Курстық жұмыс: Құқық | Құқықтық мемлекеттің жалпы сипаттары
Мазмұны
Кіріспе
І. Құқықтық мемлекеттің жалпы сипаттары
1.1. Құқықтық мемлекеттің пайда болуы және дамуы
туралы идеялар
1.2. Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі
1.3. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері
ІІ. Құқықтық мемлекеттің белгілері
ІІІ. Қазақстан Республикасында құқықтық
мемлекеттің құрылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
І. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТАРЫ
1.1. Құқықтық мемлкеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Қазіргі құқықтық мемлекеттің ерекше теориялық тұжырымдама және тиісті практика ретінде – ұзақ және сабақ болардың тарихы бар.
«Құқықтық мемлекет» терминінің өзі XIX ғ. басында неміс заң әдебиетінде (К.Т. Велькер, Р. фон Моль және басқалардың еңбектерінде) пайда болып бекілді, ал кейіннен кеңінен таралды .
Мазмұнды мағынада құқықтық мемлекеттіліктің бірқатар идеяларды ежелгі дүниеде және ортағасырлық Еуропада пайда болды. Ал құқықтық мемлекеттің теориялық тұрғыдан дамыған тұжырымдамалары феодализмнен капитализмге өту және жаңа әлеуметтік – саяси құрылымның пайда болу жағдайында қалыптасты. Тарихи жағынан бұл буржуазиялық саяси және құқықтық ойдың прогрессивтік бағыттарынның пайда болуының және жаңа (феодалдыққа қарсы, зайырлы, антитеологиялық, антиклерикалды) заңдық дүниетанымның қалыптасуы мен дамуының, феодалдың әлімжеттік пен заңсыздықты, абсолютистік және полиция режимдерін сынаудың, адамгершілік (гуманизм) идеяларын, барлық адамдардың бостандығы мен теңдігінің принциптерін, адамның айырылмас құқықтарын бекітудің, сан түрлі мемлекекеттік – құқықтық құралдарды, құрылымдар мен нысандарды (мемлекеттік биліктің бөлінуі, конституционализм, заң үстемдігі және т.б.) іздеудің жалпы ағымында жүзеге асты.
Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамалары (Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Д. Адамс, Д. Мэдисон, Т. Джефферсон, И. Кант, Г. Гегель және басқалардың еңбектерінде әзірленген) жаңашыл болғанмен, бұрыңғы тәжірибеге, алдыңғы әлеуметтік, саяси құқықтық теория мен практиканың жетістіктеріне тарихи қалыптасқан және сыналған жалпы адамзаттың құндылықтар мен гуманистік дәстүрлерге сүйенді.
Ежелгі дәуірдің кейінгі құқықтық мемлекет теориясына ықпалының түрлі аспектілері саяси қатынастарды құқықтық ресімдеу тақырыбы айналасында топтасады. Бұл тақырып ең алдымен ежелгі мемлекет-қала (полис) құрылымының, оның өкіметі мен заңдарының әділдігі, мемлекеттік түрлі органдарының арасында өкілеттіліктерді әділ бөлу, басқарудың дұрыс және дұрыс емес нысандарын айыру, полистік өмірде мемлекет пен азаматтық өзара қарым-қатынастарын анықтауда заңның айқындаушы ролі, түрлі басқару нысандарының жіктелу және сипатталу критерилері ретінде заңның мәні сияқты аспектілерді қамтиды.
Көне дәуірдің өзінде-ақ билік әрекетінің әділдік талаптарына сәйкес болу қажеттілігі идеясы пайда болды. Кейіннен құқық пен мемлекет туралы ойдын тереңдеу процесінде тым ерте әділ (яғни құқыққа сәйкес келетін) мемлекеттік билік туралы-көпшілік биліктің мойындауы мен қолдауы арқасында құқық жалпыға міндетті заңға, ал құқықты мойындайтын, реттелген, тиісінше құқықпен әрі шектелген, әрі ақталған көпшілік – билік күші (онын күш көрсету және т.б. мүмкіндіктерімен) әділ мемлекеттік билікке айналатын адамзаттың қоғамдық өмірінің саяси нысанының ақылдығы мен әділдігі туралы идея қалыптасты.
