Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыс құрамының обьективтік жағы

0

Мазмұны

І.Кіріспе 1.1. Қылмыстың обьективтік жағының түсінігі мен маңызы
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Қоғамға қауіпті әрекет немесе әректсіздік түсінігі
2.2. Қоғамға қауіпті салдардың / зардаптың түсінігі
2.3. Себепті байланыс және оның қылмыстық құқықтағы мәні
ІІІ.Қорытынды
3.1. Қылмыс құрамының обьективтік жағының факультативтік белгілері
ІҮ. Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
1. Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы
Қылмыс құрамының обьективтік жағы қылмыстық- құқықтық нормаларының диспозицияларында көрсетілген қылмыстық әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығында тұжырымдалады.
Адам жасаған кез- келген әрекетте көптеген ішкі және сыртқыбелгілері болады.
Нақтылы қылмыстық- жазаланатын әрекеттер әркезде де жеке- дара сипатта болады. Бұл жерде адамның жай дене қозғалысын емес, оның саналы қызмет-әрекетінің қарастыруымыз керек. Адамның мұндай қызметі- егер онда оның ойы, сезімі немесе көңіл-күйі емес, тек қимыл-әрекетті нақты көрініс тапқан жағдайда ғана қандай да бір қылмыстық заң нормасына сәйкес келеді және сол норманың ықпалында болады.
Қылмыстық нақты құрамының обьективтік жағы- оны қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қарсы дап тануға, сондай-ақ оны қылмыстың аралас құрамдарынан ажратуға қажетті белгілердің ғана жиынтығын құрайды.
Мысалы, ұрлықтың обьективтік жағы (ҚК-тің 175-бабы)- бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау; зорлаудікі- күш қолдану арқылы жыныстық қатынас жасау, жәбірленуші немесе жәбірленушінің дәрменсіздік жағдайын пайдаланып (ҚК-тің 120-бабы); бұзақылықтікі- қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық (ҚК-тің 257-бабы), және т.б.
Қылмыс құрамының обьективтік жағы мыналарды қамтиды:
— әрекет немесе әрекетсіздік;
— қоғамға қауіпті салдар (зардап);
— әрекет (әрекетсіздік) пен салдар арасындағы себепті байланыс;
-қылмыстық жасау уақыты, орны, жағдайы, тәсілі, құралы және қаруы.
Адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі- кез- келген қылмыс құрамының міндетті белгісі.
Қоғамға қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыстың жасалу уақыты, орны, жағдайы, тәсілі, қаруы және құралы қылмыс құрамының обьективтік жағының факультативтік белгілері болып табылады, өйткені олар қылмыстық- құқықтық нормалардың диспозицияларында көрсетілген жағдайларда ғана міндетті белгілері ролін атқарады.
Қылмыстың объективтік жағы
Қоғамға қауіптііс-әрекет Қылмыстың Қылмыс
(әрекет н/е әрекетсіздік) істеген орны жасаудың тәсілі
Қылмыстың қылмыс істелудегі қылмыстың іс-
жасалу жағдайы қолданылған құралдар телген орын,
мен қару-жарақтар
уақыты
Қоғамға қауіпті зардап (қылмытық нәтижесі)
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Қоғамға қауіпті әрекет немесе
әректсіздік түсінігі
Іс-әрекет кез келген қылмыстың обективтік жағының қажетті белгісі болып табылады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл адамның құқыққа қайшы, саналы, белсенбі немесе енжар түрде қоғамдық қатнастарға зиян келтіретін мінез-құлқының сыртқы көрінісі балып табылады.
Кез келген қылмысты іс-әрекет обьективтік тұрғыдан алғанда қоғамға қауіпті. Оның қауіптілігі құқық қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғу қауіпін туғызу арқылы көрінеді. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің міндетті белгілерінің бірі оның құқыққа қайшылығы болып табылады. Мұндай белгінің болуы азматтарды заңсыз қылмыстық жауапқа тартуға жол бермеуінің кепілі болады және заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
Іс-әрекет адам мінез-құлқының сыртқа шыққан шынайы көрінісі болып табылады. Сондықтан да адамның ниеті, пікірі, ойы қаншалықты зианды болғанымен, ол белгілі бір іс-әрекетпен ұштаспаса, ол қылмыстық жауапқа тартылмайды. Іс-әрекет- адамның саналы мінез-құлқының көрінісі. Сондықтан да адамның санасынан тысқары болған кез келген дене қозғалысы, ол қаншалықты қоғамға зианды залал келтіргені не зиян келтіру қауіпін төндіргеніне қарамастан, қылмыстық-құқықтық тәртіппен жазаланатын іс-әрекетке жатпайды.
