Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық Мұра қалдыру

0

Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық Мұра қалдыру казакша Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық Мұра қалдыру на казахском языке

Кіріспе
Мұрагерлік — қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) — мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Қайтыс болған азаматгың мұрасы басқа адамдарға әмбебап қүқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлімнің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.
Мұрагерлік Азаматтык Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.
Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.
Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтык Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына қүқықтар мен міндеттер:
1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды түлғалар болып табылатын үйымдарға мүше болу құқығы;
2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндетгер;
4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
5) мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қүқықтар мұраның құрамына кірмейді.
Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдык емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін.
Ортақ бірлескен меншікке қатысушының қайтыс болуы оның меншіктегі үлесін айқындау жэне ортак, мүлікті бөлу не АК-тің 218-бабында белгіленген тәртіппен одан қайтыс болған қатысушының үлесін бөліп шығару үшін негіз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мүмкін болмаған кезде — үлестің құнына қатысты ашылады.
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.
Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде қайтыс болса, олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады.
Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса — мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады.
Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.
Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.
Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кірмейді.
Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін, көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналардын балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.
Лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге негіз болатын мән-жайларды сот белгілейді.
Осы ережелер өсиет қалдырудан бас тартуға да қолданылады.
Осы ережелер барлық мұрагерлерге, соның ішінде міндетті үлеске кұқығы бар мұрагерлерге де колданылады.
Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады.
Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады.
Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді.
Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердін біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру онын ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды.
Мұра қалдырушы кез келген мүлік туралы өкімді қамтитын өсиет жасауға құқылы.
Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес.
Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.
Өсиет қалдырушы мұрагер мінез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгілі бір талаппен байланыстыруға құқылы.
Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкімге енгізілген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады.
Өсиетке енгізілген мұрагердің денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де объективті себептерге байланысты мұрагер үшін орындалмайтын талаптар мұрагердің талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетілген мұрагер мұра ашылғанға дейін қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан немесе АК-тің 1045-бабындағы тәртіппен лайықсыз мұрагер ретінде мұрагерліктен шеттетілген жағдайда, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагер тағайындай алады (мұрагерді қосымша тағайындау).
АК-тің 1044-бабына сәйкес мұрагер бола алатын кез келген адам қосымша тағайындалған мұрагер болуы мүмкін.
Өсиет бойынша мұрагердің қосымша тағайындалған мұрагерге пайдасы тимейтін бас тартуына жол берілмейді.
Мүліктің өсиет етілмей қалған бөлігі АК-тің 1061-1066-баптарындағы тәртіппен мұрагерлікке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлінеді.
Бұл мұрагерлердің қатарына заң бойынша мүліктің басқа бөлігі өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлер де кіреді.
Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс.
Мыналар:
1. нотариатта куәландырылған өсиеттер;
2652) нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тиісінше рәсімделген болып танылады.
Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет.
Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі кол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтьщ қол қоюы мүмкін.
АК-тің ережелеріне сәйкес өсиетті жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезінде куәлар қатысуға тиіс болған жағдайларда:
1) нотариус немесе өсиетті куәландыратын өзге адам;
2) пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелері мен шөберелері, сондай-ақ өсиет қалдырушының зан бойынша мұрагерлері;
3) толық әрекетке қабілеттілігін иеленбейтін азаматтар;
4) сауатсыз және өсиетті оқуға қабілетсіз басқа да адамдар;
5) жалған жауап бергені үшін соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.
Нотариатта куәландырылған өсиетті өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәнің қатысуы арқылы нотариус жазуға тиіс. Өсиет қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған техникалық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т. б.) пайдалануы мүмкін.
Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиетті өсиетке қол қойылғанға дейін нотариус пен куәның қатысуы арқылы өсиет қаддырушы толық оқып шығуға тиіс.
Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті өзі оқи алмайтын болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә оқып береді, ол туралы өсиет қалдырушының өсиетгі өзі оқи алмауының себептері көрсетіліп, өсиетте тиісті жазба жасалады.
Егер нотариат куәландырған өсиет куәның қатысуымен жасалса, өсиетте куәның тегі, аты және тұрақты тұратын жері көрсетілуге тиіс. Осындай мәліметтер өсиетке өсиет қалдырушыньщ орнына қол қойған адамға қатысты да енгізілуі тиіс.
Өсиет қалдырушының тілегі бойынша нотариус өсиеттің мазмұнымен таныспай-ақ оны куәландырады (құпия өсиет).
Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупімен, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қолы қойылуға, екі куәнің және нотариустың қатысуымен куәлар қол қоятын конвертке салынып, желімденуге тиіс. Куәлар қол қойған конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желімденеді.
Нотариус жоқ елді мекендерде тұратын адамдардың өсиетін заң актілерінде нотариат әрекетгерін жасауға уәкілдік берілген лауазымды адамдар куәландырады……

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!