Көптеген ежелгі грек мифтарында адамдардың полистік өмірінің әділ құрылымы идеясы анық көрінеді. Гомер өз поэмаларында әділдікті адамзаттың қатынастаға күш мен күштерге қарсы қояды. Гесиод Эвномияны (игі заң) дәриптейді. Эвномия аңыз бойынша Дикенің қарындасы және ең басты құдай Зевс пен құдай ана Фемиданың (мәңгі табиғи-құдай тәртіптің кейіптік көрнісі) қызы, Эвномия өзінің кейпімен қоғамдық құрылымның заңдылығының бастамасы, заңдылық пен полистік тәртіптің ішкі байланысының белгісі. Кейіннен «Эвномия» сөзі жақсы әділ заңдарға негізделген полистік басқаруды сипаттау үшін шешуші түсініктердің біріне айналды.
«Құқық (әділдік) – күштеу (зорлық)» антитезасы тұрғысында Гесиодтың келешек «темір ғасырды» қатты сынауын келтіруге болады. Оның айтуынша: «Шындықты жұдырық алмастырады… Күш қайда болса, құқықта сонда болады» (Гесиод. Труды и дни, 174-193).
Полистік істердегі заңдар үстемдігінің негіз құраушы мәнін Ежелгі Грецияның «жеті данасының» көбі ерекше атады. Олардың кейбіреулері басқарушы немесе заң шығарушы бола отырып, өздерінің саяси – құқықтық идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға біршама күш жұмсаған. Биант, Хилон, Питтак, Солон және басқа да ежелгі грек даналарының көзқарастарына сай, заңдарды орындау – жайластырылған полистің елеулі де ерекше белгісі. Мысалы Биант қай жерде азаматтар заңнан құдда қатыгез билеушіден қорыққандай қорқатын болса, сол жердің мемлекеттік құрылымы ең жақсы деп есептеді.
«Заңға бағын», — деп шаққырды спартандық Хилон, «Өзіңді өзің таны» деген әйгілі афоризмнің авторы. Бұл афоризм Дельфадағы Апполон храмында жазылған және ежелгі грек ойында елеулі роль атқарған болатын Хилон азаматтары шешендер мен демагогтардан гөрі заңдарын сақтайтын полисті ең үздік деп санаған. «Жеті дананың» бірі – Солон (шамамен б.ғ.б. 638-559 ж.ж.) — әйгілі афинаның реформатор, мемлекеттік қайраткер және заң шығарушы. Аристотельдің бағалауынша, Солонның заң шығаруы реформаларынан Афиныда «демократия басталды» .
Солонның өзіндік болмысы жағынан конституциясы заңдары күресуші тараптардың байлар мен қарапайым халықтың құқықтық мүдделері компромисінің идеясына негізделді. Солон жүргізген күресуші күштер арасындағы компромисті заң арқылы бекіту идеясы және осының арқасында азаматтық келісімге қол жеткізу идеясы, Жаңа дәуірдің жетілген конституционализміне құқықтық мемлекеттілік фундаменті ретінде үлгі болды.
Римдегі үш биліктің арасындағы мемлекеттік өкілетіктердің бөлінуін сипаттай келе, Полибий қайсыбір биліктерідің қажетіне қарай біріне-бірі кесел келтіретіндей немесе керісінше өзара қолдау көрсететіндей тұрақталған саяси процедуралар мен тәсілдерді қарастырады. Бұл ретте бір биліктің өзіне қатысты сәйкессіздің туралы наразылығы тиісті түрде басқа биліктердің қарсылығын тудырады, ал жалпы алғанда Рим мемлекеті өзінің тұрақтылығы мен беріктігін сақтайды.
