Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық сот ісін жүргізу

0

Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………………………………..3

І. Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаты ………………………………………………….5
1.1. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі ……………………………………5
1.2. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі және дереккөздері (қайнар көздері) ……………………………………………………..5

ІІ. Азаматтық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері ……………………………………….7
2.1. Азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері және сатылары………………………..7

ІІІ. Азаматтық сот ісін жүргізудегі мәселелері …………………………………………36
3.1. Азаматтық іс жүргізу нысанындағы азаматтық істі қарау мен шешу үшін маңызы……………………………………………………………………………………………………

Қорытынды …………………………………………………………………………………………….
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………..
I. Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаты
1.1. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі
1.2. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі және дереккөздері (қайнар көздері)
“Азаматтық іс жүргізу” – азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру аясында, субъективтік құқықтарды қорғаудың әртүрлі нысанын реттейтін құқық нормаларын, атап айтқанда, соттардың, аралық соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, құқық нормаларын, олардың іс жүзінде тиісті органдардың қолдануымен тығыз байланысты.
Пән ретінде, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары соттардың осы Кодескпен және басқа заңдармен өз құзыретін жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі 2-бапқа сәкес, Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормалары негізделген Қазақстан республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.
Егер азаматтық істер бойынша іс жүргізу барысында әкімшілік құқыққа сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажет болса, ол Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодесктің 26-бабының ережелеріне сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
Әдісі ретінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодекстің нормалары мен Қазақстан Республикасы конституциялық заңының арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекс нормалары мен өзге заңдардың арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодекстен басым болады және халықаралық шартта оның қолданылуы үшін заң шығарылуы талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі: Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес; 5-бөлімнен, 45-тараудан және 426-баптан тұрады. Әрине, 1-бөлім: “Жалпы ережелер”; 2-бөлім: “Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу”; 3-бөлім: “Сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізу”; 4-бөлім: “Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру”; 5-бөлім: “Халықаралық процесс” деп аталады.

