қоғамдық мүдделерге, азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне келтіретін елеулі зиян. Әрекеттерді лауазымды адамның қызмет өкілетіне байланысты істейді, қызметінің арқасында өз өкілетін әр түрлі мақсатпен пайдалануы.
Әрбір жағдайда қызмет өкілетіне байланыстылығын анықтауымыз керек.
1. Тек қана өз қызметіне байланысты әрекеттері ғана өкілетін асыра пайдалану деп көрсетіледі. Жаңа кодексте тек қызметімен байланысты болуы керек деп көрсетілген.
2. Қызмет борышының талаптарына қарсы болуы керек, елеулі зиян келтірілуі керек.
Қызмет борышының талаптары:
а) азаматтардың мүдделі құқықтарын сақтау және қорғау.
б) азаматтардың нақты кепілдіктерін қамтамасыз етуі керек.
в) меншікті сақтау және қорғау.
г)аппараттың әр түрлі маңызды мәселелерін шешу.
Осы жоғарыда көрсетілген талаптарға қарсы болуы керек. Берілген қылмыс белгісі құқық бұзушылықпен қызмет өкілеттің арасындағы байланыстың болуы. Жоғарыда көрсетілген белгілердің бірі болмаса қылмыс жасалды деп саналмайды. Лауазымды адам қылмыс жасаған жағдайда қолданбаса онда ол қылмыстық жауапкершілікке басқа баппен сараланады.
Мысалға: адам өлтірсе.
Заңда азаматтардың немесе мекеме органдардың құқықтың пайдасын және нормаларын бұзу қылмыс құрамы болады деп көрсетілген.
Қызмет өкілетін асыра пайдалану.
а)Өз міндетінің шеңберінен шағын жасалуы .
б)Істің жасалуы өз міндеттілігіне жатпауы, бірақ жалпы алганда қызмет өкілетін асыра пайдалануы.
Қылмыс болоған жағдайда онда елеулі зиян тек материалды шығындарға емес, сонымен бірге саяси, еңбекті, тұрақтылықты және Конституцияда көрсетілген азаматтардың басқада құқықтарымен мүдделері бұзылған болып есептелінеді. Жалпы формада объективтік жағы қоғамдық заңмен қорғалатын объектіге әрекет немесе әрекетсіздік арқылы қылмыс жасау болып есептеледі.
Әрекетсіздік деп – лауазымды адамның мемлекетпен немесе қоғамдық, ұйымдық аппаратпен берілген талаптарын орындамауы.
Мысалға: Лауазымды адамның жұмысшыларға тиесілі үй немесе пәтерді бермеуі бұл әрекетсіздікке жатады. Себебі өзіне берілген міндеттерді орындамауы. Бұндағы жұмысшылардың пәтер алуға тиесілі құқығын бұзып тұр.
Субъектісі
Мемлекеттік қзымет мүдделеріне қарсы қылмыстардың басқа қылмыстардан айырмашылығы субъектісінде. Бұның субъектісі – лауазымды адам.
Лауазымды деп – заңға сәйкес кәсіптік, әкімшілік шаруашылық және басқа жалпы мемлекеттік жұмыста орындауға өкілеттігі бар, міндетті, құқығы бар белгілі мемлекеттік мекеме, ұйым, бірлестіктерде уақытша немесе үнемі қызметте болатын адамды айтамыз.
Кейбір ғалымдар лауазымды адаммен қызметкерлермен шатастырады. Әр бір қызметкер белгілі орынға ие болып мемлекеттің белгілі бір функциясын атқаратын адам деп – Жижеленко айтқан бұн да лауазымды адам мен қызметкермен шатастырып отыр.
Ғалымдар осы жайында әртүрлі көзқарастар бар. Осылар сынға салынып лауазымды адамның түсінігін жоққа шығарып, қызметкер мен лауазымды адам бір деп көрсеткен. Ал қазіргі кезде екеуінің арасындағы айырмашылығы айқын ашық көрсетіледі.
Лауазымды адам — әкімшілік, ұйымдастыру тағы басқа мемлекеттік қызметін атқаратын адам деп көрсеткен. Бұл жерде де толық анықталмаған. Лауазымды адам – мемлекеттік, мекеме, қоғамдық ұйымдарда қызметкерлермен қатар әкімшілік шаруашылық, ұйымдастыру қызметтің атқаратын деп з.ғ.д., Ағыбаев А.У. көрсеткен….