Аралас басқарудың ежелгі тұжырымдамасы мен одан кейінгі билікті бөлу теориясы арасындағы барлық тарихи және әлеуметтік – саяси айырмашылықтарға қарамастан, оларда айтарлықтай маңызды ортақ тұстар бар екенін оңай байқауға болады. Басқарудың аралас нысанында (әсіресе Полибий ілімінде анағұрлым анық) басқарудың түрлі нысандары өкілдерінің өкілеттіктері (билікті бөлу теориясындағы түрлі биліктің өкілеттіктері секілді) біртұтас бастамаға бірікпейді және өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпайды, бөлінген күйде, біршама дербес болып, қала береді, өзара әрекет етеді, үйлеседі және қатар өмір сүреді, тұрақты бүтіндік – мемлекеттік құрылым шектерінде өздерін-өзі тежейді. Екі жағдайда да бір мақсат – басқару тетіктері бір орталықта шоғырланбайтын, керісінше өзді-өздерін тежейтін, бір-біріне қарсылық көрсететін жалпы мемлекеттік биліктің құрамдас бөліктері арасында әділ бөлінетін мемлекеттік билік құрылымын қалыптастыру.
Мемлекетке деген құқықтық көзқарас (мемлекетті құқықтық түсіну және талдау).
Рим авторларының шығармашылығында елеулі түрде дамытылды және тереңдетілді.
Бұл тұрғыда мемлекетті адамдардың келісімді құқықтық араласуы және «жалпы құқықтық тәртіп» ретінде түсіндіретін Цицеронның табиғи құқықтық ілімі үлкен жетістік болды (Мемлекет туралы, I, XXXII, 49).
Цицероның тұжырымдамасынан мемлекет заңдарының табиғи құқық талаптарына сәйкес болу қажеттілігі туындайды. Тек осындай заңдар ғана әділ болады. Әділетсіз заңдарға келетін болсаң, олар «заң атауынан гөрі ортақ келісім бойынша қараушылар қабылдаған шешімдерге тең» (Цицерон. Заңдар туралы, ІІ, 13). Ол маңызды мемлекеттік-құқықтық жағына жасайды: «Бәрі де заң күшінің ықпалында болуы керек» (Цицерон. Заңдар туралы, ІІІ, 17) .
Кеңес мемлекетінің құқықтық ғылымы тоталитаризм кезеңінде құқықтық мемлекет идеясын қабылдамай, оны буржуазиялық, мемлекеттің таптық тұжырымдамасына қарсы теория деп есептеді.
Құқықтық мемлекеттің көп ғасырлық тәжіребесін, теориясы мен практикасын өктемдікпен жоққа шығару және ғылыми тұрғыда қабылдамау инерциясы қоғам өмірінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани жеке ұлттық қақтығыстарды туғызады. Кейінгі жылдары реформалық процестердің тек біздің елімізде ғана емес, бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттерде жүріп жатқанына байланысты мемлекет пен құқыққа ғылыми көзқарастар пайда болды. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің рөлін бағалаудағы жаңа қатынастан байқауға болады. Бұрынғы және қазіргі ғылыми арсеналды, қазіргі өркениетті елдердегі құқықтық мемлекеттіліктің қалыптаусы мен қызмет етуінің іс жүзіндегі тәжирибесін пайдалана отырып, отандық құқытану философияның, экономикалық және саяси ойлар негізінде шын мәніндегі болашақ құқықтық мемлекеттің үлгісін белгіледі.
1.2. Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі.
Бұрын болған және қазіргі көптеген мемлекеттерді тану үшін оларды түрлі негіздер бойынша жіктейді. Солардың ішіндегі ерекше түрі этатикалық және құқықтық мемлекеттерге жіктеу. Оның негізі мемлекеттің құқыққа қатысынан, сонымен қатар қоғамды мемлекеттік басқарудағы пайдаланылатын нысандар мен әдістер жүйесіндегі құқықтың алатын орнынан тұрады.