ІІ. Азаматтық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері
2.1. Азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері және сатылары
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында сот ісін жүргізудің қаралайын деп тұрған түрі жеткілікті дәрежеде зерттелмеген. Оның себептері бар. Біріншіден, бұл азаматтық іс жүргізудің, толығынан жаңа болмаса да, дамып келе жатқан түрі. Екіншіден, іс жүргізудің осы түрімен қамтамасыз етілуі мүмкін құқықтық механизмнің шынайы құндылығын қоғам өзі де сезіне қойған жоқ. Мысалы, Алматы қаласының Әуезов ауданы сотының 2001 жылғы қараған кейбір істерімен танысу, көбінесе жол полициясы қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдануға қатысты болып келетіні, кейбір реттерде сот орындаушыларының заңсыз әрекеттерімен келіспеушілігіне байланысты екені анықталды.
Республикада орын алатын құқықтық реформалаудың одан арғы кезеңдерінде бұл саладағы мәселелерге назар көбірек аударылуы тиіс деп ойлаймыз.
Кеңестің одақ құқығында, оның құлдырауының алдында оңды құбылыстар орын алды және сол құқық бізге көптеген құқықтық өзгерістер (жаңалықтарды) сыйлады. Аталған өзгерістер, материалдық және іс жүргізу құқығында да көрініс тапты. Біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдары оларды пайдаландық, себебі, болып жатқан өзгерістерді құқық теориясында жүйелі бағалау, тәжірибелі ұсыныстармен толықтыру мүмкін емес еді, бүкіл құқық жаңа көзқарастармен қалыптастыруды талап етті. Неге және қалайша кірісу керектігі түсініксіз болды.
Қазіргі таңда, көбіне, қоғамның экономикалық дамуын қамтамасыз ететін заңдар қабылданған. Бұл – азаматтық, кәсіпкерлік еңбек, қоршаған ортаны қорғау және басқа да құқық салаларына қатысты. Толық көлемді меншік құқығы, міндеттемелік (шарттық және диелектілік) құқық қалыптасты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясымен және салалық заңдармен республикада азаматтардың өзіндік мүліктік құқықтар мен мүдделерді жүзеге асырудың қажетті режимі бекітілген.
Материалдық құқықтың осы өзгерістеріне ілесіп іс жүргізу құқығы да дамыды. 1999 жылдың 13 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі азаматтық істерді қарайтын соттардың кең құзырын анықтады (ҚР АІЖК 2 бабының 3 тармағы). Солардың арасында әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешу де қарастырылған.
Аталған дауларға, бір жақтан, мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктер қатысады. Кейбір реттерде мемлекеттің өзі де даудың тарабы болуы мүмкін. Екінші жақтан, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар қатысады. Біздің ойымызша, дауларға арызданушылар ретінде мемлекеттік меншік негізделген заңды тұлғалар да қатысуы мүмкін.
Бұндай даулардың тараптарын көрсету – жанама түрде, ерекше талап қою мен іс жүргізу барысында туындайтын объективтік қиындықтан болуы мүмкін екенін сипаттайды. Себебі мемлекеттің (оның органдары) әрекеттерін бақылау, құқықтық мемлекет құрудың күрделі мәселелерінің бірі болып келген. Қазіргі күнге дейін сот төрелігінің жүзеге асырылуына мемлекеттік органдардың әсер етуінің қаупі жойылмаған. Ал тәжірибеде, уақытымен мемлекеттік органдардың мүдделеріне қатысты іс қаралып жатса, соттардың қызметіне заңсыз араласу орын алады.
Осыған қатысты шаралар қабылданып жатыр. 2000 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы” Жарлығы қабылданған. Бұл Жарлыққа Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі берген талқылауда, Жарлықты қабылдаудың мақсаты – соттар мен судьяларды атқару билік органдарына тәуелділіктен босату болып келетіні түсіндірілген. Осындай негізгі шаралар тәжірибеде толығынан қолдау табу керек.
Кеңес Одағы болған кездегі азаматтық іс жүргізу құқығында (бүкіл құқықта сияқты) мемлекеттік және қоғамдық мүдделер жеке адамдардың құқықтары мен мүдделеріне қарағанда үстемділікпен пайдаланды. Осыған байланысты ҚҚСР АІЖК 11 тарауы әкімшілік-құқықтық қатынастардан пайда болатын істерді қарауды тек шектеулі жағдайлар үшін қарастырды. Мемлекет азаматтардың құқықтары мен мүдделері өзінің заңсыз әрекеттерінен қорғалатыны жөнінде тек көзбояушылықпен айналысты. Сайлаушылардың барлық құқықтары, барлық жағдайларда емес, тек олардың тізімдерінде қателіктер болуына байланысты қорғалатын, ал шынайы демократиялық сайлау, әрине, болуы мүмкін емес еді. Осымен қатар әкімшілік органдардың алып салуына байланысты әрекеттеріне шағымдануға болатын ҚСРО Жоғарғы Кеңесінің 1980 жылдың 21 қарашасында қабылданған Жарлығында заңдарда қарастырылса, лауазымды адамдардың заң шегінен шығып жасалған, азаматтардың құқықтарын кемсітетін әрекеттеріне шағымдану мүмкіндігі екені туралы айтылды. Онда әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істердің қатары аяқты емес екендігі де қарастырылды. Бірақ, соттардың нақты тәжірибесінде тек кодексте тікелей көрсетілген істері ғана қаралды.