Адамның өзінің еркіне байланысты емес, одан тыс жағдайда тойтарылмайтын күштер (күш қолдану мен қорқыту) арқылы қоғамға зиянды залал келтірсе, онда қылмыстық-құқылық іс-әрекет туралы сөз болуы мүмкін емес.
Тойтарылмайтын күш, күш қолдану және қорқытып зорлаудың түсінігі қылмыстық заңда көрсетілмеген.
Тойтарылмайтын күшке- табиғат апатының, хайуанаттар, есі ауысқан адамдар мен дүлей күштің әсерінен адамның өз щйы, еркі арқылы белгілі бір іс-әрекетті істеу мүмкіндігінен айырлуы жатады. Мысалы, дәрігер ауру адамға аяқ астынан су тасқыны болып кетуге байланысты, дер кезде барып көмек беріп көмек бере алмайды. Сондай-ақ, ормандағы өртті сөндіру мақсатымен орман ағашын кесу арқылы өрттің жолын бөлуге де қылмыс болып саналмайды.
Бір адамның екінші бар адамға күш қолдану нәтижесінде оның мүлдем өз еркінен тыс жағдайда қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеу қылмыс болып табылады. Мысалы, таяқ жеп, жан тәсілім алдында аман қалған, қол аяғы байланған күзетшіні қылмыскерге қарсыласпадың деп кінәлаудың реті жоқ. Аталған жағдайлардағы тойтарылмайтын күш немесе күш қолдану арқылы мәжбүрлеу ету қылмыстық жауаптылықты жоятын жағдайлар деп есептеледі.
Әрекет- адамның белсенді қимылы. ҚК-те көзделген қылмыстардың басым көпшілігі әрекет арқылы жасалады.
Қылмыстық мінез- құлықтың нақты нысандары әркелкі. Олар Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде қарастырылады. Нысанның (тәсілін), әрекеттің ерекшілігі көп жағдайларда тиісті қылмыс құрамының обьективтік жағының қажетті сипатыдеп танылады. ҚК-те көзделген қылмыс құрамының барлығына жуығы бірінен-бірі негізінен, қоғамға қауіпті әрекетттің тәсілі бойынша өзгешеленеді.
Мысалы, заң бөтеннің мүлкін ұрлауды, оның жасалу тәсіліе қарай, жеке түрлерге ажыратады; ұрлық- бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау; тонау- бөтеннің мүлкін ашықтан- ашық алу; қарақшылық- бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында шабуылға тап болған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетіп немесе күш көрсетемін деп қорқытып шабуыл жасау; алаяқтық- алдау арқылы немесе сенімге қиянат жасап бөтеннің мүлкін иемдену немесе сол мүлікке құқықты алу.
Адамның әрекеті- оның еркінің сыртқы көрінісі. Сондықтан да ол саналы түрде және белгіді бір мақсатқа жету үшін жасалуға тиіс. Әрекеттің сипаты, ол еркімен жасалған болса да, адамның кінәсін бар- жоғын алдын ала білдіре алмайды. Кінәнәң бар-жоқтығын анықтау адамның өз әрекетінің зардабын алдын ала білу немесе біле алу мүмкіндігіне байланысты шешіледі немесе қылмыс құрамының обьективтік жағын құрайтын іс-әрекеттің белгілі бір сипатын ұғыну немесе ұғына алу мүмкіндігіне байланысты шешіледі.
Осыған байланысты адамның рефлекторлық дене қозғалысын, сондай-ақ сандырақтап жатқан адамның қимылын адамның өз ырқына бағынбайды. Ырық бермейтін табыиғат күшінің немесе дүлей күштің әсеріне ұшыраған адамның саналы іс-әрекетінің өзі кейде қылмыстық-құықтық мағынасын жоғалиады. Осындай жағдайда жасалған адамның іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі оның қылығы болып саналмайды, яғни қылмыс емес, себебі ол өз ырқына қарсы әрекет (әрекетсіздік) жасап бағады. Мәселен, адам іс-әрекет жасауға шама-шарқы жетпегендіктен, күш-қолдану мүмкіндігінен айрылғандықтан (мысалы байлаулы жатқандықтан т.б) өзіне жүктелген міндетті орындай алмайды.