Этатикалық мемлекеттер өздерінің қызметтеріндегі міндетті түрде орындауға есептелген қатаң және императивті өнімнің басымдылығымен есептеледі. Сонымен бірге аталмыш субьектілердің бостандығы мен дербестігі, мемлекетке қатысты автономдығы барынша шектелген. Бұнымен басқа ерекшелік байланысқан – мемлекет экономика саласынын, әлеуметтік қарым – қатынастарды, азаматтардың жеке өмірін өзіне бағындыруға, оларды тікелей басқаруға , маңызы төмен және ұсақ мәселелерге араласуға ұмтылады. Жеке адам мен қоғамдық қатынастардың басқа да субьектілерінің құқытарын, бостандығын және мүдделерін қамтамассызщ ету мен кепілдік беру қажеттілігін ескеретін құқықтың нысандар мен әдістерді қалайды. Құқықтың мемлекеттерге барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге, сондай-ақ жеке адамдар арасындағы өзара қарым- қатынасқа араласу жат нәрсе болып табылады. Олар қоғамдық қатынастарға қатысушыларға едәуір автономия мен олрадың құқытың статусын бекітуге жағдай жасап, оның сақталуын қадағалайды.
Мемлекетттердің аталмыш екі тобының арасында аралық үлгідегі түрлі мемлекеттер бар, оларда бірінші және екінші топтардың сипаттары үздіксіз үйлеседі. Олардың кейбіреуінің сипаты, табиғаты мен бағытына қарай эстатикалық мемлекеттерге анағұрлым жақын болады, әйтсе де бөлек құқықтық қағидаларды ұстануға тырысады. Басқалары құқықтық мемлекеттерге жақындайды, олай да этатиум белгілерін жоғалтпайды.
Тоталитарлық және авторитарлық режимдердің барлық түрлері эстатикалық мемлекетке жатады. Құқықтық мемлекеттерге батыс пен шығыстың өркениетті және өте жоғары дамыған елдері жатады. Одақтық республика ретінде құрамына Қазақстанда кірген бұрынғы кеңес мемлекеті құқықтық емес, этатикалық мемлекеттің типтік үлгісі болады. Онда конституция, заңдар және басқа да нормативті – құқықтың актілері өздерінің мәні бойынша партия органдарының актілерінен төмен болып , өздеріне лайықты орынға ие бола алмады, бұл мемлекетті басқарудың әміршіл- бұйрықшыл әдістері басым болды. Типтік мемлекет үнемі өз азаматтарына қатысты заңсыздық пен әлімжеттікке жол берді, ал 30-50 жылдары жазықсызадамдар ауқымы мен қатыгездігі жағынан бұрын-соңды болмаған жаппай саяси құғын-сүргенге ұшыратты. Қазіргі кезеңдегі басқарудағы құқықтың басымдылығы туралы идеялар ықпалының өсуіне байланысты конституцияда және басқа да заң кесімдерінде өздерін құқықтық мемлекетке жататынын жариялайтын елдердің саны ұздіксіз көбеюде. Алайда бұл декларацияларды сол елдердің әр қайсындағы шынай ахуалмен салыстыру қажет. Өйткені көбінесе мемлекеттің өзін- өзі сипаттауы іс жүзіндегі сипаттамадан өзгеше болады.
Құқықтық мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттік –құқықтық процестердің ұзақ дамуының заңды салдары басқарудың, озық , прогрессивті және тиімді институттарын тиісті түрде екшеу мен мұқият таңдау нәтижесі болды. Бұған мемлекеттік басқарудың құқықтың нысандарының әкімшіл -әміршіл нысандардан артықшылығын теориялық тұрғыда пайымдау себеп болды. Құқықтық мемлекеттің теориялық көздері түбірімен өткен дәуірде деп айтуға болады. Ежелгі озық ойшылдардың өздері құқықтың зор пазитивті ролін есепке алмай, мемлекеттің құрылымы берік, тұрақты және сенімді бола алмайды деген пікір айтқан. Құқық мемлекеттік басқарушылардың зорлық –зомбылығынна қасры тұратын балама ретінде қарастырылды: заң әлдекімнің билігі астында болмауы керек, өйткені ол барлық органдардың лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әрекеттеріне бағыт беруге негізделген. Осы идеялардың негізінде құқықтық мемлекеттің біртұтас тұжырымдамасы қалыптасты. Оның қалыптастырушылар Дж. Локк, И.Кант, В.Гумбольд, Г. Елинек, К.Шмитт және басқалар. Дегенмен және мәселер бойынша бұл ойшылдарыдың белгілі бір айырмашылықтары бар, бірақ басты мәселеде олардың көзқарастары бірдей — мемлекеттің өзі құқықтық өнімді бұлжытпай орындау керек және соны қоғамдық қатынсақа қатысушылардың бәрінен талап етуі керек дегенді мойындайды.
Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамасының бірқатар елдердің қызметінде жүзеге асырылуы консервативтік күштердің қарсыласуына тап болды және олармен күресте жеңе отырып, мемлекеттік және қоғамдық қызметтің барлық жақтарының жаңаруына ұласты: бүкіл мемлекеттік жүйенің құрылуы және қызмет ету қағидалары демократияланды, және адам статусы шынайы мазмұнға ие болды, құқықтың құндылықтары басты мәнге ие болды, қызметтері біртіндеп реттеле бастаған шенеуніктердің зорлық-зомбылығы азая бастады.
Енігі кезде әлемде этатикалық мемлекеттер саны азаюы есебінен құқықтық мемлекеттер саны өсе береді деуге болады. Алайда бұл жеңіл-желпі пайымдауға болмайтын жалпы даму тенденциясы. Өйткені түрлі елдердегі әлеуметтік – саяси күштердің іс жүзіндегі ара қатынасына қарай жоғарыда сөз болған деамудың жалпы тенденциясына жатпайтын болжауы қиын бетбұрыстар болуы ықтимал. Мысалы, кейбір елдер құқықтық мемлекет деңгеіне қол жеткізгеннен кейін тоталитарлық немесе авторитарлық режимдерді орнату бағытына ауытқуы мұмкін. Ал жалпы алғанда прогресс кейін бұрылмайды.
1.3. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері.
Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс.
Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды. Қоғамның дамуындағы белгілі жағдайлардың деңгейіне сай келетін жаңа мазмұндармен толығады.
Құқықтық мемлекет – бұл мемлекеттік билік қызметінің ұйымдасу нысаны, ол құқық нормаларының қарым-қатынастарымен бірге құрылады. Құқық алдыңғы рөлді тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің және жеке адамдардың бостандық мөлшеріне сай болса, қызметтегі заңдар шын мәнісінде, халықтың және мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе, оларды пайдалану шындықтың іске асқандығы. Өткендегі тәжірибеге көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерде құқықтық актілер үзілмей шығарылып тұрды, оларды іске асырудағы қаталдық қамтамасыз етілді, бірақ, мұндай құқықтық реттеу, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына қарсы болды.
Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізіне әр түрлі меншік формаларына, көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар (мемлекеттік, ұжымдық, арендалық, жекешеленген, акционерлік, кооперативтік т.б.) тең құқықты және бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар жатады. Құқықтық мемлекетте меншіктік, тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға жатады, жекелеген өндірушілер өзінің жеке еңбегінің нәтижесі мен өнімдердің меншіктенушісі болып есептеледі.