Шынайы өзгерістер тек 1990 жылдың 21 науырызында ҚҚСР Жоғарғы Кеңесінің “Қазақ КСР Азаматтық істер жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Жарлығы қабылданған соң орын алды. Бұл КСРО-да тоталитарлық жүйені бұзуға бағытталған қайта құру процестері нәтижелерінің бірі болып келеді. Енді азаматтың құқықтары мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдардың қандай да болсын құқыққа қайшы әрекеттерімен бұзылады деп есептесе, сотқа жүгіне алатын. Тек нормативтік мәні бар актілерге шағымдану мүмкін емес еді.
Адам құқығын қамтамасыз ету бағыты сол кездерде көзделіп, қазіргі күнде нақты жүзеге асып жатыр. Біз, алғашқы жетістіктерді сақтауымыз керек және осы маңызды механизмді одан әрі де жетілдіру қажет.
Азаматтық сот ісін жүргізудің осы түрі алғашқы пайда болған кезден бастап тиісті бағаланған сияқты. Оның маңызы, іс жүргізудің негізгі түрі – талап қою арқылы іс жүргізуге қарағанда неғұрлым төмен сезілетін. Осының дәлелі болып әкімшілік-құқықтық қатынастардан пайда болатын істерге тым қарапайым іс жүргізу ережелерінің қолданылуы болып табылады. Субъектілердің маңызды іс жүргізу құқықтары еленбеген. Мысалы, соңғы уақытқа дейін (Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі ҚКСР АІЖК 236 бабының 4 бөлігін ҚР Конституциясына сай келмейді деп тану алдында) әкімшілік жазаны қолдануға байланысты шағымдану бойынша шығарылған соттың шешімдері кассациялық шағымдануға жатпайтын. Бұл, әрине, іске қатысушы тұлғалардың құқықтарын елеулі дәрежеде кемсітетін. Осымен қатар әкімшілік-құқықтық қатынастардан пайда болатын істерде дәлелдеуге қатысты қалыптасқан көзқарастар тараптардың айтысуына да жол бере қоймайтын. Жалпылама алғанда, істердің осы санаты бойынша іс жүргізу толық көлемді сотта істі қарау емес, көбінесе іс жүргізуден тыс әкімшілік рәсім көрінісіне ие болатын.
Жағдай ҚР АІЖК-сінде бұл санаттағы істерге ерекше талап қоюмен іс жүргізу тәртібінде қаралатындардың мәртебесі берілгеннен кейін өзгере бастады. “Талап қоюмен” деген қосымша осы істерге толық көлемде айтысу негіздерін енгізуді талап ететінін сезіну керек. Осындай жағдайда ғана іс жүргізудің осы түрінің тиімділігі арта түседі.
Біздің ойымызша “ерекше” деген сөздің мағынасын да толығынан бағалауымыз тиіс. Бірінші көзқарастан ол осы іс жүргізуде қаралатын істер тараптарының құқықтық жағдайының ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ, мәселеге тереңірек қарауымыз керек. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу және тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін талап қою арқылы іс жүргізуден өзгеше жолмен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Онда мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне сотпен жалпылама теріс баға беріліп, олардың құқықтық әсері жойылады. Сондықтан болашақта субъективтік құқық пен заңды мүдде бұзылуы үшін алғы себептер алынып тасталады. Егер сотқа жүгінген кезде әкімшілік оған теріс әрекетінің қысымы орын алып тұрса, ол да жойылады. Бірақ, талап қоюмен іс жүргізу атқаратын міндетті яғни, бұзылған субъективтік құқықтарды материалдық-құқықтық нормаларды қолданып, қалпына келтіруді ерекше талап қоюмен іс жүргізу атқармайтын сияқты. Сонда да, істердің осындай санаты қаралып жатқан кезде құқықтарды талап қою арқылы қорғау құралдарын араластырып қолдануға кедергі жоқ.
Ерекше талап қоюдың, құқықтарды қорғауға қатысты тәсілдерінің ыңғайсыздығы, тек сыртқы көріністен ғана орын алады.
Негізінен ерекше талап қоюмен қаралатын істер бойынша шығарылатын сот шешімдерінің жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар құқықтары бұзылуының алдын алуда мәні жоғарырақ болады десек қателеспейміз. Мемлекеттік органның, лауазымды адамның әрекеттері түбірінен заңсыз болып табылады. Сот талап қою мен іс жүргізуде мұндай қорытындыларға келмеуі де мүмкін. Сот аталған әрекеттердің заңсыздығын, талап қоюмен іс жүргізуде, көбінесе міндетті күші айқындалмаған жеке ұйғарымдарда көрсетеді.
Сот ісін ерекше талап қоюмен жүргізудің превенциялық мәні, оның нәтижесінде шығарылған сот шешімінің өзге тұлғаларға қатысты айқындау болуына байланысты өсе түседі. Әсіресе бұл нормативтік құқықтық актілер заңсыз деп танылған жағдайларда көрініс табады.
Болашақта іс жүргізудің бұл түрінің мәні одан да әрі арта түсуі қажет. Мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қандай да болсын әркеттері (бақылау органдардың көптеген тексерулері, айыптар, мүлікке, банктік есеп шоттарға арест салу, мүлікті билеудегі шектеулер, қызметті тоқтата тұру, ұстаулар және с. с.), азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріне әсер ететін әрекеттері сотта қаралудың нысанасы болуы тиіс.