Күштеп мәжбүрлеу адам оны тойтара алмайды деп танылуы мүмкін; сондықтан, егер мұндай жағдайда адам өз ырқымен әрекет жасау мүмкіндігінен айырылса мұндай қоғаға қауіпті іс-әрекет оны жасаған адамның қылмыстық жауаптылығын болдырмайтын мәе-жай ретінде саналуы мүмкін.
Адам өзінің ұрып-соққандықтан қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекетсіздік) жасаған болса қылмыстық жауаптылықтан құтылмайды, себебі мұндай күшпен бетпе бет келу оны өз ырқымен әрекет жасау мүмкіндігінен айыра алмайды.
Бұл жерде психикалық мәжбүрлеудің мән-маңызы басқаша. Психикалық мәжбүрлеу салдарынан қылмыстық әрекетек бару, жалпы аталғанда қылмыстық жауаптылықтан босатпайды. Кейбір жағдайларда психикалық мәжбүрлеу аса/лажсыз қажеттілік күйге жеткізу мүмкін. Мысалы, өлтіремін деп қорқытқандықтан қаруланған қарақшылық ақша беруге мәжбүр болған кассир ақшаны ысырап еткені үшін қылмыстық жауаптылықтан тартылуға тиісті емес.
Қылмыстық әрекетсіздік- жасауға болатын және жасалуға тиісті қандай да бір әрекетті адамның жасамауы. Әрекетсіздікке байланысты көзделген қылмыс құрамдары онша көп емес. Әрекетсіздік жолмен жасалатын қылмыстарға мүмкіндікті жіберіп алу немесе таза әрекетсіздік (мүлде әрекет жасамау) жатады. Олар заң қылмыс құрамын зиянды зардаппен байланыстырмаған жағдайларда ғана болады.
Әрекетсіздік мінез-құлықтың енжарлық нысаны болып табылады. Әрекетсіздік қылмыстық-құқықтың мағынаға ие болуы үшін мынандай бірнеше белгілердің жиынтығына сәйкес келуі тиіс:
1. Әрекетсіздіктің нақты көрінісі неде, яғни айыпкер адам өзіне жүктелген нақты қандай міндеттерді істемеді?
2. Әрекетсіздік жасаған адам осы нақты әрекеттерді істеуге міндетті ме?
3. Осы әрекеттерді ондай адамның істеуге нақты мүмкіндіктері болды ма? Мысалы, Қылмыстық кодекстің 148-бабында жұмысқа қайтадан алу туралы соттың шешімін лауазымды адамның әрекетсіздік мінез-құлықын көрсетіп тұр. Бірақ та оны баппен қылмыстық жауапқа тарту үшін оның әрекетсіздігі немен байланысты? Жұмысқа қайта орналастыру туралы бұйрықты неге бермеді? Еңбек кітапшасын қайтадан қабылдаудан бас тартты ма? Жұмысқа қайтадан алу туралы соттың шешімімен келген адамды жұмыс орнына жіберуден шындағында бас тарты ма деген мәселелерді анықтау қажет. Бұдан кейін бұл лауазымды адамның нақты құзіретін анықтап, жұмысқа алу туралы бұйрықты осы лауазымды адамның шығаруға құқығы барма еді деген мәселелерден кейін, осы жағдайда айтылған міндеттерді дәл осы адамның нақты жұзеге асыруға мүмкіндігі болды ма деген жағдайды анықтаған соң ғана осы белгілердің жиынтығы негізінде ол лауазымды адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселе қойылады.
Әрекетсіздік үшін қылмыстық жауапқа тартатын кезе осы жағдайларда көрсетілгендердің барлығын анықтау қажет.
Мысалы, қауіпті жағдайда қалдыру, ауру адамға көмек көрсетпеу, т.б. Әрекетсіздік арқылы жасалатын қылмытардың басқа тобын аралас әрекетсіздіктер құрайды. Мысалы, қойма менгерушісінің өзіне сеніп тапсырылған материиялыдқ құндылықтардың сақталуына шара қолданбауының салдарына олардың бүлінуі. Мұндай қылмыстың құрамы үшін адамның әрекетсіздігінен зиянды салдардың туындау шарт.
Әрекетсіздік құқыққа қарсы болғанда ғана қылмыстық-құқықтық мәнге ие болады, яғги әрекет жасау міндетті қылмыстық-құқықтық нормалардың талаптарынан туындайды.
Белсенді әрекет жасау міндетінің әр түрлі негіздері болуы мүмкін…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!