Мемлекеттіліктің құқықтық бастамасы, тек өзін-өзі билегенінде, меншіктік бостандығында. Құқық үстемдігін экономикалық жағынан қолдап, өндіріске қатысушылардың теңдігін, қоғамның қолайлы жағдайының тоқтаусыз өсуін және оның өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізін құраушы – өзін-өзі реттейтін азаматтық қоғам. Ол қоғамдық прогрестің иелері – бос азаматтарды біріктіреді. Мұндай мемлекеттің дәл ортасында, өзінің әр түрлі мүдделерімен адам тұрады. Әлеуметтік институттардың жүйесі, қоғамдық қатынастар арқылы, әр азаматтың шығармашылық, еңбек мүмкіншіліктеріне қажетті жағдайлар жасауына болады, ой плюрализмі, жеке адамның құқығы және бостандығы қамтамасыз етіледі. Тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық мемлекеттікке көшу, мемлекеттің әлеуметтік жұмысын, тез арада өзгеше бағытқа бұрумен тікелей байланысты болады. Мемлекеттің әлеуметтік негізінің беріктігі, оның құқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын ала белгілейді. Құқықтық мемлекет – бір мезгілдегі әлеуметтік мемлекет. Құқықтық мемлекеттің адамгершілік негізін, жалпы адамдық гуманизм принципі және адалдық, теңдік жеке адамның бостандығы, оның ары және адамгершілігі құрайды. Құқықтық мемлекеттің режимін шын мәнісінде, адамның жоғарғы адамгершілік құндылығы бекітеді, олардың қоғам өміріндегі басқару рөлін қамтамасыз етеді, жеке адамға жасалатын басынушылықты, күшейтуді жояды. Дәлірек айтсақ, ол мемлекеттік басқарудың демократиялық тәсілінен, сот процесінің адалдығынан, жеке адамның мемлекетпен қарым-қатынасындағы құқығының және тәуелсіздігінің артықшылығы, аз топтың құқығын қорғау, әр түрлі діни сенімдерге көнуден көрінеді. Мемлекеттік өмірдің рухани толықтығы көп жағдайларда, қоғамның адамгершілік жетілгендігінен, оның өркениетті деңгейінен, әлеуметтік-экономикалық, гуманизмінен және саяси қатынастарынан толығымен көрінеді.
Құқықтық мемлекет – бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл халықтың, ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды. Мұндай мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің толықтығын, ерекшелігін іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдық қатынастарын, бостандығын қалтықсыз қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекетке мәжбүр ету, мемлекет тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде, құқықпен шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа жол бермейді. Мемлекет өз күшін, құқық негізінде, тек өзінің тәуелсіздігі, азамааттарының мүдделері бұзылса ғана пайдаланады. Ол жеке адамның да бостандығын тежейді, егер оның әрекеті басқа адамдардың бостандығына қауіпті болса.
Мемлекеттің саяси табиғаты оның тәуелсіздігінен анық көрінеді. Қоғамның саяси жүйесі, бөліктерінің мүдделері және барлық гамма қажеттіліктер тек тәуелсіздікке келіп жиналады. Тәуелсіздікке байланысты ғана мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мүдделері біріктіріледі, адал құқықтың теңдігі және еркін дамуы қамтамасыз етіледі. Енді құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне көшейік:
1. Барлық қоғам өмірінің аясындағы заң деңгейінің жоғарылығы. Құқық жүйесіндегі жоғарғы құқықтылықтың нысанына ұйымдарды және адамдардың бостандығын қорғаушы заң жатады. Заңда мемлекет бәріне тәртіп жолын белгілейді, адалдық пен теңдіктен бастау алып, қоғам дамуындағы объективті қажеттілікті толық есепке алады. Міне, сондықтан да заң – жоғары заңдылық күшке ие. Басқа құқықтық актілер заңға сай болуы қажет. Заң қоғам өміріндегі ең маңызды қажеттілікті, жағдайларды реттейді. Ол өмірге, маңызды ортадағы бостандықтың мөлшерін белгілейді, қоғамның адамгершілік құндылығын қорғайды (мысалға, меншік туралы заңдар, кәсіпкерлік туралы баспа т.б.). Қосымша заң актілері (подзаконные акты) оның ішінде ведомстволық, қажетті кезінде, заңдардың кейбір қағидаларын анықтайды, бірақ заңды ешқашанда «жетілдірмейді», «түзетпейді», «ауыстырмайды». Сонымен бірге, құқықтық заң, оны шығарушылардың өз еркіне жібермейді. Заңда бекітіліп жатқан қоғамдық қатынастардың объективтігі, олардың дамуы және өз-өзінен жаңалануы көрсетілуі қажет. Заң шығарудағы әр түрлі тежеулік жүйе, субъективтік сипаттағы тыйым салу, құқықтық мемлекеттің негізіне зиян келтіреді, қоғамдық прогресті тежейді.
Құқытық мемлекеттің негізгі – конституциясы. Онда мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық принциптері көрсетілген. Конституция қоғамның жалпы құқықтық моделін көрсетеді, барлық ағымдағы заңдар, ……