Азаматтық істерді кейбір санаттары үшін оларды сотқа дейін алдын ала шешу тәртібі Заңдарымен белгіленген. Бұл тәртіпті сақтау шаруашылық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мүдделі тұлғалардың құқықтарын тезірек қалпына келтіруге және сотты даусыз істерден босатуға ықпал етеді. Мүдделі тұлға сотқа дейінгі тәртіппен өз құқығын қорғай алмаса, сотқа жүгіне алады.
1999 жылы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (әрі қарай – АІЖК) қабылданған кезде заң мәтінінде “Заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар болып табылатын тараптардың мүліктік дауларды сотқа дейінгі реттеуі” деп аталатын 12 тарау көзделген еді. Ол бойынша заңды тұлғалар немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар өздерінің мүліктік даулары бойынша сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтаулары керек болатын. Егер претензия мен шағымға қанағаттанбаса немесе жауап ала алмаса, сотқа жүгіне алатын. 2001 жылғы 11 шілдедегі “ ҚР-ның кейбір заң актілеріне сот ісін жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңымен АІЖК-дегі осы 12 тарау алынып тасталды. Сөйтіп қазіргі әрекет етуші заңдарға сәйкес істі сотқа дейін алдын ала шешу тәртібі барлық істер бойынша емес, заңда көзделген істер бойынша ғана қолданылады. Енді кез келген тұлға өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін тікелей сотқа жүгінуіне кең мүмкіндіктерге ие болды.
Істерді сотқа дейін алдын ала шешудің тәртібі шартты түрде екі нысанда жүзеге асырылады. Біріншісі, мүдделі тұлғаның заңда белгіленген тәртіппен осындай істерді мәні бойынша шешуге құқылы сәйкес органдарға жүгінуі; екіншісі, нысанға бір тараптың сотқа жүгінгенге дейін екінші тарапқа өзінің талаптарын қанағаттандыру туралы претензия беруі.
Жоғарыда аталған бірінші нысанда бұзылған немесе даулы құқықты қорғау арнайы заңды органдар арқылы жүзеге асып, заңды іс өзінің іс жүргізушілік мағынасында шешіледі. Мұндай тәртіп 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Патент Заңында көзделген (22 бабының 6, 10 тармақтары, 23 бабының 2 тармағы, 29 бабының 2 тармағы, 32 бабы). Мысалы, осы заңның 22 бабының 6 тармағына сәйкес, егер ресми сараптама нәтижесінде өтінім қорғалмайтын өнертабыс объектілеріне жататыны анықталс, алдын ала патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады. Егер өтінім беруші ол ұсынған формулада өнімнің бастапқы материалдарында болмаған белгілердің жүргені туралы немесе өнертабыс ретінде қорғалатын объектіден басқа өнертабыс ретінде қорғалатын объектіге жатпайтын сипаты болса немесе соған қатысты өнертабыс бірлігі талаптары бұзылуына байланысты қарау өткізілмегені туралы хабарланған кейін өнертабыс формуласын өзгертпесе де, алдын ала петент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады. Өтінім беруші алдын ала петент беруден бас тарту туралы шешім жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде мемлекетті патент ұйымы — Қазпатентке қарсылық (претензия) бере алады. Қарсылықты ол түскен күннен бастап екі ай мерзімде Қазпатенттің мамандандырылған құрылымдық бөлімшесі болып табылатын шағым кеңесі қарауға тиіс. Берілген қарсылық шағым кеңесінің алқа отырысында қаралады. Заңда белгіленген қарау мерзімі қарсылық берген адамның өтінімі бойынша ұзартылуы мүмкін, бірақ ол қарсылықты қарау үшін белгіленген мерзімі өткен күннен бастап алты айдан аспауы керек (ҚР-ның Патент Заңының 32 бабының 2 тармағы). Шағым кеңесінің шешіміне қарсылық берген адам өзі шешімді алған күннен бастап алты ай ішінде оған сотқа шағымдануы мүмкін. Келтірген мысал бойынша Қазпатенттің шағым кеңесі өнертабысқа алдын ала патент беруден бас тартуға байланысты дауды сотқа дейін шешетін міндетті арнайы орган болып отыр.
Негізсіз соттаумен, қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартумен, бұлтартпау шарасы ретінде негізсіз қамауға алумен байланысты азаматқа келтірілген зиянды өтеу, еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету, тұрғын үй және басқа құқықтарын қалпына келтіру туралы даулар бойынша да сотқа дейінгі тәртіп белгіленген. Бұл жөнінде 1999 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің (әрі қарай — ҚІЖК) 4 тарауында белгіленген. Осыған байланысты ҚР Жоғарғы Сотының Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі №7 “Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтітірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы”, 2001 жылғы 21 маусымдағы №3 “Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы” қаулыларында түсініктеме беріледі. Азамат мәлімдеген зиянды өтеу, құқықтарды қалпына келтіру туралы талаптар, анықтама, алдын-ала тергеу, прокуратура…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!