Курстық жұмыс: Құқық | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1 Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
1.2 Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын қызметтері
1.3 Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2.1 Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
2.2 Мемлекеттік басқарудың нысандары
2.3 Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.
3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
3.2 Мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.4 Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
Адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомосапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп прогрестің жаңаруы.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге бөлінді: 1.Жабайы адам дәуірі – б.з.д.40-12 мың жылдықтар арасы. Адамдар табиғаттың дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын:тас, сүйек,ағаш. Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғамның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған ортаның адамдардың күн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып, экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда — дайынды игерушілік дәуірі. Бұл кезеңде қиыншылық, ашаршылық жиі болды. 2. Экономиканың қолдан жасау дәуірі – б.з.д.12-4 мың жылдықтар арасы. Бұл кезеңде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана-сезім, білімі жоғарылады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілік қалыптасты. Металлургия, керамика өмірге келді. Малшылық-егіншілік арқылы сертификациялық қоғам,рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік нормалар өмірге келді.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен құрылымы – экономиканың негізгі сипаты: қоғамдық еңбек, қоғамдық меншік, қоғамдық бөліс,қоғамдық өмір сүру. Қоғамның құрылысы: туысқандық ру, тайпа,одақ, бірлестіктер. Қоғамды басқару және әлеуметтік нормалар – қоғамдық күрделі мәселелерді жалпы халықтық жиналыста талқылап, шешімдер қабылдап отырған. Күнделікті мәселелерді шешіп басқару үшін ру басшылары сайланып отырған. Тайпа, одақ, бірлестіктерді ру басшыларының кеңесі басқарған.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл обьективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс – б.з.д. 15-10 мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді., адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық байлық қалыптасып, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді.Б.з.д. 5-4 мыңжылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқы тарихы туынды қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Сонымен құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі обьективтік заңдары:
— қосымша өнімнің пайда болуы;
— жеке меншіктің қалыптасуы;
— таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы;
— қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы.Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қалыптасып, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
— Қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды.
— Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды.
— Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды.
— Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Мемлекет – бұл елдің барлық территориясына және оның халқына өзінің билігін толық тарата алатын және сол үшін арнайы аппараты бар белгілі тәртіп шығаратын және тәуелсіздігі бар қоғамның біртұтас саяси ұйымы.
Аристотель мемлекетті ерекшелеудің келесі критерийлерін ұсынды:
1 Мемлекеттегі билік етушілер саны
2 Мемлекеттің алға қойған мақсаты
Бірінші белгі бойынша:
1 Бір адамның басқаруы
2 Мұрагерлік басқару
3 Бірнеше адамның басқаруы
Екінші белгі бойынша:
1 Дұрыс мемлекет, яғни қоғамның жалпы игілігін жақсартуға бағытталған мемлекеттік билік
2 Дұрыс емес мемлекет жеке мақсатқа жету үшін бағытталған мемлекеттік билік.
Мемлекеттерді типтерге бөлу нысандармен тығыз байланысты. Мемлекеттің нысандары 3 өзара байланысқан нысандардан тұрады:
1 Басқару нысаны
2 Мемлекеттік құрылым нысаны
3 Мемлекеттік тәртіп нысаны.
Басқару нысаны жоғарғы мемлекеттік билік органдардың құрылымын көрсетеді және олардың арасындағы қарым-қатынастарының құрылуы мен таратылуын білдіреді. Мемлекеттік басқару нысаны екіге бөлінеді:
1 Монархиялық
2 Республикалық
Монархия-бұл жоғарғы мемлекеттік билік жеке түрде мұрагерлікке берілетін билік нысаны.Оның негізгі белгілері мыналар:
1 Өмір бойы билік жүргізетін жеке дара мемлекет басшысының болуы
2 Жоғарғы билік мұрагерлікке тәртіп бойынша беріледі.
3 Мемлекеттік билік монархтың көзқарасы бойынша өзгереді.
4 Монархты заң алдында жауапкершілікке тарта алмауы.
Республика – бұл халық белгілі бір кезеңге өзі сайлайтын және мемлекеттік билік тандау арқылы жүзеге асырылатын басқарудың ерекше нысаны. Негізгі белгілері мыналар:
1 Мемлекеттік билік біржақты және коллектив арқылы жүзеге асады.
2 Мемлекет басшысы мен жоғарғы мемлекеттік билік органдыраның мүшелері белгілі уақыт кезеңіне сайланады.
3 Мемлекеттік билік өз еркімен емес халықтың ұсынысымен жүзеге асады.
4 Мемлекет басшысының заңда қарастырылған құқықтық жауапкершілігі бар.
5 Олардың шешімдері бәріне міндетті болып табылады және олар азаматтардың қызығушылықтарын қорғайды.
Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен мемлекеттік билік арасындағы және олардың құрам бөліктерінің арасындағы өзара қатынастарды сипаттайтын мемлекеттің ұлттық административтік(әкімшілік)құрылымы.
Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша барлық мемлекеттерді 3 негізгі топқа бөлуге болады:
1 Унитарлы
2 Федеративті
3 Конфедеративті
Унитарлы мемлекет дегеніміз – тұтастай басқарылатын, яғни биліктің орталық органдарына бағынатын әкімшілік – территориялық бірліктерден тұратын біртұтас мемлекеттік құрылым. Оның келесі белгілері бар:
1 Унитарлық құрылым барлық ел үшін біртұтас сәйкес органдарға басшылық ететін өкілетті, атқарушы және соттық органдарының болуы.
2 Унитарлы мемлекет территориясында бір Конституция, заңдылықтың біртұтас жүйесі және бір азаматтық тәртіп әрекет етеді,
3 Унитарлы мемлекеттің құрам бөліктері мемлекеттік суверенитетке ие болмайды.
4 Унитарлы мемлекетте мемлекеттік билік пен органдары басшылық ететін біртұтас қарулы күштері болады.
Федерация – бұл бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бір одақтық мемлекетке өз еркімен бірігуі. Оған тән сипаттар:
1 Федерация территориясы оның жеке субьектілерінің жеке территориясынан құрылады.
2 Одақтық мемлекетте жоғарғы заңдылық атқарушы және соттық билік федералды мемлекеттік органда болады.
3 Федерация субьектілері өзінің жеке конституциясын қабылдау құқығына және жоғарғы мемлекеттік заңдылықты атқарушы және жоғарғы соттық органдарын құру құқығына ие.
4 Федерациядағы негізгі мемлекеттік сыртқы саяси іс-әрекетті одақтық мемлекеттік органдар жүргізе алады.
Конфедерация – бұл өздерінің жалпы қызығушылықтарын қамтамасыз ету үшін құрылған тәуелсіз мемлекеттердің уақытша одағы.
Мемлекеттік тәртіп нысаны бойынша барлық елдер демократиялық және антидемократиялық болып бөлінеді.
Демократиялық тәртіп – құқықтық мемлекеттерде қалыптасады.Ол жеке тұлғалардың дамуын қамтаммасыз етеді, заңдар көмегімен оның қызығушылығын қорғайды. Келесі белгілері бар:
1 Экономикалық іс-әрекет саласында тұлғалар еркіндігі.
2 Азаматтардың жеке құқықтары мен еркіне кепілдік беріледі.
3 Жеке тұлғалардың құқықтары әрқашан құқық қорғау органдарымен қорғалып отырады.
4 Тұлға мен қоғамның дамуының обьективті қажеттілігін көрсететін заңдарға негізделеді.
Антидемократиялық тәртіп келесі жағдайлармен сипатталады:
1 Мемлекет өзінің құрамына кіретін әртүрлі басқару органдарының көмегімен жеке тұлғаны басып тастайды, құқықтарын қорғамайды және еркін дамуына кері әсерін тигізеді.
2 Барлық қоғамдық өмір саласына мемлекет қатаң бақылау жүргізеді.
3 Барлық қоғамдық ұйымдарды мемлекетсіздендіреді.
4 Жеке тұлға өзінің субьективті құқықтарынан айырылады.
5 Мемлекет құқықтарын халыққа кері бағытта қолдана алады.
1.5 Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын қызметтері
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді.Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келеді.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың қысқаша мазмұны келесідей:
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.Бұл теория дұрыс-бұрыс деуге болмайды.Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен тағы басқалар.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекет басшысына айналады. Отбасы басшысы — әке, мемлекет басшысы – монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды(Фильмер, Михаиловский тағы басқалар).
Органикалық теоия – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з.д. IV-III ғ.). Бірақ теория толық түрде XIX ғ. қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г.Спенсер, Вормс, Прейс тағы басқалар. XIX ғ. ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория – адам қоғамы да табиғаттың обьективті даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады.Мемлекет Үкіметі – адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.
Табиғи құқықтық теория – XVII-XVIII ғ.ғ. қалыптасты.Өкілдері:Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, Б.Спиноза, А.И.Радищев тағы басқалар. Теория мазмұны адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау, т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, яғни зиян келтіре алмайды.Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында қаишылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдің конституциясына кіреді …..